Кілемнің желі жіптерін қалыпқа жүгіру әдісін түсіндір.
Желі жіптерінің орналасу тығыздығын қалай анықтайды?
Кілем құру кезіндегі қауіпсіз еңбек ету ережелері қандай?
Кілемнің желі жіптерінің айқасулары немесе шатысы қалай жүзеге асады?
Кілемнің күзу жібін байлау тәсілін түсіндір.
Дәріс №6 Тақырыбы: Кілемнің алғашқы бастама жұмыстары.
Мақсаты: Кілемнің алғашқы бастама жұмыстарына мәлімет беру, алақұрт жүргізутәсілін меңгерту.
Дәрісті өткізу түрі: Ақпараттық.
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары: Кілемнің алғашқы бастама жұмыстарына мәлімет.
Кілемге алғашқы арқау өткізу әдісі.
Алғашқы айқаспа шалыс қақпалары.
Шашақбаулар жасау тәсілдерін үйрету.
Алақұрттау жұмыстарын жүргізу тәсілдері.
Кілемнің оң және сол жақ шеттерін орау әдістерін түсіндіру.
Әдебиеттер: 1. Әбдуалиева Ш. Халық қолөнері. -Алматы: Рауан, 1992.-120 бет.
2. Изтилеуова А.Ш., Көбенов М. Кілем және гобелен тоқу шығармашылық негіздері практикумы. Әдістемелік құрал Шымкент ЮКГУ 2004 ж
3. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. –Алматы: Қазақстан 1995.-256 б.
4. Мұқанов К. Жүннен жасалатын бұйымдар.Алматы: Қайнар, 1990.-144бет.
Кілемнің алғашқы бастама жұмыстары.
Алақұрт – екі түсті түрден есіліп, кілем тоқуда басталар басы мен бітер жерінен тақта жүргізгеннен кейін өткізіледі, кей жерлерде «еспе» деп аталады. Алақұрт өткізіліп біткен соң кілемнің тақтасы өткізіледі.
Негіз жіпке алақұрт пен бұзау тіс және түк шалу әдісінің бейнесі төмендегідей.
6-сурет. Алақұрт өру, Бұзаутіс, өру технологиясы
Енді осы кезден бастап адарғыны қолданамыз. Адарғының екі басына жіп байлап кілемнің екі басына жіп байлап кілемнің екі шетінде отырған адам тартып итеріп отырады. Кілемнің тақтасы 1-6 рет өткізіледі (екі елідей болса болады). Адарғыны күзудің қасына дейін тартқан кезде желінің арасы ашылады, сол кезде арқау өткізіледі. (арқауға кез келген мықты жіпті пайдалануға болады). Ал келесі өткізгенде адарғы керісінше итеріледі, Бұл кезде желінің арасы ашылмайды, кілем тоқып отырған адам желіні қолымен қатты басып отырып арқау өткізеді. Бұл құбылыс кілем тоқудың басынан аяғына дейін қайталанады. Арқау - кілем тарқатылып кетпес үшін кілемнің екі шетін мықтап ұстап тұрады.
7-сурет Тақта жүргізу
Тақта жүргізіліп біткен соң кілемді тоқуға кірісеміз. Кілем тоқу былай басталады. 5-6 арқау бойынша түк салынып, арқау өткізіліп, адарғымен шатыс түсіріп (алғашқы адарғыны көтеріп шатыс алынса, келесі жолы,
адырғы ағашты жығып, ілгері ысырып қояды), арқау өткізіледі де тарақапен тегіс тоқылыс түседі. Осы түк салынбаған тегіс тоқылыс түседі. Осы түк салынбаған тегіс тоқылыс кілемінің басталысынан және екі шетінен ұзындығын бойлай әр жолы қалдырылып отырады.Тегіс тоқылысты әрі қарай түк шалумен жалғастырады. Түк шалумен шеттік екі арқау әркімнің талғамына сай бірін-бірі толықтырып, әрлендіре түсетін екі түстен бөлек бірыңғай тоқылыс түсіріледі. Ал түк қалай шалынады? Ол үшін кілем тоқушының тұсына жіп керіліп кілем түгіне арналған жіп оңай тарқатылатындай етіліп соған ілінеді. Барлық түстер қатар - қатар ілінуі керек. Домалақтағы жіптің ұшын кілем тоқушының қолында болады. Ол керегіне қарай желіге бір орап шалады да, кесермен пышақтап артығын кесіп тастап отырады. Бір қатарға түгел түк шалынып болған соң пышақты оң қолға ұстап, басбармақ пен пышақтың арасына әлгі түкшелерді шымши тартып, тоқылысқа қосады. Үстінен тоқпақпен ұрғылап қайшымен түк бетін тегістеп қияды. Арқау өткізілген соң адарғыны көтеріп, алынған шатысты қамти тоқпақпен қайтадан нығырлап, келесі түк шалуға кіріседі. Кілем тоқу басталысында түксіз тоқылыстан соң салынатын екі түсті түкті жолақты жиек салу немесе шеттік деп атайды. Жиектен ішке қарайғы тоқылыста кілем ортасына түсірілетін өрнекті айналдыра әркімнің калауына отау өрнегі бір немесе екі қатар жүргізеді. Алатау өрнектері болсын кілем табағына түсірілетін негізгі өрнектер болсын, олардың шетін айналдыра бір жіптен салынып отырылатын түрді су өрнек деп атайды.Су өрнектің міндеті кілем төсегімен өрнекті бір-бірімен айқындап бөліп тұрады. Яғни екі тұрдің шекарасы іспетті.
Кілемге түсірілетін негізгі өрнектер: шатыргүл, мақтагүл, лалагүл, шаршы ішіндегі самаурынша, жалпақ немесе қошқармүйіз, сыңармүйіз. Бұлар кілем табағына әр түстен шығарылады. Ал отау өрнектері ұсақ гүлдер немесе жарты шаршы жапырақ немесе жолақтап бірнеше түрден тоқылады. Бұлардың бірінде біртіндеп су өрнегі шығарып отырады. Күзу мен тоқылыстың арасы 70-80 см. мөлшерінде тоқталынады. Ал, кілем тоқылып біте келе алдыңғы шеттік пен күзудің, күзу мен тоқылыстың арасы мейлінше жақындайды, яғни күзу ағаш өрі қарай жылжи алмайтын және адарғымен шатыс алу қиындайтын шекке жеткенше тоқылыс аяқталып яғни кілем өрнектері түгел шығарылып, түк салу бітеді. Ал шеттік өрнектердің сыртынан бастапқыдай 5-6 арқау бойына тегіс тоқылыс түседі. Бұл кілемнің екінші шеті.