3) Бірінші буындағы дауысты дыбыс езулік болса, келесі буындардағы дауыстылар да езулік болады: бал+дыр, кі+сі т.б. 4) Бірінші буындағы дауысты еріндік болса, одан кейінгі буындардағы дауыстылар да еріндік болады: бұлбұл, жұ+лұн (жазылуы: жұлын) т.б. Буын үндестігі деп (кейде тіл үндестігі деп те аталына береді) жеке бөліп алып, оны езу үндестігі, ерін үндестігі деп саралап жүрген үндестіктеріміз, міне, осы дауыстылардың осы тіркесім заңдылығына негізделген. Буын үндестігі деп (кейде тіл үндестігі деп те аталына береді) жеке бөліп алып, оны езу үндестігі, ерін үндестігі деп саралап жүрген үндестіктеріміз, міне, осы дауыстылардың осы тіркесім заңдылығына негізделген. Демек, қазақ тілі сөздерінің ішіндегі сәйкес дауыстылар (буындар) ғана бір-бірімен тіркесе алады деген сөз. Ал тіркесім жүйесі мүлде бөлек орыс тілінде дауысты дыбыстар сөз ішінде (аяғында да) екіден-үштен тіркесіп, қатар тұра береді. Мысалы: вакуум, дуэт, идеал, поэма, какао, проект т.б. Дауыстылардың дауыссыздармен тіркесімі. Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар мен дауыссыздар, дауыссыздар мен дауыстылар тіркесіп, қатар тұра береді. Яғни сөз ішінде дауыстыдан кейін – дауыссыз, дауыссыздан кейін – дауысты болып, бір-бірімен алмасып келеді. Мысалы: қама, қана, жаңа, төле, қоры, ұлы, қозы, қазы, қажы, қажа, оқы, шошы, үсі, қата т.б. Дауыстылардың дауыссыздармен тіркесімі. Қазақ тілінің төл сөздерінде дауыстылар мен дауыссыздар, дауыссыздар мен дауыстылар тіркесіп, қатар тұра береді. Яғни сөз ішінде дауыстыдан кейін – дауыссыз, дауыссыздан кейін – дауысты болып, бір-бірімен алмасып келеді. Мысалы: қама, қана, жаңа, төле, қоры, ұлы, қозы, қазы, қажы, қажа, оқы, шошы, үсі, қата т.б. Бұл айтылғандар – жалпы мәселелер. Енді нақтылы мәселелерге келу үшін алдымен дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстардың тіркесім үлгісін (сызбанұсқасын) беріп алалық: Бұл айтылғандар – жалпы мәселелер. Енді нақтылы мәселелерге келу үшін алдымен дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстардың тіркесім үлгісін (сызбанұсқасын) беріп алалық:
Достарыңызбен бөлісу: |