Ж. №1 басылым беттің


Қолданбалы бағдарламалық құралдар



бет10/11
Дата05.06.2017
өлшемі2,18 Mb.
#17855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қолданбалы бағдарламалық құралдар. Мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасауға арналған қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру қатарына – мәтіндік редакторлармен мәтіндік процессорлар жатады.

Мәтіндік редактор – мәтіндік файлдарды құру және өзгерту үшін, сонымен қатар, оларды экранда қарау, баспаға шығару, мәтіннің кесінділерін іздеу және т.б. арналған компьютерлік бағдарлама. Оған Windows жүйесінің стандартты қосымшасына кіретін «Блокнот» және Word Pad қарапайым мәтіндік редакторларын жатқызуға болады.

Мәтіндік процессорлар – бұл, графиктерді, формулаларды, кестелерді және көптеген басқа объектілерді енгізу мүмкіндігі бар, мәтінді пішімдеу қызметтері кеңейтілген редакторлар.

Мұндай редакторларды мәтіндік процессорлар деп жиі атайды, олар, жеке хаттардан бастап ресми қағаздарға дейін, неше түрлі құжаттарды құру, жасау үшін арналған. Қазіргі кездегі ең кең тараған мәтіндік процессорлардың бірі Microsoft Word болып табылады.

Microsoft Word – Windows операциялық жүйесіне үйлестірілген, әртүрлі мәтіндік құжаттарды теру, түзету, графикалық объектілерді (суреттер, графиктер, формулалар, т.б.) қою, жөндеу мүмкіндігі мол, графикалық-объектілі, көп терезелі редакторлық процессор.

Word редакторының өте кең баспагерлік, типографиялық мүмкіндіктері, пайдаланушының жұмысын мамандандыруға ынталандырады. Оқушылардың ең бірінші игеретін қолданбалы бағдарламасының типі – мәтіндік редактор.

Орындауға жіберілген мәтіндік редактормен қоса, компьютерді мәтіндік ақпаратпен жұмыс жасайтын мамандырылған орындаушы деп айтуға болады:

Бұл орындаушы адамның (пайдаланушының) басқаруымен жұмыс жасайды. Бұл жүйемен жұмыс жасау барысында, адамның орындайтын барлық әрекеттерін (символды енгізу, символды жою, үзіндіні буферге жіберу, мәтінді файлда сақтау және т.б.) орындаушының басқару бұйрықтары деп қарастырылады.

Сондықтан мәтіндік редакторды оқыту (басқа да ақпараттық технологиялардың қосымша құралдарын оқыту сияқты) әрбір орындаушыға тән дәстүрлі әдістемелік схемамен жүргізіледі:

-деректер: мәтіннің құрылымды бірліктері;

-МР ортасы;

-МР жұмыс режімдері;

-бұйрықтар жүйесі.

МР ортасы. Сабақта нақты қандай мәтіндік редактор қарастырылмасын, оның бас терезесінің интерфейсі мына бес негізгі аймақтан тұратынына оқушылардың назарын аудару қажет:

-тақырып жолы – стандартты жүйелік: «Свернуть» (жинау), «Развернуть» (жазу), «Закрыть» (жабу) батырмаларынан тұрады;

-мәзір жолы мәзірдің негізгі бұйрықтарынан тұрады. Барлық бұйрықтар иерархиялық болып келеді, яғни бұйрықтардың біреуі таңдалғанда, экранға оған бағынышты бұйрықтар тізімі төменге жазылып шығады. Сонымен қатар, көптеген амалдарды тездету үшін, мәнмәтіндік мәзір (орысш. – контекстное меню) қолданылады. Мәнмәтіндік мәзірді шақыру үшін объектіні белгілеп, тінтуірдің оң батырмасы немесе Shift+F10 пернелер тіркесі басылады. Мәнмәтіндік мәзірмен жұмыс жасау оқушылардың тұрақты дағдысына айналуға тиіс.

-басқару тақталары – бұйрықтарды тез орындау үшін біздің қолдануымызға ыңғайлы құралдарын ұсынады. Керек тақтаны экранға қою үшін: Вид -- Панели инструментов шыққан тізімнің ішінен керегін таңдап, мысалы, «Таблицы и границы» қасына қанатша қойса болғаны. Әдетте, экранда жиі қолданылатын «Стандартная», «Форматирование», «Рисование» тақталары тұрады.

-терезенің жұмыс өрісі – мәтін бейнеленетін экрандағы бос орын. Онда бір немесе бірнеше мәтіндік құжаттар ашық тұруы мүмкін. «Окно» бұйрығы арқылы құжаттан - құжатқа ауысуға

болады.

-жағдай жолы терезенің төменгі жағында орналасқан. Жағдай жолының сол жағында ағымды құжаттың жағдайы: ағымды беттің және бөлімнің нөмірлері; құжаттың басынан ағымды бетке дейінгі бет саны және беттердің жалпы саны; беттің жоғарғы шетінен меңзерге дейінгі қашықтық және жол саны сол жақ өрістен, меңзерге дейінгі символдар саны бейнеленеді. Сонымен қатар, жағдай жолында тап осы сәтте мәтіндік редактордың қай режімде екенін хабарлайтын индикаторлар бар.

Жұмыс режімдері. Мәтіндік редактордың, айқын бір жұмыс түрін орындауға бағытталып, нақты белгіленген жағдайын – оның режімі деп түсініледі.

Құжатты жасау режімі. Құжатты жасау үшін мына амалдарды орындау қажет:

1. Мәтінді енгізу.

2. Мәтінді редакциялау.

3. Символдарды пішімдеу.

4. Абзацтарды пішімдеу.

5. Иллюстрацияларды енгізу.

6. Колонтитулдарды енгізу.

7. Беттерді пішімдеу.

8. Сілтеме1 (орысш. – сноска) енгізу;

Мәтіндік Word процессорында жаңа құжатты жасаудың мына әдістері қолданылады: жаңа бетті ашып құжатты теру, дайын шаблон бойынша жасау, бар құжаттың негізінде жасау.

Жаңа құжатты жасау (таза беттерді «алу») – Файл  Создать  Новый документ  ОК. Немесе саймандар тақтасындағы «Создать» батырмасы шертіледі.

Жаңа құжатты дайын үлгі (шаблон) бойынша жасау – Файл  Создать  (На моем компьютере, На моих Web-узлах, Шаблоны Office Online), құжаттың типін таңдау (Письма и факсы, Записки, Другие документы, Web-страницы), таңдалған типтен нақты құжаттың атауын шерту, мысалы, Изысканное письмо немесе Современное резюме. Мұндай құжатта ұсынылған қасиеттер бойынша деректерді енгізсе болғаны.

Бар құжатты (файлды) шақыру (ашу) – Файл  Открыть, дискілерде, қапшықтарда тұрған керек файлды тауып, оның атауын екі рет сырт еткізу. Немесе тақтадағы «Открыть» батырмасын шертіп Открытие файла терезесінен  ... .керек қапшықтан файлды табу Мәтінді енгізу. МР енгізу режімін жағдай жолы анықтайды. Мәтін алфавитті-цифрлық пернелер көмегімен енгізіледі. Үлкен әріпті енгізу үшін SHIFT пернесі қолданылады. Үлкен әріптердің ұзын тізбегін енгізу CAPSLOCK пернесімен пернетақтанің режімін ауыстыру арқылы жүзеге асады. Мәтінді енгізгенде мына ережелерді ұстану қажет:

-қазіргі мәтіндік редакторлардың бәрінде, мәтінді теру барысында жаңа жолға өту автоматты түрде жүреді;

-абзацтың аяғы Enter пернесін басу арқылы белгіленеді;

-тыныс белгілерінен кейін міндетті түрде бос орын қажет; алдында бос орын терілмейді. Арнайы тыныс белгілері пернелердің мына комбинациясы арқылы жүзеге асады (6.1-кесте):

6.1-кесте

Белгілер

Перне немесе пернелер комбинациясы

Сызықша (дефис)

<->

Үзіліссіз сызықша

+ + <дефис>

Тире

< Alt > + 0150

Үзіліссіз бос орын

+ + <пробел>

©

< Alt > + 0169

Меңзер (сілтеуіш) ұғымы. Мәтінді енгізу жыпылықтаған меңзер деп аталатын, тік сызық –тұрған жерден басталады. Меңзерді тінтуірдің меңзерімен шатыстыруға болмайды. Оқушылардың назарын осыған аудару қажет. Тінтуірдің меңзері – ол басқарудың белсенді элементі, ал меңзер құжаттың аймағынан шықпайтын тек маркер ғана.

Әрекеттерді кері қайтару және күшін жою құралдары. Мәтіндік редакторда мәтінді енгізу, редакциялау және пішімдеу амалдарының бәрі хаттамаланып жатады, сондықтан соңғы әрекеттердің қажет санын кері қайтаруға болады. Ол үшін «Стандартная» тақтасындағы дөңгелек тілді «Отменить» батырмасы шертіледі немесе CTRL+Z пернелер комбинациясы қолданылады.

Мәтінді редакциялау. Редакциялау – бар құжатқа қандайда бір өзгерістерді енгізу. MS Word редакторы құжаттарды редакциялау құралдарының жиынын кеңінен ұсынады.

Тікелей редакциялау құралдарына көшпес бұрын MS Word редакторының ортасында құжатпен жұмыс жасау режімдерін қарастырып кетейік.

Экранда құжатты ұсыну құралдары. MS Word редакторында құжатпен жұмыс жасау, экранда ұсынудың мына режімдердің біреуінде жүреді:

-«Обычный» режімі.

-«Разметка страницы» режімі.

-«Структура» режімі.

-«Схема документа» режімі.

-«Web-документ» режімі.

-«Во весь экран» режімі.

-«Предварительный просмотр» режімі.

«Обычный» режімі – құжатпен жұмыс жасаудың жылдамдығын қамтамасыз етеді. Әйтсе де, бұл режімде элементтердің көбіне қол жеткізу қиындап қалады.

«Разметка страницы» режімі – пайдаланушыға ең ыңғайлысы, себебі мәтіннің терезедегі пішімі, қағазға дәл сондай пішімде шығарылады.

««Структура» режімі – құжаттың құрылымын жасауға ыңғайлы құралдарды ұсынады.

«Схема документа» режімі – арнайы құжатты экраннан оқуға арналған. Бет екіге бөлінеді: құжаттың схемасына және мәтінге. Үлкен құжаттың ішінен керек бөлімді іздеуге ыңғайлы.

«Web-документ» режімі – Интернет құжаттарын дайындауға арналған.

«Во весь экран» және «Предварительный просмотр» режімдері әдетте, құжатты редакциялауда қолданылмайды.

Мәтінді редакциялау кезінде – мәтінді ерекшелеу, түзеу, құжаттың үзінділерін көшірмелеу, орнын ауыстыру, әртүрлі символдарды, суреттерді, т.б. объектілерді енгізу әрекеттері орындалады. Осы әрекеттер мәзір жолында орналасқан: Правка, Вставка бұйрықтарына бағынышты опциялар арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы, мәтіндегі бір сөзді басқа сөзге ауыстыру үшін мына әрекеттер тізбегі орындалады: Правка  Заменить  шыққан диалогтық терезенің «Найти» жолында ауыстырылатын, «Заменить на» жолында соны ауыстыратын сөздерді теріп, (мысалы руб сөзін тенге сөзіне)  Найти далее  Заменить. Немесе мына жылдам пернелер тізбегі қолданылады:



Ctrl + f немесе а (орысша)

Табу (Найти)

Ctrl + h или р (орысша)

Ауыстыру (Заменить)

Shift + F7

Синонимдер

F7

Жазу ережесі (Правописание


Мәтінді форматтау (пішімдеу). Бұл режім мәтінді керекті түрде құрастыруға мүмкіндік береді. Мәтін элементтерін пішімдеуге арналған батырмалар, шрифтердің түрін, өлшемін таңдайтын, мәтінді туралау және т.б. қажет құралдар МР форматтау саймандар тақтасында орналасады. Мәтіндегі символдарды, абзацтарды пішімдеу, тізім жасау, әріптердің регистірін (кіші/үлкен), мәтінде бағамдар (колонки) жасау, т.б. амалдарды – «Формат» бұйрығына бағынышты – Шрифт, Абзац, Список, Колонки, Регистр, т.б. бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

Символдарды пішімдеуге – шрифттің әртүрлі параметрлерін, символдар арасындағы интервалдарды, жоғарғы және төменгі индекстерді қою жатады. Шрифттің параметрлеріне – шрифттің типі және өлшемі, кескіні, түсі, арнайы эффектілері жатады.

Абзацтарды пішімдеуді қарастырғанда оқушылармен мына ұғымдарды талдап алу қажет:

- шегініс (жол басындағы бос жер) – беттің сол жақ өрісінен абзацтың мәтініне дейінгі қашықтық, әдетте 1,25 см қойылады;

- мәтінді туралау – жолдағы мәтінді туралау;

- табуляция – әр абзацтың бірінші жолының басында, белгіленген шегініс жасау үшін қолданылады;

- жоларалық интервал – абзац жолдарының арасындағы қашықтықты қоюға мүмкіндік береді; абзацтардың арасында да қашықтықты қоюға болады.

Мысалы: Форматтау тәртібі: қажет абзацтарды ерекшелеу  Формат  Абзац  «Абзац» терезесінде мына параметрлер: выравнивание: по ширине, отступ-1,25, слева-0, справа -0, междустрочный: одинарный – қойылады.



Анықтама алу режімі. Бұл режімге, мәзір жолындағы «Справка» бұйрығы арқылы ауысқанда экранда қосымша анықтама алу терезесі ашылады. Мысалы, MS Word 2010 мәтіндік процессорында ?– белгісімен бейнеленген батырманы шерткенде, «Справка Word» анықтама алу терезесі шығарылады. Қазіргі Word тектес мәтіндік редакторлары, Интернет арқылы Office.com сайтымен байланысу мүмкіндігі бар, қуатты анықтамалық қамтамасыз ету жүйесімен жабдықталады. Көптеген танымал бағдарламаларға ұқсас MS Word мәтіндік редакторының мәнмәтіндік-тәуелді анықтамалық жүйесі бар.

Орфографиялық тексеру режімі. Бұл режімде жұмыс жасау үшін сөздіктер қорының болуы қажет. Орфографиялық тексеру режімін редакциялау режімімен сәйкестіруге болады. Орфографиялық (лексикалық) тексеру – емле ережесін (орысш. – правописание) автоматты түрде тексеру. Ол үшін магниттік дискіде (винчестерде) орфографиялық сөздіктің файлы сақтаулы тұрады. Және де әртүрлі тілдегі мәтіндерді тексеру үшін ондай сөздіктердің бірнешеуі болуы мүмкін, мысалы, орысша немесе ағылшын сөздіктері. Сонымен қатар, мәтіндік редактормен жұмыс жасау анықтамасы да магниттік дискіде тұрақты сақталып тұрады.

Файлдармен жұмыс жасау режімі. Жедел жадының жұмыс аймағында қалыптасқан мәтінді сақтағанда магниттік дискіде (винчестерде) құжаттың файлы пайда болады. Пайдаланушыға дискіде файлдың сақталатын орынын (дискінің атын, каталогты) нұсқауға мүмкіндік беріледі.

Файлдармен жұмыс жасау режіміне ауысу – <Файл> бұйрығымен орындалады. Пайдаланушы оған бағынышты мына бұйрықтардың бірін: <Создать>, <Сохранить>, <Открыть>, <Печать> – қажеттілікке байланысты таңдайды.

Жасалған құжатты бірінші рет сақтау үшін – Файл  Сохранить как  құжатты сақтайтын қапшықты (директорияны) таңдау және Имя файла жолында құжаттың атауын теріп «Сохранить» батырмасы басылады.

Файлдарға атау бергенде, оқушылар міндетті түрде мына ережелерді қолданулары қажет:

-MS Word мәтіндік редакторында файл атауының ұзындығы 255 символға дейін болуы мүмкін;

-латын және орыс алфавитінің үлкен және кіші әріптерін (А — Z, a — z, A — Я, а — я), цифрларды (0 — 9) және де арнайы символдарды қолдануға болады;

-қолдануға болмайтын символдар: жұлдызша (*), қос нүкте

(:), нүктелі үтір (;), сұрақ белгісі (?), көлбеу сызық символдары ( / немесе \ ), бөлу символы ( | ), үлкен ( > ) және кіші ( < ), тырнақша ("), және қазақ алфавитіне тән – І, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Ө, і, ң, ғ, ү, ұ, ө, әріптерін.

-Арнайы символдардың арасынан келесілерді қолдануға болады: !, @, #, $, % ,,&,(, ), _, -, { и }. Нүктені файлдың атымен оның кеңейтімінің арасындағы шекара ретінде ғана қолдануға болады.

Баспа режімі. Бұл режімде мәтін қағазға басылып шығарылды. Оқушыларға принтермен жұмыс жасау кезінде принтердің өзінің кішігірім буферлік жадысы бар екенін ескерте кету керек. Құжатты баспаға жібергенде алдымен принтердің буфері толтырылады, одан соң мәтін буферден қағазға жіберіледі. МР көмегімен принтердің жұмысы басқарылады: – басылатын беттердің диапазоны, көшірме саны, қағаздың бір бетіне мәтіннің екі бетін басу, кітап немесе альбом бағытына бейімдеу, т.б. параметрлерді қоюға болады.

Мәтіндік редакторлар файлға стандартты кеңейтулерді меншіктейді. Бұл Windows жүйесінің қосымшаларының бәріне тән. Мысалы, MS Word редакторында файлдар .DOC кеңейтімімен сақталады. Дискіде сақталған құжаттың мәтіні оның атын нұсқау арқылы ОТКРЫТЬ бұйрығының орындалуы бойынша қайтадан редактордың жұмыс аймағына шақырылады.

Сонымен, пайдаланушы МР мен жұмыс жасағанда мына негізгі файлдық амалдарды орындау мүмкіндігі бар:

- жаңа файлды жасау;

- мәтінді файлда сақтау;

- файлдан мәтінді жедел жадыға жүктеу

- файлды қағазға басып шығару.

МР бұйрықтар жүйесін – жұмыс режімдеріне байланысты мына топтарға бөлуге болады:

-интерфейс бұйрықтары – мәзірге кіру және шығу, оның ішінен қажет пунктті таңдау;

-МР жағдайын өзгерту бұйрықтары – редакциялау режімінде шрифтті, төменгі/жоғарғы регистрді таңдауға, енгізу/ауыстыру режіміне ауысуға және т.б. мүмкіндік беретін бұйрықтар;

-мәтін бойы жылжу бұйрықтары – екі топқа бөлінеді: қадаммен жылжу (оңға, солға, жоғары, төмен стрелкалары); мәтін бойы тез жылжу (жолдың басына/аяғына, мәтіннің басына/аяғына, беттерді парақтау және т.б.);

-символдарды редакциялау бұйрықтары – символды енгізу/жою, кіші әріпті үлкенге ауыстыру және т.б.;

-үлгі бойынша іздеу бұйрықтары – нұсқалған символдар

жиынынан тұратын (әріп, сөз, фраза) мәтіндегі орынды табу үшін қолданылады;

-буферге көшіру, буферден алу бүйрықтары;

-МР режімдерінің аясында қолданылатын жалпы бұйрықтар.

Компьютерде практикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар

Мәтінді енгізу және редакциялау дағдыларын қалыптастыру, кез келген интерактивті режімде, қамсыздандыру бағдарламаларымен кәсіптік жұмыс жасаудың негізі болып табылады. Ең алдымен, оқушылар редакциялаудың негізгі стандарттық әдістерін игерулері қажет.

Редакциялаудың негізгі стандарты – символдарды енгізудің барлық нұсқасына бірдей орындалатын редакциялауды операциялар жиыны. Оған мыналар жатады:

1. Мәтін бойы жылжыту пернелері: [], [], [],[ ], [Home], [End], [PageUp], [PageDown].

2. Символды жою пернелері: [Backspace], [Del].

3. Символды ендіру/ауыстыру режімінің пернесі: [Insert].

4. Жолдарды үзу/біріктіру үшін [Enter] пернесі; бірінші біріктірілетін жолдың аяғы болса – [Del], екінші жолдың басы болса – [Backspace] пернелері қолданылады.

Мәтін бойы жылжу. Жылдам пернелер. Мәтінді енгізу, жыпылықтаған тік сызық – маркер тұрған жерден басталады. Жаңа жолға өту, алдыңғы жол толған кезде автоматты түрде жүреді. Енгізу үшін, керек символға тура жету үшін – оның алдында тінтуір шеріледі немесе мәтін бойы жылжыту пернелер тобы пайдаланылады. Меңзерді құжаттың аймағында жылжыту үшін мына пернелер тіркесі қолданылады:

Home

ағымды жолдың басына

End

ағымды жолдың соңына

Ctrl + 

бір абзац алға

Ctrl + 

бір абзац артқа

Ctrl + 

бір сөз алға

Ctrl + 

бір сөз артқа

Ctrl + Home

құжаттың басына

Ctrl + End

құжаттың соңына

Page Up

экран бойы жоғары

Page Down

экран бойы төмен

үрдісінде оқушылардың алдын қойылатын педагогикалық мақсаттардың тізбегі мұғалімге айқын болуға тиіс.

«Мәтінмен жұмыс жасау ақпараттық технологиялары» тақырыбының аясында аталған мақсаттар мына оқыту тізімімен ұсынылуы мүмкін:

-МР табу және жіберу; анықтама алу;

-қазақша/орысша мәтінді теру; жоғарғы/төменгі регистрге ауысу (кіші, үлкен әріп); тыныс белгілері;

-редакциялаудың қарапайым әдістері: Del, Backspace пернелері; енгізу және ауыстыру режімдері;

-мәтінмен файлды ашу; мәтінді қарау, мәтін бойы жылжу әдістері;

-берілген мәтінді редакциялау: қателерді іздеу және түзету; жолды үзу, жолдарды қосу;

-дискіге құжатты сақтау;

-құжаттың пішімін қою: өрістердің өлшемі, жоларалық және абзацаралық интервалдар, абзацтық шегініс, жолдарды туралау;

-ұзінділермен жұмыс: абзацтарды және үзінділерді ерекшелеу, алмасу буфері арқылы орнын ауыстыру, көшіру; абзацтарды пішімдеу;

-шрифттермен жұмыс жасау: шрифттің типін, өлшемін, кескінін, ерекшеленген үзіндінің шрифтін өзгерту;

-колонтитулды және иллюстацияларды енгізу;

-іздеу және ауыстыру;

-

көп терезелік режімде жұмыс жасау: бірнеше құжатпен жұмыс жасау, әртүрлі құжаттардың арасында үзінділердің ауысуы;



-кестелерді құру және редакциялау;

-гиперсілтемелерді құру және қалыптастыру.


Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау технологиясы
Қарастырылатын сұрақтар:

-компьютерлік графиканы қолдану аймағы;

-қолданбалы бағдарламалық құралдар;

-графикалық редактордың (ГР) ортасы;

-ГР жұмыс режимдері;

-ГР-мен жұмыс жасау бұйрықтары;

-графикалық редактордың өндейтін деректері.
Компьютерлік графиканы қолдану аймағы. Компьютерлік графиканы қолдану қосымшаларына: ғылыми, іскерлік, конструкторлық, көрнекілік (иллюстрациялық), көркем және жарнамалық графика жатады.

Компьютерлік графикалық технологиялар мына негізгі салаларда қолданылады:

-пайдаланушының графикалық интерфейсі;

-арнайы әсерлер (орысш. – спецэффекты), көзбен шолу әсерлері (орысш. – визуальные эффекты, VFX), цифрлы кинематография;

-цифрлы теледидар, дүниежүзілік тор, бейнеконференция;

-цифрлы фотография және фотографияларды өңдеу мүмкіндіктерінің өсуі;

-цифрлы суреттер;

-ғылыми және іскерлік деректерді гафика түрінде көрсету;

-компьютерлік ойындар, виртуалдық шындық жүйелері (мысалы, ұшақты басқарудың жаттығу құрылғысы);

-автоматтандырылған жобалау жүйелері;

-компьютерлік томография;

-кино және теледидар үшін компьютерлік графика;

-лазер графикасы.

Компьютерлік графика — бұл оқушылардың нақтылы көзбен көруін қажет ететін ақпараттық технологиялар аймағы. Сондықтан компьютерде компьютерлік графиканың әртүрлі өнімдерін: бояулы суреттер, схемалар, сызбалар, диаграммалар, анимациялық және үш өлшемді графика үлгілерін көрсету өте маңызды.

Сонымен қатар, балалар жақсы көретін компьютерлік ойындарында – күрделі графикалық интерфейстер болатынына оқушылардың назарын аударған жөн. Компьютерде үш өлшемді шындық бейнені шығараруға арналған бағдарламада, математикалық есептеулер көп болады. Графиканы бағдарламалау – қазіргі заманғы бағдарламалаудың ең күрделі аймағының бірі болып табылады.

Қолданбалы графикалық пакеттердің болуы, пайдаланушылардың қалың тобына компьютерлік графиканы қолдану мүмкіндіктерін кеңейткенін айта кету қажет.

Базалық курстың бұл бөлімінің теориялық мазмұнына, компьютердің жадында бейнені ұсыну жатады. Бұл сұрақтарды оқыту әдістемесі осы құралдың 6.4.1-бөлімінде талқыланды. Компьютерлік графиканың аппараттық құралдарын оқыту қарастырылды.

Қолданбалы бағдарламалық құралдар. Графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген қолданбалы бағдарламалар бар. Компьютерлік графиканың әр саласына арналған өз бағдарламасы болады. Мысалы, ғылыми деректерді өңдеу үшін Graher бағдарламасы қолданылады; инженер-конструкторлар сызбаларды дайындау үшін AutoCad пакетін пайдаланады, т.с.с.

Қандай болса да мамандандырылған бағыты жоқ, «ерікті сурет салуға» немесе сканірленген бейнелерді редакциялаға арналған қолданбалы бағдарламаларға «графикалық редактор» деген атау қолданылады. Графикалық ақпаратты ұсынудың екі – растрлық және векторлық принципіне сәйкес графикалық редакторлар – растрлық және векторлық деп бөлінеді.

Растрлық графика – бейнені пиксельдердің (нүктелердің) матрицасы түрінде ұсынады.

Растрлық графикалық редакторлар көбіне фотосуреттерді өңдеу, ретушь жасау үшін фотосуреттерге ұқсас иллюстрацияларды және графикалық планшеттің көмегімен қолмен сурет салуға ыңғайлы.

Қарапайым растрлық редакторлар қатарына PaintBrush және Paint жатады (екіншісі біріншінің даму нәтижесінде пайда болды).

Растрлық Adobe Photoshop редакторын кәсіби дизайнерлер қолданады. Оны көбінесе сканірленген бейнелерді (фотосуреттерді, суреттердің репродукцияларын) редакциялау, коллаж, көркемөнер композицияларды және т.б. жасау үшін пайдаланылады.

Векторлық графика – геометриялық қарапайымдарды: сызықтарды, көпбұрыштарды, шеңберлерді және эллипстерді, Безье қисықтарын пайдаланады. Векторлық графикалық редакторлары пайдаланушыға тікелей компьютер экранында векторлық бейнелерді жасауға және түзетуге, сонымен қатар, оларды әртүрлі векторлық форматта (мысалы: CDR, AI, EPS, WMF немесе SVG) сақтауға мүмкіндік береді.

Microsoft Windows операциялық жүйесіне бағыталған ең белгілі графикалық редакторлар: Corel Draw, Adobe Illustrator, Macromedia Free Hand.

Векторлық редакторлар беттерге белгі қоюды жасауға, типографиялық бейнелерді, логотиптерді, sharp-edged artistic иллюстацияларын (мысалы, мультипликация, clip art, күрделі геометриялық шаблондар), техникалық иллюстрациялар, диаграммаларды жасауға және блок-схемаларды құруға ыңғайлы.

Компьютерде кәсіптік сурет салу үшін де векторлық типті редакторлар қолданылады. Олардың ішіндегі ең белгілісі ол CorelDraw редакторы. Оның кәсіптік мүмкіндіктері өте мол, сонымен қатар, балалардың көркемөнер шығармашылығы үшін де қолдануға болатын кәсіби редактор.

Оқу мақсатына жету үшін, информатика сабақтарында Paint сияқты редакторларды қолдану жеткілікті. Растрлық редактор оқушыларға суреттің дискреттік (пиксельдік) құрылымын көрнекі көрсетуге, әрбір жеке элементінің масштабтын ұлғайтып, суретті анығырақ етіп салуға мүмкіндік береді.

Тағыда бір пайдалы оқыту элементі – түстерді араластыру тәртібін көрсету мүмкіндігі. Ол үшін Paint редакторының бас мәзірінде мына пункттер таңдалады: Палитра  Изменить палитру  Определить цвет. Шыққан «Изменение палитры» терезесі түстермен эксперимент жасаудың тамаша құралы болып табылады. Пайдаланушы түстің реңін (орысш. – оттенки), қарама-қарсылы (орысш. – контрастность), ашықтығын (орысш. – яркость) өзгертуіне, пайда болған түстің құрамын (қызыл-жасыл-көк – ҚЖК, орысш. – КЗС) байқауға болады. Пайдаланушы өзінің жасаған түсін, редактордың палитра тақтасына енгізіп қоюына болады.

Растрлық сурет салу принципі – суреттің әр жеке пикселін бояу. Растрлық редакторларға тән жағдай – онда қылқалам, қарындаш, өшіргіш сияқты құралдардың болуы. Бұл құралдар векторлық редакторларда болмайды. Онда сурет салу графикалық қарапайымдармен (сызықтармен, доғалармен, эллипстермен және т.б.) әртүрлі әрекеттер жасау арқылы жүзеге асады. Суреттің бұл элементтерін кез келген уақытта өзертуге: қысуға, созуға, аударуға, орнын ауыстыруға, жоюға болады. Растрлық редакторларда да графикалық қарапайымдар қолданылады. Әйтсе де, олардың қолдануы, қағазда сурет салған кезде сызғышты лекаланы, циркульді т.б. сызба құралдарын қолданғанға ұқсайды. Ондай элементті бір салынған соң өзгертуге болмайды, сондықтан оны тек қана өшіру керек.

Алдындағы бөлімдегі сияқты, графикалық редактормен таныстыруды виртуалды орындаушының әдістемелік схемасы бойынша өткізу қажет.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет