Бақылау сұрақтары: 1. Кілем тоқу өндірісінің Қазақстанда және басқа республикаларда қалай дамыды?
2. Кілемдегі ою-өрнектердің қайталануы қалай аталады?
3. Кілемнің бұрынғы түрлерінің ою-өрнектері мен қазіргі замандағы кілем дизайнінің ерекшеліктері қандай?
4. Кілемдегі ою-өрнектердің қайталануы қалай аталады?
5. Кілемнің бұрынғы түрлерінің ою-өрнектері мен қазіргі замандағы кілем дизайнінің ерекшеліктері қандай?
Дәріс №5 Тақырыбы: Түкті кілемнің құрылуы. Мақсаты: Кілемге қажетті құралдарды дайындау. Кілемнің желі жіптерін қалыпқа жүгіру әдісін анықтау.
Дәрісті өткізу түрі: Миға шабу. Тірек ұғымдар: «желі жіп», «күзу жіп», «түр жіп», «арқау», «шалу», «шатыс», «сирексіту», «адарғы», «белағаш», «тоқпақ».
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары: Кілемнің қалыбының төртбұрышын нықтау.
Кілемнің желі жіптерін қалыпқа жүгіру әдісі.
Желі жіптерінің орналасу тығыздығын анықтау.
Кілем құру кезіндегі қауіпсіз еңбек ету ережелері.
Кілемнің желі жіптерінің айқасулары немесе шатысын түсіру.
Кілемнің күзу жібін байлау тәсілі.
Кілемнің желі жіптерінің айқасулары немесе шатысын түсіру.
Кілемнің күзу жібін байлау тәсілі.
Күзудің атқаратын міндеті, күзуді жүргізудің тиімділігі.
Әдебиеттер: 1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы: Өнер, 1987.-128 бет.
2. Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. -Алматы: Рауан, 1992.-120 бет.
3. Изтилеуова А.Ш., Көбенов М. Кілем және гобелен тоқу шығармашылық негіздері практикумы. Әдістемелік құрал Шымкент ЮКГУ 2004 ж
4. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан 1995.-256 б.
5. Мұқанов К. Жүннен жасалатын бұйымдар.Алматы: Қайнар, 1990.-144бет.
Кілемнің желі жіптерін қалыпқа жүгіру әдісі. Төсек, кейде оны желі деп те атайды. Демек, төсектің немесе желінің ұзындығы бес метр, ені екі жарым метр шамасында болады. Кергі ағаш – кілем тоқылатын, желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жүгірілген жіпті керіп тұратын ағаш. Оның тек қана ағаш болуы шарт емес, үй иесінің тапқан материалына қарай оның кейде құбыр тәріздес затқа немесе қазыққа мықтап керілген жуан арқан болуы да мүмкін. Керілген төсек-желінің жалпы саны орта есеппен еркегі – 600 (үстіңгі) жіп, ұрғашысы – 600 (астыңғы) жіптей болу керек. Үй иесінің тоқылатын кілем мөлшеріне қарай желі мөлшерінің бұдан аз да, көп те болуы мүмкін.