Ыту теориясы мен технологиясы


Сабақты және материалдарды дайындау дайындау



бет19/72
Дата08.02.2022
өлшемі232,96 Kb.
#124783
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72
Байланысты:
SYLLABUS БМ Бейнелеу өнері. 2020-2021

2. Сабақты және материалдарды дайындау дайындау.
Бейнелеу іс- әрекеті жөніндегі сабақтар материалдарды, жабдықтарды жақсылап ойластырып дайындау талап етеді, балалардың жұмысты ойдағыдай орындауы көбіне осыған байланысты.
Материалдар мен жабдықтарды таңдай отырып, ең алдымен олардың ішінде қайсысы тақырыпты әсерлі және толық шешуге неғұрлым көбірек жәрдемдесетінін анықтау керек.
Әрбір сабаққа тәрбиеші сурет салу немесе аппликация үшін қағаз парағының түсін және форматын ойластырады. Егер балаларға затты бейнелеуге тура келсе, онда оны қолмен айналдыра сызып, ені мен биіктігін салыстыра отырып, тәрбиеші қандай форматтың қажеттігін анықтайды. Парақ форматы көбіне композициялық шешімнің әсерлігін анықтайды. Сондықтан тәрбиеші әр кезде баланың қойылған міндетті жақсырақ шешуіне көмектесу үшін қағаздың формасымен көлемін ойластыруы тиіс.
Аппликация, сурет бойынша жұмыстар кедір- бұдырлы, қалың қағазда жасалады. Сабаққа дейн алдын- ала парақтардың сырт жағына жазу жазылады: сәбидің аты және оның тегінің басты әрпі, сабақтың өткізілу уақыты көрсетіледі.
Сәтсіз жасалған жұмысты ауыстыруға және тапсырманы тез бітірген балаға екінші парақты беруге мүмкіндік болу үшін қағазды 5-10 параққа артық дайындау керек.
Декоративтік іс- әрекет үшін дайындалған қағаздың түсі өрнектер жасалатын халық өнерінің нақтылы түрінің ерекшеліктеріне байланысты даярланады.
Сабақ қарсаңында түрлі түсті және графитті қарандаштарды тексеру және ұштау қажет. Тәрбиешіде осы сабақтың неғұрлым көп қолданылатын түстегі 5-6 басы артық қарындаштар болуы тиіс.
Ересек және даярлық топтарында балалр акварель бояулармен сурет салады. Сурет салудың алдында бояуларды қалай дұрыс салуды көрсету қажет, әрбір бояуға қылқаламмен бір тамшы су тамызады, сабаққа дейін бояулар аздап жибиді және қолдануға дайын болады.
Бояулар шағын палитраларға құйылады. Кіші топтарда 4-6 түсті, ересектерге 6-8 түске дейін. Ересек балалар реңктерді палитра бетінде жасайды. Балаларға 6-7 гуашь бояудың барлық жиынтығын беруге болады. Бірақ қылқалам түбіне дейін жету үшін, бояулардың банкіде үштен бірі бөлігін қалдыру қажет. Сабақтың алдында тәрбиеші банкілердің қақпақтарын ашады, ал кезекшілер алдымен барлық қораптағы бір түсті сосын екіншісін және т.б. барлық бояуларды кезегімен таяқшамен араластырып шығады. Тәрбиеші бояулардың қоюлығын тексереді, егер қайсібір түс аз болса, үстемелеп құяды.
Сабақтан соң бояулардың тығыз жабылыуын, кеуіп кетпеуін қадағалау маңызды.
Сурет салу үшін қылқаламдары, шүберектерді, су құюға арналған банкілерді дайындау керек. Суды балалар сабақтың алдында құяды. Қылқаламның еркін жатуы, судың шашырмауы үшін банкіге суды толтырмай құйған жақсы.
Сабақ барысында ересек балалар суды, оның ластану дәрежесіне қарай ауыстырып отыруды үйренеді.
Аппликация бойынша жұмыс жасау түрлі- түсті формалар жиынтықтары дайындалады. Екінші кіші топтың балалары үшін және жылдың басында – естияр тобының балалары үшін дайын шеңберлер, шарлар, тікбұрышты, сопақша формалар беріледі. Естиярлар тобынан бастап балалар қиып алуға тиісті, затқа формасы жағынан жақсы қағаз беріледі. Ересектер тобының соңында, ал негізінен даярлық тобында 10-12 см қағаздардың жиынтықтары дайындалады. Балалар алдымен бастапқы формаларды қиып алады, ал сосын заттың өзін немесе оның бөліетерін қиюға кіріседі.
Крахмалды желім таңертең қайнатылады және шамалы суыған кезде сабақтың алдында құйылады. Сазбалшықты, әдетте жылына бір рет, жазда дайындалған дұрыс және олар полиэтиленді бақтарда, шелектерде, пленкада сақталады. Сабақ қарсаңында тәрбиеші әрбір бала үшін сазбалшықтың шағын кесектерін дайындайды, тақтаны тексереді. Онша үлкен емес қағаз парағы тақтай үстіндегі жұмысты айнылдырып бұруға мүмкіндік беріп, іс әрекетті жеңілдетеді. Саз балшықтан мүсін жасау үшін ылғал шүберек (30/30см) беріледі. Балалар оны бұйымның бетін тегістеу үшін пайдаланыды, онымен қолын, столды, тақтаны сүртеді. Сабақтан соң шүберекті кезекші сумен шаяды.
Пластилин түстері бойынша іріктеледіі, түс және ұсақ детальдар маңызды болатын сабақтарға беріледі. Әдетте, ол ересек топтарда пайдаланылады. Балалар сабақта бірден мүсін жасауға кірісіп кетуі үшін пластилинді қораптарға, батареяға қойып, сабақтың алдында қыздырып алу қажет.
Балабақшада балалармен сабақтар өткзу үшін қажетті көрнекі материалдың қоры жасалынуы тиіс: әр түрлі заттар, ойыншықтар, иллюстрациялар, тәрбиешінің үлгілері және т.т. Сабақтың алдында бұл материал қаралады және белгіленген міндетті неғұрлым әсерлі шешуге мүмкіндік беретін материал іріктелініп алынады.
Натурадан сурет салу үшін мүмкіндігінше екі жағы әр түрлі түстегі картонның болуы қажет, оның фонына бейнеленген заттар қойылады. Фон натураның түсіне байланысты таңдалынады. Ашық зат үшін күңгірт және керісінше. Қара және ақ фонды пайдалануға болмайды- күңгірт сұр және қызыл қышқыл ақ фонды пайдалануға болмайды- күңгірт сұр және қызыл қышқыл жақсы. Парақтың ішіне заттың жақсы орналасуы үшін, фон заттың үлкен болуы тиіс.
Сабақтарда барлық балалар үшін, бір натура, әрбір қатар үшін жеке- жеке натура пайдаланылуы мүмкін. Оны қалай дұрыс орналастыруға болатынын ойластырып алу қажет.
Мүсін жасау жөніндегі сабақтарда натураны қарап шығу үшін натураны барлық жағынан көрсетуге мүмкіндік беретін айналмалы станокты пайдалануға болады.
Әрбір топта балалардың салу, аппликация және мүсін жасау жөніндегі жұмыстарын талдау ұшін стенді болуы тиіс.
Стенді кем дегенде 25 балалар жұмыстары сиятын қатар- қатар білте тақтайшалары бар тақта болып табылады. Суреттер білте тақтайшада тұру үшін оның кішкене дөңесі болу қжет. Білте тақтайшалардың арасына үлкен және кіші парақтарды ұстап тұратын 2 қатар жіп тартылады. Стендердің қатарының жалпы ұзындығы 8-9 метр. Стендінің орынның көлесіне байланысты өзгеруі мүмкін. Білте тақтайшалар тікелей қабырғаағ немесе кластың қозғалмалы тақтасының екінші бетіне бекітілуі мүмкін .
Барлық қажетті материалдар мен жабдықтарды кезекшілер сабаққа оңай дайындай алуы үшін белгілі бір орында сақталуы, іс –әрекет түрлері бойынша дәлме- дәл бөліп қоюы қажет.
3.Кезекшілікті ұйымдастыру.
Естиярлар тобынан бастап балалар сабақтар бойынша кезекшілікке тартылады. Кезекшілердің міндетіне жалпы столда тәрбиешімен бірге сабаққа материалды дайындау кіреді. Кезекшілікшілікті барлық жас топтарында өзіне-өзі қызмет етумен ұштастырған жөн. Балалар өздерінің жұмыс орындарын дайындауда белсенді болуға тиіс.
Тәрбиеші әрбір топтағы баланың өзіне жасайтынын, кезекшінің не жасайтынын дәлме-дәл жоспарлайды. Бірте-бірте кезекшінің және әрбір баланың міндеттері күрделене түседі.
Бірінші кіші топ.
Тәрбиеші балаларға сабақтан кейін өз орнын жинастыруға, үлкенге қарындаш, қылқалам, салфета, қалған балшықты беруге үйретеді.
Екінші кіші топ.
Тәрбиеші және күтуші столдарды жарыққа жақын қояды. Жылдың басында тәрбиеші барлық материалдарды өзі дайындайды, таратады. Сосын сабаққа қажетті материал мен жабдықты әрбір бала алып өз столына қоюына болатын заттарды дайындауға кейбір балаларды тартады. Бұл әлі кезекшілік емес. Ол тәрбиешіге көмектескісі келетін кейбір балаларға тапсырма беру (бір жыл ішінде тәрбиеші барлық балаларды көмекке Тарту тиіс).
Балалар столда бәрінің өз орындары бар екеніне дағдыланады. Суды, бояуларды тәрбиеші орын орындарына қояды. Балалар алаңдамас үшін алдымен бояуларды тек түсіндіріп болған соң берген жақсы. Әзірге балалар бір бояумен жұмыс істейтін бірінші сабақтарда қылқаламды шаюға арналған су столға сурет салып біткен соң беріледі.
Сабақтан соң сәбилерді жұмыс үшін алғандарын қайтадан жалпы столға қоюға дағдылану керек. Тәрбиеші көмекшімен бірге барлығын шкафқа жинайды, қылқаламдарды, розеткаларды т.б. жуады.
Естияр топ.
Жылдың бірінші жартысында сабақтарға дайындық екінші кіші топтағы сияқты ұйымдастырылады. Бірақ тәрбиеші жекеленген балаларға жиі тапсырма береді: столдарды орнын ауыстырып қоюға көмектесу, егер қажет болса, барлық қажеттілерді жалпы столға дайындау.
Сабақтарға жабдықтар мен материалдардың бір бөлігін әр бала өздері қояды, кейін жалпы столға жинайды, одан тәрбиешілермен бірге барлығын шкафқа салып қояды. Жылдың екінші жартысынан бастап балалар кезекшілікке тартылады. Олар банкіңлерге су құйып, столдарда юанкілерді, бояуларды қойып, сабақ соңында суды төгіп, бояуларды орнына апарып қою сияқты жұмыстарды атқарады. Балаларда жұмысты ұйымдастыру тәжірбиесінің жоқтығынан және барлық уақытта олар өздері келісе алмайтындықтан тәрбиеші сабақтан соң кімнің не істейтінін белгілеп береді.
Мысалы, екі адамдық столда кім сол жақта отырса, сол суды, ал кім оң жақта отырса – бояуларды алып кетеді.
Кезекшілердің столында алға қойылған міндетке байланысты балалалардың өздері таңдайтын материалдардың саны өседі. Материалдарды таңдау мүмкіндігі сабақ барысында балалардың дербес көрсетуіне игі әсер етеді.
Ересек топ. Жылдың басында тәрбиеші сабақтарға столдарды дайындау тәртібін түсіндіреді.
Ең алдымен ол кезекшілердің және өз орнын дайындау кезіндегі кейбір балалардың жұмысындағы жүйелілікті еске түсіреді. Содан соң кезекшілер сабаққа дайындықты, ал сабақ соңындас столдарды тексереді. Кезекшілерге арналған столдар қажетті материалдардан, жабдықтардан басқа жұмыстан соң столдарды сүрту үшін екі үш шүберек болу тиіс. Кезекші бояуларды палитраларға құюға, желімді таратып құюға, саз балшықты таратуға тартылады.
Кезекшілірдің міндеттері.
Осы топтың жағдайларына байланысты. Мысалы, жабдықтардың бір бөлігі екі орынды столдардың жәшіктерінде болуы мүмкін.
Сабақтан кейін әрбір бала өз қылқаламын жуып орнына қойған соң ересек адам қылқаламдарды шаяды, кезекшілер разеткаларды осы мақсат үшін бөлінген шелектегі немесе шарадағы суға салады. Кешке олар сабақтарда пайдаланылғандардың барлығын жуады. Мұндай ұйымдастыру кезінде балалар серуенге бөгелмей тәрбиешінің бақылауымен жұмыс істейді. Мұның өзі жыл басында маңызды. Балаларды бастаған істі аяғына дейін жеткізуді, бәрін тез, дәл, белгілі бір жүйелікте орындауға үйрету қажет.
Мектепеке даярлық тобы. Кезекшілер міндеттері ересек тобындағыдай. Бірақ тәрбиеші балаларға өз бетімен әрекет етуге барған сайын көбірек мүмкіндік береді. Ол сабақтың тақырыбы мен мазмұнын сондай ақ қандай жабдықтың қажет екенін кезекшілерге алдын-ала хабарлайды. Дайындық процесінде тәрбиеші бәрі жақсы және дұрыс жасалуын қадағалайды.
Тікелей сабақ алдында тәрбиеші сабақ қарсаңында іріктеп алғандардың бәрін: натураны, ойыншықты иллюстрацияларды көрсетуге арналған қағаз парақтарын дайындайды. Заттың тұратын орнын белгілейді. Натураның сыртындағы фонды тағы тағы бекітеді. Бәрі дайын болғаннан кейін соңғы стол орналасқан жерден көрнекі материалға тағы көз тастау керек. Көп жағдайда таңдап алған фонда зат ерекшеленіп көрінбейді немесе иллюстрация өте ұсақ болып көрінеді. Сабаққа дайындала отырып тәрбиеші әдістемелік әдебиетті қарап шығады, үйретудің мейілінше ықпалды методтарымен тәсілдерін таңдайды.
Бәрі сабаққа дайын болған кезде тәрбиеші балаларды шақырады. Егер сабақтар күн режимі бойынша әрдайым дәлме-дәл жүргізілсе олар ойын әрекеттен оқу іс әрекетіне оңай ауысады. Ұйымдастыру сәті 1-2 мин алады. Оны тәрбиеші сабаққа байланысты әр түрлі жүргізуі мүмкін.
Әртүрлі ұйымдастыру сабаққа деген құштарлықты арттырады. Сан алуан материалдарды пайдалануға көмектеседі.
Барлық сабақ үш бөлікке бөлінеді.
- сабақты түсіндіру.
- балалардың тапсырманы орындау процесі.
- орындалған жұмысты балалармен бірге талдау.
Бірінші және үшінші бөліктер уақыты жағынан қысқа – балалардың жасына және тапсырмаға байланысты 2-3 мин. Сабақтың бірінші бөлігінде тәрбиеші балаларға олар немен және қалай шұғылданатындарын хабарлайды. Балаларға сабаққа деген қызығушылықты шығармашылық атмосфераны жасау үшін түсіндіру эмоциялы болу тиіс.
Сабақтың екінші бөлігінде, жұмыстың орындалу процесінде тәрбиеші бәрінің бірден тапсырмаға кірулерін қадағалайды. Сабақтың бүкіл барысында балалар байсалды жұмыс істеуге, өз орындарынан қажетсіз тұрмауға үйретіледі.
Шамамен сабақ соңында 5 мин қалғанда балаларға жұмысты аяқтау керек екенін ескертеді.
Тәрбиеші жұмыстың біткені туралы хабарлағаннан кейін барлық балалар оны доғаруы тиіс. Егер сонда да сурет бітпей қалса тәрбиеші балаларға сабақтан соң күннің екінші жартысында суретті аяқтауына мүмкіндік туғызу керек. Бірақ балаларды өз жұмысы белгіленген уақытта сабақтарды орныдауды үйрету, үзіліссіз тез әрекет етуге дағдыландыру керек. Үлгермейтін балаларға алғашқы сәтте кішілеу қағаз беру. Түсіндіруден кейін олардың бейнені жасауға қалай кіріскендері, неден қиналатынына бірден көңіл аудару қажет.
Балалардың жасаған жұмыстарын қарап шығудың зор маңызы бар. Дұрыс талдау жасау үшін барлық жұмыстарды суреттерге және аппликацияға арналған стендіге мүсіндерге арналған стендіге қою қажет.
Талқылауды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ негізгі формасы мынандай: балалар өз орындарында отырып, стендіге қойылған барлық жұмыстарды қарап шығады. Тәрбиеші балалардың пікірлерін сұрайды, өз суреттеріне, мүсіндеріне баға береді. Кейде өз жұмыстарын дұрыс бағалай білуді тәрбиелеу мақсатымен бірінші балаларға стендінің бірінші қатарына сәтті шыққан жұмыстарды, екіншісіне шамалы қателіктер жіберілгендерін, үшінші қатарға – сапасыз жұмыстар орналастырылады. Жасалынған мүсіндер әр бір балалның жұмысы үшін белгілі орын бөлінген тақта стендіге қойылады. Бұл жағдайда балалар стендінің айналасына жиналады. Егер балабақшада ұясы бар сурет түрінде жасалынған стенді болса онда балалар стол басындағы орындарында қалуға болады.
Сабақтан соң балаларға жұмыстарын тағы қарауға мүмкіндік беру, талдау кезінде онша белсенді қатыспаған балалармен, тәрбиешінің пікірінше суретті және т.б. жеке талдауды қажет ететіндермен әңгімелесу қажет.


Дәріс №7. Тақырыбы: Сурет салуға үйрету әдістемесі
1. Сурет теориясының негіздері
2. Бірінші кішкентайлар тобына сурет салу
3. Екінші кішкентайлар тобында сурет салу
4. Естиярлар тобында сурет салу
5. Ересектер тобында сурет салу
6. Мектепалды тобында сурет салу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет