- Балалар қазір қандай мезгіл?
-Қыс.
-Қыс неше айдан тұрады?
-Үш.
-Қазір қыс айының бірінші айы.
-Күн қандай?
-Суық.
-Балалар бүгін біз "Сандарәлеміне" саяхатқа шығамыз.
-Алда қандай мерекелер келе жатыр?
-Тәуелсіздік мерекесі, жаңа жыл мерекесі.
-Ендеше балалар Аяз ата бізге қарай жаңа - жыл жақындап қалғанын біліп, жолға шығыпты.
Аяз атаның сендерге арнаған тапсырмасы бар екен.
1- ден 10-ға дейін тура санау, кері санау. Екі оқушы шығып санап береді.
- Балалар ормандағы ең кішкентай аң қандай аң?
-Тиін.
- Тиін немен қоректенеді?
-Жаңғақпен.
-Балалар, тиіннің жаңғақтары жерге түсіп қалыпты, соны алып берейік.
"Жаңғақтарды теру" 1-4 сандарына байланысты тақпақтар.
Балалар саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз.
- Балалар аю күн суықтан тоңып тұр екен. Сол аюмен бізде сергіп алайық.
Сергіту сәті.
-Жолбарыстың тапсырмасы.
- Жұмбақ жасыру.
Мұз айдынында 4 бала сырғанап жүр. Оған бір бала келіп қосылды. Мұз айдынында неше бала болды?
- бес.
-Балалар біз өткен сабақта - санын өткен болатынбыз.
-5 қандай сан?
-тақ.
-Неше бірліктен тұрады?
- бес бірліктен.
-Ендеше сол бестікті "сандар әлемінен іздеп бара жатыр екенбіз.
Бес жайлы тағы не білеміз?
- Қолымызда неше саусақ бар?
- бес саусақ.
-Оның аттарын білеміз бе?
- бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.
- балалар мына бейне көрініске назар аударайықшы. Бес саусақты тағы қалай атауға болады.
- "Сандар әлемінен" өтілетін сандарды атау.
- дұрыс, балалар "сандар әлемінен" өтілген сандарды таптық. Соңғы танысқан бес санынан байланысты тақпақты кім айтады?
-Дәптермен жұмыс.
Қасқырдың тапсырмасы.
1. Тауықтың алдында екі балапан, артында екі балапан, барлығы неше балапан?
2.Суретте төрт алма, бір алмұрт бар. Барлығы неше жеміс тұр.
3. Санамақты кіма айтады?
|