Ыту теориясы мен технологиясы


Қазақстанда бейнелеу өнерінің дамуы



бет14/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

2. Қазақстанда бейнелеу өнерінің дамуы
'Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, графикалық суреттері), “Потанин”, “Тезек төре”, т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Қазақстан Өнерінің өркендеуі халық бұқарасының жалпы рухани өмірінің өсуіне байланысты екенін Қазақстанның тарихы әбден айқын көрсетті. Қазақстанның әдебиеті мен өнерін өркендету үшін қаулы қабылдап, нақты шараларды жүзеге асырды.
Қазақ халқының өнер саласындағы табысы шарықтап өскен шаруашылығымызда қол жеткен жеңістермен теңбе-тең деумізге болады. Қайта туған қазақ халқының қабілеті, таланты өмір тұсында ғана жедел оянып, өзінің өсу-өркендеу жолындағы жаңа қуатты арнасын тапты. А. Қастеев 1850 жылы туған Қазақстан бейнелеу өнерінің қайнар бастаушысы суретші, ұстаз, 1879 жылдан бастап қазақ топырағына ене бастаған Н.Г. Хлудовтың есімімен тығыз ұштастырып келеміз. Қастеевтің суретшілік таланты алғашқы тырнақалды туындыларынан-ақ көріне бастады. Қастеев алғашқы портреттерінде контурлы сызықтарға ерекше мән берген, ол портретін дәл ортаға орналастыратын да, адамның бас тұлғасын түгел айналдыра орап бояумен анықтап сызып шығатын. Адамға деген сыпайы, салиқалы көзқарас Қастеев портреттерінде тән ортақ ерекшелік. Азамат ерлердің тұлғасын жан-жақты ауқымдылықпен алуды да «Қисықбаевтың портретінен» көреміз. Қастеевтің панорамалық пейзаждары халық эпосындағы үстеме қайталаулар сияқты ештеңе көзден қағыс қалмайтындай әрі нақты, әрі ауқымды. Композициясы әрқашан ұстамды: табын-табын мал, киіз үйлер, адамдары табиғи жағдайда көрінгенмен, ішкі үйлесім ырғаққа бағынған, сол себепті де олардың өмір тынысын еркіндік, мәңгілік, берекелі баяндық әуені самалдай есіп тұрады. Қастеевтің акварель картиналарында күн әрқашан ашық, жарқын, мөлдір. Ең арғы түптегі алыс нәрселердің өзі анық көрінеді. Суретші бір планнан екінші планға назар аударғанда олардың бояу түстерін өзгерту арқылы қылқалам ұшымен бір-бірімен жалғастыра кететін сыңайлы. Шығармаларының қандай тақырыпқа арналғанына қарамастан, қай туындысында болмасын Қастеев көрерменнің алдында нақты пейзаж, нақты адам бейнесін таратады. Н.Г. Хлудов Қазақстан өнерінің суретшісі, ұстаз қайраткері. Хлудов ол этнографиялық экспедицияға қатысып, халық тұрмысын, адамдардың, хайуанат суреттерін, табиғат көріністерін қағазға түсірген. Хлудов орыстың жанрлық живописінің дәстүрін ұстағанда қарапайым адамдардың өміріне, нақты жағдайдағы адамның нақты қарекетіне аса көңіл бөлген. «Бидай суару» суретінде Хлудов әдемі келіншектің кер марал кербез тұлғасына ғана сүйсініп қоймайды, селдір елек ішінен еміс-еміс көрінген саусақтардың сүйріктей әсемдігін суреткерлік жітілікпен аңдаған.
Хлудов акварельдерінде форманы ыждағаттаудың екі түрі анық байқалады. Бірінде терең кеңістікке бой ұрады да, айнала төңіректі-тау сілемдерінің бұрылыс-қалтарыстарын, қарлы шыңдардың шатқалды ой-қырларын түгел бағалайды. Болмаса, адам түр-тұлғасының толық нұсқасын кескіндеуге талпынады. Ал, өз шығармаларында сурет нақтылы, графикалы. Бұл орайда, бейнелеу тілінде шарттылық бар, шарттылық-ұшы-қиырсыз кең даланың көз жеткісіз алыс көріністерін, яғни тереңдігін берумен тікелей байланысты. Хлудов айтулы қылқалам шебері ғана емес, әр алуан көркемдік бағыт ұстанған Ә. Қастеев, Г. Брылов, А. Бортников-сынды суретшілерді дайындап шығаратын тамаша ұстаз да. Хлудов творчествосы өмірмен етене байланысты образдардың күрделі мінез-құлқын ашуда-акварельдің қаншалықты мол мүмкіндігі барына көз жеткізеді. Қазақ суретшілерінң көпшілігінің шығармаларында туған елдің тарихын бейнелейді. Туған отанына, өз халқына деген олардың сүйіспеншілігін бейнелейді. Мысалы, С. Мәмбеетовтың шопандардың жайлауға көшуін, таудағы қоныстар мен кең жазықтықтарды елестететін шығармаларды бейнелеген.
Қазақстан халық суретшісі Г. Исмаилова революциялық тақырыпта үш бөлімді жаңа шығарма жазды. Сонымен қатар жанрлы мүсіндер жасауда Исмаилованың еңбектеріде айтарлықтай мол. Оның осы заманның тақырыптарына арналған шығармаларында образдардың ұлттық сипаттарын анықтауға ұмтылуы байқалады. Мәселен, «Бұзаушы қыз», «Жас шопан», «Қарт бақташы» сияқты малшылардың өмірін суреттейді. Көркем сурет пен графикаға қарағанда кенжелеу қалған мүсін өнері кейінгі он жылда жақсы дамыды. Қазақстанда бұл өнер саласында бірінші із салған республикаға еңдегі сіңген қайраткер Е. Мергенов болды. 20 ғасырдың 20 – 30 жылдары 'Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н.И. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов, т.б.) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды. 1928 жылы Семейде бейнелеу өнері шығармаларының алғашқы көрмесі ұйымдастырылды. Қазақстан суретшілерінің кәсіптік шеберлікті тез игеруіне сол кездегі одақтас республикалардың, Мәскеу мен Санкт-Петербург шеберлерінің (Б.В. Иогансон, А.А. Дейнека, С.В. Герасимов, А.А. Пластов) тәжірибесі көп көмектесті.
1933 жылы республика Суретшілер одағының ұйымдастыру комитеті құрылды. 1934 жылы Мәскеудегі Шығыс мәдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ мемл. көркемсурет галереясы ашылды. Әлеум.-экон. және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары, түбегейлі уақыт талаптары шығармаларға тың тақырып болды. Ә.Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде жарқырап көрінді). 50-жылдардың соңы (Қ.Телжанов, М.Кенбаев) Қазақ Бейнелеу Өнері жанрлық және ізденіс бағыттарының сонылығымен ерекшеленеді. Қазақ Бейнелеу Өнерінде графика елеулі орын алады. 60-жылдары акварельдің өзіндік бағыттары бар дарынды шеберлері (А.А. Дячкин, Е.Г. Сидоркин, Н.С. Гаев, Ш.Б. Кенжебаев, И.Г. Квачко, т.б.) өсіп жетілді. Қазақстан бейнелеу өнерінің байырғы шебері В.И. Антощенко-Оленев гравюра мүмкіндіктерін барынша табысты пайдалана білді. Қазақ бейнелеу өнерінің шығармалары бұл кезеңде шет елдерде де таныла бастады. Олар Мәскеудегі Третьяков галереясына, Қазақстан мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайына қойылды, шет ел мұражайлары сатып алатын болды. Қазақстан суретшілерінің үздік еңбектері ұлт өнерінің қазынасына асыл мұра болып қосылды. Республиканың көптеген облыс орталықтарында (Шымкентте, Қарағандыда, Астанада, Павлодарда, т.б.) шығармашылық ұжымдар құрыла бастады. Қазақ бейнелеу өнерінде халықтың өзіндік дүниетанымын, оның мәдениеті мен дәстүрлік ерекшеліктерін танытатын белгілер барған сайын айқын қалыптасты. Бұл кезеңдегі Қазақ бейнелеу өнерінің дамуына А.Ғалымбаева, Г.Ысмайылова, Қ.Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Ә.Жүсіпов, С.Романов, А.М. Степанов, К.Шаяхметов, Ү.Әжиев, т.б. суретшілердің тақырыптық картиналары үлкен үлес қосты. Ауыл тақырыбы көптеген Қазақстан суретшілерінің назарында болып, әсіресе, шығармашылық жолын 60 – 70-жылдары бастаған шеберлердің ең басты тақырыбына айналды. С.Айтбаев, Ш.Сариев, Т.Тоғызбаев, Ә.Садыханов, О.Нұржұмаев, А.Ақанаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде тани білу, символикаға құштарлық тән болды. 80-жылдар шығармаларында өзіндік қолтаңбасы айқын графиктер қатары көбейді. 80 – 90-жылдары Қазақ бейнелеу өнері тың ізденіспен, еуропа жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын меңгеруімен ерекшеленеді 80 – 90-жылдары тың ізденіспен, еуропа жаңа сипаттағы ағымдардың әдіснамасын меңгеруімен ерекшеленеді (А.А. Ақанаев, Е.Мергенов, Д.Әлиев, Е.Төлепбаев, Б.Түлкиев, Ж.Аралбаев, т.б.). Одан беріде күнделікті қарапайым қазақ өмірін, белгілі тарихи кезеңдерді жаңаша сипат беріп, ерекше тәсілмен бейнелей білген суретшілер бой көтерді (М.Аманжолов, А.Нақысбеков, К.Каметов, Е.Сергебаев, А.Қорғанбаев, Т.Ордабеков, А.Дүзелханов, т.б.). Елімізге қасірет әкелген, көп жылдар бойы жабық тақырып болып келген Семей атом полигонының, Аралдың қасіретті ащы шындығы бейнеленді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет