Қызметкерлер туралы ереже жалпы ережелер


 Жұмыс уақыты және демалыс



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата11.05.2022
өлшемі234,2 Kb.
#142200
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ереже (1)

4. Жұмыс уақыты және демалыс 
4.1. Кәсiпорын қызметкерлерi үшiн жұмыс аптасының, жұмыс күнiнiң 
және жұмыс уақытының ұзақтығы, сонымен бiрге демалыс күндерi және 
мереке күндерi ҚР заң актiлерiмен, кәсiпорынның iшкi еңбек тәртiбi туралы 
ережемен белгiленедi. 
4.2. Ерекше жағдайларда кәсiпорын директорының немесе оның 
орынбасарының өкiмiмен қызметкер жедел жұмыстарды орындау үшiн
жұмыс күнінің белгіленген уақытынан тыс мерзімге, сонымен бiрге өтемақы 
төлеген жағдайда мереке күндерi және демалыс күндерi жұмысқа шақырылуы 
мүмкiн. 
4.3. Кәсiпорын өз қызметкерлерi үшiн икемдi жұмыс уақытын енгiзе 
алады, оның нормативтiк негiзi жұмыс уақытының жиынтық есебi болып 
табылады. 
5. Демалыстар 
5.1. Кәсiпорынның қызметкерлерi бiр жыл iшiнде 30 күнтiзбелiк күнге 
созылатын, жалақысы сақталатын еңбек демалысын ала алады. 
5.2. Кәсiпорынның басқа қызметкерлерi еңбек шартын жасаған кезде 
ұзақтығы әрбiр нақты жағдайға байланысты белгiленген жыл сайынғы 
демалысты пайдаланады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының 
ұзақтығы 18 күнтiзбелiк күннен кем болмауға тиiс. 


5.3. Кәсiпорын қызметкерiнiң жылдық демалысты алу құқығы егер еңбек 
шартында өзгеше айтылмаса, еңбек қатынастары пайда болған күннен кейін 
12 ай өткен соң мүмкін болады. 
5.4. Жыл сайынғы демалыс уақыты алдын-ала белгiленген кесте 
бойынша берiлуге тиiс. Егер қызметкердiң демалыс алған уақыты 
кәсiпорынның жұмысына зиян тигiзетiн болса, онда қызметкердiң келiсiмiмен 
демалыс басқа уақытқа жылжытылады. 
5.5. Жоспарлы демалыс уақытының басқа мерзiмге ауысқаны туралы 
қызметкерге 30 күн бұрын хабарлау қажет. 
5.6. Пайдаланылмаған демалыс қызмет­кердiң келесi жылғы 
демалысына қосылып берiлуi мүмкiн, бiрақ жыл бойы демалыс алмаған 
қызметкер қажет болған жағдайда кейiнге қалдырылған демалыстың есебiнен 
ұзақтығы 12 күнтiзбелiк күнге демалыс алуға құқығы бар. 
5.7. Жыл сайынғы еңбек демалысын екi жыл қатарынан бермеуге тыйым 
салынады, сонымен бiрге 2 жыл пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы 
төлеуге де болмайды. 
Екi жылғы еңбек демалысын қосып алып, демалыста жүрген кезде 
жұмыс орнында сақталатын орташа жалақының мөлшерiн анықтау тәртiбi 
кәсiпорынның iшкi тәртiбi туралы ережеде көрсетiледi. 
5.8. Өндiрiстiк маңызды себептерге байланысты кәсiпорынның 
басшысын немесе қызметкерiн оның келiсiмi бойынша демалыстан шақырып 
алуға болады. Бұл туралы шешiмдi кәсiпорынның директоры немесе оның 
орынбасары қабылдайды. 
Қызметкердiң жеке басындағы немесе отбасындағы жекелеген 
жағдайларға байланысты кәсiпорын оған жалақысы сақталмайтын демалыс 
бере алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет