Зерттеудің жаңашылығы:
Өз жобамда мен түйген түйінім алға басып жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмау үшін біз білімді, күшті болуымыз керек.
Күшті болуға бірлік керек. Ұлттар теңдігі мен халықтар жарастығын гүлдендіріп, сол арқылы жүзеге асатын экономикалық-әлеуметтік, саяси-рухани жаңарысқа жетелеген адамгершіліктің диханшысы Ахмет Байтұрсынұлы аңсаған егемендіктің құны мен қадірін бағалауымыз, ары қарай дамытуымыз керек!
II. Зерттеу бөлімі
2.1 Ақынның өмірі мен шығармашылығы
А хмет Байтұрсынұлы (1873—1937) Алаш зиялыларының көсемі, тұңғыш қазақ тілтанушы ғалымы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылдың 18 қаңтарында Торғай уезінде Сартүбек деген жерде дүниеге келген. Ауылдағы молдадан ескіше оқып, сауатын ашады. Ахметтің әкесі Байтұрсын Шошақұлы қайраттылығымен, ірі мінезділігімен аты шыққан тілді адам болған [3].
Уезд басшыларының озбырлығына әр жерде қарсылық білдіріп отырған. 1885 жыл Ояз бастығы Яковлевтің басын жарғаны үшін інісі Ақтас екеуі Сібірге 15 жылға каторглік жұмысқа айдалады. Осы оқиғаны өз көзімен көрген Ахмет 13 жастағы бала екен. Сібірге айдалып бара жатқан сорлы әке «Менің көзім ашық болса, бұл кепті кимес едім. Мендей болмаймын десең оқы!-деп қадала айтқаны бала көкірегінде мәңгі қалды. Аталған озбырлықтың бала жүрегінде сақталған ызалы кегін есейе бастағанда жазған „Анама хат“ өлеңінде ол [4]:
Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,
Бітпеген жүрегімде бар бір жарам,- деген өлең шумағымен білдіреді.
Тірі жетім болып қалған Ахметті ағайындары Торғайдағы екі кластық орысша-қазақша мектепте оқытады. Оны бітірген соң 1891 жылы Орынборға келіп, мұғалімдер әзірлейтін қазақ училищесіне оқуға түседі. Оны 1895 жылы тәмәндап шығады. Бір қызығы, энциклопедиялық білімді меңгерген айтулы ғұламаның бар оқуы осы ғана. Қоғамдық қызмет пен ғылымға сонша биік көтерілген оның өз бетінше оқу арқылы осынша білім жинағанына таңданып, қайран қаласың…
Халқын жайлаған қараңғылықты тым ерте аңғарған Ахмет қызметін Ақтөбеде, Қарқаралы уездерінде, ауылдық, облыстық мектептерде мұғалім болудан бастайды. «Құл халыққа адамшылық тұқымын шаштым» дегенді сол кездері жазған ол ағартушылықтан өз халқының мұқтажын іздеді [5].
Сауаты саңылауы жоқ қазақты надан қалың жау еңсесін басып, қара бұлт қаптап, түнше түнеріп тұрғанда кеудесінің бар күшін аямай, жанын құрбан қылып, жарыққа қарай, өрге сүйреген бірінші ұстазымыз-Ахмет ағай Байтұрсынов. Ахмет ағай - қазақ халқының бірінші мұғалімі, ұстазы.
Мектептерде, екі кластық училищелерде мұғалім бола жүріп, М.Әуезов сөзімен айтсақ: «Бас қосқан жиында, жазысқан хата, оңашада, болған әңгімеде ел қамы, ел мұңы деген сөздер Ахаңның аузынан кетпейтін сөзі болған. елшілік ұранын салып, үгіттің ауданын кеңейтіп, ел ішінде арманды сөздерін жая бастаған».
1905 жылы орыс революциясының идеясы қазақ даласына да тарайды. Қарқаралы уезінде оқытушылық қызмет атқарып жүрген Ахмет патша үкіметіне қарсы әлеуметтік - революциялық жасырын жұмыстарға белсене қатысады. Бірақ ел ішіндегі сатқындардың көрсетуімен 1907 жылы үкімет Ахметті Қарқаралы түрмесіне отырғызады. Кейін босатқанымен бұрыннан ұйымдасқан астыртын топты қатаң бақылауға алған патша үкіметі 1909 жыл Ахмет Байтұрсынұлын, Ә. Бөкейхановты, М.Дулатовты Семей түрмесіне қамап, 1910 жылы 21 ақпанда қазақ жерінде тұруға екі жылға тыйым салып жер аударды [6].
Ахмет сол жылы Омбыға, 1913 жылы Орынборға келеді. Орыс тіліне, әдебиетіне, мәдениетіне жетік Ахмет үшін бұл жылдар шынығу, тура жолға түсу кезеңі болды. оның ақындығы мен күрескерлігін паш еткен әйгілі «Маса» жыр жинағы мен Крыловтың шығармашылығынан аударған "Қырық мысал" кітаптары осы кезеңде жазылып, жарық көрді (1903-1911 ж.ж.) [7].
1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен Орынборда ресми емес "Қазақ" газеті шыға бастады.1917 жылға дейін шығып тұрған бұл газет халық қамын ойлаған, прогресшіл бағытта болды, қазақ халқының санасын оятуда теңдеусіз рөл атқарды, газет үздіксіз қудаланды, Ахмет Байтұрсыновты түрмеге жаппақшы да болды.
Осынша қуғын-сүргінде жүрген Ахмет мұғалім кезінен бастап қазақ елін мәдениетке тарту үшін тынымсыз еңбектенді. Халық тарихында тұңғыш рет ол жазған үш томдық «Тіл- құрал» мен "Әдебиет танытқыш" еңбектері ғылыми ерлігі десе де болады.
1917 жылы Қазан төңкерілісінен кейін «Халық түрмесі» болып келген патшалық рессейдің отарлық езгісінде болып келген Қазақстанда да ұлт — азаттық қозғалысы кең етек алады. Сол замандағы қазақ зиялыларының басын көпшілігін қамтыған ұлт жандылық, елшілік топ ішінде Ахмет Байтұрсыновта болады. Ол Орынбарда болған құрылтай съездеріне қатысады [8].
1919 жылдан бастап Ахмет кеңес үкіметті жағына шығады, әр түрлі жауапты қызмет атқарады. Қазақстан оқу халық коммиссариатын басқарады. Қазақ Орталық Атқары коммитетінің мүшесі болады. Репрессияның қара бұлты бүкіл ел аспанын жауып тұрған заманда, 1938 жылы жалақорлардың атқан оғынан мерт болады.
Қызы Шолпан Ахметқызының сөзіне көңіл бөлейік:
Ұлы ғұламаның ауыр тағдыры осындай. Ал Өмірбаяны жөнінен қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған «Жизнь описание» (1928, 8 - наурыз) «Биография» (1929, 21 - тамыз) атты материалдары айрықша бағалы. Бұлар ҚазПУ мұрағатында сақталған [9].
Достарыңызбен бөлісу: |