Ќызылорда облысындаєы


Шөлқұм – ауыл. Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км км жерде, Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде. Шұбартөбе



бет92/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,27 Mb.
#34994
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   203
Шөлқұм – ауыл. Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 110 км км жерде, Арал Қарақұмының оңтүстік-батыс бөлігінде.
Шұбартөбе – төбе. Арал Қарақұмының солтүстігінде. Абс. биіктігі – 97 м. Шұбар және төбе сөздерінен жасалған. «Құмды, тасты, көделі төбе» мағынасындағы атау.
Ысқаққора – қыстау. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Ісбұлақ – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ БОЙЫНША


Қармақшы ауданы – облыстың орталық бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жерінің көлемі - 31,0 мың шаршы км. Тұрғыны - 51,409 адам. Аудан халқы көп ұлтты. Халықтың негізін қазақтар (48255 - 97,8%) құрайды. Одан басқа 273 орыс, 296 кәріс, 67 татар, 975 түрік, қалғаны басқа ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға шаққанда - 1,6 адамнан келеді. Аудандағы 26 елді мекен 2 кенттік және 12 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы -Жосалы кенті. Аудан жерін толығымен Тұран ойпаты алып жатыр. Қиыр солтүстігінен Арал Қарақұмның төбелі келген Жіңішкеқұм және Көлқұдыққұм құмды алабы, орталық тұсында Алақайдың ақтақыры және Жосалы даласы, оңтүстігінде Қызылқұмның төбелі құмдары орналасқан. Ауданның ең биік жері солтүстігінде (Тарғыл тауы, 160 м).
Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық әрі қуаң, аңызақты келеді. Аудан жерінің орта тұсынан Сырдария өзені ағып кетеді. Оңтүстігінде Сырдарияның ежелгі арналары – Жаңадария, Іңкәрдария жатыр. Сырдария өзені балыққа бай. Ауданда 1996 жылға дейін негізінен, күріш пен қаракөл қойы, оған қосымша сүтті-етті мал, жылқы, түйе, мал азықтық дақылдар өсіруге маманданған 3 ұжымшар, 7 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Аудан шаруашылығына жарамды жердің аумағы - 2,13 млн га, оның ішінде жыртылатыны - 24,9 мың га.
Қармақшы ауданы жерімен Ташкент-Орынбор темір жолының 110 км телімі өтеді. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы - 323,0 км, оның 139 км-і республикалық маңызы бар жолдар.
«Қармақшы» атауы 15-ғасырдан бастау алған. Қараөзек арнасының Сырдария өзенімен қиылысқан жерін ежелгі тұрғындар «Қармақшы өткелі» деп атаған. Ресеймен байланыс орныға бастаған жылдардан (шамамен 1850ж) бастап осы өткел «Қармақшы форт-2» деп аталған. 1904 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының іске қосылған кезінен жергілікті жерден жоса бояуы алынатын. Бояулы тастардың көптеп шығып жатуына байланысты сол төбелердің атымен стансаны «Жосалы» деп атаған. Аудан аумағында Қорқыт ата мазары, «Жетіасар», «Алтындыасар», «Шірік-Рабат», «Сырлытам», «Қосқала», т.б. көне заманның тарихи-архитектуралық ескерткіштері бар. Ауданда аты аңызға айналған орта ғасыр ойшылы, күй атасы - Қорқыт бабаға, «Рүстем-Дастан» эпосының қазақша нұсқасының авторы ақын Т. Ізтілеуовке, 2-дүниежүзілік соғыс майданында қаза болғандарға арналған ескерткіштер қойылған. Аудан жерінде Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан.
Абыла – ауыл, темір жол айырмасы, ауылдық округ орталығы. Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Сырдарияның оң жағалауында орналасқан. Іргесі 1936 жылы қаланды. 1956-96 жылдары қаракөл қойын өсіретін «Қармақшы» кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Абылада және округке қарасты Анакөл, Қызылтам ауылдарында шаруа қожалықтары құрылған. Абыланың темір жолға таяу тұсында 1941 жылғы 2-дүниежүзілік соғысқа асы ауылдан аттанған ер-азаматтар салған жел диірмені ескерткіш ретінде сақталған.
Адамбай – бейіт. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Айыртабан – құдық. Тұран ойпатының шығыс бөлігінде, Арал Қарақұмында.
Ақай ауылдық округі – орталығы – Ақай ауылы. Төретам кентінің оңтүстік-батысында 3 шақырым қашықтықта. Бұл жер бір кезде Қармақшы ауданы Қармақшы кеңшарының сиыр фермасы (Ахай/Ақай фермасы) атанды. Төретам бекеті жанына өтетін Сырдарияның арғы бетінде Ақай делінетін жер аты бар. Ауыл аты осы жер атауына байланысты қойылған.
Ақай – ауыл, Төретам кенттік әкімдігі аумағында. Жосалы кентінен батысқа қарай 48 км, Төретам кентінен (темір жол стансасынан) 3 км жерде, Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан. Іргесі 1959 жылы қаланған. 1959-96 жылдары КСРО Қорғаныс Министрлігінің көкөніс-сүт өндіретін №22 кеңшарының орталығы болған.
Ақжар – ауыл. Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 55 км жерде орналасқан. Іргесі 1929-31 жылдары №8 артель ретінде құрылды. 1935 жылы МТС, 1950 жылы «Қазақстанның 30 жылдығы» атындағы ұжымшар, одан кейін «Сталин» ұжымшары болды. 1957 жылы ұжымшар күріш өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығына айналды. 1997 жылы кеңшар негізінде ауылда өндірістік серіктестік құрылды. Бұл атау жар топырағының ақ керіш түсіне, алыстан қарағанда ағарып көрінуіне байланысты қойылған.
Ақсақал тәуіп – жер атауы. Қызылқұм құмды алқабының солтүстік иелігінде орналасқан. Жер бедері бұйрат құмдардан тұрады, олардың аралығында ойпауыт жерлер кездеседі. Ойпауытты жерлерінде бұйырғын, баялыш, тасбұйырғын, теріскен, т.б. шөлге тән өсімдіктер өседі. Бұл өңірге 1600-1920 жылдары Аққыр болысының Кете-Шөмекей қазақтары қоныстанған.
Ақтайлақ – жайлау. Даулыкөл ауылдық округі, Тұрмағамбет ауылы маңында, №10 темір жол айырмасы жанында орналасқан. Атауы осы өңірде өмір сүрген елдің қамқоршысы болған, өмірінің соңына дейін Ақ түйе мініп жүрген Жаппас руы адамының атымен қойылған. Дүниеден өтерде: «Мені осы Жалайыр мен Жаппастың ата жұрттық шекарасына қойыңдар. Бұлар мен кеткеннен кейін жер үшін жанжалдаспасын» - деген екен. Темір жол айырмасы Ақтайлақ деп аталады және айырмадан 1 шақырым жерде Ақтайлақтың бейіті орналасқан.
Ақтөбе – ауыл, округ орталығы. Жосалы кентінен оңтүстікке қарай 42 км жерде орналасқан. Іргесі 1928 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. 1932-96 жылдары күріш өсіретін Чапаев атындағы ұжымшардың орталығы болып келді. 1996 жылға дейін Чапаев ауылы деп аталды. 1997 жылы ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Ауыл арқылы Қызылорда – Ақтөбе автомобиль жолы өтеді.
Ақшұқыр – құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Тереңдігі – 14 м, шығымы – 400 л/с.
Алақай – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Алақайдың ақтақыры – қоныс. Байқоңыр қаласының оңтүстігінде, Тұран ойпатының шығыс бөлігінде.
Алдабай – қоныс. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.
Алдабай – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Алдашбай ахун – ауыл. Жосалы темір жол бекетінен 80 км қашықтықта орналасқан. Іргесі 1929 жылы Карл Маркс атындағы ұжымшар орталығы ретінде қаланып, 1986 жылдан бастап «Майлыөзек» кеңшарының орталығы болып келді. Кісі есімінен қойылған атау.
Алтын асар – көне қала орны. Қуаңдария өзенінің ескі арнасының бойында орналасқан. Алтын асардың ежелгі аты белгісіз. Алғаш 1948 жылы Хорезм археологиялық экспедициясы (жетекшісі С. П. Толстов) зерттеген. Қала жұртының аумағы - 17 га. Жота басында екі төбенің сұлбасы айқын байқалады. Біріншісі «Үлкен үй» аталады, аумағы 150х150 м, биіктігі – 12-15 м. Мұнда негізінен, тұрғын үйлер болған. Екінші төбе - «Кіші үй». Жүргізілген қазба жұмыстары қаланың төменгі қабаты І-ҮІІІ ғасырларда салынғанын анықтады. Жоғары қабаты ҮІ-ҮІІІ ғасырларға жатады. Жоғары қабаттағы тұрғын үйлер орындары қазылды. Бөлмелерде суфалар мен еден үстінде орнатылған ошақтар сақталған. Олардың бөренелермен, қамыспен жабылған төбесі жайпақ болғаны анықталды. Қала халқы егін, мал шаруашылығымен айналысқан. Сырдың төменгі ағысындағы Жеті асар мәдениетінің басқа қоныстары секілді Алтын асардың да ежелгі тұрғындары қаланы асығыс тастап шыққан.
Алтынқұдық – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатының шығыс бөлігінде. Көне түркі тіліндегі «төменгі құдық» мәніндегі немесе «жақсы құдық» деген мағынадағы атау.
Алтынсатар – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Анакөл – темір жол бекеті. Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 6,5 км жерде.
Әбілқайыр – артезиандық құдық. Жосалы даласында.
Әзерынты – құдық. Жосалы кентінен солтүстік-шығысқа қарай 27 км жерде, Сырдария өзенінің аңғарында. «Суы зорға шығатын құдық» мәніндегі атау болса керек.
Бабышмола – қоныс. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Бабыш деген кісінің моласы бар жер» мәніндегі атау.
БАЙҚОҢЫР – қала. Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 220 км-дей қашықтықта, Сырдарияның оң жағасында орналасқан. Қаланың іргесі 1955 жылы Байқоңыр ғарыш алаңын салуға байланысты қаланған. Жергілікті тұрғындар да, әскери мамандар да қаланы «10-алаң» деп атап келген. Ал қалаға іргелес жатқан «Крайний» әуежайы мен көптеген шаруашылық мекемелері және Төретам темір жол бекеті «9-алаңға» кіреді. Бай және қоңыр сөздерінің бірігуінен жасалған. Бай: 1.Ауқатты, әлді, мол, көл-көсір; 2.Шексіз көп, ұлан-асыр; 3.Ауыспалы мағынада ұшы-қиыры жоқ, шексіз; Қоңыр: 1.Қоңырқай, сұрғылт (түс); 2.Ауыспалы (мінез жайлы) тыныш, біртоға, жайлы; 4.Ауыспалы (ауа-райы туралы) салқын, Қарасуық қоңыр күз, т.б. Қоңыр сөзі арқылы жасалған топонимдердің де мағыналарының әртүрлі екені сөзсіз. Ол сөздің моңғол тілінде де бірнеше мағынада қолданылатынын көреміз. Мәселен, Хонхорхой – «шұңқыр, ойпат, төмен жер, тау үстіндегі қазан тәрізді үлкен шұңқыр, үңгір, сай, жыра» (Хабшай С., Мініс Ә. Моңғолша-қазақша сөздік. 1954, 262). Осы тілдегі Хонгур «сарғыш, қоңырқай» мәніндегі сөзден басқа хоңор – 1) төбе, төбешік, қырат; 2) күштіліктің теңеуін меңзейтін сөз. «Қоңыр шөбіне бай жер» мәніндегі атау болуы да мүмкін.
Байқоңыр – ғарыш алаңы. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық нысандар үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші нысандары мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және темір жол арқылы байланысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет