Iv – нұсқа1 – билет


Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі



бет63/64
Дата02.05.2023
өлшемі2,34 Mb.
#175824
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
²V Í?ñ?à 30 áèëåò

Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.

Тарих-и Рашиди – Моғолстанда өмір сүрген тарихшы, əдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулаттың еңбегі. Кітапта XIV – XVI ғасырлардағы Моғолстан тарихы баяндалады. Шығарма 1542 – 1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған. Кітап екі дəптерден тұрады. Алғашқы дəптерде Моғолстанды билеген Шағатай əулеті хандарының тарихы суреттелсе, екінші естелік дəптерде Мұхаммед Хайдардың Кашмирді жаулап алғанға дейінгі тарихи оқиғалары сөз болады. «Тарих-и Рашиди» – Қазақ хандығының құрылуы туралы мəлімет беретін аса құнды еңбек. Онда Жəнібек пен Керейдің Қазақ хандығының негізін қалағандығы туралы айтылады. Сондай-ақ кітапта қазақ хандарының бір ғасырға жуық тарихы да қамтылған. Қазақ тарихына қатысты жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В.В. Вельяминов-Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді. Мұхаммед Хайдар Дулат өз еңбегіне моғолдар арасына кең тараған дулат əмірлерінің аңыз-əңгімелерін, құжаттарды, əсіресе, тарихшылардың жазбаларын кеңінен пайдаланған. «Тарих-и Рашидидің» лексикасы қазақ хандығы дәуіріне тән және сол кезеңдегі тарихи-саяси, мәдени, әдеби үрдістердің шынайы әрі көркем шежіресі болып табылады; - Мырза Хайдар еңбегінде кездесетін тарихи мәліметтер қазақ тарихы мен мәдениетінің және діни-ағартушылық әдебиетін басты қайнар көздерінің бірі; - «Тарих-и Рашиди» еңбегі әдеби-эстетикалық тұрғыдан Мырза Хайдардың суреткерлік шеберлігінің айқын айғағы; - Мінәжат пен мадақтың әдеби тақырып тұрғысынан алғанда түркілік әдебиеттің дәстүрлі үрдісі және бұл құбылыс қазақ әдебиеті тарихындағы діни-ағартушылық ағым өкілдерінің мұрасымен толық үндеседі; - Мырза Хайдар шығармасының поэтикалық деңгейі жоғары, ол тек қана прозашы емес, ақындық дарыны да, кемелденген қаламгер ретінде саналады; - Еңбектегі түркі өлеңдерінің қазақтың тілі мен әдебиетіне қатыстылығы даусыз, бұған бұлтартпас дәлелдер жетерлік; - Шығыстық рубаи, мүфрәд сияқты жанрлардың қазақ әдебиетіндегі көрінісі тиісті мысалдар негізінде әдеби, тарихи – салыстырмалы түрде талданады, ғылыми тұжырымдар жасалды; - Мырза Хайдардың «Тарих-и Рашиди» ғұмырнамалық тарихи шығармасы стильдік, жанрлық тұрғыдан алғанда өз дәуірінің озық туындысы және ол әдеби-тарихи һәм эстетикалық құнары мен маңызы жөнінде де әлемдік өркениет пен мәдениеттің алтын қорына қосылатын аса бағалы мұра.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет