Табиғатты қорғау – Отанды қорғау.
Келеді кез,
Күрделі біздің бұл кез!
Жаутаңдайды адамға түзде мың көз.
Қызыл кітап-
Опат боп кеткен аңның
Бастарына қойылған қызыл күмбез. (Қ.Мырза-Әлі)
Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасында қалыптастыруға болады.
Қазіргі кезеңде қоғамның даму бағыты – бүкіл оқу-тәрбие жұмысының алдына жас жеткіншектердің тілін, ақыл-ойын, жалпы білім деңгейін, дүниетанымын дамыту мәселесін қойып отыр. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік дәреже алуы, тұңғыш Конституция, Білім беру заңының қабылдануы ұрпақ тәрбиесіне жаңаша қарауды, оны жақсарту жолдарын нақты айқындауды талап етеді. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, «табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондай-ақ табиғат заңдылығын жеңіл түрде ұғындыра отырып, берілетін білімнің өзара байланысы мен сабақтастығын қамтамасыз етуде баланың дүниетанымы кеңейіп толықтырылады. «Жаста білген, басқа сіңген тәлімнің, өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», - деп классик жазушы І.Жансүгіров айтқандай балалық шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері баланың болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтуге жол ашады.
Қоғамның дамуының қай кезеңінде болмасын табиғат – баланың дүниетанымын дамыту құралы ретінде орын алады.
Халқымыз табиғатты сүюге тәрбиелеуде мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлген. Сол арқылы жасөспірімдердің табиғатқа деген сезімдерін оята біліп оны сүюге, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеген. «Жер - ана, ел - бала», «Жері байдың – елі бай» деп жердегі анаға теңеп көркейтсе, «Тозған жерде тоқшылық болмайды» деп жерді қорғауға шақырады. Халқымыздың ата-дәстүрлері арқылы берілген экологиялық білім мен тәрбиені қайта түлету – бүгінгі аға буынның міндеті. Тірі организмдердің бәрі таза ауамен демалып, таза су ішіп, таза экологиялық тағамдармен қоректенулері керек. Денсаулықты сақтау үшінде таза ауада жиі болу керек.
Осы шығармашылықты қолдана отырып қорыта келе айтарым, балалардың өсіп жетілуіне ықпал ететін ойын болғандықтан білім берудің қай жағы болмасын ойынмен қорытыланғаны дұрыс. Балаларды ойнатып қана қоймай, олардың танымдыққабілеттерін арттырып ойларын ашық, нақты айтып, сөйлемдердің мазмұнды болуын назардан тыс қалдырмау керек.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» бағдарламасында жан-жақты білімі бар, тез дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу ісін педагогтар қауымына жүктеген. Солауыр да, жауапты істердің нәтижелі болуы әрине біздерге байланысты, сондықтан әр педагог балаға білімді беріп қана қоймай, солбілімді бала бойына сіңіру жолында, баланың білімге деген қызығушылықтарын оята отырып, оның бойындағы қабілеттерді аша білу керек деген екен.
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты қорғауда экологиялық тәрбие бере отырып әрбір іс-әрекеттерде ойынның түрлерін пайдалануға болады.
«Жаңа-Теріс» балабақшасы.
Мектепке дейінгі балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеудің тиімді тәсілдері.
Тәрбиеші:М.М.Сыдықова.
Терісауылы
2013жыл.
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу мақсатында дайындалған «Табиғатты аялайық»
бағдарламасы.
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың жеке тұлғасының, психологиясының дамуының ең басты міндеттері қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр .Соның ішінде мектепке дейінгі балаларлы табиғатты қорғауға тәрбиелеудің орны ерекше.Осы кезде ересек мектеп жасына дейінгі баланың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік тұжырымдамасында болашақ ұрпақты ана тілін таза білетін, туған жеріне, отанына, жүрген ортасына сүйіспеншілігі мол, табиғатын сүйетін, қорғайтын ,сақтайтын ұл-қыз тәрбиелеу деп көрсетілген.Қазақстан Республикасының «Білім беру» жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі қазақ халқының азаматтары жан-жақты білімді, елін сүйетін еңбекші болу керек деп көрсетілген негізге сүйене отырып жасалған өз шығармашылық жұмысымның қорытынды бөлімінде бағдарлама дайындадым.
Бағдарлама аптасына 1 рет базистік жоспардың жылжымалы бөлігінде жүргізіледі.Жыл бойы жүргізілетін сағат саны 36, бағдарламаны негізінен тоқсандық тақырыптарға бөліп жоспарладым.ұйымдастырылған іс әрекеттер әр түрлі формада жүргізіледі:
*кіріктіру сабағы;
*саяхат сабағы.
Сондықтан да балалардың қызығушылығына байланысты алынатын тақырыптар дайындадым.
Мектепке дейінгі балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеудің ұйымдастыру іс-шаралары.
№
|
Іс-әрекет технологиясының картасы/ тақырыбы
|
Сағат саны
|
1
|
Күз сары сары ағаштармен желбіреп келеді.
Бауда ма? Бақшада ма?
Астық қалай нан болады, нансыз тамақ ас болмайды
Адамдардың күз айларындағы жұмыстары
|
1
1
1
1
|
2
|
Ұшып келетін, қыстап қалатын құстар.
Су тіршілік көзі
Жәндіктер қалай өмір сүреді?
Табиғи материялдарды жинау
|
1
1
1
1
|
3
|
Табиғатты ажырата біл
Ағаштар қасындағы бос жерге шыбықтар отырғызу
Алтын күз тақырыбын тереңдету
Күзді шығарып салу
|
1
1
1
1
|
4
|
«Алақай қыс келді»
Орман көркі ағаштар
Құстардың қысқы тіршілігі
Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары
|
1
1
1
1
|
5
|
Табиғат әсемдігі
Табиғат бұрышындағы
Аквариумдағы балық тіршілігі
Жануарлар біздің досымыз
|
1
1
1
1
|
6
|
Тәжірибе сабақ. Қар ериді, Су болады.
Танымал сабақ. Қызанақ, ащы бұрышты отырғызу
Қар опасынан өзіңе ұнаған жануарларды жаса
Қысты шығарып салу мерекесі
|
1
1
1
1
|
7
|
Наурыз жыл басы
Қаламыздың тазалығын сақтайық
Құстар біздің досымыз
Участокке ағаш көшеттерін отырғызу
|
1
1
1
1
|
8
|
Топта көкөніс өсіреміз
Дәнінен жемісіне дейін
Құстарды қалай қуанттым
|
1
2
1
|
9
|
Дәстүрден тыс сабақ. Емдік шөптермен танысу
Бақша айналасындағы тазалық жанашырымыз
Туған елдің көктемі
Көктемді шығарып салу мерекесі
|
1
1
1
1
|
Экологиялық тәрбие
Балалардың ойлау тұтастығын яғни, табиғатты қорғау көзқарасын дамыту үшін жыл мезгіліне сай жүйелі, мақсат міндеті айқындалған экологиялық тәрбие жұмысын оқу жылының өн бойында жүргізіліп отырады. Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтық борыш, ғылыми білім, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәртіптілік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамытуға негізделген. Экологиялық тәрбие жұмысын осындай міндеттерді атқарта отырып, жүзеге асырады.
Мысалы:
Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп-бағуға балу,
Олардың бойында қабілет пен икемділікті орнықтыру;
Табиғаттың сан-алуан сырлары мен байлықтары жөнінде
эстетикалық және ұлтжандылық сезімдерін дамыту;
Табиғатта барлық нәрсенің бір-бірімен өзара байланысты
Болатынын түсіндіру және осы байланысты күнделікті өмірде
Ескеру қажеттігін үйреніп отыру.
Міне осы міндеттердің барысында балалардың экологиялық таным-түсінігін тереңдетіп, олардың табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын бекітеді. Мұндай жұмыс түрі балалардың физиологиялық даму, психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, әдіс-тәсілдерді шебер пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс істейтін тәрбиеші басшылығымен жүргізіледі. Оқу жоспарында экологиялық тәрбие жұмысын бір рет өткізуге болады. Жыл мезгілінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы (жаңбырдың жаууы, адамдардцң пайдалы іс-әрекеті , ауладағы жапырақтарды жинау , жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау т.б).Қыстап қалған құстарға қамқорлық, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен құстарды күту, балыққа жем беру.Көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындалған ұяларға жем шашу, ауладағы гүл,көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру.Бүршік жарған ағаш бұтақтарын (бұтақ,бүршік, өсімдік т.б) мағынасына сай түсіндіру.Наурыз мерекесі қарсаңында жас шыбықтар отырғызып ,оны күтуді күнделікті әдет-дағдыға айналдыру . Көктемнің әдемі келбетін жырлайтын өлең жолдарын әнге қосу ,психологиялық дайындық жұмыстарын жүргізу ,сөзжұмбақтар шешу, дидактикалық қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз ойларын табиғат көрінісінің суретін салып,әңгімелеп айтып беру.Жаз кезінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өзен-көл жағасына,баққа,гүл алаңына барған кезде,айналаның тазалығына мән беру.Бұл әр баланың жауапкершілік дағдысын, ұжымдық бірлігін арттырады. Экологиялық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі салалары болып табылатын
адамгершілік,эстетикалық,еңбек ,имандылық тәрбиелерімен сабақтастыра жүргізу басшылыққа алынады.
Табиғатты қорғауда тәрбие жұмысын жүргізуде оқытудың негізгі формалары бақылау,қызықтау ,серуен т.б қамтылады.Бақылауда табиғаттағы құбылмалы ауа-райын,құстың жемге келуін,мысалы аула сыпырушының қар күреуін т.б
Қызықтау кезінде балаларды таза ауада,көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы көтеріңкі көңіл күймен қатар,табиғат сұлулығын сезіне білуінеәсер етеді .Ал серуен кезінде тәрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып ,өсімдіктерге су құю қураған жапырақтарды бір жерге жинау,өсімдіктерді суару ,ағаш түптерін тазалау т.т сияқты қарапайым еңбек түрлеріне қатыстырады.Мұндай еңбек түрлерінорындау балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып ,ынтасын арттырады.Нәтижесінде өсімдіктерді жұлмауға ,құстарды қорғай білуге дағдыланады,өздерінің мұның пайдалы іс-әрекетімен құрбыларына да ықпал жасайды.Экологиялық тәрбиенің балалар табиғатқа жанашырлық,қамқорлық және еңбекқорлық,белсенділік ұқыптылық сияқты дағдыларды меңгереді.Көбіне балалармен дидактикалық ойындар табиғат жөніндегі түсініктерін бекітеді.Бала тәрбиесінде өзіндік орны бар жаңылтпаш,мақал-мәтелдерді орынды пайдалану баланың қоршаған орта,табиғат туралы ой-өрісін дамытып,тілін ширатады.
Қоршаған ортаны тәрбиелеу жұмысын жүргізуде басшылыққа алатын тақырыптар,әр тоқсанға бөліп ұйымдастырудың күнтізбелік жоспары ұсынып отырмын.
Қоршаған ортаны тәрбиелеу жұмысын жүргізуде басшылыққа алатын тақырыптық жоспар.
Қыркүйек
Р
/с
|
Тақырыбы
|
Мақсаты
|
Дидактикалық ойындар
|
Пайдаланатын құралдар, әдебиеттер
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Күз сары ағаштары мен желбіреп келеді
|
Балаларды табиғаттың күзгі көріністерін тамашалай білуге тәрбиелеу. Күз ерекшеліктерін байқай білуге тәрбиелеу. Күз ерекшеліктерін байқай білуге әсемдігін сезіну, түсіну, тамсану, жапырақтарына қарай (қайың, терек, иқарағаш) атай білуге үйрету. Табиғатты қорғай білуге үйрету.
|
«Қай ағаштың жапырағы?»
«Осындай ағашты тап»
«Осындай жапырақты тап»
|
Серуендегі бақылаулар.
Кептіруге жапырақтарды дайындау
|
2
|
Бауда ма?
Бақшада ма?
|
Жеміс-жидек, көкөністерді бағалай білуге тәрбиелеу.Олардың қайда,қалай өсетінітуралы білімдерін кеңейту.көкөністің түр-түсі, дәмі, көлемі, аттары туралы білімдерінбекіту, оларды ауызша суреттей білуге үйрету.Күздегі адамдар еңбегін бағалай айтуға таныстыру.
Бақта не өседі?
Бақшада не өседі? Айыра білуге үйрету.
|
Кім шапшаң?
Бақта , бақшада өсетін жеміс көкөністерді айыру.
|
«Не деп барып жеу керек?»
Өлеңді жаттау.
Жұмбақ шешу.
|
3
|
Астық қалай нан болады?Нансыз тамақ ас болмайды. Адамдардың күз айларындағы жұмысы
|
Нан қадірін білуге тәрбиелеу., нан өсіру маңызды іс екенін көрсету, ол көптің еңбегі екенін, қалай дастарханға жететінін көрсету, нанды ардақтай білуге тәрбиелеу Күздің ерекшелігін аңғарып , адамдар бақта,егіс даласында,паркте қандай жұмыстар істеп жатырғандары жөнінде сурет бойынша әңгіме айтуға үйрету.Балалардың экологияға деген сүйіспеншілігін арттыру
|
«Не артық»
«Суретші нені шатастырды?»
|
Мақал жаттау№
Нан астық атасы
Даладан дастарханға келген жолын көрсету.
Жұмбақтар777
|
Қазан
1
|
Құстар сіздің досыңыз
Қыстап қалатын және, ұшып кететін құстар мен танысу
|
Өз өлкеміздегі табиғатқа назар аудару, қызығушылықпен қарау. Ұшып кететін және қыстайтын құстар туралы түсініктерін кеңейту, жергілікті құстармен таныстыру: қарлы-ғаш, қараторғай, бозторғай, көкек т.б. Қыстайтын құстар: сауысқан, қарға, суықторғай, кептер. Оларға біз қамқор болу үшін ұя жасап, жем шашып қарауға үйрету. Судың құнын білуге. Бостан босқа ағызбай, ластамауға тәрбиелеу. Судың тіршілікке мәні зор екенін көрстету, сусыз өмір жоқ. Ойландыру адам сусыз өмір сүре алады ма?Не ішеміз, не жейміз. Жуусыз ешнәрсе істей алмаймыз. Суды бағалау керек. Төкпей, шашпай пайдалану керек.
|
Не қалай дыбыстайды?
Ненің «құйрығы»?
Экологиялық дәптермен жұмыс
Сусыз өмір сүре алмайтын жәндіктің суретін салу
|
Серуендегі құстарды бақылау
Жұмбақ шешу Біздің кітап «Жылт-жылт еткен, жырадан
өткен» су.
|
3
|
Жәндіктер қалай өмір сүреді? (шыбын, маса,)
|
Шыбын шіркейлеркүзде ағаштар Қуысында тығылып жоқ болып кетеді. Салқынға шыдамайды. Шыбын-шіркей-лердің де өз өмірі бар екенін әңгімелеп айту.
|
Суретшінің қатесін тап суреике қарап атын ата (жәндіктер суреті)
|
Ерте, ерте , ертеде
|
4
|
Табиғи материалдарды жинау.
|
Шырша дәндерін, ағаш жапырақтарын , гүлдердің тұқымдарын жинап кептіру жолдарын үйрету.
|
Дәндеріне қарап ағашын ата
|
|
Қараша
1
|
Табиғатты ажырата біл .Викторина
|
Жылдың төрт мезгіліне сай суреттерді қарап ажыратуға үйрету ,несімен ерекшеленеді ,әр жыл мезгілінің өзіне жақсы жақтарын айтқызу
|
Кім шапшаң?
|
Бұл қай
Мезгіл?
Тақпақтар
|
2
|
Шыбықтар егу
|
Жас шыбықты бос жерлерге отырғызу
|
Суретіне қарап ағаштарды
Айыра ата
|
|
3
|
Күзгі бақта
|
Алтын күз деп неге айтамыз? Алтын күз тақырыбын тереңдету
|
Сипа да тап. Иісіне қарап тап
|
Жұмбақтар,тақпақтар
|
4
|
Күзді шығарып салу
|
Күз мезгілінің соңғы айы,Өзгешеленген сұрақ-жауап,әңгімелеу.Қыс жақындап келеді
|
Кім шапшаң?
Көңілді бақта
|
Жұмбақтар,тақпақтар
|
Желтоқсан
1
|
Алақай қыс келді
|
Қыс несімен қызықты?
Қар опасынан сырғанақ жасау,түрлі бейнелер жасау.Қызықтап ойнауға үйрету
|
Суреттің қатесін тап
|
Экологиялық дәптермен жұмыс.
Сырғанақ өлең оқу
|
2
|
Орман көркі ағаштар
|
Туған өлке орманы,ондағы ағаштардың түрлері туралы түсініктерін қалыптстыру. Ормандағы ағаштарды қорғауға,табиғатқа қамқорлық көзқараспен қарауға тәрбиелеу. Экологиялық ережелерді сақтауға үйрету. Ағаштарды бұталарына, діңіне қарап ажыратуға үйрету
|
Тұқымына қарап немесе жапырағына қарап ағашты тап
|
Ағаштар ссуреттері.
”Ормандағы өлең”
Авт. Б.Кірісбаев
|
3
|
Құстардың қысқы тіршілігі
|
Балалардың қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасауға деген белсенділігін арттырып,қамқорлық көзқарасын дамыту.Құстардың қысқы тіршілігін бақылау.Құс-табиғат байлығы.Оларды қорғай білу керектігін үйрету
|
Қай құстың қанаты екенін тап.
|
Әңгіме “Қайтпай қалған қарлығаш”
Қыстайтын құстар суреті
|
4
|
Табиғатты қорғаудағы халық болжамдары
|
Туған өлкенің табиғатын қорғау,халық болжамдары жөнінен түсінік беру.Халақ болжамдарының өз тәжірибелерінде пайдалана білуге уйрету,балалардың сөздік қорын молайту.
|
Ырым сөздер жинағы
|
Жұмбақ,мақал мәтелдер жинағы
|
Қаңтар
1
|
Табиғат әсемдігі
|
Қазақстан суретшілерінің жұмыстарына қаратып,әсерлі әңгімелету.Табиғаттың
әсемдік сезімін бақылай білуге баулу,оны қорғауға тәрбиелеу
|
Ойлап тап Ол қалай?
|
Бұл қай
Мезгіл?
Тақпақтар
Оқу.Біздің
Кітап жыл 12ай
|
2
|
Табиғат бұрышындағы еңбек
|
Тамырланған бөлме гүлдерін отырғызуды үйрету.Бөлме гүлдерін отырғызызуды уйрету.Бөлме гүлдерін күту,оның пайдасын түсіндіру.
|
Суретіне қарап ағаштарды
Айыра ата
|
Үй гүлі.
|
3
|
Аквариумдағы балық тіршілігі
|
Табиғат бұрышындағы балық тіршілігі,оның тіршілігін түсіндіру,әңгімелеу
|
Сипа да тап. Иісіне қарап тап
|
Жұмбақтар,тақпақтар
|
4
|
Ойын-сабақ,Экологиялық көрме
|
Туған елінің табиғатына деген суйіспеншілікке,күтебілуге тәрбиелеу.жануарлар мен өсімдіктер
|
Кім шапшаң?
Көңілді бақта
|
Жұмбақтар,тақпақтар
|
Достарыңызбен бөлісу: |