Қыз: Сіздер кімсіздер? Бірге: Суреттер. Ернар


Қыз: Жоқ, мен адаммын! Бірге



бет4/5
Дата20.04.2023
өлшемі24,25 Kb.
#174995
1   2   3   4   5
Байланысты:
Суреттер

Қыз: Жоқ, мен адаммын!
Бірге: Сен суретсің!


Қыз қатты айқайлап күледі.
Қыз: Міне, көріп тұрсыңдар ма? Мен рахаттана күліп тұрмын, ия қызғаныңдар, мен бәрібір де Адаммын!
Бағдат : Сен жер бетінен алыстап кеттің.
Ернар: Сен тартылыс күшінен айырыла бастадың.
Қыз: Жоқ, менің кеудемде жаным бар, менде махаббат бар, білесіңдер ме? Менің кеудемде мына таяқтың иесіне деген шексіз сүйіспеншілік сезімі бар.
Нурик: Ол енді өшеді.
Қыз: Жоқ, ешқашан!
Нұрхат: Сен махаббаттан айырыласың.
Бірге: Сен суретке айналасың!
Қыз: Жоқ, жоқ! Басымды ... Оны ешкім, ешқашан жоғалта алмайды.
Наргиза: Ол жоғалады.
Ернар: Ол өшеді.
Нұрлы: Сен суретке айналасың!
Алмаз : Нұх пайғамбар жақындап келеді.
Тахмина: Ол тағы бізді құтқарады.
Қыз: Жоғалыңдар! Мазамды алмаңдар, кетіңдер!
Бірге: Сен бізге қосылуға тиіссің! Біз талап етеміз!
Қыз: Жоқ, ешқашан!
Осы кезде сахнаға тағы бірнеше суреттер шығады.Олардың қолдарында ұсақ тастар болады. Олар тастарды айналдырып тізе бастайды
Алмаз: Тазару отына шомылуларыңызды сұраймыз!
Сахнадағы барлық суреттер бір-бірлеп тастан жасалған шеңбердің ішіне кіріп шығады. Ешқандай үнсіз, дыбыссыз, бірқалыпты жүріспен барлық суреттер бұл әрекетті орындап шығады. Қыз бір шетте барлығына таңғалып қарап тұрады.
Ернар: Біз сіздің де тазару отына шомылуыңызды сұраймыз!
Қыз: Бұл не?Сендер шынымен де естеріңнен ауысқансыңдар!
Бірге: Біз сізден бізге қосылуыңызды тағы сұраймыз!
Суреттер қызды қоршап алады. Қыз қанша құтылуға тырысса да топты жарып шыға алмайды. Суреттер оны шеңберге кіргізеді. Қыз еріксіз тастарды аттап шеңберге кіреді. Және шеңберден шығуға барынша ұмтылады. Суреттер енді оған мүмкіндік беріп, алыстай бастайды. Қыз сүйретіліп шеңберден шығады. Жерде домаланып, бүктеліп біраз уақыт жатып қалады.
Бірге: Сен суретсің! Және мәңгі сурет боп қаласың!
Тамшы ағып түседі. Бәрі оның дауысынан селк ете түседі. Қыз орнынан сүйретіле зорға түрегеліп, орындықтың жанына барады да тағы жығылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет