Изтилеуова А. Ш. 5В012000, 6В01450-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған



бет7/23
Дата05.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#180294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Дәріс кілем

Бақылау сұрақтары:

  1. Тоқпақтың қызметі қандай?

  2. Адарғының қызметі не?

  3. Күзу байлау қалай орындалады?

  4. Қайшы, пышақ қызметі қандай?



Дәріс №3 Тақырыбы: Кілемнің желі жіптерін әзірлеу технологиясы.
Мақсаты: Кілем тоқуға қажетті материалдарды әзірлеу, кілемнің желі жіптерін әзірлеу технологиясын үйрету
Дәрісті өткізу түрі: Ақпараттық.
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. Кілемге қажетті шикізат мөлшерін анықтау.

  2. Кілемнің желі, арқау жіптерін әзірлеу технологиясы.

  3. Жүн,мақта талшықтары, оның түрлеріне сипаттама.

  4. Кілемнің түр жіптерін дайындау.

Әдебиеттер:
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы: Өнер, 1987.-128 бет.
2. Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. -Алматы: Рауан, 1992.-120 бет.
3. Изтилеуова А.Ш., Көбенов М. Кілем және гобелен тоқу шығармашылық негіздері практикумы. Әдістемелік құрал Шымкент ЮКГУ 2004 ж
4. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан 1995.-256 б.
5. Мұқанов К. Жүннен жасалатын бұйымдар.Алматы: Қайнар, 1990.-144бет.

Кілем тоқу үшін қажетті материал ретінде қойдың көктемгі қырқылған жүні - жабағы жүн (өлі жүн) пайдаланылды. Оның күзде қырқылған - күзем жүннен айырмашылығы: биязы, жақсы иіріледі. Қойдың арқасынан, бүйірінен, жауырынынан қырқылған жүн сапалы болып есептеледі. Жүнді иірмес бұрын оны ағын судың астында жуып, кептіреді. Бұдан кейін жүнді үшке бөліп сұрыптайды да, тарайды.Ұзын қылшықты жүн негіз жібін дайындауға, салалы, биязы, сапасы жақсы жүн түр жібін дайындауға, қыска пұшпақ жүн екінші сапалы жүн бұйымдарын дайыңдауға пайдаланылады. Жүн әбден кепкен соң тарайды. Тарақтың қарапайым түрі, бетіне имек шегелер қағылған жалпақ, сапты екі ағаш. Арасына жүн салынып тартылғанда талшықтар параллель қалыпқа келеді. Жүнді қолмен де түтіп, иіруге дайындайды. Түтілген жүнді созып «шүйке» орамасын жасайды. Осы орамадан жіп созылып, ұршықтың білегіне оралады да ұршық шығыршығына іліп, ұршықтың өз осьінде айналуынан жіп пайда болады.


Айналып тұрған ұршыққа жүн талшығы қолмен жіңішкеріп беріліп отырады. Жіпті ұршық білегіне домалақтап орап отырады.
Ұршық ауырлаған соң домалақ жіп сырғытып алынады. Бұл жіптің мөлшерін халық арасында «бір алқым жіп» деп атайды. Түксіз кілемге жіпті «екі алқым жіп бір домалақ» есебімен тіндеп (екі қабаттап) бос ширатып дайындайды. Шамамен орташа көлемді (3х2м.) 1 кілемнің желісіне 6 кг., ал түріне 8 кг. жіп керек.



а) б)
3-Сурет а - Жүн тарақ, б- ұршық
Кілемнің негіз жібіне қылшықты жүннен иірілген екі қабат жіп, ал түр жібіне - биязы жүннен екі қабаттап иіріп, ширатылған жіңішке жіп жарамды. Арқау (түр) жібі ұршықпен иіріледі. Дайын домалақ жіптерді келептеп тегіп, (ұзындығын 50см етіп айналдыра орау) бояуға дайындайды. Бұл ретге жіптің боялу сапасының маңызы зор. Кілем түріне арналған тоқыма жіп, желі жібіне ұқсас бастау иіріліп ширатылып дайындалады. Бір тоқыма жіптің мағынасының өзі өрнекті, түрлі-түсті, тоқыма бұйымның формасын және әртүрлі фактурасын да береді.
Кілемнің негіз жібінен мықтылық үшін ешкі жүні қосылып иіріліп екі қабаттап «пысық» (қатты) ширатып боямай пайдаланған. Ширатылған жіп міндетті түрде шыңдалады. Ол үшін келептелген (0,5м. етіп екі қазық арасына орау) жіпті, біраз уақыт қайнап тұрған ыстық суға салып қояды немесе бір қайнатып алады. Сонан кейін арасы 5м. қашықтықта (жіп көп болса 7-10м.) екі қазық арасына жүгіртеді. Жіп суымай тұрғанда арасына темір қазық салып әбден қайнағанша бұрап, бастырып тастайды. Осы бұрауда 7-10 күнге дейін (кепкенше) тұрған жіп әбден бабына келіп шыңдалған деп есептелінеді. Жақсы шыңдалған жібі кілем тоқылып біткенше созылмай бір қалыпта тұрады. Мұндай кілемнің бетіне түскен өрнегі де ойдағыдай шығады.
Қазіргі кезде түрлі дайын жіптердің көптігіне байланысты мақта, зығыр жіптерін пайдалануға болады. Тек қана жіп жіңішке болса қабаттап, жуан болса талдап жіңішкелеу керек. Жіп диаметрі 2-2,5мм. болғаны дұрыс. Төсегі жүннен иірілген кілем өте жеңіл, бағалы болады да, мақта, зығыр жібінен дайындалса ауыр, ұстауға қолайсыздау арзан болады. Гобелен тоқуға арналған жіптер Бояу заттарынын беріктігі, түр-түс үйлесімділігі, ою-өрнектің жасалу жолдарымен қатар, өрнек кұрылымы, кілемнің көркемдік сапасын анықтайтын көрсеткіш болып табылады.
Жоғары сапалы түр жібін шеберлер жіңішкелеп иіріп, екі қабаттап бос ширатып дайындаған. Кілемнің негіз жібіне мықтылық үшін ешкі, түйе жүні қосылып иіріліп, екі қабаттап «пысық» (катты) ширатып, боямай пайдаланған.

4-Сурет. Түр жіптері


Ауылдық жерде тұратын тұрғындардың түксіз кілем токуға арналған станогы төртбүрышты көлбеу, өлшемі 350х200см немесе көлемдірек келденен орналасқан ағаш рама.
Киіз үй ішінде станоктың көлденең орналасуы, оның ұзақ уақыт тоқылып жатуы ынғайсыздық туғызатын болды. Ал, тік орналасқан станок біршама] ыңғайлы, сондықтан бұл станок көшпенді халық арасында көбірек белгілі болды. Отырықшы және жартылай отырықшы халықтарда бірнеше бөлмеден тұратын тұрғылыкты үйлері болғандар бір бөлмесіне көлденең станокты] орналастыруға мүмкіншіліктері болды. Сондықтан да Қазақстаннын солтүстік облыстарында (мысалы, Қостанай) тік орналаскан станоктар қолданылса орталық облыстарда (мысалы, Торғай) көлденең станоктар басым болды, Төртбұрышты тік станокка боялмаған берік негіз жібі жүргізіледі.
Станокта жүргізілген негіз жібінің астынғы жэне үстіңгі жазықтықтардың қиылысуынан пайда болған шатысты ұстап тұруға және үстіңгі жіп пен астынғы жіптің арасын жақындатып, алшактатуға қажетті адарғы - жіңішке жұмыр немесе төрт кырлы ағаш пайдаланады.
Сонымен бірге, өткізілген түр жіптерін нықтау үшін арнайы құрал тоқпақ (тарақ) пайдаланылады. Ол катты ағаштан жонылып, тістері де ағаштары бірге ойылып жасалады. Кейде тістерін темірден де жасайды.
Тоқылған кілемнің көлеміне қарай дайындалатын арқау, желімен түк салуға арналған жүн жіп көлемі де әр түрлі болады. Негіз жіп, қылшықты немесе ешкінің қылымен аралас иірілсе мықты болады. Арқау жібінің жуандығы өріс жібіне сәйкес болғаны жөн, ал біздің кілемнің тоқылатын желісі, жібіміз №10 мақта жібі, қабаттан ширатып дайындаймыз. Эскиздегі негізгі жіпті есептеп, сол жіптердің шеттіктерін артық тастап, қалыпқа домалақтанған, ширатылып дайындалған мақта жібімен шалу түсетіндей етіп 8 – дік әдіс пайдалана отырып біркелкі жүргізіп шығамыз. 8- дік әдісін пайдаланбаған жағдайда шатыс түспей кілеміміз тоқылмайды. Қалыпқа жіпті жүргізгенде өз тәсілін сақтап, сонымен бірге тоқылар басын жіи , ал аяқталар жағын шашыраңқы етіп жүргіземіз, өйткені тоқылған кезде арқау жүргізгенде қысылып кетпес үшін.Егер де қалыпқа жіпті жүргізгенде өте жиі болса тоқылатын гүліміз алға қарай сопайып түседі. Сондықтан негіз жібін жүргізудің де үлкен мәні бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет