Қызылорда қаласы химия -биология бағытындағы назарбаев зияткерлік мектебі



бет9/13
Дата09.11.2022
өлшемі77,59 Kb.
#157384
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Қызылорда қаласы химия -биология бағытындағы назарбаев зияткерлі-engime.org

Кроссинговер

Гомологты жұп хромосомалардың бойында аллельді гендер орналасады


Осы жұп хромосомалардың айқасуынан Х тәрізді –хиазмалар пайда болады.
1911 жылы Морган ашқан бұл құбылыс хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговер деп аталады.
B және b гендері кроссинговер нәтижесінде әр хромосомаға, одан әртүрлі гаметаларға тарайды.
2,4-кроссоверленген
1,3-кроссоверленбеген
1 2 3 4

Хромосомалардың айқасу мөлшері

Айқасу өлшем бірлігі ретінде, оның бір пайызға тең мөлшері алынады. Оны морганида деп атайды.

Берілгені:


Дрозофила шыбынының Х хромосомасында тіркесу тобын құрайтын, денесінің сары түсін анықтайтын (у) генімен көзінің ақ түсін анықтайтын (w) генінің аралығындағы кроссинговер 1,2 %, ал (w) генімен айыр қанаттылығын анықтайтын (bi) гендері арасы 3,5%, ал (у) және (bi) арасы 4,7% тең.
Мұны сызба –нұсқа түрінде қалай көрсетуге болады?

Оқу бағдарламасына сілтеме


Оқыту мақсаттары


Эволюция (тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары)


Жыныспен тіркесіп тұқымқуалауға генетикалық схемаларды пайдаланып есептер шығару


Дағдылар


Оқушы оқыту мақсатына жетті, егер...


Білу және білімін қолдану



  • Жыныспен тіркесіп тұқымқуалаудың заңдылықтарын біледі.

  • Жыныспен тіркесіп тұқымқуалауға генетикалық сызбаларды дұрыс құрастыра алады.

  • Есептеуді дұрыс жүргізе алады.


Жетістік критерийі

Тапсырма №1

Гипертрихоз У-хромосомамен тіркес тұқымқуалайды, ал көпсаусақтылық (полидактилия) аутосомалық доминантты ген ретінде тұқымқуалайды. Әкесі гипертрихоз, шешесі көпсаусақты отбасында екі белгіден де ада қыз бала туылған. Осы отбасында дүниеге келетін қалған балалардың екі белгі бойынша сау болып туылуының ықтималдылығы қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет