Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №46 А. с. Пушкин атындаҒЫ мектеп – лицейі коммуналды мемлекеттік мекемесі



бет9/13
Дата08.02.2022
өлшемі367,43 Kb.
#123330
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

2.2 «Мысалмен айтқан көп ойлар»

Қараңғы, қапас тіршілікте жарық сәуле шашып,қоғамдық әділеттілік пен ұлт болстандығына бірте бірте ұмтылудың даңғыл жолы-байтақ өлкеде оқу-ағарту ісін жолға қою деп білген. А. Байтұрсынов М.А. Крыловтан аударып құрастырған, 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген "Қырық мысал" еңбегі арқылы сол кезде көздері ашылып, ұлттық сана -сезімдері оянып, туған халқымның қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салмақ болады.
Ахмет Байтұрсыновтың ақындығы мен аудармашылығы 1909 жылы Петербургте басылып шықты осы жинақтан басталды.
«Крыловтын мысалдары,- деп жазады Белиннский,-жай мысалдар емес: ол повесть, комедия сықақ, очерк, ұлы сатира...» Крылов мысалдарының қазақ тіліне аударылуы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталады. Бұл істі алғаш қолға алған Ы.Алтынсарин болса, одан кейін Абай ақын Крыловтың он екі мысалын қазақшаға аударып, қайталанбас үлгі-өнеге көрсетті.
Крылов мысалдарын В. Г. Белинский үш топқа бөледі. Біріншісі ақыл- өсиет дәрежесіндегі баяндау жағынан әлсіз мысалдар тобы; екіншісі өсиеттшіл бағыттағы мақалдар тобы; үшіншісі-әрі сатирикалық, әрі поэзикалық мысалдарды жатқызады [10].
"Қырық мысал" - ұлы ағартушының түбірлі, түбегейлі тәрбиелік мақсаты мен мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы. Кітапқа енген қырық мысал түгелдей атақты орыс ақыны М.А.Крыловтан аударылған:
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,
Әзірге қолдан келген осы барым.
Қанағат азға деген, жоққа сабыр,
Қомсынып,қоңырайма,құрбыларым,- дей тұрғанмен, осы қырық өлеңнің бәрі де түгелімен тіпті аударма секілді емес («Замандастарыма»).
Ахмет Байтұрсынов В.Г. Белинскийдің үш топтағы Крылов мысалдарынан көбірек аударғаны екінші,үшінші топтағы мысалдары:
«Арыстан, киік һәм түлкі»,"Қосқыр мен қозы", "Қартайған арыстан", "Қасқыр мен тырна«т.б.
Әр түрлі тапқырыпқа арналған қай аудармасында болмасын А.Байтұрсынов Крылов мысалдарының идеялық-көркемдік мән-мағынасын, сатирикалық-әлеуметтік өткірлігін жасытып алмай, болаттай шыңдай түседі. Крыловтың бірқыдыру мысалдарында бұхара халықты ақсүйек төрелерге қарсы қоя суреттейді, мысалы: „Аңдарға келген індетті деген мысалда патша әкімшілігінің зорлық-зомбылығы мен ел ішінің азып-тозып кетуін, үстем таптардың екіжүзділігін мысқыл етеді [11].
Залымдар айран ішіп, аман келіп,
Момындар тұтылып жүр шелек жалап,- деп қортынды сөзін айтады.
“Қырық мысалдағы» қырық өлеңнің бәрі қырық түрлі оқиғаны баяндаудан басталып, әр түрлі ғибарат айтылады. «Егіннің бастары» деген мысалдың тәрбиелік мәні бар.
Ең ақырғы қырқыншы мысал- «Малшы мен маса». Түйіні мынандай:
Қазақ - малшы ұйықтап жатқан,
Жыланды пәле делік аңдып- баққан.
Пәленің түрін көрген мен — сары маса,-
Халықты оянсын деп сөзбен шаққан,
Бұл шумақ Ахметтің бірінші жинағын аяқтап қана тұрған жоқ, екінші жинағы «Масаға» баспалдақ көпір тәрізді [12].
«Маса» бұл -Ахмет Байтұрсыновтың 1911 жылы Орынборда жарық көрген екінші жинағы. Кітаптың бұрынғы "Қырық мысалдан" ерекшелігі-мұнда бырынғай аударма өлеңдер ғана емес, ақынның нұсқалы да өз шығармалары да құраған. Көп емес, бас-аяғы жиырма шақтығана өлең. Ақын нені мақсат етеді, нені қабылдайды, неден түңіледі, неге сүйінді, оқушыны неге шақырады-бәрі сайрап тұр.
«Масада» өзінің өміріндегі ең басты мақсаты- " ұйқыдағы" халқын оятуға жұмсайды.
Ұйқысын азда болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса,-десе
Қазағым, елім,
Қайқайған белің,
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың,қанауда жаның,
Аш көзіңді оянып,
Қаңған жоқпа әлі ұйқың
Ұйқтайтын бар не сиқың?! («Жиған-терген») -деп қазақтарды тағы да «оянуға» шақырады, ақып аяғында еңбек орнынан қуылып, жер аударылады.
«Маса - қазақтың жазба әдебиетіндегі кәсіби поэзияның басталуында тұрған жинақ. М.Әуезов «Маса»-қазақ оқушысына естілген екінші елшілдік ұран болды",- деп дәріптеген болатын (Ақ жол, 4 ақпан,1993 ж) [13].
Ахмет мысалдарын қазақ ғалымдарының жоғары бағалауы тегін емес. Ахмет ақындық, аудармашылық қызметін өзінің ағартушылық идеясына бағындыруды көздеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет