Қызметкерлер туралы ереже жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата11.05.2022
өлшемі234,2 Kb.
#142200
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ереже (1)

2. Жұмысқа қабылдау 
2.1. Басшы қызметiне жұмысқа қабыл­да­натын азаматтармен шарт 
жарғыда белгiленген мерзiмге, ал кәсiпорынның қызметкерлерiмен – 1 (бір) 
жылға дейiнгi мерзiмге жасалады. 
2.2. Еңбек шарты лауазымын, жұмыс орнын, еңбектегi құқықтық 
қатынастар пайда болған күнi және лауазымдық жалақысының мөлшерi 
көрсетiлiп, жазбаша түрде толтырылады. 
2.3. Еңбек шартын мына жағдайда: құрылтайшылардың шешiмi 
бойынша басшы қызметкерлердiң шартын жаңа мерзiмге, екi жақты келiсiм 
бойынша кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек шартын созуға болады. 
2.4. Құқықтық қатынастардың пайда болатын және еңбек шартының 
жасалу күнi еңбек шартында келiсiлген мерзiм болып табылады. 
2.5. Еңбек шартын жасау кезiнде жұмысқа қабылданып отырған 
қызметкердiң сол лауазымға сәйкестігін бақылау үшiн сынақ мерзiмi 
белгiленедi. 
2.6. Сынақ мерзiмi басшы қызметкер үшiн де, қатардағы қызметкер үшiн 
де 3 айдан аспауға тиic, ал басқа жұмысшылар мен қызметкерлер үшiн — 2 ай 


болады. Қызметкер ауырып қалса немесе басқа себептi жағдаймен жұмыста 
болмаса, онда ол кезең сынақ мерзiмiне енбейдi. 
Жұмысының нәтижесi кәсiпорынды қанағат­тандырмаса, қызметкер 
жұмыстан босатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет