Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістердің тарихи маңызы зор болды. Ол көтеріліс Орта Азия хандықтары мен Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы бағытталды. Халық көтерілістері қазақ халқының бойында бостандықты аңсаған рухтың өшпегенін, тәуелсіздік пен азаттыққа деген ұмтылысының зор екенін көрсетіп берді. Қазақ батырлары, өз бастарын қатерге тіге отырып, XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформа басталар қарсаңында отаршыларға қарсы күрес әрекеттерін жүзеге асырды. Бұл көтерілістер патша үкіметінің Орта Азия мемлекеттерінің аумағын жаулап алу үрдісін біраз уақытқа тоқтатты. Қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін, қарсы күреске шыға алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктері.
Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
Жауаптары: Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.
Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» – тек сопылық әдебиеттің көрнекті ескерткіші ғана емес, түркі халықтарының ежелгі рухани ескерткіштерінің бірі болып табылады. Яғни Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» еңбегін біз Махмұд Қашғаридің «Түркі тілдерінің сөздігі», Сайф Сараидің «Түрікше Гүлстаны», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Ахмет Жүйнекидің «Ақиқат сыйы», Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырған кітабы» т.б. түркі ренессансы дәуіріндегі аса танымал туындылар қатарына жатқызамыз. Орта Азиядағы аса ірі қайраткері, ислам дінінің гүлденіп, өркен жаюына өлшеусіз үлес қосқан Қожа Ахмет Яссауиді біз, жалпы түркі жұртының, соның ішінде қазақ халқының әдеби-мәдени өміріне бар қажыр-қайратын арнаған шығармашыл тұлға ретінде танимыз. Қожа Ахмет Яссауи – ислам дінін ұстанатын барша түркі халықтарының ортақ ұстазы, біздің халықтарымыздың материалдық құндылықтарға шексіз табынудан, пенделік пиғылдан биік тұратын асқақ рухының символы екендігі сөзсіз. 2016 жылды ЮНЕСКО бойынша «Яссауи жылы» деп жариялаған болатын. Мұның өзі Қожа Ахмет Яссауидің барша адамзаттық қазынаға қосқан үлесін ескергендік, сонымен қатар біз үшін үлкен мақтаныш. «Яссауи жылы» ауқымында еліміздің түкпір-түкпірінде Қожа Ахмет Яссауи еңбектерін насихаттап таныту тұрғысында көптеген игі істердің атқарылғаны сөзсіз және соның бірегейі – Көкшетау қаласында ұйымдастырылып отырған ғылыми конференция және Қожа Ахмет Яссауи хикметтері Көкшетау нұсқасының кітап болып жарық көруі болып отыр. Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» еңбегі және оның мазмұн-мағынасы, түркі халықтарына соның ішінде қазақ халқына оның ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты тұстары туралы көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің бүгінге дейін жинақталған толайым деректер базасы бар. Біз олардың бәріне тоқталып жатпастан, аталған еңбектің қазақ тіліне аударылу жағдайы, олардың ерекшеліктері жайында тоқталатын боламыз. Осы ретте, «Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» және басқа да еңбектері қазақ даласына қашаннан бері қаншалықты деңгейде танымалдыққа ие болып келді? Күні бүгінге дейін «Диуани Хикметті» кімдер тәржімалады?» деген сұрақтар төңірегінде біраз мәліметтерге тоқталуды жөн көрдік. Адамзат қоғамы өзінің сан мың жылдық даму кезеңдері барысында жаңа рухани биіктерді бағындырып отырды. Сонымен қатар тарихи, геосаяси, климаттық және т.б. факторларға байланысты қол жеткізген рухани биіктігінде тоқыраулар мен күйзелістердің де жиі орын алып отырғаны белгілі. Ұлы Дала төсіндегі түркі халықтары өмірінде ҮІІІ ғасырдан бастап Ислам дініні маңызды факторға айналды. Тарихтан белгілі, 961 жылы Қарахан мемлекетінде ислам мемлекеттік дін деп жарияланғаннан бастап, бұл үрдіс тіпті қарқын алғаны белгілі. Ежелден бір құдайлықты қолай көрген тәңіршіл түркілердің ендігі өмір сүру салты исламмен тығыз байланыста болғанымен, жалпы ислам, соның ішінде Орта Азиядағы түркілік ислам ХІІ-ХІІІ ғасырларда рухани тоқырауды бастан кешірді. Бұл ислам дінінің өз ішіндегі консервативті бағыттардың күш алуы мен Ислам әлеміне Батыс пен Шығыстан қатар жасалған шапқыншылықтарына байланысты еді.