Деректермен танысып, қазіргі бұқаралық мәдениеттің жағымды және жағымсыз тұстарын кестеде анықтаңыз.
А дереккөзі
Жаһандану жағдайында этникалық мәдениеттің қатаң шекаралары шайылып, оның
өзіндік этномәдени ерекшелігін сақтап тұратын "жабықтығы" жойылады. Этникалық мәдениетті діңгек тұтатын ұлттық мәдениет - ол тек ресми, мемлекеттік мәдениет қана емес, әртүрлі субмәдениеттердің (оның ішінде бұқаралық мәдениет те кіреді) өзара ықпалдасуы нәтижесінде пайда болған ұлттық мәдениет жиынтығы. Бұқаралық мәдениет те біртұтас емес, ол көпқырлы. Ең күштісі - маргиналдық қабат, одан кейін танымал, жастардың субмәдениеті және т.б. жатады.
В дереккөзі
Қазіргі жаһандану процесі жағдайында бұқаралық мәдениет трансұлттық мәдениеттің болашақ үлгісі ретінде қабылданады, басқа қырынан этникалық құндылықтарға және этномәдени өзіндікке қарсы тұратын мәдениет ретінде түсіндіріледі. Мәдени құндылықтарды конвейерлік тәсілмен өндіру олардың тұлғалық шығармашылық мазмұнын кемітіп, адамдық жатсынудың жаңа формаларын қалыптастырады. Бұқаралық мәдениет үлгілері қазақ халқының ұлттық құндылықтар сүзгісінен өтуі қажет.
Бұқаралық мәдениеттің қоғамға ықпал етуі
Жағымды жақтары
Жағымсыз жақтары
Қорытынды
«Рухани-адамгершілік құндылықтардың саяси оқиғалардың әсерінен өзгеруі» тақырыбында SWOT-талдау жасаңыз.