Мөде қаған (Маодунь) (ж.ж.с.д. 228-174) - ғұн (қытайша хунну) империясының негізін қалаушы.Қытай жазбаларында оның есімін «Маудун», ал билік лауазымын «шаньюй» деп атайды. Чәниүй атауының жеке сөз ретінде не мағына беретіні әлі күнге белгісіз, ал лауазым ретіндегі мағынасы ғұндар үшін ортағасырлық түркілердің «Қаған» дегенімен мәндес. Қазіргі тарихшылардың шаньюйді «тәңірқұты» деп аударады.
Мөде шамамен 18-19 жасында, ж.ж.с.д. 209 жылы, әкесі Тумәнді өлтіріп, ғұн хандығының тағына отырып, өзін ғұн елінің дара билеушісімін деп жариялайды. Содан көп ұзамай шығыста дунху, батыста жыужы (юечжи), терістігінде хуниүй, чуйшы, динлиң, гыгун және шыңли, оңтүстігінде лыуфаң, бай - иән секілді елдерді жаулап алып, шағын ғұн хандығын Шығыста теңдесі жоқ далалық ұлы империяға айналдырады. Осыдан кейін елі оны «ақылы асқан дана» деп мойындап, оған «Чиңтижы» деген ат береді. Бұл қазіргі түсінікте «Тәңірінің күші», яғни «Құдайдың қаһары» деген мағынаны білдіреді.
Ел билігінің басына көсемдік дарыны аса жоғары, қолбасшылық қабілеті тым ерен, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын жігерлі жас Мөденің келуі тек ғұн халқының ғана емес, бүкіл Шығыс халықтарының тағдырына үлкен өзгеріс әкеледі. Бұрын жеке-жеке хандықтарға бөлініп, өзара қырқысып жатқан түркі халықтарының басы бірігіп, бәрі тарихқа танылған үлкен бір далалық империяның құрамына енеді. Елді басқарудың жаңа жүйесі қалыптасады. Бұл жүйе елді үш әкімшілік аумақтық құрылымға бөліп басқару арқылы жүзеге асырылып, бар билік бір адамның чәниүйдің қолына көшеді.
Мөде қаған тұсында мемлекетті басқару жүйесінің шен дәрежесі де белгіленеді. Мемлекеттің шығыс бөлігін Сол тужи уаң, батыс бөлігін Оң тужи уаң басқарды. Қытайша аталған бұл лауазымдардың билік пәрмені кейінгі түркілердің «кіші хан» деген ұғымына келеді. Бұдан кейінгі лауазым иелерін Сол лули уаң, Оң лули уаң деп атайды. Бұлар кіші хандарға бағынышты азық-түлікке жауап беретін уәзірлер. Кезінде осы төрт лауазым иелерін топтастырып ортақ бір ақ атаумен чәниүйдің «төрт мүйізі» деп атаған. Мұның сыртында «түмен басы» деп аталатын 24 әкімшілік басшылары болған. Тәрізі қазақтың қария сөзінде жиі айтылатын «24 баулы ел» деген тіркес сол бір шалғай кез кезеңнен келе жатқан үрдіс болуы әбден мүмкін.
Мөденің реформасынан кейін мемлекетте әскери шен жүйесі де (бас қолбасшы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы) бір қалыпқа түседі. ғұн империясы азаматтарының бәрінің бірдей әскер қатарына шақырылуға міндетті болуы, шақырылғандардың әскери бастықтарына сөзсіз бағынуы, әскердің үнемі жауынгерлік рухта болуы үшін әскери жаттығулардың жүйелі жүргізіліп тұруы ғұндардың тұрақты армиясы болғанын дәлелдейді. Оның саны бір деректе «300 000, екіншісінде 400 000 еді» деп көрсетіледі.
Ғұндардың ата-баба дәстүріне негізделген азаматтық, қылмыстық заң жүйесінің өмірге келуі де осы Мөде қағаннан басталады. Бірақ бұл заңдардан қытайдың байырғы жазбалары арқылы бізге жеткені 4-5 бап қана. Олар:
Адамға пышақ, не қанжар салып, өлімші еткендер өлім жазасына кесіледі;
Ұрлық жасаушының мал мүлкі түгел тәркіленеді;
Жеңіл қылмыс жасағандардың беті тілінеді; (Қазақтың «бетің тіліңгір» деген қарғысы осы Мөде қаған заманынан бүгінге жеткен бір белгі болса керек)
Ауыр қылмыс жасағандар өлім жазасына бұйырылады;
Қылмыстыларды қамауға алып, жазасын беру он күннен әріге созылмайды. (Бірақ мемлекетте мұндай қамауға алынатын қылмыстылар онша көп болмаған)
Ғұндарға шын ниетімен беріліп, өлгенше чәниүй ордасында тұрып, адал қызмет атқарған қытай оқымыстысы Жүншин Иөннің айтуына қарағанда: «олардың заңдары орындауға жеңіл» көрінеді. Бұл, әрине, оның ғұн мемлекетінің заңын Хән патшалығының заңдарымен салыстырудан шығарған қорытындысы еді.
Ғұн империясы билігінің тізгінін 35 жыл уысында ұстаған Мөде қаған ж.ж.с.д. 174 жылы қайтыс болғаннан кейін де, кезегімен билік басына келген оның ұрпақтары ол орнатқан ел басқару тәртібі мен заңдылықтарды қатаң сақтап, жарты әлемді жалпағынан басқан алып мемлекеттің үш ғасыр бойы өмір сүруін қамтамасыз ете алады. Модэ(Мөде), Модэ тәңірқұт, Оғыз қаған (т.ж.б. – б.з.б. 174) – ғұндардың билеушісі. Б.з.б. 201 ж. Модэ Алтай өңірін түгелдей бағындырды. Б.з.б. 177 ж. Модэ юечжилерді, Шығыс Түркістанды, үйсіндерді өзінің қол астына қаратты
2.патша үкіметіндегі 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз
Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты», ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды.
Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметіне сүйеніш болып отырған феодал-байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалысты еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Ақтөбе даласында – Әділбек Майкөтов, Жетісуда – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т. б. басқарды.
1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамына жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак-орыс шоғырлары кірді.
Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер» деген тактикасын да кеңінен қолданды. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды.
1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі – Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент – тараншы болысының Городское селосындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетуімен басталды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі – Тоқаш Бокин. Ол халықтар арасындағы үгіт жұмысына басшылық етті, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді, үстем феодал-байлар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шақырды. 1916 жылғы тамыздың бас кезінде революциялық қызметі үшін ол қамауға алынды. Түрмеде Тоқаш Бокин Ақпан төңкерісінің жеңісіне дейін отырды.
Жазалаушылармен соңғы ұрыс 1916 жылғы қыркүйектің аяғында Қапал уезіндегі Быжы өзенінің маңында жүрді. Көтерілісшілердің жасақтары жеңіліске ұшырап, қалғандары тауға кетті. Жетісудағы көтеріліс 1916 жылғы қазанда басып-жаншылды.
Көтерілістің ең бір күшті болған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды.
Торғай уезінің қыпшақ руының қазақтары өздерінің ханы (әмірі) етіп Нияз бидің немересі Әбдіғапар Жанбосыновты сайлады. Ал оның әскерінің бас сардарбегі (әскер қолбасшысы) болып Амангелді Иманов тағайындалды. Арғын руының болыстарын Оспан Шолақов басқарды.
Амангелді Иманов 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған. Әкесінен ерте айырылған Амангелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді. Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Көтерілісшілердің штабы (орталығы) Торғай даласының қиыр түкпірінде, Батпаққара маңында орналасты. Ол отрядтарын 10, 50, 100 және 1000 адамнан құралған топтарға бөлді. Олардың басына онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды.
1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20-ға тарта көтерілісшілер отряды құрылды. 23 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Бірақ олар қаланы ала алмай, қоршау бірнеше күнге созылды. Амангелді бастаған көтерілісті басу үшін патша үкіметі генерал А. Д. Лаврентьев басқарған 10 мың әскер жіберді. Лаврентьев әскерлерінің келе жатқанын естіп, көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. Жазалаушылар көп шығынға ұшырап, көтерілісшілер қатарын әрең бұзып өтіп, 16 қарашада Торғай қаласына келіп кірді.
Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге қашықтап шегініп, Батпаққараның төңірегіне жиналды. Мұнда соғыс қимылдарына басшылық ететін кеңес құрылды. Амангелді Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды.
Бірақ қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Көтерілісшілер өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп, алыс жерлерге жертөлелер салды, киіз үйлер тікті. Сөйтіп, 1917 жылдың басынан бастап, А. Иманов күресті әрі қарай жалғастыруды көздеді.
Патша жазалаушылары мен Амангелді Имановтың көтерілісшілері арасындағы соғыс қимылдары 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін де жалғаса берді.
3.Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз
1947 жылы тамызда КСРО Министрлер кеңесінің шешімімен шартты түрде «№2 оқу полигоны» деп аталған Атом полигонын құру туралы қаулы қабылданды.Полигон құрылысы үшін Семейден батысқа қарай 140 шақырым жерде жан-жағы шағын таулармен қоршалған және халық көп шоғырландырылған жерден алшақ территория таңдалып алынды. Бұл аймақ темір жол, әуе және Ертіс өзені арқылы өтетін су көлігі қатынасының болуы және оңтүстік Оралдағы Атом өнеркәсібі жақындығымен қолайлы еді, полигонды басқару жұмысы И.В.Курчатовқа жүктелді. Мемлекет тарапынан жобаны КСРО Ішкі істер министрі Л.П.Берия басқарды.
Полигондағы сынақ трагедиясы 40 жылға созылды. 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда жер үстінде дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутегі бомбасы сыналды. 1953 жылғы тамызда термоядро қондырғысының, ал 1955 жылы А. Сахаров шығарған бомбаның сынағы өтті. Сынақ аймағында 1949–1989 жылдар аралығында 456 әр түрлі ядролық жарылыстар жасалса, соның ішінде әуе мен жер астында – 116 сынақ жасалды. Осы жарылыстардың әсерінен радиоактивті шөгінділер жарылыс болған эпицентрден бұлттар мен жел арқылы таралды. Сынақ жүргізілген жерлерде радиацияның деңгейі 448 Бэр-ге дейін жеткен. Семей ядролық полигонында ауада және жер бетінде сыналған ядролық зарядтардың қосынды қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті.
Ядролық жарылыстан кейін пайда болатын әйгілі "саңырауқұлақтар". Мысалы 1953 жылы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегіндегі жарылыс қуаты 480 килотонна болған. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілген. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрған екен.
16 билет
Аттила мен ғұндар
Аттилаға көптеген елдердің тарихшылары өз еңбектерін арнаған. Европа тарихшылары «Аттила», «Атилла», «Атыл», «Аттылы», «Этцель», «Этли» деп атаған Аттила мен ол өмір сүрген дәуiрi тарихта өшпес iз қалдырып, адамзат тарихындағы ең ұлы қолбасшылардың бірі болды. Француздың 17 ғасырдағы ұлы драматургі Пьер Корнель «…Аттила есімі керемет әйгілі, бірақ жұрттың бәрі оның характерін толық көлемде білмейді. Ол күштен гөрі өзінің айлакерлігімен көптеген жеңістерге жеткен. Ол бәрінен-де өзінің қарсылас жауының күшін бөлшектеуге тырысқан. Алдымен әлсіз қарсыласына шабуыл жасап, басқа күшті қарсыласының үрейін ұшырған. Шабуыл жасап, қырып, жойып жіберіп отырған. Мұны көрген күшті қарсыласы соғыса алмаған. Сонымен бірге Аттила өз ордасында қатаң әскери тәртіп орнатқан. Өзінің қол астындағы тайпалардың басшылары мен корльдеріне ол: „Жақын туыстарыңды өлтір“ — деп бұйрық берсе-де, олар қорыққанынан амалсыз орындайтын болған…» деп сипаттап жазған. Қазіргі уақытта көптеген шетелдік ғалымдар Аттиланы Хун қолбасшысы деп сипаттап, жазуда. Мысалы:(Attila, King of the Huns:The Man and the Myth). ОсыжердегіХундардепотырғанымызкімдер? Хундардегеніміздалалықғұндардыңтөрттармағыныңбірі, қазіргіМажарелініңағылшындықнемесешетелдікатауы. ХунелінемесеМажарстанхалқыныңыаңызәңгімелерінесүйенеотырып, РаушангүлЗаханқызыөзеңбектеріндеАттиланыңжекебасы, соғысөнерітуралыбылайдепсипаттайды: «Аттилақараторыөңді, қараоттыкөзді, кеңкеуделі, паңжүрісті, аласабойлы, барлықғұндарсияқтысақалынөсіргенадамеді. Көзсізбатыремес, керісншешайқастаайлакерлігіменкөзгетүсетін. Денекүшіменсымбатыбірдейболатын. Ақкөңілді, кеңпейілдіжанеді. Жарқырағанқаруы, жинақышатырыұқыптылығынкөрсететіндегенмәліметтербереді. Аттила, ақшасынсандығындасақтағанемес, бар, ақшанықажетінежұмсайтын. Қолыөтеашықберегенеді, сондықтандажателдіңұлдарыдаоныжақсыкөретін. Суықтығыменқаталдығынанғұнжауынгерлеріқаттықорқатын. Ғұнпатшасыныңкөптегенсалтанаттышатырыбареді, олардыәртүрліхалықтыңсалттарыбойыншадайындады. Қабырғаларыалтынменбекітілгенбіререкшебайшатырыбареді. Тұтасшатырдыбұзыпқайтажинауғаболатын. Шатырдыңбағаналарыалтыннансоғылып, ішібос, сырықтарыменқабырғаларықырланағанасылтастарменбезендірілгенеді. ӘскерижорықтардансоңАттиланыңқорасыәртүрліелдердентүскентұлпараттарғатолатынедідепжалғастырады, өзсөзінРаушангүлЗаханқызы. Солардытамашалап, қызықтайтын. Қолыныңашықболғандығысонша, басқаларғасыйғакөпжылқыберіп, кейдеөзінемінетінбір — екіжылқығанақалатын. Атқорасынқарақошқылбарқытпенкөмкерді. Патшаныңтағы — алтынжәнеқымбаттастарданүстеліжәнеасішетіныдыстарытазаалтыннанжасалды. Төсегі-детазаалтыннанасшебержасалғанеді. Алтынтөсегінбарлықжорықтардаөзіменбіргеалыпжүретін. Аттиланыңөзжасағыөзгерулардыесептемегендеонмәртежүзмыңәскердентұратын. Бірғұнмертболса, бірденоныңорнынабасқағұндықояалатын. Атилланыңтаңбасындатәжібарқұсбейнеленген, олқұстымажарша «турул»(бүркіттектесқұс — О.Б) депатаған. ТурулбейнеленгентаңбанымажарларГезабилікқұрғануақытқадейінбарлықжорықтардаалып, жүрді. ОсындайсалтанаттыңортасындаАттила, ғұндарпатшасы, әлемдегібасқапатшалардандаңқтыеді. РаушангүлЗаханқызыныңмәліметіншеғұнпатшасықамалдарменбекіністердіңбилеушісіболғысы, олардықоластындаұстағысыкелді, халықтарынбағындырды. Өзруымен, ғұндарменбіргеөмірсүрді, шатырдаөмірсүрді, шатырдатұрды. Қалаларменауылдарғағұндардыңсоңынанілескенхалықтардыорналастырды «Мажардыңтарихи, аңыздары»., РаушангүлЗаханқызы, «ҚазақӘдебиеті», № 51(2732). 14.12.2001]. ЕвропалықтардыңарасындаатыосыншамадүрбелеңтуғызғанАтилланыңөмірінежан — жақтыталдауарқылысараптап, көрсек. Аттиланыңтуылған, қазатапқанжылдарытуралыболжамдаркөп. Е. С. ОмаровАттиланы 400 жылытуылғандейді[4]. Ал татар ғалымы Рафаэль Безертинов Аттиланы 434 жылы 44 жасында хан тағына отырды дейді[10]. Қарапайым арифметика 434 жылдан алсақ 396 жыл өзінен — өзі шыға келеді. Шетелдік Rit Nosotro Аттиланы 406 — 403 жылдар аралығында өмір сүрген деп жазады[3]. Ал Аттиланың жеке өмірі жайлы көптеген тарихшы, жылнаиһмашылар жазып кеткен. Кейбір зерттеушілер Аттиланың есіміне-де түсіндірме беріп, жазып кеткен. Аттила есімі түрік тілінде (ata — әке, ат — илле салт атты) деген мағына береді [11]. Гот тілінде немесе гепид тілінде Аттила «atta» — әке, және жұмсартылған «ila» суффиксі жалғану арқылы Аттила есімі шыққан деген деректе бар.
2.1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстандағы саяси биліктің сипаты мен ерекшеліктері
Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан төңкерісі нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.
Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.ТынышбаевЖетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.КенесаринТүркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, эсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.
Ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды.
Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісінеұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды
3.Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 ж. 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол - дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды.Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны болып табылады, оның басты және көмекші нысандарының жалпы ауданы 6717 шаршы шақырым.[2]Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров "Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 3 рет (1994, 1998, 2001) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды. Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
17 билет
1.Қазақстандағы этно-саяси бірлестіктердің қалыптасуы
Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері жатады.
Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты.
Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады.
Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты.
Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.
Этнос теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктің әр заманда қалыптасатын үш түрі болады:
1. Ру-тайпа.
2. Халық.
3. Ұлт.
Осы этностық бірлестіктердің әрқайсысының өзіне тән этностық санасы болады. Этностық сана дегеніміз — адамның өзін-өзі белгілі бір этностық топтың мүшесімін деп түсінуі. Мысалы, "мен қазақпын" деген түсінік — этностық сананың көрінісі.
Рулық-тайпалық жіктелу дәстүрі халық болып қалыптасқанда да, тіпті ұлт болып қалыптасқанда да сақталып қалған қазақ сияқты этностарда этностық сананың осы аталған үш түрі әр замандарда орқалай көрініс тапқан. Әсіресе халық болып қалыптасудың бастапқы кезеңінде халықтық этностық санамен бірге рулық-тайпалық этностық сана басым орын алған. Мысалы, ескікөз қариялар "Қай елсің?" — деген сұраққа бірінші өз руының, одан соң тайпасының, жүзінің атын атаған. Әдетте, "қазақпын" деген атауды тек сырт жұртқа шыққанда ғана айтқан. Өйткені ру тайпасының аты-ақ оның қазақ екенін білдіреді деп есептеген.
3. 1920-1930 жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.
Жоғары оқу орындары
18 билет
1. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі.Ұзақ жылдар өтсе де өмір сүрудің адамдар жинақтаған тәжірибесі кейінгі ұрпаққа жалғасты. Алғашқы еңбек құралдарын жасауды үйрену адам қолының жетілуімен қатар миының да дамуына әсер етті. Уақыт өткен сайын адам қабілеті жетіліп, өз білгенін бір-біріне үйрете бастады. Ежелгі адамдардың маймылдар мен жануарлардан басты айырмашылығы – еңбек құралын жасай білуінде. Еңбек құралын жасауды игеру адамды жануарлар дүниесінен бөліп шығарып, күш-қуаты мен шапшаңдығын еселеп арттырды. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалған. Олар құрал жасауда көбіне бір жағы сүйірленіп келген, ал екінші жағы қолға ұстауға ыңғайлы жұмыр тастарды пайдаланды. Оларды жарып, бөлшектеп, жүзі өткірлерін алған. Алғаш олар қатты тас сынығын тауып алып, екінші таспен ұрып бір жақ шетін жұқалап сындырды. Бұл салмақты қарабайыр кескіш құрал чоппер, яғни тас шапқы деп аталады. Жүзі тегіс болып шықпаса да, онымен жер қазуға, ағаш кесуге, аң етін мүшелеуге болатын еді. Алғашқы адамдар тастың көптеген түрлерінің ішінен шақпақ тасты таңдап ала білді. Бұл адам ой-өрісінің едәуір өскендігін көрсетеді. Өйткені шақпақ тас өте берік, ұрған кезде жалпақ әрі үшкір бөліктерге бөлініп, тез өңделген. Уақыт өткен сайын адамдар еңбек құралдарын жетілдіре түсті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар және қол қашауы жасалды. Қол қашауын жасау үшін шақпақ тасты екі жағынан қашап, белгілі бір пішінге келтіріп, таяққа бекітті. Мұндай шомбал құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 килограмға дейін жетті. Уақыт өткен сайын адамдар тастан ұсақ әрі жұқа құралдарды жасап шығарды. Нәтижесінде ауланған аңдардың терісін сыдыратын пышақ тәрізді кескіштер мен тесуге арналған тас құралдар пайда болды. Адамдар сүйектен ине мен біз жасаған. Тасты, ағаш пен теріні өңдеу барысында адамның қолы жетіле түсті. Әсіресе ауыр найза мен жіңішке инені ұстау үшін бас бармақтың қызметі аса қажет еді. Тас өңдеуде адамдар шетінен бастап, ортасына қарай жару әдісін пайдаланды. Жару үшін тастан, сүйектен және мүйізден жасалған сыналар қолданылған. Жарылған тастың қолға ұстайтын жерінің айналасы теңіз шаянының қабыршағына ұқсас кедір-бұдыр жарықшақты болып келеді. Ұрып сындырған кезде жаңқаланған тас жарықшақтарының ұшы үшкір болған. Тастың үшкір жағын өткірлеу үшін екі жағынан басқа таспен қашады. Қолға ұстауға ыңғайлы болса адамдар тас сынығын қару есебінде пайдаланған. Ежелгі адамдарда қарудың аса оңтайлы, кең тараған түрі - қол шапқы болды. Әлемнің әр жерінен табылған қол шапқылардың аздаған айырмашылықтары болмаса, бір-біріне өте ұқсас. Олардың пішіндері «найза ұшы» немесе «бадам дәні» тәрізді болған. Ұзындығы 10-20 см, салмағы жарты немесе екі келідей болады. Шапқыға ұқсас қаруды XIX ғасырға дейін Тасмания аралындағы тайпалар пайдаланып келді. Бұл қаруды балта ретінде пайдаланған тасманиялықтар онымен ағаш діңгегін ойып, сол арқылы жоғарыға оңай өрмелеп шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: |