Қызылорда облыстық ОҚу орталығЫ (Әдістемелік кабинет)



Pdf көрінісі
бет25/150
Дата29.05.2022
өлшемі9,12 Mb.
#145391
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   150
Байланысты:
1614757458 11 -emtihan-tapsyrmalarynyn-zhinagy -9-synyp -1-tom
OnlineMektep - BilimLand
Қазақ әдебиеті
9-сынып емтихан тапсырмалары
 
В бөлімі 
 
Үзіндіні оқып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз. 
Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінен үзінді 
Өмір шындығының өзі ақиқатқа бас ұрары даусыз. Дүние тарихы, жаратылыс 
шежіресі, жан-жануар болмысы жайлы алғашқы әңгімені әжемнен естігенімді, адамзат 
қауымының қалыптасуы туралы тұңғыш мағлұматты әжемнен алғанымды қалай ғана 
ұмытармын... Иә, әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы 
шынайы сезіммен азаматтық тұрғысындағы жан баурайтын аңыздарды айтқан; ненің 
жақсы, не жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді үйреткен; ар заңының, әдеттің 
жинағынан алғашқы тарауларды таныстырған да, ең алдымен, ата-ана, ағайын-туған еді. 
Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі 
байыбына бара бермейтінмін, әке әңгімесінің өсиетін ұға бермейтінмін және үлкендердің 
талай-талай өнегесін орындай бермейтінмін... Ол кезде мені қызықтыратыны ертегі-
аңыздардың ғажайып оқиғалары еді... Енді, міне, есейіп ер ағасы болғанымда ойласам, 
мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой. 
Менің ұстаздарым әріптен бастап буынға дейін, сонан соң ақ қағазға қаламмен өрнек 
жазуға дейін үйретті. Келе-келе жүйелі оқып, есепті жүйрік шығаруға қол жетті... Ал 
өмірдің өзі ше? Осынша ғұмырымның ішінде түрлі-түрлі күрделі жағдайда: толқымалы 
тоқсан сырлы кезеңде кездесіп дидарласқан, тағдырлас болған, табақтас болған адамдар 
ше? Мамыражай сәттерден мазасыз майданға көшіріп, көбік шашқан өмір дариясының бір 
толқынынан екінші толқынына аямай лақтырған уақыт ше? Осының бәрі де менің 
тірлігімдегі тірек болған, жүрек болған, қол ұшын берген, қорған көрсеткен ұстаздарым 
деп білем. Осындай уақыт талқысы ғана. өмір өткелдері ғана, тірлік тізбегі ғана менің 
әжемнен үйренген «жақсы», «жаман», «мақұл» деген сөздердің байыбына терең бойлата 
алды. 
Әжемнің «осылай болған екен» деген сөздері мені бірде ғасырлардың шыңырауына сапар 
шектірсе, бірде құс қанатындай демеп, ілгері ұмтылдырды, биікке самғатты...
(245 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет