2.3 Ахмет – Ыбырайдың ізбасары
Ахмет Байтұрсынов - қыры мен сыры мейлінше көп адам. Ол қоғам қайраткері, өз заманындағы саяси басшы, дарынды ғалым-түрколог, ол -әдебиетті. Ол Абайдың кесек тұлғасын алғаш таныған, оның әдеби мұрасын алғаш жоғары бағалаған сыншы. Ол -әдіскер педагог.
ХХ ғасырдың басында қазақ халқына ұлттық мəдениет пен əдебиеттің туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, жарқын болашаққа ұмтылған зиялы топ қалыптаса бастайды. Халықтың рухын көтеріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы болатын. Ол қазақ халқын отаршылдықтан құтқарар жол – алдыңғы қатарлы дамыған елдердің санатына қосылып, өнер-білімге ұмтылу екендігін біліп, халық арасында ағартушылықты насихаттау жұмысына кіріседі. Академик Р.Сыздық: «Өткен ғасырдың II жартысынан бастап көтерілген оқу-ағарту мəселесі қазақ қоғамы үшін əлеуметтік мəндегі үлкен проблема болса, оны іс жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин екендігін білеміз. Осы салада одан кейінгі нақты іс істеген екінші адам «екінші Алтынсарин» – Ахмет Байтұрсынов болды», – деген пікір білдіреді [14].
Ахмет 1891 жылы Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған Торғайдағы екі сыныптық орыс – қазақ училищесінде оқып, тәрбиеленеді.
Ыбырай – ұлы ағартушы. Халық ағарту ісінің де, ағартушылық әдебиеттің де, журналистиканың негізін де салушылардың бірі болса, Ахмет Байтұрсынов ол жасаған осы абыройлы істердің бәрін жалғастырып, дамытушы, талантты ізбасары.
Халқымыздың кемеңгер ұлдарының бірі Әлихан Бөкейханов 1925 жылы Ахметке хат жазып: «Алтынсары баласы Ыбырай хақында өзің жазсаң жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе? Егер ол қазір өмір сүрсе, сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде оның ісін жасарың хақ» - деп екеуінің бір-бірімен рухани жақындығын, мақсаттарының бір екенін айтып, үлкен сенім артады. Шындығында да, Ыбырай мен Ахметте бір-біріне ұлттық мүддеден туған ұқсастық көп.
Халық ағарту ісіне білек сыбанып, тікелей кіріскен, мектептер ашып, оқу құралдарын жазып,ұстаздықпен айналысқан Ы. Алтынсарин екені белгілі. Ол: «Мектеп- қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы тек мектептерде»,-деп жазды. Ұлы ағартушы бастаған осы ойды, ұстаздық жұмыстарды дамыта жалғастырушы А. Байтұрсынұлы болды. Ол 1905 жылы педогогикалық училищені бітірісімен Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып,ұстаздықпен айналысты.
Кел балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! - деп балаларды оқуға шақырған Ыбырайдың ізімен Ахмет те:
Балалар оқуға бар, жатпа қарап,
Жуынып киініңдер шапшаңырақ.
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн сығалап,- деген өлең шумағынан балаларды мектепке, оқуға шақырады [15].
Ел үшін жасаған еңбегі ұлан – асыр Ахмет тіл білімін жаңарту саласында жасаған еңбегі зор. Мәселен, араб, латын, кириллица әріптерінің шығу тектерін жақсы білген. Осыларды зерттей отырып орыс алфавитінің саны отыз үш, қазақтарда қырық екі, қырғыздарда отыз алты, өзбектерде отыз бес, ұйғырларда қырық бір әріп барын анықтайды. Ұстазы Ыбырай Алтынсарин әліппесі мен хрестоматиясының жалғасы ретінде өз еңбектерін ілгерілетіп, қазақ тіл білімі ғылымын қолға алып жүзеге асырушы, дамытушы.
Ыбырай Алтынсарин Торғайда, Ырғызда, Ақтөбеде, Троицкіде, Қостанайда мектептер ашса, Ахмет Байтұрсынов бүкіл қазаққа мектеп болды. Жаңа мектептер ашудың жолдарын көрсетті. «Қызыл Қазақстан» журналының 1923 жылғы он төртінші нөмірінде: «Школдар ашуға үкіметтің шамасының келмейтіндігі анықталып отыр, үкімет 2116 кісінің ғана расходын көтермекші, ал балаларды тегіс оқытуға 20000-нан артық кісі керек. Сондықтан бір ауылнай не бір болыс ел үшін біріктіріп, байға байша, кедейге кедейше үй басына салық салып, сол жиналған салықты оқытушылардың һәм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек – жарағына (жұмсауға) міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдермен договор жасап, школ ашу керек. Ол школдардың жанынан интернаттар ашу керек», - деп жазады ол.
Ыбырай қазақ балаларына арнап тұңғыш «Қазақ хрестоматиясын» (1879 жылы) құрастырушы. («Қырғыз хрестоматиясы» деп атаған). Бұл қазақтың алғашқы оқулығының шығуы халқымыздың өміріндегі тарихи оқиға еді. Бұдан кейін сол 1879 жылы оның «Қырғыздарға орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық» деген кітабы жарық көрді [16].
Ыбырай бастаған игі істі тағы да Ахмет жалғастырды. «Оқу құралы» (1 кітап, 1912), «Қазақша оқу жайынан», «Баяншы», «Сауат ашқыш», «Жалқылау, айырыңқы әдіс», «Қай әдіс жақсы», «Әліп-би» тағы да басқа оқу-әдістемелік кітаптары соның айғағы. Бұл кітаптар әлі күнге дейін құнын жоймаған, мектептерде пайдалануға болатын бағаналы қазыналар. Бұдан басқада жазу емлесі, оқу-ағарту терминология мәселелері туралы мақалалары қаншама!
А.Байтұрсынов қазақтың ағартушы педагогы Ы.Алтынсариннің тікелей ізбасар-мұрагері және оның идеясын жалпақ қазақ даласында іске асырушы қайраткер болғандықтан, оның педагогикалық мұраларын Ыбырай еңбектерінен бөліп қарауға болмайды. Соңдықган, ең алдымен Ыбырайдың ағартушылық идеясы қандай еді, А.Байтұрсынов бастаған зиялы топ ол идеяны қалай жалғастырды деген мәселелер төңірегінде ой қозғау қажет. Ыбырай заманы Ресей патшалығының отаршылық саясатымен тұстас келеді. Орыс патшасы қазақ еліне мектеп ашуды сылтауратьш өзінің отаршылдық саясатын жүргізді. Оны Н.И.Ильминскийдің синодтық обер-прокурор К.Н.Победоносцевке жазған хатынан аңғаруға болады.
«Біз үшін – дейді ол,- бұратаналар орысша сөйлегенде жаңыльп, қызарып, орысша жазғанда көптеген қате жіберетін болып, жалғыз губернагордан ғана емес, төменгі бастықтардың бәрінен үрейленіп қорқып тұратъш болса жақсы болар еді» - деп өздерінің саясаттарын әшкерелеп береді.
Егер, Ы. Алтынсариннің шьғармашылық жөне ғылыми еңбектеріне зер салатын болсақ, оның идеясы Н.И.Ильминский идеясына мүлде қарама-қарсы екенін байқаймыз. Оған дәлел, ЫАлтынсариннің мектептерде хриетаан дінін оқытуга қарсылығы жөне ислам дінінің мән-мағынасын қамтыған «Мұсылманшылдықтың тұгқасы» атгы еңбегің мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізуі еді. Ислам дінінің мән-мақсатымен таныстыра отырып, негізінен адамгершілік төрбиесі мөселесін қамтитын бұл еңбегі 1884 жылы Қазан қаласында араб әрпімен жарыққа шықты. Осы еңбекті жазудағы мақсаты жөнінде ЫАлтынсарин былайдеді: «біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін мен соңғы кезде Мұхаммет шариғатын үйрене бастап, осы оқу құралын құрастыруға кірістім» -дейді. Яғни, оның бұл еңбекті жазудағы мақсаты — дінді адамгершілікке төрбиелеудің құралы деп түсіңіп, өзінің педагогикалық мақсатына икемдей пайдалану еді. Ы.Алтынсарин жас өспірімдерге адамгершілік рухта төрбие беру мақсатын ұстанды. Ол еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасгық т.б. мөселелерге кең көңіл бөлді. Өзінің хрестоматиясында қазақтың төл өңгіме, аңыз, ертегілеріне кеңірек орын беру арқылы ол үлттық жөне жалпы адамзаттық құндылықтарды үйлестіре үйретуді көздеді. Ы.Алтынсарин шығармаларының төрбиелік потенциалы бүгіні күнге дейін өз күшін жойған жоқ.. Ағартушы шығармашылығының негізі – адамгершілікке, имандылыққа төрбиелеу болды. Оның пікірінше, осындай қасиеттер түгелдей бір адам бойында қалыптасқанда ғана ол парасаттылықпен біреуге жанашыр бола алады.
Ы.Алтынсарин шығармаларының бәрі адам жанының небір түпкірлеріне үңілетін, адамгершілікке тұнып тұрған озық идеяларға толы. Оның ойынша оқытудың негізгі мақсаты – пөн мазмұны бойынша ақпаратгар беру ғана емес, жалпы іскерлікті, адамгершілік қасиеттерді қатар қалыптастыру болуы тиіс.
Ы.Алтынсарин ашқызған алғашқы ұлттық мектептердің құрылымдары төмендегідей еді:
1. Екі жыл оқытатын ауылдық мектеп.
2. Төрт жыл оқытатын бір кластық мектеп.
3. Алты жыл оқытатын екі кластық училище.
Осы мектептерден қазақтың белгілі ағартушы қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М. Дулатов, Н.Құлжанова, С.Көбеев, Ғ.Балғымбаев, Б. Өтетілеуов жөне т.б. білім алды. «Ғұлама ағартушы ғалым» атты еңбекте: «Ы.Алтынсарин мектебін бітірген қазақ зиялыларының бірі: Ахмет Байтұрсынов – Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы мұғалімдер училищесінде оқыды»,- деп атап көрсетеді. «Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып нағыз ғылымдық дөрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген-А.Байтұрсынов»-деп Қ.Мұхамедханов атап көрсеткендей, А.Байтұрсынов Ыбырай негізін салған ағартушылық идеяларды жалғастырушы болды. Олардың идеяларының үндесгігін шығармаларынан, әңгіме, өлең, мысалдарынан, этнографиялық еңбектерінен, мақалаларының мазмұнынан анық байқаймыз. Мәселен, А.Байтұрсыновтың «Оқу жайы» атты мақаласында қай халықтың болмасын ілгері басу себебі де, кейін қалуы да оқу мәселесімен байланысты екенін дәледейді. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші…
Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт еқендігімізді білдірер едік» - деген мақала жолдарынан ағартушының егемен ел болудың, тәуелсіздіктің тірегі — білім деген нақты тұжырымды халық санасына жеткізгісі келгенін аңғарамыз. Сол сияқты «осы замандағы жан таңырқарлық нәрсенің бәрі де ғылыммен табылған.
Халық жүре, оқи, талаптана келе осыншаға жеткен», – деген пікірінің де Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар…» атты өлең жолдарындағы идеямен мазмұндас, үндес екені байқалады. Екі ағартушы бір-бірін іштей түсініп, елінің келешегі тек өнер-білімде деп қарап, халықты оқу-ағарту ісіне шақыруды мақсат етті. Өзінің ұстазы Ы.Алтынсарин «Ауыл ауылды аралап, елден қаржы жинап, Тортай, Қосганай, Ырғыз-Ақтөбе өңірінде бірнеше мекгептер ашып, ал мекгептерде діни оқудың орнына дүншіуи пәндерді оқытуды қолға альш, «Қазақ хрестоматиясын» үсьшса, сейтіп қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінее», А.Байтұрсынов «Оқу жайы» атты мақаласында «Қазақ ауылында оқу жайы нашар, кемшілігі есепсіз көп, шебер маман, сайлы мекгеп, сәйкес бағдарлама, оқыту жайын дұрыс үйрететін, білгір маман даярлайтын оқу орны педучилищелер жоқ»- деп дабыл қағады. Және «.. қазақта қай жерде болмасын қазақ үшін ашылған школдардың бәрі де аулынай школдар, бір ғана Қостанай уезіндегі 132 школдың 109-ы ауылнай школдар, ал мұндай школдардан қазақ балалары тіршілікке пайдалы білім аларлық деңгейге жетпейді»,- дейді. Сонымен қатар, мекгеп, орта жөне жоғарғы оку орындарын ашу керек, оларды дамыту, қаржыландыру мәселесін «Қазақ» газеті үнемі көтеріп, жұртқа жол көрсетіп отырада деп газеттің алға қойған ағартушылық қызметін білдіреді.
А.Байтұрсынов «Бастауыш мектеп» атты мақаласында Ресей үкіметінің орыстандыру саясатының бет-пердесін ашады әрі: «Үкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуының сақгалуы. Солай болған соң бастауыш мектеп, әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек. Олай болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірден хүкімет безіп, тиісті бастауыш мектеп екі жаққа да зиянсыз, пайдалы болуын көздеу керек. Солай ойлағанда көңілге ұнамды мектептің түрі біздің ойымызша мынау»,-деп бастауыш мектептің 5 жылдық болуын, қазақ халқының көшпелі ерекшелігін ескеріп, мектептерді келіп оқитын жөне жатып оқитындай ғып құруды, қыр мектептері мен қала мектептері ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылуын талап етеді. Жалпы 5 жылдық бастауыш сатының 3 жылы ауыл, екі жылы болыс мектебіне берілсін. Ауыл мектебі тек ана тілінде болсын. Онда оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, жағрафия, шаруа-кәсіп, жаратылыс жайы пәндері оқытылсын. Болыс мектебі орысша оқылатын соңғы екі жыл. Мүнда берілетін білім гимназияның төменгі сыныбына кірерлік пәндер болуы керек дейді. Демек, бұл салыстырулардан ғалымдардың мақсат-мүдделерінің үңдестігін, әрі заманына қарай өзіндік ерекшеліктері болғанын аңғарамыз [17].
Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсыновтың ағартушылық-педагогикалық мұраларын зерделей келе, олардың идеяларының үш бірдей бағытга үндесетінін байқауға болады. Біріншіден, екеуі де бар ғұмырларын ұлтгық мектеп ашуга, қазақ балаларына дүниежүзілік білімді терең меңгеріуге,өнерге, мәдениетке тартуға арнаған. Екіншіден, сондай дәрежеде білім берегін төл оқу-құралдарын, сол оқулықтарға дұрыс басшылық жасауды үйрететін ғылыми-әдістемелік құралдар жазды. Үшіншіден, болашақ маман даярлау ісін жандандыру, ұлттық мектептер құрылымын анықтау, мектетердің материалдық-техникалық базаларын нығайту, оқу-білім арқылы қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерді түсіндіріп ұлттық сананы ояту үшін ұлттық баспасөзді насихаттау құралы ретінде пайдаланған.
Ыбырай мен Ахмет іс жүзіндегі (практик) ағартушылар. Екеуін де ауызбен айтып, жазып қана қоймай, мектепте өздері сабақ берген. Сондықтан да олар мектеп қажетін жақсы біледі.
Ахмет Ыбырайды оқи отырып, Ыбырайдың айтқан сөзімен өз ойының үндес келуі нәтижесінде қайталанып алынып отырған өлең жолдарын дәстүр жалғастығы деп білеміз. Тағы бір аудармасы «Қарға мен түлкі» мысалына да ой қосылып жеткізгісі келген ойын халық санасына құя салған. Осындай аудармаларын «Қырық мысал» деген атпен жинақ қылып басып шығарды.
Ыбырай мен Ахмет – «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған» алғашқы ұстаздар. Олардың халық үшін, өнер-білім үшін, тәуелсіз, мәдениетті ел ету үшін күрескен қажырлы еңбектерін халық ешқашан ұмытпайды.
Ыбырай ізбасары Ахмет «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» - деген жақсы ойды үлгі тұтып, ізбасарлық жасаған дана адам.
Достарыңызбен бөлісу: |