Жаңакалинин – ауыл орны. Жаңадария өзеннің аңғарында.
Жаңакөсе – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.
Жаңаталап – ауыл. Қазалы қаласынан батысқа қарай 55 шақырым жерде.
Жаркөл – қыстау. Қазалы қаласының батысында, Сырдария өзеннің бойында. Жар және көл сөздерінен жасалған. «Жағалауында тік жары бар көл» мәніндегі атау.
Жалтыркөл – көл атауы. әйтеке би кентінен солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 54,4 м биіктікте жатыр. Ауданы – 13,3 шаршы шақырым. Жағасы жайпақ, аласа жыралармен тілімделген. Көл Сырдарияның суымен (көктемде) және қар суымен толығады. Жаздың ыстық айларында суы кермектеніп, минералдығы артады. Қарашаның 2-жартысында қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Жайылмасында құрақ, қамыс өседі. Шығысынан 3 шақырым жерден Басықара каналы ағып өтеді.