Мектеп-лицей директоры: А. Каракеева
Жетекшісі: Г. Алдабергенова
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
Аннотация
Ғылыми зерттеу жұмысында, Ұлтына еңбегі сіңген ұлы тұлға, ХХ ғасырдың біртуар азаматы, өз халқының айнасы болған ұлы қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дарынды ақын, өз бетін танытқан мысалшыл, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қоғамдық қызметі, ғибратты ғұмыры, өнегелі өмірі, шығармалары, әдеби шеберлігі, суреткерлік шеберлігі баяндалады. Туған ел, туған жерге арналған өшпес мұрасы мен дархан пейілді, жомарт мінезді, адамгершілігі мол, жүрегінен иманы төгілген, Ахмет Байтұрсынұлының шынайы жарқын бейнесін ашу, азаматтық болмысын таныту және оны өз елінің нағыз патриоты ретінде жастарға үлгі ету, ақын өмірі мен шығармашылығымен сусындата отырып, оның туған халқы үшін аянбай еткен еңбегін дәріптеу зерттеудің мақсаты ретінде алынды.
Ғылыми зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Негізгі бөлімде қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының жарқын бейнесі, өмірбаяны, еңбектегі жемісті, жеңісті жолдары, тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ізбасары, тіл білімінің атасы ретінде зерттелініп, шығармалары, еңбектері жайлы ақпараттар ұсынылады.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында қоғам қайраткері, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың үлгісі боларлықтай тұлға болып қалыптасу үшін Ахмет Байтұрсынұлына арналған бұл зерттеу жұмысы нақты фактілермен дәлелденіп, кеңінен насихатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |