Ж №1 басылым


Зертханалық жұмыс. Бір объектке арналған контейнерлер



бет9/15
Дата23.05.2018
өлшемі8,54 Mb.
#40660
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

6 Зертханалық жұмыс. Бір объектке арналған контейнерлер.




Контейнерлерді қолдану сіз флипчартыңызға интерактивтіліктің бөлігін қосуға мүмкіндік береді. Контейнерлердің көмегімен жаттығулар құруға болады, олар тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалайды.

Контйнер – бұл белгіленген критерийлерге сай өзінің құрамына бір немесе бірнеше басқа объекттерді қоса алатын объект. Контейнердің құрамына енетін объекттерге контейнер болатын объекттің қасиеттері беріледі.



Осы терезенің опцияларын қарастырайық:

  • Құрамында бола алады – контейнердің жұмыс істеу ережесін қояды:

  • Ештеңе – үнсіз келісім бойынша қойылатын мән – бұл объект контейнер болып табылмайды, демек құрамына өзге объекттерді енгізе алмайды.

  • Қалағанның барлығы – объект-контейнерге көшірілетін кез келген объекттер құрамына енгізіледі.

  • Белгілі бір объект - контейнердің құрамына енгізуге рұқсат етілетін бір объектті білдіреді.

  • Кілттік сөздер – бұл жағдайда контейнер көрсетілген кілттік сөзі бар объекттерді ғана құрамына енгізе алады. Бұл опцияны таңдаған кезде кілттік сөздер Құрамында бола алатын сөздер қасиеттерінде көрсетілуі қажет.

  • Ережені қамтуы мүмкін – контейнерге қосылғаннан кейінгі объекттің іс-әрекетін анықтауға мүмкіндік береді: орталары сәйкес келуі қажет немесе толығымен қамтылуы қажет.

  • Егер қамтымаса, орнына қайтауы – контейнердің құрамына ене алмайтын объекттер үшін қойылады , егер контейнер оларды қабылдамаса, өздерінің алғашқы қалпына келуі үшін. Егер бұл операцияны қоймаса, контейнер объектті қабылдамаса да, объект контейнер орналасқан флипчарт бетінің үстінде қалады және көзге контейнер объектті қабылдағандай болып көрінеді.

  • Сәтті операцияның дыбысы – егер Ақиқат болса, дыбыстық файлды таңдауға мүмкіндік береді, ол контейнерге сәтті қабылданған кезде дыбысталатын болады. Дыбыстық файл Сәтті операция дыбысын орнату қасиетінде көрсетілуі тиіс. Егер Жалған болса, сәтті операция дыбысы өшірулі болады.

Қосу ережелері

  • Ескертпелерден өзге объекттердің барлық типтері контейнер құрамына енгізіле алады.

  • Контейнер құрамына енетін объект жоғары сатыда орналасуы қажет, демек контейнердің үстінде орналасуы қажет.

  • Объект-контейнердің құрамына енетін объекттің көлемі кіші болуы тиіс.

  • Объект өзі контейнер болса да, контейнердің құрамына енгізіле алады.


Мысал құрайық, мұнда бірнеше геометриялық фигураларды фипчартта сәйкес орындарға орналастыру қажет. Егер таңдау дұрыс жасалмаса, фигура бастапқы орнына қайтады.

Сонымен, кірісейік.

Жаңа флипчарт құрыңыз.

Түсін таңдап, беттің фонын бояңыз. Мен сары түсті таңдадым.



Бетің тақырыбын қоюмыз және фигуралардың аты бар бірнеше жазба.



Фигура құралының көмегімен тікбұрыш салайық, ол контейнер болады:



Объект модификаторы панеліндегі Дубликат құралының көмегімен оны тағы үш рет дубликаттаймыз.



Флипчарт бетінің төменгі бөлігіне ресурстар кітапханасынан жазбаларға сәйкес фигураларды аламыз және оларды кездейсоқ орналастырамыз. Фигуралардың көлемі контейнерлерден қарағанда кішірек болуы қажет, яғни ақ тікбұрыштардан.

Дайындық кезеңі анықталды.

Флипчартты сақтаңыз.

Енді контейнерлерді құруға кірісейік.

Біз геометриялық фигураны ақ тікбұрыштың ішіне орналастырмақшымыз. Егер фигура дұрыс орналастырылған болса, тікбұрыш оны қабылдауы қажет. Әйтпесе, ол автоматты түрде кері жылжытылады.

Бұл жағдайда ақ тібұрыштар контейнер болады, себебі геометриялық фигураларды дәл соларға орналастыру қажет.



Объект контейнер болуы үшін, ол өз құрамына енгізетін объекттен төмен орналасуы тиіс. Тексерейік. Ол үшін кез келген фгураны ақ тікбұрыштың үстіне орналастырайық. Біз фигураларды кейінірек орналастырдық, сондықтан тиісінше олар жоғарырақ тұр. Егер сіздің фигураларыңыз ақ тікбұрыштың астында жасырылса, оны контексттік менюдің көмегімен алдыңғы планға ауыстырыңыз.

Бірінші тікбұрышты шертіп, Қасиеттер шолушысын ашыңыз.

Контейнер бөлімін ашыңыз.

Қамтуы мүмкін тізімінен Анықталған объект таңдаймыз. Қасиеттер өрісінде Объектті қамтуы мүмкінбатырмасын шертіңіз және фигураны таңдаңыз – қызыл тікбұрыш, себебі мына контейнерге тек осы ғана енгізілуі тиіс.

Ереже қамтуы мүмкін тізімінде Толығымен қосылған таңдаймыз.

Енді екінші тікбұрышты шертіп, оған да дәл сол әрекекетті орындауға болады, енгізілетін фигура ретінде шаршыны көрсетеміз, үшіншіге – үшбұрыш және төртіншіге – бесбұрыш.



Енді бұрыс енгізілген фигурамен не істеу қажеттігін көрсету керек. Бір геометриялық фигура үшін Қасиеттерді шолушы терезесін ашамыз. Контейнер бөліміндегі Егер қамтымаса,орнына қайту қасиетіне Ақиқатты таңдаймыз.

Қалған үш фигура үшін де қайталаңыз. Жылдамырақ орындау үшін – жай ғана барлық фигураларды бірге ерекшелеп, осы қасиетті бірден барлығы үшін бір-ақ рет орнатамыз.



Енді геометриялық фигуралардан өзге барлығын ерекшелеп, блоктауға болады. Геометриялық фигураларды блоктамаймыз, өйткені олар орынауыстыра алулары қажет

Флипчартты сақтаңыз.

Тексерейік. Үшбұрышты сәкес жазбасы бар тікбұрышқа орналастырып көріңіз. Көріп отырғандай, үшбұрыш тікбұрыштың ішіне орналасты.



Ал енді бесбұрышты «Шаршы» деген жазбасы бар тікбұрышқа орналастырып көріңіз. Көрңп отырғандай, бесбұрыш бұл орынға орналаспай, орнына қайтады!


Тапсырманы орындауды қайталау үшін ең алдымен бетті қалпына келтңру батырмасын шертіңіз.
















7 Зертханалық жұмыс. Бір, екі, үш, төрт, бес...

Қазір біз объекттердің флипчарт бетіндегі қозғалысын шектеудің бірнеше әдісіне мысал қарастырамыз.

Шоттар құрайық. Нақ өзңн, сүйектерімен. Бұл жағдайда бізге сүйектердің қозғалысын шектеу қажет. Біріншіден, олар тек горизонталь бойынша ғана қозғала алады. Екіншіден, сүйектер бір-бірінің үстіне және шекара сыртына шығып кетпеулері тиіс.

Сонымен, кірісейік.

Жаңа флипчарт жасаңыз.

Осы жолы бетті ресурстар кітапханасындағы дайын жобалау үлгілерін пайдалану арқылы жасап көрейік. Ресурстарға шолушыны ашыңыз.



Негізгі ресурстар – Әрекеттер және үлгілер – Үлгілер – Негізгі ақпараттар бөлімін ашыңыздар, суретте көрсетілген бетті таңдап, оны флипчартқа орналастырыңыз.

Енді беттің негізгі бөлігінде шотты құруға кірісейік.



Фигура  құралын қолдана отырып, рамка құрайық:

Енді ол қозғалатын бір тас пен өзегін еңгіземіз. Ол үшін кітапхана ресурстарын қолданамыз.



Барлық тас бірдей формада және бірдей өлшемде болуы керек, бұл үшін объект манипуляторлар тақтасындағы қайталау құрылғысын қолдану арқылы, дайын тасты бірнеше рет қайталап, көшіреміз. Ол үшін тасқа басып, объект манипуляторлар тақтасындағы Дубликат батырмасын 9 рет басамыз, барлығы 10 тас болуы керек:



Енді барлық тасты бір сызық бойымен көлденең орналастыру керек. Барлығын бірақ белгілеп, түзетеміз. Бұл үшін өзегін басып өтпей, барлығын тышқанмен белгілейміз. Бірақ сіз белгілемеңізге басқа фигураның яғни, тас пен өзегінің түскендігін байқайсыз.



Оны белгілеу тобынан шығару үшін клавиатурадан Ctrl батырмасын басып тұрып, өзек бойымен тышқанның сол жақ батырмасын бассаңыз, ол топтан шығарылады.



Енді белгіленген аумақта тышқанның оң жақ батырмасын басамыз . Контексті менюден Преобразовать - Выровнять – Выровнять по верхнему краю командасын орындаймыз, сонда барлық тас бір горизонтальді сызықта орналасады.



Енді тастар тек горизонтальді сызық бойымен қозғалуы үшін, белгілеуді алмай шектеу қоюымыз керек.



Ол үшін тасты белгілеп Обозревать свойств  ашамыз. Свойства и действия терезесінің Ограничители бөлімінің Можно перемещать тізімінен Горизонтально таңдаймыз. Тастар бірінің үстіне бірі шығып кететіндіктен бұнымен шектелмейміз. Бұндай жағдай болмас үшін Можно блокировать қасиетінен Истина анықтамасын таңдаймыз.

Енді барлық тас горизонтальді бағытта ғана қозғала алады. Олардың орынын ауыстырып көріңіз. Бірақ бір кемшілігі, олар қазір шегінен шығуы мүмкін. Бұл кемшілікті жою үшін вертикальді тіреуге басқа объекттерді бұғаттау мүмкіндігін беруге болады.



Оны орындау үшін Редактор свойств қолданып, сол жақ вертикальді тіреуге Можно блокировать қасиетін қойып, Ограничитель тобынан Истина командасын таңдаңыз.

Оң жақ шекараға да дәл осылай қайталаймыз.

Тастарды жылжытып көріңіз. Одан біз олардың шекара есебіне шықпағандығын көреміз. Яғни шекара есебіне тиген тастар бұғатталады.

Енді қозғалып кетпес үшін шекара есебін бұғаттаңыз. Ары қарай бір сызық бойымен қозғалған тастарды көреміз. Егер тышқанмен тасты белгілесеңіз, олардың домалақпен бірге қозғалатынын көресіз.



Белгіленген барлық элементтерді топтастырыңыз.

Егер сіз тасты белгіленген сызық бойымен бірге көшіргіңіз келсе, онда бір мәселе туындауы мүмкін. Бірінші сызықтың астынан жаңа сызық бойын орналастыруға болмайды. Себебі тасты төмен немесе жоғары емес, тек горизонталь бойымен ғана қозғауға болады. Бұл шектеуді уақытша жою үшін келесі амалды орындауға болады. Ол үшін флипчарт терезесінің оң жақ бұрышындағы көк тетікшені басып, флипчартты құрастыру режиміне ауыстыру керек. Объектке басып, оң жақ батырмамен Копировать командасын таңдаңыз. Біз объекттер тобын көшірдік. Енді көшірмені қою үшін, беттің кез келген жеріне тышқанның оң жақ батырмасын басып Вставить командасын орындаңыз. Тастар тізбектелген тағы бір сызық пайда болды. Оны керекті орынға ауыстыруыңызға болады. Қанша тас жолдар керек болса, сонша рет қою командасын орындаңыз.

Өзектердің соңын жабу үшін шеңбер есебін алдыңғы орынға қойыңызы.

Флипчартты демонстрациялау режиміне қосыңыз.

Тастың әр тобын топтастыруды алып тастаңыз , әйтпесе барлығы бірдей қозғалады. Біз оларды көшіруге оңай болу үшін топтастырдық.



Горизонтальді сызықтар байқаусызда қозғалып кетпес үшін, оларды бұғаттаңыз. Флипчартты сақтап, нәтижесін көріңіз.


8 Зертханалық жұмыс.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет