Қызырхан Азат физика пәні «Бағалауға арналған а бөлімі «пшо» жм филиалы Тапсырмаларды әзірлеу және саралау»



Дата16.10.2019
өлшемі269,01 Kb.
#50110
Байланысты:
№1БЖБ 8кл


Қызырхан Азат физика пәні «Бағалауға арналған А бөлімі

«ПШО» ЖМ филиалы Тапсырмаларды әзірлеу және саралау»

Талдықорған Қ. Мұғалім портфолиосы


«Жылу құбылстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

8.3.1.2 – температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу

8.3.2.1 – дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау;

8.3.2.6 – заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру

8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау. Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану

8.3.2.9 – жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану



Бағалау критерийі

  • Температураны әр түрлі шкала бойынша өрнектейді,түрлендіреді

  • Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін айтады

  • Меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсінеді.

  • Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін есептейді

  • Жылу алмасу процесі кезіндегі алған немесе берген жылу мөлшерін жылулық тепе-теңдік теңдеуі арқылы анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

қолдану, жоғары деңгей

Орындау уақыты

20 минут

А бөлімі үшін тапсырма тапсырма

1.. Температуралық шкалаларды өзара түрлендір:

23 C = К = F (1 мин) [1]

2. Суретке негізделе отырып дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін айтыңыз:



Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері:


(2 мин) [2]

3.Төмендегі кестеден қай затты суытқыш ретінде алған тиімді (Астын сызып белгілеңіз?



Кейбір заттардың меншікті жылу сыймдылғы ( Дж /°C кг)

Күнбағыс майы 1700

Су 4200


Эфир 2350

Спирт 2500



(1мин) [1 ]

4.Қарағанды өңірінің 5 кг көмірі мен Торғай өңірінің 6 кг көмірі толық жанды, екі түрлі көмірдің жану жылуын анықтаңыз, Қайсы өңірдің көмірін пайдаланған ең дұрыс? ( =33,5 МДж; =28МДж).

А) 167,5· Дж

В) 16,7 MДж

С) 16,8· Дж

D) 168 MДж

E) Екі өңірдіңде

F) Қарағанды

G) Торғай (6 мин) [3]

5. Ыдыстағы 20°C-тағы көлемі 1л болатын сүтке көлемі 0,5л температурасы 30°C сүт құйылып толық араластырылды , осы бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз? ( =1030 кг / ; C=3,94 · Дж /°C кг)

а) Қоспаның температурасын анықтаңыз?

...........................................................................................................................................

...........................................................................................................................................

...................................................................................................................................(5 мин) [ 4]

б) Ыстық сүттің берген және салқын сүттің алған жылуын анықтаңыз?

...........................................................................................................................................

............................................................................................................................................

...................................................................................................................................(5 мин) [2 ]





Бағалау критерийі

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Температураны әр түрлі шкала бойынша өрнектейді,түрлендіреді

1


Цельсий шкаласын Кельвин шкаласына, Фарангейт шкаласына айналдырады

1


Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін айтады

2


Ішкі энергияны өзгертудің 1-тәсілін суретке қарап анықтайды

1

Ішкі энергияны өзгертудің 2- тәсілін суретке қарап анықтайды

1

Меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсінеді.

3


Кестеден меншікті жылу сыймдылқтың физикалық мағынасына қарай ең жақсы суытқыш затты анықтайды.

1

Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін есептейді

4


Қарағанды көмірінің жану жылуын есептейді

1

Торғай көмірінің жану жылуын есептейді

1

Екі көмірдің меншікті жану жылуына қарай салыстрады

1

Жылу алмасу процесі кезіндегі алған немесе берген жылу мөлшерін жылулық тепе-теңдік теңдеуі арқылы анықтайды

5


ХБЖ ға келтіреді

1

Массасын табады

1

Жылу баланысыны теңдеуін жазады

1

Қоспа температурасын анықтайды

1

Ыстық сүттің берген жылуын анықтайды

1

Салқын сүттің берген жылуын анықтайды

1

Жалпы балл







13














Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет