Қызметкерлер туралы ереже жалпы ережелер


 Көтермелеу шаралары мен тәртiптiк шаралар



Pdf көрінісі
бет7/7
Дата11.05.2022
өлшемі234,2 Kb.
#142200
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ереже (1)

8. Көтермелеу шаралары мен тәртiптiк шаралар 
8.1. Кәсiпорын қызметкерлерiн көтермелеу шаралары: 
— алғыс айту; 
— бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлық­ақылармен марапаттау; 
— лауазымдық жалақыны көтеру және дербес үстемеақы белгiлеу; 
— лауазымын көтеру болып табылады. 
8.2. Кәсiпорын қызметкерлерiне қолданы­латын тәртiптiк шаралар: 
— ескерту; 
— сөгiс; 
— тәртiп бұзуына немесе кәсiпорын жұмы­сын дұрыс орындамағаны 
үшiн еңбек шартын­да көрсетiлген мерзiмнен бұрын қызметтен босату болып 
табылады. 
9. Жұмыстан босату 
9.1. Кәсiпорынның басшы қызметкерлерi мемлекеттік басқару 
органының келісімі негiзiнде шығарылған директордың бұйрығы бойынша 
жұмыстан босатылады. 
9.2. Кәсiпорынның басқа қызметкерлерi директордың бұйрығы арқылы 
жұмыстан шығарылады. 
9.3. Кәсiпорын қызметкерi мынадай жағ­дайларда жұмыстан босатылуы 
мүмкiн: еңбек шарты (келiсiмiнiң) мерзiмiнiң аяқталуына байланысты және 
еңбек шартының мерзiмi бiткенге дейiн, яғни мерзiмiнен бұрын жұмыстан 
шығарылуы мүмкiн. 
9.4. Еңбек шартының мерзiмi бітпей жұмыстан шығару мынадай 
жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн: 
— қызметкер атқарып келген лауазымның қысқаруына байланысты 
қызметкердi басқа лауазымға ауыстыруға лауазымдық қызмет­тердi бөлуде 
белгiленген қызмет шеңберіне оның бiлiмiнiң сәйкес келмеуi және 
тәжiрибесi­нiң аздығы себеп болады; 
— атқарып отырған қызметiне қызметкердің сәйкессiздiгi; 
— кәсiпорын жұмысына лайықсыз әрекет жасауына байланысты; 
— өзара келiсiм бойынша. 


9.5. 2 айдан астам уақыт бойына жұмысқа қабiлетсiз болған жағдайда, 
кәсiпорын өзiнiң бастамасымен қызметкермен жасалған еңбек шартын бұзуға 
құқылы. 
9.6. Жұмыстан босатылатыны туралы қызметкерге 1 ай бұрын жазбаша 
түрде ескертiледi. Егер қызметкер өз қалауы бойынша өтiнiш берiп, жұмыстан 
шығарылатын болса, онда ескертудiң қажетi жоқ. 
9.7. Қызметкердi жұмыстан шығарған кезде оған атқарған лауазымы, 
кәсiпорында iстеген мерзiмi, лауазымдық жалақысы және үстеме ақысы, 
сонымен бiрге басқа жерге жұмысқа тұруға қажеттi басқа да ақпараттар 
туралы анықтама берiледi. 
Басшының орынбасары __________ _____________ 
(қолы) (аты-жөні) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет