Ыту теориясы мен технологиясы


Бейнелеу өнері бойынша сабақтан және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру



бет46/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

3. Бейнелеу өнері бойынша сабақтан және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру.

Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беру ісі сыныптан мектептен тыс жұмыстарда жалғастырылады.Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктері арқылы жүргізетін сыныптан жұмыс жүйесі мынандай түрлерге бөлінеді:1.Кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер,мүсіншығармаларының репродукциясып қолдану арқылы әңгіме сабақ өткізу.


Бейнелеу өнері мен таңдаулы өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін оқушыларға таныстыру мақсатын көздейтін сыныптан тыс әңгіме сабақтарын өткізу.
Сәндік қолданбалы өнер туындыларының көне үлгілерін таныстыру мақсатындағы өлкетану музейіне экскурсия жасау.
Қазақстан суретшілер одағының мүшесі болып табылатын, таңдаулы өнер шеберлеріменен кездесулер ұйымдастыру.
Оқушының өзі тұратын ауылдағы, қаладағы тарихи ескерткіштерге, мемориалдық даңқ кешендеріне, монументалдық көрнекті үгіт жұмыстарына экскурсия жасату.
Суретшілердің көшпелі көрмесіне, жеке суретшілердің есеп беру көрмесіне экскурсия жасау.Суретшімен бейнелеу өнері сабағында кездесу өткізу.Өнер шығармаларының репродукциясынан, оқушылардың бейнелеу жұмыстарынан, суретші-педагогтардың шығармашылық еңбектерінен кұралған бейнелеу өнері көрмесін мектеп көлемінде ұйымдастыру. Оқушылардың бейнелеу өнері жайлы түсініктер шеңберін арттыру үшін бейнелеу өнерінің терминдерінен құралған иллюстрациялардан қүралған монтаж ұйымдастыру.Мектеп көлемінде бейнелеу өнері туралы кеш өткізу.
Ірі қалалардағы бейнелеу музейлері мен сурет галереясына саяхат жасау.Өлкедегі архитектуралық құрылыстардың көркемдік ерекшелігін таныстыру мақсатын көздейтін экскурсиялар ұйымдастыру.
Бейнелеу өнері мен суретшілер туралы видеофильмдер мен кинофильмдер көрсету.
Бейнелеу өнерінің шығармаларын мұғалімнің жұмыс жүйесінде қолдану мынандай міндеттерді жүктейді:

  • оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру;- саналылық пен белеенділік қабілеттерін тәрбиелеу;

  • еңбекке халық мұрасына деген оң қатынасын тәрбиелеу;- эстетикалық мәдениет негіздерін тәрбиелеп, көркемдік талғам мен қабілетін дамыту;

  • қоғамдық өмір шындығындағы әсемдікті қабылдауға тәрбиелеу;

  • өнер шығармаларын қоғам қажеттігі тұррысынан бағалай білуге үйрету;

  • патриоттық және елжандылық тәрбиесін беру.Бейнелеу

өнерінің мүмкіндіктері арқылы орындалатынкөркемдік білім беру мен әстетикалық тәрбие беру жұмыстарына дайындық кезеңінде мынандай жұмыстар орындалады:
1. Сыныптық қабырға газетін шығару;
2. Сабақ тақырыбына байланысты ұлағатты сөздерді даярлап, жазу, қабырғаға ілу;
3. Плакаттар даярлау;
4. Шығармалардың репродукцияларын жинау;
5.Ұлы Отан соғысына қатысушыларды, еңбек озаттарын, суретшілерді шақыру;
6.Тәрбие жұмысының тақырыбына лайық әндердің громзаписін таңдап алу:
7.Оқушыларды тақырып мазмұнына байланысты сөйлеуге дайындау; 8. Шығармалар репродукцияларынан жиналған көрме ұйымдастыру;
9.Музейге, қаладағы монументтік өнер туындыларын көруге арналған экскурсияның жоспарын жасау;
10. Шығармаларды көрсететін техникалық құралдар даярлау;
11.Сабақ немесе тәрбие жұмысының жоспарын дайындау.
Бейнелеу өнерінің мүмкіндіктерінпайдалана отырып, оқушыларға көркемдік білім беру, әсемдік тәрбиесін берумен қатар ұлттық тәрбие беру міндеттері ұтымды шешіледі. Бейнелеу өнеріндегі дара тұлғалар образын мектеп оқушыларына таныстыру барысында олардың өмірбаянын айтып, мінез-құлқын, іс әрекетін бейбіт өмір жолындағы табанды күресін әңгімелеп береді.
Бейбітшілік үшін күрес адамзат болашағы үшін күрес. Бейнелеу өнері шығармаларында бейбітшілік тақырыбына жазылған сан алуан шығармалар бар. Мұндай шығармаларды балаға көрсету ісінде, мұғалім жас ұрпақты өз Отанын шексіз сүюге, достық сезімге тәрбиелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет