109
Қазақстан тарихы
9-сынып емтихан тапсырмалары
Инновациялық мектептерге. II нұсқа
А бөлімі
1.
704-756 ж.ж. Жетісуда өмір сүрген мемлекет:
А) Түрік қағанаты
В) Түркеш қағанаты
С) Батыс Түрік қағанаты
D) Ұйғыр қағанаты
2. Әкімшілік және сот істерін атқарған тұлға:
А) билер
В) батырлар
С) ақындар
D) жыраулар
3. ХХ ғасыр басында «Қыр баласы»
атанған білікті журналист, публицист, ағартушы:
А) Ахмет Байтұрсынұлы
В)
Міржақып Дулатұлы
С)
Әлихан Бөкейханұлы
D)
Мұхамеджан Тынышбаев
4. Төмендегі ұғымдардың логикалық қатарынан артығы:
А)
найза
В)
айбалта
С)
қылыш
D)
болас
5. Х-ХІІ ғасырларға жататын Айша бибі ескерткіші орналасқан қала :
А) Алмалық
В) Сайрам
С) Тараз
D) Отырар
6. Абай Құнанбаевтың философиялық шығармасы:
А) «Теректің сыйы»
В) «Ғақлия» (қара сөздері)
С) «Татьянаның қырдағы әні»
D) «Желсіз түнде жарық ай»
7. Әл-Фарабидің дамуына үлес қосқан ғылым салалары ішіндегі артығы:
А) математика, физика
В) астрономия, музыка
С) логика, лингвистика
D) инженерия, химия
8. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары(қазақтары) туралы Ереже» бойынша Орта жүзде болған
өзгеріс:
А) округтік билеу жүйесі тоқтатылды
В) ауылдық басқару жүйесі енгізілді
С) дәстүрлі басқару жүйесі жойылды
D) уездік басқару нысаны енгізілді