Тақырыбы: “Қызықты физика әлемінде”
Мақсаты :
Білімділік: Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру, біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу;
Түрі: интеллектуалды сайыс
Көрнекілігі: ұлы физиктердің портреттері, слайд, нақыл сөздер, тақырыптық суреттер;
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Барысы:
Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «Қызықты физика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,- деп бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бүгінгі ойынға бес команда қатыстырылып отыр, әр командада екі студенттен. Топтар өздерін таныстырып өтеді.
I – топ: “ЭКСПО” (ДО-16/9)
II – топ: “Болашақ” (ПД-16/9)
III – топ: “Тәуелсіздік” (П-16/9)
IV – топ: “Жас қыран” (ЧС-16/9)
V – топ: “Ұландар” (ФиС-16/9)
Сайыс кезеңдері:
І кезең “Бәйге”
ІІ кезең “Көкпар”
ІІІ кезең “Полиглот”
IV кезең “Ғажайып үштік”
V кезең “Жорға”
Бүгінгі ойынымыздың әділ шешімін беретін әділқазылармен таныстырып өтейін:
Досманбетова Гүлсім Сәрсенқызы – ғылым магистрі, жоғары санатты мұғалім, арнайы пән оқытушысы;
Смаилова Аида Есенгелдіқызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты мұғалім, қазақ тілі әдебиеті пәнінің оқытушысы;
Серкебаев Дәурен Жұбайұлы – гуманитарлық педагогикалық циклдік комиссиясында арнайы пән оқытушысы, жоғары санатты мұғалім, ғылым магистрі;
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз,
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
Сайысымыздың І кезеңі — «Бәйге». Бұл кезеңде әр командаға сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар.
I топ: ЭКСПО тобына:
«Физика» сөзінің қазақша аудармасы? (Табиғат)
Страус өзін құспын деп атай алама? (Жоқ)
1кг зат қыста ауырма әлде жазда ауырма? (Бірдей)
12 шоқжұлдыздың жалпы атауы? (Зодиак)
Өзі арық, сөзі әріп? (Қалам)
2 санын қандай санға бөлгенде 4 саны шығады? (0,5)
ІІ топ: Ұландар
Жасыл адамды көргенде не істеу керек? (Жолдан өту керек)
Қай кезде аспан жерден төмен бола алады? (Судағы бейнесінде)
Бір жылда қанша айдың 28 күні бар? (12 айда)
Денеге туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура, ал массасына кері пропорционал, бұл Ньютонның нешінші заңы? (ІІ заңы)
«Таралу», «Жойылу» қай сөздің мағынасы? (Диффузия)
1961жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (Гагарин ғарышқа ұшты)
Ш топ: Тәуелсіздік тобына:
Интернет беті қалай аталады? (Сайт)
Дұрыс алты жақ, атын ойлап тап? (Куб)
Гелиос грекше қандай мағынаны білдіреді? (Күн)
Заттың үш күйі? (Қатты, сұйық, газ)
Қазақстан Тәуелсіздігіне неше жыл? (25)
«Өлшеймін» мағынасын білдіретін сөз? (Метр)
IV топ: Жас қыран:
Күшті ойлап тапқан ғалым? (Ньютон)
Инерция латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? (Қозғалыссыздық)
Күшті өлшейтін құрал? (Динамометр)
Мұздай суға шәйды салсаң диффузия құбылысы байқалады ма? (Жоқ)
Жердегі ең ақылды кім? (Адам)
Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? (Мұз кезінде)
V топ: Болашақ тобына:
Электр заряды жоқ бөлшек? (Нейтрон)
Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма? (Тебіледі)
Күн жүйесіндегі ең ірі планета? (Юпитер)
Ең көне музыкалық аспап? (Ысқырық)
Темір не? (Металл)
Көкке қараған жұлдыз санаған?( телескоп)
ІІ кезең. Көкпар
Адам — алып, таңғажайып ісімен,
«Көкпар» — ойын ой тастаған түсімен.
Зерделілер заманды алға жылжытсақ,
Физикалық заңдылықтар күшімен.
Бұл адамдар ардақтаған халықтар,
Физикада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
Көкпар бөлімінде ұяшықтарда сұрақтар жасырылған. Әр ұяшықта екі сұрақтан. Таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз.
1 - ұяшық:
1) Қандай процесс адиабаталық процесс деп аталады? Жылу алмаспайтын
2) Француз физигі, 1781 ж. электр және магниттік заңдылықтарды тағайындау үшін аспап ойлап тапқан. Сырғанау және домалау үйкелістерінің заңдылықтарын тұжырымдады. (Шарль Огюстан Кулон)
2 - ұяшық:
1) Жұмыс дегеніміз не? Күштің әрекет ету есебінен туындаған кинетикалық энергияның өзгерісіне тең физикалық шама. Жұмысты А әрпімен белгілейді
2) Итальян физигі, электр тогы кернеуі туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы. (Александро Вольта)
3 - ұяшық:
1) Деформация дегеніміз не? Дене пішімінің өзгеруі
2) ЭКСПО-2017нің негізгі мақсаты қандай?(Қазақстанда қайта қалпына келетін энергетиканың алдыңғы қатарлы технологияларын шоғылдандыру болып табылады)
4 - ұяшық:
1) Булану сөзінің мағынасы? ( Заттың бір бөлігінің сұйық күйден газ күйге ауысу құбылысы)
2) Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі кернеу мен кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелдеген. (Георг Ом)
5 - ұяшық:
1) Ньютонның бірінші заңы? (Қандай да бір денеге сыртқы әсер болмаған жағдайда дене өзінің тыныштық күйін сақтайы, F=ma)
2) 1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон)
6 - ұяшық:
Бұл ұяшықта сізге сыйлық!
Ал енді әілқазылар ойын ережесі бойынша ұпайы аз бір топты ойыннан шығарып салсақ. (Ұпайы аз топ ойыннан шығарылады)
Олай болса құрметті көрермендер келесі кезеңімізді бастайық!
Ш кезең: Полиглот
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Керемет ұпай, шәкірт саған несібе.
Бұл кезең шарты әр топқа жұмбақтар беріледі. Сол топ жұмбақтарына жауап бере алмаған жағдайда, басқа топ жауап беруге болады. Жұмбақтың жауабын тауып, тапқан жауапты орыс, ағылшын тілдеріне аудару. Олай болса дайын болыңыздар!
1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (тоқ, ток, current)
2. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды ( сағат,часы, clock)
3. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш,сила, strength)
4. Көп болса алыстайсың
Мезеттен қашықтайсың
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсысың? (Уақыт, время, time)
5. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия,энергия,energy)
6. Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер,земля, Еаrth)
7.Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен де, жаяу да
Саралайсың, таңдайсың. (Жол, дорога, road)
8.Жақылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап
Көкте түрлі жолақты
Өрнек тұрды ғаламат. (Кемпірқосақ, радуга, rainbow)
9. Алтын теңге келеді,
Күміс теңге кетеді. (Ай мен кун, луна и солнце, moon and sun)
10.Жылт-жылт етеді,
Жылғалардан өтеді. (Су,вода,water)
Осы үшінші кезең қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған бір топ ойыннан шығады.
ІV кезең: Ғажайып үштік
Үштіктің сұрағы көп сабақтан,
Шәкірттердің білері алға шығады.
Асықпаңдар,ойланыңдар жақсылап,
Үш жауап бар біреуі оның шырағы.
IV кезең. Ғажайып үштік
Ендігі кезең “Ғажайып үштік” деп аталады. Сұрақтардың дұрыс нұсқасын таңдау арқылы сұраққа жауап беріледі.
1. Бес сөздің қайсысы физикалық денені білдіреді?
А) дыбыс
Б) машина *
В) метр
Г) қайнау
Д) жылдамдық
2. Бес сөздің қайсысы физикалық шаманы білдіреді?
А) жылдамдық *
Б) алюминий
В) килограмм
Г) сағат
Д) жер
3. Бес сөздің қайсысы физикалық қүбылысты білдіреді?
А) атом
Б) қайнау *
В) молекула
Г) ұзындық
Д) элемет
4. Физиканы табиғат туралы ғылым ретінде баяндаған «бірінші ұстаз»?
А) И.Ньютон
Б) М.Ломоносов
В) Аристотель *
Г) Гук
Д) Әбу Насыр әл Фараби
5. 1 грамда қанша миллиграмм бар?
А) 10
Б) 100
В) 0,001 *
Г) 0,01
Д) 1000
6. Қандай физикалық шама массаның көлемге қатынасымен өрнектелінеді?
А) жылдамдық
Б) жол
В) күш
Г) тығыздық *
Д) уақыт
7.Жылдамдықтың Халықаралық жүйеде өлшем бірлігі?
А) км/сағ.
Б) см/мин.
В) мм/с
Г) см/с
Д) м/с *
8.Жол мен орын ауыстырудың қайсысы векторлық шама?
А) орын ауыстыру *
Б) жол
В) екуіде векторлық шама
Г) екеуіде векторлық шама емес
Д) векторлық шама деген түсінік жоқ
9.Көрсетілген физикалық шамалардың қайсысы векторлық шама емес?
А) күш
Б) салмақ
В) жылдамдық
Г) орын ауыстыру
Д) уақыт *
10. Жүк машинасы жолдан тайғанақтап жүре алмай тұр. Артқы дөңгелектерінің
жермен үйкелісін арттыру үшін жүргізуші не істеу керек?
а) Машина кузовын жеңілдету;
ә) Двигательдің тарту күшін арттыру;
б) Артқы дөңгелектердің астына құм салу *
11. Айдың бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма?
а) иә, болады
ә) Жоқ, өйткені айда атмосфера жоқ *
б) жұлдыздарды көріп санауғада болады.
12. Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?
а) Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады *
ә) Температураға байланысты емес.
б) Температура кемиді.
13. Альпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы піспеді. Не үшін?
а) Атмосфералық қысым төмен болғандықтан *
ә) Жоғары болғандықтан
б) Тамақтын құрамы дұрыс болмады.
14. Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма?
а) Болады, онда атмосфера бар
ә) Болмайды,өйткені атмосфера өте сирек *
б) Марс планетасы жоқ
15.Күштің өлшем бірлігі?
а) Дж
ә) Н *
б) кГ
Осы төрт кезең қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған бір топ ойыннан шығады.
V кезең: Жорға
Ең қиыны жарыстың «Жорға» келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осы ойыннан көреміз ерен ерді.
Сайысымыздың соңғы кезеңі «Жорға». Бұл кезеңде екі топқа екі – екіден есептер беріледі. Есепті шешуге 3минут уақыт беріледі.
І топқа:
1.Бір-бірінен 4м қашықтықта тұрған массалары 2тонна және 8тонна екі дененің гравитациялық өзара әсер күшін табыңдар? Ж: 6,67*10-5Н
2. Қатаңдығы 20Н/м серіппенің 5н күштің әсерінен ұзаруын табыңдар? Ж: 0,25м
ІІ топқа:
1. Автомобиль 10с уақыт ішінде жылдамдығын 54км/сағ-тан 36км/сағ-қа дейін азайтты. Дененің үдеуін табыңдар? Ж: -0,5м/с
2. Материялық нүкте радиусы 80см дөңгелекті, 14,4км/сағ жылдамдықпен қозғалғанда центрге тартқыш үдеу қандай болады? Ж: 20м/с2
Ал сайыскерлер сіздерге сәттілік. Сіздердің есептеріңіз дайын болғанша көрермендермен ойын ойнасақ. Яғни логикалық сұрақтар. Сонымен көрермендер дайын болсаңыздар, бастайық!
1) Машина оңға бұрылған кезде қай дөңгелегі қозғалмайды? Запастағы дөңгелегі
2) Бір қаладан екінші қалаға барады. Бірақ қозғалмайды.Ол не? Жол
3) Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? үш
4)Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? үш стакан
5) Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Үш адам жүр
6) Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? екі сағат
7) Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жоғары лақтыру керек
8) Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Шырпы жағамыз
9) Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Егер оны мұз етіп қатырса
Көп-көп рахмет сіздерге!
Ойын –толқын, жатқандай асып, тасып,
біреу мығым, біреулер шалыс басып
бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты
ақыл ойлар әлемді арбап апты
физика ғылымдар патшасы атты
таңырқатып, аңыз қылған адамзатты
келер ұрпақ даналарға туса игі
пифагор, паскаль, архимед жолын қуса,
елімнің болашағы гүлденеді
ғылымның шамшырағы жанып тұрса, - дей келе әділқазылардан қорытынды сұраймыз. (әділқазылар ойыншыларды марапаттайды)
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермен кездесерміз біздер әлі
Әділқазы, көрермен сау тұрыңдар
Күтеді бізді, жарқын күндер әлі – дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |