Қыз: Ол не?
Бағдат: Уақыт қирады.
Қыз: Қалай?
Ернар: Себебі тіршілікті ұстап тұрған махаббат жойылды.
Қыз: Махаббат жойылды? Бұл сіздер үшін шығар, мүмкін!
Қыз рахаттана күледі. Қыз: Әрине, суреттерде ешқашан махаббат болған емес.
Алмаз: Жердің тартылыс күші.
Қыз: Ол не?
Наргиза: Ол бір асқан ақылды адамның ойлап тапқан заңы болатын.
Қыз: Заң ба? Бұл керемет дүние шығар.
Тахмина: Бұл өтірік болатын.
Қыз: Ақылды адамның ойлап тапқан заңы қалай өтірік болады? Сендердікі өтірік шығар, бәлкім?
Нұрдаулет:Оның ойлап тапқан тартылыс күші дегеніміз МАХАББАТ болатын.
Қыз: Тартылыс заңы мен махаббатың бір-біріне қандай қатысы бар? Ол ақылды кісі жай ғана керемет жаңалық ашты ғой.
Нұрхат:Кереметтігі сондай, адамдар ол туралы ойлай алмайды.
Нұрлы: Тартылыс – тіршілік арасындағы махаббат.
Бағдат: Жер мен оны мекендеушінің тамырындағы махаббат оларды ұстап тұр.
Ернар:Сондықтан жануарлар ауаға қалқып кетпей, жерде жүреді.
Қыз: Ал құстар ше?
Алмаз: Олар да белгілі бір қашықтыққа дейін көтеріле алады.
Наргиза: Жер мен оның бетіндегі тіршіліктің арасын махаббат жалғап тұр.
Тахмина:Ал жер бетінен алыстаған сайын бұл тартылыс өз күшін жоя бастайды.
Нурик: Махаббат үзіледі.
Нұрхат : Жер бетінен алыстаған кез келген тіршілік иесі бұл бақыттан айырылады.
Қыз: Ол белгілі ғой, бірақ адамдар қалай болады?
Ернар: Адамдар да тартылыс күшінің қуатымен ғана тіршілік кешуде.
Алмаз: Адамдар туған топырағынан кете алмайды.
Мақсат:Себебі оларды тартылыс күші жібермейді.
Нұрлы: Адамдар бір-бірінен де кете алмайды.
Қыз: Ал мен неге жер бетіне орала алмаймын? Жер мені неге өзіне қарай тартпайды?
Бірге : Сен суретсің!