Құттыбай күмбезі – сәулет өнері ескерткіші. 18-19 ғасырлар аралығында қазіргі Өркендеу ауылы маңында тұрғызылған. Ескерткіш шаршы пішіндес, биік күмбезді құрылыс. Күйдірілген кірпіштен өрілген. Сыртық ауданы – 11 х 9 м, жалпы биіктігі – 9 м. Үлкен бөлме мен дәліз ретінде соғылған шағын бөліктен тұрады. Орталық Азия аймағына тараған пештақты құрылыс үлгісіне ұқсағанмен, олардан өзіндік композициялық нышанмен ерекшеленеді. 1982 жылдан мемлекеттік маңызды тарихи-мәдени мұралар тізіміне енгізілген.
Қызыләскер– темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 28 км жерде. Кеңес дәуірінде қойылған атау.
Қызылқұдық – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Құдық басындағы тас топырақтардың қызғылт түсі бойынша қойылған атау.