Қыз: Жоқ, тоқтаңыздар. Сіздерді түсінбедім. (Екінші қадам) Жоқ, жақындамаңыз, әйтпесе қазір мына орындықтан секіріп кетемін.
Наргиза: Жер жоқ.
Нұрхат: Сіз құламайсыз
Максат:Сіз өлмейсіз
Бірге: Сіз суретсіз. Бізге қосылыңыз
Қыз:Жоқ, тоқтаңдар, мен сурет емеспін.
Нұрлы: Тамақтанасыз ба?
Қыз: Қалай?
Наргиза:Ұйықтайсыз ба?
Алмаз: Дәрет қыласыз ба?
Қыз: Бәрін білетін сияқтымын, бірақ ешқашан ол туралы ойлап көрмеппін.
Бірге : Сіз суретсіз! (2 қадам артқа жылжиды) Біз ораламыз.
Бесінші көрініс Сахнаның екі жағына қайта -қайта жүгіріп, жан -жағын қарап шығады. Қыз: Ол тағы кетіп қалды, Алақаныма тама қойшы, мен сені күтіп отырмын, ей, тамшы!
Сахнада суреттер қайта пайда болады. Тахмина: Ол енді ақпайды.
Ернар: Ол енді оралмайды.
Алмаз: Сен естімейсің. Көрмейсің.
Бірге: Сен суретсің. Сен бізге қосылуға тиіссің.
Мақсат: Біз Нұх пайғамбарды күтеміз.
Нұрдаулет:Ол келе жатыр.
Бірге: Бізбен бірге болуға тиіссің.
Қыз: Жоқ, мен сурет емеспін.
Бағдат: Енді боласың.
Қыз: Жоқ! Көресіңдер, мен жер бетіне ораламын. Міне, мынау таяқ сондай қасиетті, бұдан музыка шығады. Бұның иесі қазір қайтып келеді.
Нұрлы:Ол келмейді.
Қыз: Жоқ, келеді.
Наргиза: Ол енді оралмайды.
Қыз: Жоқ, ол мына затын алуға келеді. Және ол сондай керемет жан. Ол маған тамаша өмір сыйлайды. Ол ерекше. Ол адам, мен оның жанында ерекше сезімді бастан кешірем.
Тахмина: Адамның сандырағы.
Қыз: Сендер оны білмейсіңдер де, менің мына жаным оны маған тартады. Менің махаббатым оны осында қайта әкеледі. Бұл ақиқат.
Алмаз: Зодиак жүйесі қирады.
Нұрхат : Енді суқұйғыштар мен балықтар, тауешкілер мен егіздер болмайды.