Изтилеуова А. Ш. 5В012000, 6В01450-«Кәсіптік оқыту» мамандығы студенттеріне арналған



бет6/23
Дата05.09.2023
өлшемі5,44 Mb.
#180294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Дәріс кілем

Бақылау сұрақтары:

  1. Кілем тоқу өндірісінің Қазақстанда және басқа республикаларда қалай дамыды?

  2. Жүннен тоқылып жасалатын бұйымдарды ата?



Дәріс №2 Тақырыбы: Кілемдердің құрал-жабдықтары мен желі, арқау және түр жіптеріне мәлімет.
Мақсаты: Кілемдердің құрал-жабдықтары мен желі, арқау және түр жіптеріне мәлімет беру.
Дәрісті өткізу түрі: Ақпараттық.
ТОҚ, мультимедиялық әдістер: Таратпа материалдары
Жоспары:

  1. Кілем түрлерінің құрал-жабдықтары.

  2. Кілемді тоқуға қажетті жабдықтар атаулары.

  3. Тоқу станогының құрылысы.

Әдебиеттер

  1. С.Қасиманов Қазақ халқының қолөнері.Алматы, Қазақстан 1995. 240 б.

  2. Жүннен жасалған бұйымдар құраст. К. Мұханов Алматы; Қайнар 1990-144 б.

  3. Изтилеуова А.Ш.,Көбенов М. Кілем және гобелен тоқу шығармашылық негіздері практикумы. Әдістемелік құрал Шымкент ЮКГУ 2004 ж.

  4. Жолдасбекова С., Изтилеуова А., Ыскак А., Райымкулова А., Кубенов М. Народное ремесла, Учебное пособие. – Астана: Фолиант, 2013. – 264 с.

Кілем өрмегін «аспалы өрмек» немесе «кілем өрмегі» деп атайды. Соған қарай кілемнің бой жіптері де жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 бет болып тізіледі. Оның арқауы түйе жүні аралас (кейде шуда аралас) мақтадан, жібектен әрі мықты, әрі жуандау етіліп иіріледі. Бой жіптермен қатарлас тұратын түк және өрнек жасаушы жіптер қойдың биязы жүнінен, түйенің жүнінен өзге жіптерден көрі бостау иіріледі. Кейде бұл жіптер бой жіптердің үстінде арнаулы күзеулерде бос тұрады. Оны кілем тоқушы шебер өз керегіне қарай суыртпақтап отырып арқау мен бой жіптерге іліп отырып түр жасайды.


Адарғы, тарақ - кілемнің өрнегіне келтіріп шалынған түсті жіптерді, яғни соңғы бір қатар түкті арқауға нықтап бастыра қағып отыратын жабдық. Тарақтың қолға ұстайтын ағашын (сабын) еменнен немесе қайың ағашынан жасайды.
Тарақтың тістері темірден жасалып, ағаштың кеңдеу шетіне, әр тістің арасында 2 мм ашық қалдырып қашап бекітеді. Адарғы тарақтың ұзындығы 15-20 см, тіс жағының ені 8-10 см, биіктігі 6-7 см болады. Тарақтың сабы зімпара қағазбен (наждачная бумага) тазаланып тегістеледі.
Кесермен пышақ - кілемнің өрнек тізбе жіптері арқауға шалып байлаған соң, артық жіпті кесетін аспап. Пышақтың жүзі өткір болуы керек, темірі болат болғаны жөн. Бұл аспапты қолдан жасамай, дүкенде сатылатын дайын бәкіні алып пайдалануға да болады. , бәкінің кесетін жүзіне кигізіп бекітеді.



2-сурет. Түкті кілем тоқитын станок пен аспаптар
Қайшы - кілем түгін тегістеп қиюға пайдаланылатын жабдық. Кілем тоқитын шеберге үй тұрмысында тұтынатын кіші-гірім қайшыдан гөрі киім пішушілердің үлкен қайшысын пайдаланған дұрыс.
Отырғыш - қалыңдығы 4-5 см қарағайдан немесе қайың ағашынан жасалады. Ұзындығы 2,5-3 м, ені 35-40 см, екі аяғының биіктгі 40-45 см тақтай қашалып, желімге отырғызылып шегеленеді.
Отырғышты кілемді тіке тұрып тоқығанда пайдаланады. Кілемді әдетте 2-3 шебер қатар отырып тоқиды, сондықтан отырғыштың ұзындығы кілемнің енінен аздап ұзын болғаны жөн.
Отырғыш жерге жатқызып тоқылатын түкті кілемгеде пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет