Ыту теориясы мен технологиясы



бет44/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

Дәріс №12. Тақырыбы: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
1. Шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы түсінік.
2 Баланың шығармашылық қабілетінің дамуы
3. Бейнелеу өнері бойынша сабақтан және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру.

1. Шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы түсінік.
Әдістемелік оқу құралында шығармашылық туралы айтылған ойлары мен жасалған тұжырымдамалары талдай отырып: «Шығармашылық-бұл қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам үшін мәні бар соңы жаңалыққа әкелетін адам әрекеті»- деген тұжырымын жасайды. Зерттей келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары «шығармашылық» сөзімен «жаңалықпен» қатар «белсенділік» ұғымдары астарласа қолданылып жүр. Сонымен бірге шығармашылыққа мынадай анықтама береді. Дж.Гильфорд, шығармашылық-әр түрлі бағытта жүретін ой түрі,- деп қарастырады. Ол шығармашылықтың төмендегідей параметрлерін белгілеген: проблеманы көре білуі қабілеті; идеяны талдай білуі қабілеті; оригиналдылық: идеяны жетілдіре білу қабілеті; талдай және жинақтай білу қабілеті. З.И.Калмыкованың тұжырымдамасы бойынша, өнімді және шығармашылықты ойды қалыптастыратын оқыту дамытуы болып есептеледі. Кез-келген бейнелеу және құрастыру әрекет негізінде шығармашылыққа жетеленеді: болжау алдын-ала білу, қорытындысын білу, сезу сияқты әрекеттер жүзеге асады. Болжап білу-адам әрекетінің мақсатты жемісі, ол мақсатты, перспективті әрекет етуді көздейді. А.В.Морозов, Р.М.Голубчик т.б. зерттеушілер шығармашылық ұғымына берілген көптеген анықтамалардың ішінен жалпы ұстанымдарды белгіледі
● шығармашылық - жаңа тәсілге сәйкес қажеттіліктерге бейімделу қабілеті, жаңаша бейімделу ғана даму мен өсуге түрткі болады.
● шығармашылықты зерттеудің үш аспектісі бар: нәтиже, адам және процесс.
● адам бойындағы жаңарулар, жаңа нәтижеге жету процесс сипаты ретінде жаңашылдық, үйлесімділік, ізденімпаздық қажеттілікті қанағаттандыру және мақсат қою қабілеттері есептелінеді;
● шығармашылық нәтиже түрі сан алуан
Бейнелеу өнері негіздерін оқып үйрену процестерінде шығармалардың идеясына, мазмұнына, шебердің өзіндік жеке ерекшеліктеріне байланысты суретшілердің алуан түрлі бейнелеу құралдарын пайдалануы өзгеше болатынын балалар меңгереді. Мектеп жасына дейінгі ересек балаларда қабылдау мақсатқа бағытталған сипатқа ие болады. Олардың көпшілігі көзбен көріп сезінуге негізделеді, олардың көмегімен бала түсті, көлемді, форманы қабылдай алады. Бірақ балада тәжірибе әлі онша үлкен болмағандықтан, тек көру арқылы толық қабылдай алмайды, сондықтан неғұрлым толық елестетуге мүмкіндік беретін сезім түйсігі және басқа түсінулерді қабылдауға кіргізу қажет. Балалар шығармашылығының анықтамасын алғашқылардың бірі болып Е.А.Флерина берді: «Балалардың бейнелеу творчествосын біз баланың қоршаған болмысты сурет, мүсін, конструкциялау арқылы саналы түрде бейнелеуі, қиялдау жұмысына, өз бақылауларын елестетуге құрылған бейнелеу, сондай-ақ олардың сөз, картина жәнебасқа өнер түрлері арқылы алған әсерлері деп білеміз. Бала айналадағыны енжер көшіре салмай, оны жинақталған тәжірибесі мен бейнелеп отырған затқа қатынасы байланысты қайта жасайды». Н.П.Сакулина баланың бейнелеу іс-әрекетін бейнелеуге, яғни заттың суретін дұрыс сала білу қабілеті, сурет салушының оған қатынасын көрсететін образ жасау қабілеті ретінде алып қарайды. Осылай білдіру қабілетінің өзі де балалар шығармашылығының бастамасының көрсеткіші болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып, балалардың тек өткенге емес, болашаққа да қызығушылығымен, іс-әрекеттердің жаңа тәсілдерін көбейтуге қабілеттерімен ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жекетұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: «Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз - аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет