Күзу – керілген желі, төсек жіптің орта шенінен көлденең түскен белағашпен еркек жіпті жалғстырып тұратын жіп.
Тарту жіп – белағаштың үстінен екі басына бекітілген күзуді тартатын жіп.
Шатыс – керілген жіп желілерінің, яғни еркек жіп пен ұрғашы жіптердің күзу арқылы адарғының көмегімен айқасу. Былайша айтқанда шатыс ардағыны шеңбердің өзіне қарай тартқанда ұрғашы жіп жоғары шығып, оны кейін итергенде еркек жіп жоғары шығып, алма кезек айқасып отырады. Мұндай құбылысты шеберлер шатысу деп атайды.
Шалу – керілген желіге салынатын түрлі еркек жіптен алып ұрғашы жіпке шалып орағанды шалу немесе түр шалу деп те атайды.
Арқау – еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан әрлі-берлі өткізілетін бас жағындағы кергіге шатысты ұстап тұратын жіп.
Жіп шалу – кілем тоқу үшін керілген жіп желісінің үзілуін жіптің қашуы деп атайды.
Жіп жалғау – керілген желі жіптерінің үзігін немесе қашқанын тауып байлау. Егер ол байланбаса кілемге салынып жатқан түр қисық түсуі мүмкін.
Сирексіту – керілген жіп желілерінің арасынан арқау өткізілген соң ұйысқан жіп аралығын тоқпақпен (мұны кейде тарақ дейді) түйгіштеп сол желі жіптерінің арасын ажырату. Қол өнердің соның ішінде, кілем тоқу өнеріне қазіргі дәуірде дамыту күрделі де аса бай.
Негізін құрушы – негізгі жіп желі деп аталынады.Желі – берік мықты және майда жіп болу керек.Өйткені оған өрнек жасайтын жіп шалынып отырады.Тоқылған кезде кілемнің басы қанша жіп болса, соңы да санша жіп болу керек.Осылайша кілемнің негізі құрылады.Кілем жалпы үш түрлі жіптің айқасуы арқылы тоқылады:1/ желі – негізгі жіп; 2/ түк; 3/ арқау. Осының ішінде түк пен желі туралы біз толық білеміз. Арқау + жіп – бұл желінің арасынан көлденең өткізілетін жіп.Арқау жіпсіз кілемнің тоқылуы мүмкін емес. Арқау түкті нығыздап мықты тоқылуына басты роль атқарады.Ал арқау жіпті дайындағанда майда және мықты жіппен дайындау керек. Арқау жіптің қалыңдығы желі жіппен сәйкес болса, кілем тығыз сәнді болады.
Кілемнің ерте кезде қазақ тұрмасында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, қазірдің өзінде маңызын жойған жоқ. Кілем арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салып орындалады. Кілемнің үй тұрмысында тұтыну, оның өте беріктігі мен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бері келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бір кілемнің құндылығына сөз етсек, ол сөздік қолданылуы жағынан көптеген материалдардан, тіпті кілем тұтынуға төзімді оңайлықпен тозбайтын жыртылмайты, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдылықпен, құрғақшылықты жақсы көретін аса бағалы мүлік. Соңғы кезде өмір талабына сай қазақтың ұлттық ою-өрнектерін өркендетуге едәуір көңіл бөліне бастады. Сонымен қатар, ою-өрнектер жаңаша түрлендірілі, кілем оқуда қолданып жүр. Мысалы: Көптеген шеберлеріміз көгершін бейнесін, бейбітшілік ретінде өз творчествосында кеңінен пайдаланылып жүр.
Бұл жерде кілем тоқу кезіндегі қауіпсіздік ережелері сақталу қажет: Тоқыма станогын үстел үстіне тиянақты орналастыр.
Ілгек-пышақты жолдасына үшкір ұшымен берме.
Ілгек-пышақты тек оң қолыңмен ұста, аузыңа салма.
Тарақты тоқыма станогынан 30 см-ден артық биіктікке көтерме, тарақтың салмағы 0,5 кг, сондықтан арқау жібін нықтау кезінде сақ бол.
Міне осымен кілем құралы бітеді. Енді екі түсті жіпті бір-біріне байлап желінің бір шетінен бастап 4-5 жіптен алып арасынан астынан үстіне қарай алма — кезекпен өткіземіз. Мұны «алақұрт» деп атайды. Алақұрт түрлі-түсті жіптен жасалғаннан соң әсем көрінеді әрі кілемнің шетін мықтап ұстап тұрады. Бұл кілемнің екі шетін тоқудың алдында және тоқылып біткен соң жасалынатын іс
Түкті кілем.Бірнеше қабаттан тұрады, оның негізгі арқауы жекелеген жіптер және бір-біріне тығыз орналасқан түйіндер. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылады да ол қалың түк құрап, әлгі түйіндерді көрсетпей жауып тұрады. Осы түктердің ұзындығы 3 миллиметрден 18 миллиметрге дейін жетеді. Ол кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырады, оны барқыт сияқты жұмсақ етіп көрсетеді. Біз кілем тоқуға арналған станоктарымызды үй жағдайында өзіміздің қалауымызша жасаймыз. Мысалыға: ұзындығы 4 метр кілемге 5 метр, ені 2,20 кілемге 2,30 метр қалып жасалынады. Ал біз кілем тоқу өнерін оқушыларға үйрету барысында стол үстінде орындауға болатын станоктарды қолдан жасап алуымызға болады. Мысалыға 70х50 см етіп қалып жасаймыз. Қалып мықты болу үшін оның ұштарын дөңгелек темірмен қатты бекітеді. Дайын болған қалыпты «кергі ағаш» деп атайды. Кергі ағашты төрт бұрышынан кілем тоқылатын жерге қатырып қояды. Енді осы кергі ағашқа кілемнің төсегі (желі) жүгіріледі керіледі. Кілемге желіні жүгірткенде кергі ағаштың екі басында екі адам отырады. Ортасында бір адам жіпті әрлі-берлі беріп тұрады. Желінің саны қаншалықты болуы кілемнің өлшеміне байланысты. Желі керілген кезде кергі ағаштың екі жағынан да үстінен астына қарай оралып өткізіледі. Сонда екі жіптің арасында шатыс пайда болады. Әр жіптің арасы 4-5 мм. Кілемнің төсегі дайын болған соң шатысқан желінің арасында адарғы салынады.
Адарғы мен күзу ағаштарының атқаратын қызметтері бір- біріне ұқсағанымен күзу желі жіптерінің екінші қатарындағы жіптерді іліп алып күзуге байлайды, бұл жерде күзулі және күзусіз жіп пайда болады. Ал адарғы осы үстінгі және астынғы жіптердің арасын арқау өткізгенде ашылып отыруын, шатыс түсуін қамтамасыз етеді.
Кілемнің желі жіптерінің айқасулары немесе шатысын түсіру. Төсектің немесе желінің ұзындығы бес метр, ені екі жарым метр шамасында болады. Кергі ағаш – кілем тоқылатын, желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жүгірілген жіпті керіп тұратын ағаш. Тоқылатын кілем мөлшеріне қарай желі мөлшерінің аз да, көп те болуы мүмкін. Тарту жіп – белағаштың үстінен екі басына бекітілген күзуді тартатын жіп. Шатыс – керілген жіп желілерінің, яғни еркек жіп пен ұрғашы жіптердің күзу арқылы адарғының көмегімен айқасу. Былайша айтқанда шатыс ардағыны шеңбердің өзіне қарай тартқанда ұрғашы жіп жоғары шығып, оны кейін итергенде еркек жіп жоғары шығып, алма кезек айқасып отырады. Мұндай құбылысты шеберлер шатысу деп атайды. Күзу – керілген желі, төсек жіптің орта шенінен көлденең түскен белағашпен еркек жіпті жалғстырып тұратын жіп.
Күзу байлау. Кілем тоқу барысында күзу байлау деп керілген жіпке арқау өткізуге ынғайлы болу үщін күзу байланады.
Адарғы алдымызда жатады. Керілген жіпке белағашты айналдыра күзу жіпті 120 жіпке түгел байлап шығамыз.Түкті кілемнің тықыр шеті 2 см-ден аспауы керек. Сондан кейін алақұрт жүргіземіз де және екі қатар арқау өткіземіз, ал кейін түгі шалына бастайды. Түгі шалынып болған соң, арқау өткіземіз де, топақпен ұрғылап, кесермен, пышақпен тартқылап, қайшымен тегістеп қырқып шығамыз.Осылай қайталап шеттіктерін тоқимыз. Кілемнің шетін тоқу, жиек салу немесе шеттік деп атайды.Кілемнің шетіне түсірілетін негізгі өрнектер мүйізде, жапырақша, сегіз жапырақша, үзілмейтін шырмауық гүл, қошқармүйіз, түйе мойын, сыңармүйіз т.б.