Ж №1 басылым



бет6/15
Дата23.05.2018
өлшемі8,54 Mb.
#40660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




Бұл жаттығуда біз бір сурет көмегімен басқа суретті көруге болатын лупа түріндегі «сиқырлы» құрал жасап көреміз.

Сонымен, кірісейік.

Жаңа флипчарт құрыңыз

Рксурстар көрсеткішінде өзіңізге ұнаған фондық сурет таңдаңыз және оны флипчарт бетіне әкеліп қойыңыз.



Енді ресурстар көрсеткішінен сақина суретін тауып аламыз. Оны Темы – Общие сведения – Одежда и аксессуары – Драгоценности қадамы арқылы табуға болады. Сыйлық суретін Темы – Общие сведения – События бөлімінен табуға болады. Сақина суреті сыйлық суретінен төмен орналасуы керек.

Суретерді флипчарттың көп аумағын алатындай көлемге ұлғайтамыз. Оларды «сыйлық» «сақинаны» толығымен жауып тұратындай бірікіреміз.



Осындай нәтиже шығуы керек:

Жаттығудың мақсаты суретті ұлғайту емес, суреттің арғы жағын көрсету. Осылайша біз лупа көмегімен сыйлықтың ішінде не жатқанын көре аламыз.

Суреттің арғы жағын сиқырлы сия арқылы көреміз. Өткен сабақтан сиқырлы сия тек ең жоғарғы қабатта ғана жұмыс істейтінін, ал кітапханадан алынған суреттер ортаңғы қабатта орналасатынын ұмытпаған шығарсыңдар деп үміттенемін. Демек, біз сурет ортаңғы қабатта тұрған уақытта оның бөлшектерін көре алмаймыз, сондықтан сыйлық суретін жоғарғы қабатқа орналастыруымыз керек. Оны объектілер көрсеткіші арқылы оны жоғары қабатқа өткізу арқылы іске асырыңдар. Сырт көзге ештеме өзмеді, алайда суреттер әр түрлі қабаттарда орналақан.

Суреттердің орындары абайсызда ауысып кетпес үшін оларды құлыптап қоямыз. Асытңғы суретке қолжетімді болу үшін жоғарғы суретті біраз қозғап, астыңғы суретке тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы контесті менюді шақырамыз. Заблокирован командасын орындаймыз.



Суреттерді қайтадан біріктіріп, жоғарғы суретті құлыптаймыз.



Дайындық жұмыстары аяқталды. Енді сияқырлы лупаны жасауға кірісейік.

Сиқырлы сия құралын таңдап, жоғарғы суреттің біраз бөлігін сртіп тастаймыз. Сүртілген жерге шеңбер формасын беруге тырысыңыз:

Ашық жерден астыңғы сурет көрініп тұрғанын бйқаймыз.

Егер сіз енді еркін таңдау құралының көмегімен бұл ашық жерді жылжытсаңыз, асытңғы суреттің түрлі бөліктерін көре аласыз.

Осымен тоқтауға болады, әрине, бірақ бізде екі кемшілік бар. Біріншіден, ашық жердің шеттері тегіс емес, сондықтан ұқыпсыз көрінеді. Екіншіден, оны суреттен тыс жерге апарсаңыз ол жоғалып кетеді. Яғни ол бірақ жоғалып кетпейді, тек фон түсімен араласып кетеді де сіз оны қайта таба алмай қаласыз

Сондықтан біз бұл ашық жерге оны лупаға айналдыратын жиектеме жасаймыз.

Ол үшін Фигура құралын қолданамыз. Сиқырлы сияның комегімен алынған ашық жердің айналасына шеңбер сызу керек. Іші боялмаған шеңбек сыщу үшін құюдың түссіз түрін таңдаймыз. Оны істеу үшін түстер панелінен сызылған ақ түсті шаршыға ұқсас фигураны таңдауымыз керек. Жиектің қызыл түсін таңдап, жүгіртпе көмегімен қауырсын жуандығын 20 пиксельге жуык кылып таңдаймыз.

Шеңберді тесіктің жоғарғы жағына салуға тырыссаңыз одан түк шықпайды, өйткені біз сыйлықты жоғарғы деңгейге көтердік, ал фигура ортаңғы деңгейде тұр. Оны «сыйлықтың» жанынан салыңыз. Фигураның көлемін кейінірек тесіктің өлшеміне қарай келтіруге болады.

Енді объектілерді шолуды пайдаланып шеңберді жоғарғы деңгейге көтеріңіз. Және де бұл фигура жоғарғы деңгейдегі сиқырлы сиямен салынған объектілерден қарағанда жоғары орналасуы тиіс.


 

Енді Таңдау құралының көмегімен шеңбер мен тесікті, егер қажет болса, фигураның айналасындағы маркерлерді пайдалану арқылы өлшемін өзгерте отырып, біріктіріңіз. Шеңбер шекарасы толығымен және мұқият тесік шеттерінің бұжырларын жабатындай қылып жасауға тырысыңыз.



Ұлғайтқышқа толығымен ұқсас болу үшін ұлғайтқыш тұтқасы жетіспейді. Тұтқаны Фигура құралы арқылы, сызықты таңдап саламыз. Шеңбер сияқты оны да жанына салып, жоғарғы деңгейге көтеріп және ұлғайтқыштың тұтқасына ұқсайтындай етіп шеңбермен біріктіріңіз.



Ұлғайтқыш дайын, бірақ оның барлық бөліктері жеке-жеке объект болып табылады. Олардың барлығын біріктіру , яғни топтасыру қажет.

Ол үшін еркін таңдау құралын пайдалана отырып барлық бөліктерін бір уақытта таңдау мақсатында, ұлғайтқыш айналасына тіктөртбұрыш сызамыз. Суреттерді біз алдын-ала құлыптағандықтан, олар еш кедергі келтірмейді. Егер де ұлғайтқышты таңдау барысында суретіңіз жылжып кетсе, сіз оны құлыптамаған боларсыз. Бұл жағдайда суретті құлыптаңыз.

Сонымен, ұлғайтқыштың барлық бөліктерін бірден таңдадыңыз. Оны топтастыру үшін манипуляторлар панеліндегі Топтастыру маркерін шертіңіз.



 

Объектіден белгілеуді алу үшін шет жаққа шертіңіз.

Енді сіз еркін таңдау құралы арқылы ұлғайтқышты кез келген бағытта еркін қозғалта және көшіре аласыз.

Біз жиі қажет болатын өте пайдалы және қызықты құрал жасадық. Бірақ ұлғайтқышты әр түрлі флипчарттарда қайтадан жасап отыру көп жұмысты талап ететіндіктен, оны ресурстық кітапханада сақтап қоямыз.

Ол үшін ресурстарды шолу батырмасын шертеміз.

«Мои ресурсы» батырмасын шертеміз.



«Мои ресурсы» папкасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, менюдегі Создать папку командасын орындау қажет.

Мысалға, оны Құралдар деп атаңыз. Енді ұлғайтқышты апарар кезде шолу терезесі экраннан жоғалып кетпес үшін, оны бекіту керек. Ол үшін ресурстарды шолу терезесінің тақырыпшасындағы батырмасын шертеміз. Құрылған папканы тышқанмен шерту арқылы ашыңыз. Ол әзірге бос. Енді ұлғайтқышты ресурстарды шолу терезесінің эскиздер бөліміне қарай апарамыз.

Ресурс атын «Ұлғайтқыш» деп өзгертеміз. Өзгерту үшін ресурстарды шолу терезесіндегі ұлғайтқыштың эскизіне тышқанның оң жақ батырмасын басып, Переименовать файл ресурсов командасын таңдаймыз. Пайда болған терезеде «Ұлғайтқыш» жаңа атын енгізіңіз.

ОК батырмасын шерткеннен кейін эскиздің астындағы ат өзгереді.



Ресурстық кітапханада сақталған ұлғайтқышты осының алдындағы дурыс жауапты көру үшін сиқырлы сияларды пайдаланған жаттығуға қолданып көріңіз. Ол үшін флипчартты ашып, ресурстық кітапханадан ұлғайтқышты алып, керек флипчарт бетіне апарыңыз. Енді дұрыс жауаптарды сиқырлы сияларды қолданбай-ақ көруге болады!


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет