Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №46 А. с. Пушкин атындаҒЫ мектеп – лицейі коммуналды мемлекеттік мекемесі



бет1/13
Дата08.02.2022
өлшемі367,43 Kb.
#123330
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға






Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №46 А.с. Пушкин атындаҒЫ мектеп – ЛИЦЕЙІ КОММУНАЛДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛЫ ТҰЛҒА – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Орындаған: 9 «Ә» сынып оқушысы
Қалдыбаева Қарлығаш Бектасқызы
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Алдабергенова Гүлнұр
Шиелі кенті, 2021жыл

46 А.С. Пушкин атындағы мектеп - лицейінің 9 «Ә» сынып оқушысы


Қалдыбаева Қарлығаш Бектасқызының «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы» атты ғылыми зерттеу жұмысына


П І К І Р

Жалпы білім беретін мектептердің 8 - 11 сынып оқушылары арасында облыстық «А.Байтұрсынұлы оқулары - 2021» білім сайысына ұсынып отырған Қалдыбаева Қарлығаштың «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы» атты ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы қазіргі таңда өзекті болып отыр, себебі қазіргі жаңашыл деп танылып жүрген технологиялардың түр түрін ғұлама ағартушының еңбектерінде көрініс табады.


ХХ ғасырдың басында қазақ елінің қоғамдық-саяси, мəдени, əдеби, ғылыми өміріне белсене араласып, өңімді еңбек еткен, артына құнды мұра қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы тəуелсіздікпен бірге туған халқымен қайта табысты. Ғалым Қазан төңкерісіне дейін-ақ ағартушы, публицист, лингвист ғалым, əдебиет зерттеуші, тюрколог, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы, дарынды ақын, аудармашы ретінде танылған еді. Халқымыздың рухани-мəдени өресі, тарихи жағдай Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасының басты үш қырын ашты. Олар: қайраткерлік, ғалымдық, қаламгерлік қабілеттері болатын. Ғалымның қабілет-дарыны ұлтына деген шексіз сүйіспеншілігімен ұштасып, тілдік тұлға деңгейіне көтерілді. Тұтас бір дəуірдің көсемі ретінде Ахмет Байтұрсынұлы халқына қалтқысыз қызмет ете отырып, өз қатарластарына да, кейінгі ұрпаққа ерекше ықпал етті. Ғалымның еңбектері қазақ ғылымының ғана емес, түркі халықтарының білім-ғылымының қалыптасып, дамуында да сүбелі үлес қосты. Ағартушының мұрасы бүгінгі таңда да ел керегіне жарауда, келешекте де маңызын жоймақ емес.
Зерттеуші ақын шығармаларындағы адами және әдеби құндылықтарды зерттеп, тарихи мәліметтерді, деректерді тиімді жинақтап, пайдалана білген. Қарлығаш зерттеу жұмысы кезінде тек деректерге сүйеніп қана қоймай, көптеген әдебиеттерді пайдалана отырып, тақырыптың мазмұнын аша білген.
Жұмыс практикалық жағынан құнды, теориялық маңызы жоғары деп есептеймін. Оқушының жұмысы мазмұны мен көлемі жағынан қойылатын талаптарға сай, жалғастыруға тұрарлық. Қалдыбаева Қарлығаштың еңбек жұмысын «өте жақсы» деп бағалаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет