Ж ұ мысба ғ дарламас ы пән: Микробиология Пән коды: Мiс 2207 Мамандық: 051103 «Фармация»



бет26/176
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#92007
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   176
Байланысты:
Микробиология-Фармация-2-курс-каз

7. Бақылау ( тесттер, есептер.)
Жағдайлық есептер:
1. Егер сіз байқаусыз микроб дақылы бар пробирканы сындырып қойсаңыз және оның ішіндегісін столға, қолға немесе киіміңізге төгіліп кетсе не істеу керек?
2. Сіз бактериологиялық зертханада жұмысыңызды бітіріп, стол үстіндегі ілмекті отпен заласыздандырып, штативке қойдыңыз, спирт шамының қақпағын жауып, қалпақ, халатыңызды шешіп, жұмыс аяқ киіміңізді ауыстырып зертханадан шықтыңыз, сіз қандай жеке гигиеналық және санитарлы-эпидемиологиялық қателік жібердіңіз?
3. Студенттер оқу бөлмесінде үзіліске тамақтанады. Сіз қандай жеке гигиеналық және санитарлы-эпидемиологиялық қателік жібердіңіз?
4. Майсыздандырылған зат шыныға 1 тамшы изотоникалық ерітіндісін тамызады. Оған ілмекпен тексерілетін материалды жұғындыны ауада кептіреді. Жұғынды жағылған шынының астынан 3 рет жалын үстімен жүргізіп өтеді. Жұғынды дайындау процесіндегі қандай этап? Бұл этап дұрыс жүргізілді ме?
5. Грам әдісімен боялған жұғындыда қызыл түсті, шеті тұйықталған орама пішіндегі таяқша байқалады. Микроб морфологиясын анықтау және Грам әдісімен бояудың оған қатысы.
6. Грам әдісімен боялған жұғындыда «жүзім шоғыры» тәрізді күлгін коктар байқалады. Микроб морфологиясын анықтау және Грам әдісіне қатысу.
7. Романовский-Гимзе әдісімен боялған жұғындыда көк-күлгін иірілген ірі біркелкі емес оралымдармен микроағзалар көрінеді. Бұл қандай микроорганизмдер?
8.Романовский-Гимзе әдісімен боялған жұғындыда бірнеше оралымдармен, латын «S» әрпі тәрізді қызғылт түске боялған микроорганизмдер көрінеді. Бұл қандай микроорганизмдер?
9. «Жаншылған» тамшы препаратынан, қараңғы жазықты әдіс арқылы бірқалыпты оралымдары бар микроорганизмдер анықталады. Бұл қандай микроорганизмдер?
10. «Жаншылған» тамшы препаратында бөлінген, септірленген мицелиялары бар, олар бір-бірімен айқасып тығыз саңырауқұлақ тобын түзген, одан бір жасушалы кониди тасымалдаушы шығып, аяқ жағы желдеткіш тәрізді ұйыған. Бұл қалталы саңырауқұлақтардың қай түрі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет