6. Iссапарға жiберу, уақытша iссапарға жiберу және жаңа жұмыс орнына ауыстыру 6.1. Кәсiпорынның қызметкерi өз келiсiмi бойынша басқа жұмыс орнына
белгiлi бiр мерзiмге, 1 айдан 6 айға дейiнгi мерзiм шегiнде iссапарға жiберiлуi
мүмкiн.
Iссапарға уақытша жiберiлгендер үшiн еңбек шартын өзгертудiң қажетi
жоқ. Егер кәсiпорын тиiстi үй-жай беретiн болса, онда қызметкер iссапарға
жiберiлген жерге отбасымен бiрге баруға құқылы.
Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру қызметкердiң келiсiмiмен ғана
жүзеге асырылады және қажет болған жағдайда кәсiпорын басшысының
келiсiмi бойынша ауыстырылады.
Еңбек шартына енгiзiлетiн тиiстi өзгерiстер екi тараптың келiсiмiмен
жазбаша түрде ресiмделедi.