Сырлыбайкесенесі – 19-ғасырда салынған сәулет өнері ескерткіші. Бозкөл ауылы аумағында орналасқан. Халық аңызы бойынша мұнда атақты «Қыз Жібек» лиро-эпосындағы Төлегеннің әкесі Сырлыбай жерленген. Сырлыбай кесенесін 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан экспедициясы, 1980 жылы «Қазақ жобалау – қалпына келтіру» институтының сәулетшілер тобы зерттеген. Тік бұрышты, күйдірілген саз кірпіштен қаланған. Жалпы ауданы – 11 х 9 м, биіктігі – 9 м.
Табандықайнар - бұлақ. Арал теңізінің солтүстік-шығысында, Баршақұм өңірінде.
Таймола – бейіт. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Тақырқұдық – құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында. «Айналасында ештеңе шықпайтын, қуаң тақыр жердегі құдық» деген ұғымды білдіретін топоним.
Тақыртабан – құдық. Арал Қарақұмында. «Тақыр ойпаң жердегі құдық» мәніндегі атау.
Талас – артезиандық құдық. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзеннінің аңғарында. Сөз түбірі түркі-монғол тілдерінде далай, талайтұлғаларында айтылып, «теңіз», «өзен», «мұхит» деген мағыналарды білдірген. Яғни, «жазық жердегі су (құдық)» деген мағынаны береді.
Тапа ауылы – құрылғаннан бері Мұратбаев ұжымшарына қараған. 1943 жылы егін шаруашылығын дамытуға байланысты Құмжиек ұжымшарының қарамағына ауыстырылған.
Тапа сөзінің шығу тарихы, аңыз бойынша, сол маңайда биік төбе болған көрінеді. Сол төбенің басы қазақ пен қалмақ соғысқан кезде аттың тұяғымен тапталған жерге айналған. Сол себептен Тапа деп аталып кетсе керек.
Екінші бір аңызда – ертерек заманда сол жерде хандық құрған қалмақ ханының әйелінің аты Туфа болған деседі. Жердің аты осы әйелдің атына байланысты қазақша Тапа аталып кеткен сыңайлы.