Изтилеуова А. Ш. 5В012000, 6В01450-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған



бет22/23
Дата05.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#180294
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Дәріс кілем

Гобеленің тоқылу барысы
Түрлі-түсті көлденең жіптерді берілген жіпті домалатып орай отырып, сегіздіктэсілімен кішкене домалақтар жасай отырып. дайындаймыз. Жіптің ұшы оратылғаннан еркін тартылуы тиіс екенін ұмытпайық.
Гобеленнің алғашқы қатарының соңғы бөлігін жартылай бөлінген өрмек ретінде жасаймыз. Осындай өрімді тоқымашылар оратылған көлденең арқау жіптер деп атайды. Көлденең жіпті пегізгі жіптің алғашқы жұбына екі рет айналдыра отырып бекітеміз. Негізгі екі жіптің әрқайсысын жоғарыдағы ілгекке ораймыз: көлденең жіпті ілгектен шығарамыз, жаңадан негізгі екі жіпті жоғарыға ілгекке саламыз және осы бейнеде барлық негізгі жіптерді осылай жасаймыз. Жартылай бөлінген өрімдердің орнына теңестірілген өрімдер жасауға болады, оған негізгі жіптерді теңдей бөліп тіркеу көмектеседі.
Екінші қатарта оң жағынан көлденең жіптерді саламыз. Бірнеше негізгі жіптердің тақсыз жұбын оң қолдың саусақтарымен іріктеп аламыз. Пайда болған шатысты көлденең жіптерге тартамыз, содан сон тағы да сурет бойынша түрлі-түсті көлденең жіптерді сала отырып. тақсыз жіптерді іріктейміз, бұл жерде қолмен іріктеу тәсілін пайдаланамыз. Жұмысты тездету үшін: қосымша кесілген жіптермен негіздің тақ жіптерін аламыз, оларды 4-8 жіп бойынша бір шоғырға байлаймыз.





Арқау жіптерді негіздің әр түрлі жіптеріне біріктіру


Арқау жіпті негіздің тік жібіне қосу








Арқау жіптерді қосарлы түйінді жарты жіпке біріктіру

Арқау жіптерді қосарлы түйінмен өзара біріктіру

13- Сурет. Гобелен тоқудың айқаспалары


Өзімізге қарай тартып шатысты ашамыз және көлденен арқау жіпті жеңіл ораймыз. Көлденен жіптің екінші қатарын жіптерге қатынасы бойынша қатаң перпенди­куляр жағдайында ұстай отырып, шанышқымен ұрамыз. Егер негізде бөлетін таяқша (жіцішке таяқ) салынған болса, онда оны төмен түсіреміз, көлденең жіп үшін шатыстың кеңістігін көбейтеміз. Сонымен біз көлденең жіпті жүп шатыс бойынша солдан оңға қарай ораймыз (бөлінетін таяқшаны төмем түсіреміз). Тақ шатыс бойынша оннан солға қарай ораймыз (ремизкамен пайдаланамыз).


Жолақ өрімдермен шеткі жолақтарды белгіленген шекараларға дейін тоқимыз. Екі жіпті шеңбердің жанында тігінен байлаймыз және негізгі жіптердің эскизін бекітеміз. Жолақты техникалы тоқымада біз астыңғы немесе (түпкі) көлденең жіптерде охраның бояуымен жұмыс істейміз. Көлденең жіп бәрінен бұрын жұмсақ төбешікпен салынады, одан кейін бір-біріне келесі қатарға шанышқымен тығыздалады. Біз барлық жұмыс кезінде көлденең жіптердің негізгі жіптерге қатаң перпендикуляр жататынын ескерейік. Жұмыстың осындай тәсілі негізгі жіптердің тарылуынан алыс болуға және гобеленнің өзгеруінен қашуға көмектеседі.
Көлденең жіптің өрнек бейнелейтін жасыл тұсының бірінші ұшын жұп және так жіптердің арасына сурет бойынша жіптердің негіздері іріктелген ортаға енгіземіз.
Бір жарым түйіндерді былай тоқимыз: негізгі жіптердің төменгісін тартамыз, сол қолдың сұқ саусағымен және бас бармағымен түйіндік тоқыманы өрім түрінде оңынан солына қарай тартылған жіпке тоқимыз, оны келесі жоғарғы негізгі жіпке қарай солға жібереміз және алынған өрімді негізгі жіптердің жұбы арасына өткіземіз. Жіптердің кұшын пышақпен кесеміз. Бір жарым түйіндер қосарлыға қарағанда тезірек токылады, оларды көбінесе аса калың кілемдерді және кілемдік композицияларда күрделі иілген элементтері бар кілемдерде қолданады. Бір жарым түйіндер он және сол жаққа ашылған.



14- Сурет. Гобелендегі түктерді шалу, қырқу әдісі
Ассиметриялық бір жарым түйіндер парсылық немесе сеннелік деп аталады. Түкті түйіндерді бір негізгі жіппен тоқуға болады. Бұндай түйіндер испандық деп аталады. Жылдамдатып, бірақ онша берік емес түйіндер джофтиді орындауда төрт негізгі жіп болып қатынасады.
Көлденең жіптің түрлі-түсті түктерін эскиздің калориялық шешіміне сәйкес саламыз. Суретті орындау­да кілемнің ортасынан бастауды ұсынамыз: кілемнің ортасын түрлі-түсті жіппен белгілейміз, түкті түйіндерді орналастырып алғаннан кейін оюдың жолағын түрлі-түсті оюдын түйінді бөліктеріне тоқуға бола­ды. Соңындағы екі немесе үш негізгі жіпті кілемнің жаны бой­ынша шеттерін орындау үшін пайдаланамыз. Негізгі түйіндерді ең соңғы кезекте тоқимыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет