7. Бақылау (тесттер, есептер) Жағдайлық есептер: 1. Жұқпалы аурулар жататын бөлiмге 20 жастағы М. атты науқас түстi, мынадай шағыммен дене температурасы 38-39оС ке дейiн көтерiлген, басы ауырып, бұлшық еттерi ауырсынған, тамағы ауырған. Ауру 3 күнге созылады. Бiр апта бұрын көлге шомылып, су жұтып тұншығып қалған. Объективтi түрде: бетi, көздiң шырышты қабаттары қызарған, брадикардия, гипотания. Бауыр және көк бауыр шамалы ұлғайған. Оң жағында катарлы тонзиллит. Оң жақтағы асты лимфа түйiндерi 5см-ге дейiн ұлғайған, шамалы ауырсынады.
Денсаулық сақтау мекемелерiнiң нәтижесi бойынша осы аумақта жыртқыштар арасында туляремияның эпизоогиясын бақылауда.
Алдын-ала қойылған диагноз: Туляремияның ангионозды бубонды түрi?
Зертханалық диагностикада қандай тәсiлдердi қолдану керек?
Бактериялогиялық әдiс арқылы қоздырғыштың таза дақылын табуға мүмкiндiк болмады. Осыны қалай түсiндiруге болады?
0,1мл. Туляриндi терi астына жiберiп 48 сағаттан соң иньекция салған жерде 10 мм дейiнгi инфильтраттың пайда болғанын байқадық.
2. Н. Қаласында мынадай симптомдардың көрініс берген жағдай байқалды: температура, интоксикация, бастың қатты ауруы, розеолезді-петихиальдыбөртпе, бұл аурудың биттегендер арасында көптеп шығып жатқандығы байқалған. Науқастың қанын 2 антигенмен (Провачека және риккетсии Музера) КБР жасағанда – Провачека риккетсиимен нәтиже оң болып шықты. Аурудың қаны мен теңіз шошқасының еркегін залалдағанда лихорадка байқалған. Лабораториялық және клиникалық диагнозды қойып, емдеудің жобасын жасаңдар. Педикулездің таралмауы үшін профилактикалық қандай шаралар жасалынуы керек?
3. Мал шаруашылығында қызбаның белгісіз этиологиясымен ауру тіркелді. Кейінен осы жануарларға қарайтын жұмысшылардың арасында өкпенің зақымдалуымен тұмау тәрізді жүретін ауру дамыды. Жұмысшылар мен жануарлардың қанын биологиялық әдіспен және тауық эмбрионында зертханалық зерттеу барысында Бернет риккетсиясы анықталды.