Ізгіліктері Бір ауыз сөз Қ. Салықов Бір ауыз сөз қасіретті тыяды



Дата11.01.2017
өлшемі7,59 Kb.
#7397
  • Бір ауыз сөз
  • Қ.Салықов
  • Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,
  • Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды.
  • Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,
  • Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.
  • Бір ауыз сөз таң Шолпанын әперер,
  • Бір ауыз сөз анаңдай боп мәпелер.
  • Бір ауыз сөз: “Ұл туды” – деп қуантса,
  • Бір ауыз сөз әке өлімін әкелер.
  • Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,
  • Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.
  • Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе,
  • Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.
  • Бір ауыз сөз жан тетігін табады.
  • Бір ауыз сөз мың әуреге салады.
  • Қимас жандар көз жұмарда қоштасып,
  • Бір-ақ ауыз сөз айтысып, сөз айтысып қалады.

Ойын “Адам болу арманым”

  • Мен адаммын, өйткені мен...

“Ойланайық, пікірлесейік”

  • Әңгімелесу
  • Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?
  • Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?
  • Әдепті сөйлеудің адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?
  • Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?
  • Назар аударыңыз
  • Ғ.Мұстафин
  • Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.
  • Зенон
  • Сөздің бағасы бес белгімен айқындалады: ДҰРЫСТЫҚ, АЙҚЫНДЫҚ, ҚЫСҚАЛЫҚ, ОРЫНДЫЛЫҚ, ӘРЛЕУ. Дұрыстық дегеніміз – айтылған сөздің қатесіздігі, оған тәрбие арқылы жетеді. Айқындық дегеніміз – ойдың мазмұнын дұрыс бере білу. Қысқалық деп мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады. Орындылық – сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау. Әрлеу – жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу.
  • “Адами
  • қарым-қатынас
  • ізгіліктері
  • Шығармашылық жұмыс

Тыныштық сәті

  • “Жан жарасы жазылмайды”
  • аңыз –әңгімесін тыңдау
  • Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен де мына жағдайларды есіңізге ұстаңыз:
  • Кез келген адам тұрмыс-тіршілікте қателік жіберуі мүмкін. Оны дер кезінде жөндеп отырса, оқасы жоқ.
  • Қандай да бір шешім қабылдайтын болсаң, өз шешіміңе байыппен қарап, талқылауға тырыс.
  • Екінші адамның жанды жеріне тимеуге тырыс.
  • Өзгенің айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма. Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түседі.
  • Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыдап тұрған адамның ашуын қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан кешірім сұраған кезде екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс.
  • Сен кешірім сұрап тұрғанда ол саған қарсылық реакциясын білдіріп, өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы мүмкін. Сондықтан қарсы шабуылға шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.
  • Таза мінсіз асыл тас
  • Су түбінде жатады.
  • Таза мінсіз асыл сөз
  • Ой түбінде жатады.
  • Су түбінде жатқан тас
  • Жел толқытса шығады.
  • Ой түбінде жатқан сөз
  • Шер толқытса шығады.
  • Асан Қайғы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет