Изтилеуова А. Ш. 5В012000, 6В01450-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған



бет13/23
Дата05.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#180294
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Дәріс кілем

Бақылау сұрақтары:

  1. Кілемге алғашқы арқау өткізу әдісін қалай атайды?

  2. Алғашқы айқаспа шалыс қақпаларын қалай жүргізеді?

  3. Шашақбаулар қалай жүргізіледі?

  4. Алақұрт қалай жүргізіледі?

  5. Кілемнің оң және сол жақ шеттерін орау әдістерін түсіндір.


Дәріс №7. Тақырыбы: Түктің шалыну түрлері, түкті қырқу әдістері.
Мақсаты: Кілемнің түгін шалу түрлері, түкті қырқу әдістерін меңгерту .
Дәрісті өткізу түрі:Ақпараттық.
Тірек ұғымдар: «желі жіп», «күзу жіп», «түр жіп», «арқау», «шалу», «шатыс», «сирексіту», «адарғы», «белағаш», «тоқпақ».
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. Түгіне байланысты кілемнің түрлері, түр жіптерін шалу әдістеріне мәлімет.

  2. Түктің биіктігі мен қырқу әдісі.

  3. Түктердің биіктігін біркелкі қырқу, кілем суретінің шалыну тығыздығын есептеу.

  4. Кілемнің шетін орап шалу.

  5. Кілемге қойылатын тазалық-гигиеналық талаптар.

  6. Кілем тоқудағы ақаулар қателіктер және оны түзету жолдары.

Әдебиеттер:
1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері.- Алматы: Өнер, 1987.-128 бет.
2. Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. -Алматы: Рауан, 1992.-120 бет.
3. Изтилеуова А.Ш., Көбенов М. Кілем және гобелен тоқу шығармашылық негіздері практикумы. Әдістемелік құрал Шымкент ЮКГУ 2004 ж
4. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан 1995.-256 б.
5. Мұқанов К. Жүннен жасалатын бұйымдар.Алматы: Қайнар, 1990.-144бет.


Тақта жүргізіліп біткен соң кілемді тоқуға кірісеміз. Кілем тоқу былай басталады. 5-6 арқау бойынша түк салынып, арқау өткізіліп, адарғымен шатыс түсіріп (алғашқы адарғыны көтеріп шатыс алынса, келесі жолы, адырғы ағашты жығып, ілгері ысырып қояды), арқау өткізіледі де тарақапен тегіс тоқылыс түседі. Осы түк салынбаған тегіс тоқылыс түседі. Осы түк салынбаған тегіс тоқылыс кілемінің басталысынан және екі шетінен ұзындығын бойлай әр жолы қалдырылып отырады.Тегіс тоқылысты әрі қарай түк шалумен жалғастырады.

8-сурет. Бір жарым және екі түйін шалу әдісі
Түк шалумен шеттік екі арқау әркімнің талғамына сай бірін-бірі толықтырып, әрлендіре түсетін екі түстен бөлек бірыңғай тоқылыс түсіріледі. Ал түк қалай шалынады? Ол үшін кілем тоқушының тұсына жіп керіліп кілем түгіне арналған жіп оңай тарқатылатындай етіліп соған ілінеді. Барлық түстер қатар - қатар ілінуі керек. Домалақтағы жіптің үшін кілем тоқушының қолында болады. Ол керегіне қарай желіге бір орап шаладыда, кесермен пышақпен кесіп тастап отырады. Бір қатарға түгел түк шалынып болған соң пышақты оң қолға ұстап, басбармақ пен пышақтың арасына әлгі түкшелерді шымши тартып, тоқылысқа қосады. Үстінен тоқпақпен ұрғылап қырқылған соң қайшымен түк бетін тегістеп қияды.



9-сурет. Кілемнің түгін тегістеп қырқу


Арқау өткізілген соң адарғыны көтеріп, алынған шатысты қамти тоқпақпен қайтадан нығырлап, келесі түк шалуға кіріседі. Кілем тоқу басталысында түксіз тоқылыстан соң салынған екі түсті түкті жолақты жиек салу немесе шеттік деп атайды. Жиектен ішке қарайғы тоқылыста кілем ортасына түсірілетін өрнекті айнаддыра әркімнің калауына отау өрнегі бір немесе екі қатар жүргізеді. Алатау өрнектері болсын кілем табағына түсірілетін негізгі өрнектер болсын, олардың шетін айналдыра бір жіптен салынып отырылатын түрді су өрнек деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет