3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
Мектептің педагогткалық кеңесі
Педагогикалық кеңес дегеніміз-бір сөзбен айтқанда, тұрақты әрекет үстіндегі педагог қызметкерлердің әріптескен өзін-өзі басқару ұйымы. Ол мектептің оқу-тәрбие жұмысындағы қордаланған мәселелерді қарастыруы үшін өткізіледі. Оның қызметі ҚР «Жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық кеңес туралы ережесімен» айқындалған. Сонымен, ҚР үштен жоғары мұғалімі бар жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық кеңес құрылады.
Педагогикалық кеңестің тұрақты құрамына мектеп мүдірі (төраға),оның орынбасарлары,барлық мұғалімдер, тәрбиешілер,сыныптан тыс және мектепішілік жұмысты ұйымдастырушылар, әлеуметтік педагогтар, кітапханашы, дәрігер, ата-аналар комитетінің жалпы мектептік төрағасы кіреді. Педагогикалық кеңестің кеңейтілген құрамына талқыланатын мәселенің ауанына орай аралас-құраластықтағы мекемелер мен ұйымдардың өкілдері,ЖОО оқытушылары, жалпы мектептік және сыныптық ата-аналар комитетінің мүшелері,балалардың қоғамдық ұйымдарының мүшелері,ата-аналар, оқушылар шақырылады.
Педагогикалық кеңестің төрағасы мектеп мүдірі (кейбір жеке отырыстарда ауыспалы төраға сайлануы да мүмкін) болып табылады. Педагогикалық кеңестің басты мақсаты мен міндеті -мектеп ұжымының күш-жігерін оқу-тәрбие жұмысының деңгейін арттыруға жұмылдыру,іс жүзінде педагогика ғылымының жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірбиелерін мектеп өмірінде қолдану.
Қазіргі отандық және ТМД елдерінде педагогикалық кеңестің мынандай түрлері айқындалған:
оқу-тәрбие үрдісіндегі оқу жоспарын,бағдарламасын,оқулықтарды, формалар мен әдістерді талқылау және таңдап алу әрі оларды жүзеге асыру жолдары;
педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру,олардың шығармашылық бастамаларына дем беру,өздерінің алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін тарату жұмыстарын ұйымдастыру;
оқушылардың үйірмелерін, студияларын, клубтарын және басқа да бірлестіктерін құрулары туралы; оқушының емтиханға жіберілуі,келесі сыныпқа көшірілуі немесе білім алуы туралы куәлік беру;оқушының мінез-құлқы туралы жылдық бағалау және марапаттаулар мен ескертулер туралы т.б, мәселелерді шешу;
оқушылар,ата-аналар (оларды алмастыратын тұлғалар) пікірін ескере отырып,оқу орнындағы педагогикалық қызметкерлерді санаттауды өткізу;
оқу орнында жемісті еңбек етіп жүрген педагог және басқа қызметкерлерді түрлінше марапаттауға ұсыну;
тәжірибелік-сынақтық жұмыс түрлерін жүргізу;
оқу орнының мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара ынтымақтаса жұмыс істеуінің бағыттарын анықтап алу.
Педагогикалық кеңестің функциясы
Оның іс-әрекетіне берілген сараптамалардың түрі мынандай ой түйіндеуге жетелейді, өйткені,қазіргі заманғы педагогикалық кеңес дегеніміз толық функциялы болып табылады. Оның функциялары төмендегідей топтарға бөлінуі мүмкін,атап айтсақ:басқарушылық, әдістемелік,тәлімдік және әлеуметтік-педагогикалық (1.сурет). Біз санамалап келтіргендердің әрқайсының басымдыққа ие болуы педагогикалық ұжым мен оның басшыларының мақсаттық ұстанымына байланысты болып келеді.
Педагогикалық кеңестің басқарушылық (әкімшілік) функциясына төмендегідей:заң шығарушылық, кеңесушілік,диагностикалық, жоспарлы-болжамдық, сараптау-бақылаушылық сияқты түр ерекшеліктері енеді.
Заң шығарушылық :әр қызметкер міндетті түрде орындауға тиіс (мемлекеттік,облыстық бағдарларламалар мен оқу жоспарларын орындауға қатысты білім беру ұйымдарының ұсынған шешімдерін қабылдап,жаппай сауаттылықты/мыс: компьютерлік т.т./, емтиханға жіберуді,басқа жұмысқа ауыстыруды, марапаттауды,педагогикалық қызметкерлерді санаттауды т.б.) талаптар ашық дауысқа салумен қабылданып,ұжымдық бірауыздылықты танытады.
Кеңесушілік:ұсыныстардың жөнге түсуі мен оқу-тәрбие үрдісінің жағдайы туралы шынайы ақпаратты келеге салу.
Педагогикалық кеңес(функциясы)
|
Басқарушы
лық
|
|
Әдістемелік
|
|
Тәлімдік
|
|
Әлеуметтік-
педагогикалық
|
Заң шығарушы
|
|
Ақпараттық
|
|
Дербестікті
қалыптастыру
шы
|
|
Коммунативтік
|
Кеңесуші
|
|
Жинақтаушы
-
сараптық
|
|
ұйым
түзуші
|
|
Бірік-
тіруші
|
Жинақтаушы-
диагностикалық
|
|
Дамытушы
|
|
Мотивация-
лық-мақсатты
|
|
Ұйыстырушы
|
Жоспарлы-
болжамдық
|
|
Білім беруші
|
|
Дүниетанымдық-
идеологиялық
|
|
Қорғаушы
|
Эксперттік-
бақылаушы
|
|
Белсендіруші
|
|
Тәрбиені
ұйымдастыру
|
1-сурет
Педагогикалық кеңестің функциясы
Қорытынды-диагностикалық: тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу; әлеуметтік, психологиялық және дәрігерлік тексерулер.
Жоспарлы-болжамдық:мектептің даму перспективасын талқылау,ұжымның іс-әрекетін жоспарлау,оқу жоспары мен бағдарламаларын таңдау.
Сараптау-бақылаушылық: түрлі тақырыптағы есеп берулерді тыңдау,педагогтар мен басшылардың атқарған жұмыстарының қорытындысын шығару,мектеп жарғысы негізінде мұғалім мен оқушы тарапынан орындалуға тиісті талаптар және ата-анамен жүргізілген жұмыстар турасындағы түйіндеулер.
Түзетуші: әлеуметтік тапсырыс,әлеуметтік жағдай және мемлекеттік саясаттың өзгеруіне байланысты мектептің жұмыс жоспарына түзетулер мен өзгерістер енгізу.
Педагогикалық кеңестің әдістемелік функциясындағы ақпараттық,қорытынды-талдамалық, дамытушылық,білім берушілік, белсенділік бағыттарын атап айтуға әбден болады.
Ақпараттық бағыт:оқу-тәрбие үрдісінің жағдайы мен оның жетілдірілу жолдары туралы,педагогика ғылымдарының жетістігі мен алдыңғы қатарлы озық тәжірибені насихаттау туралы хабарламалар.
Қорытынды-талдамалық бағыт:білім беруде үлкен тиімділікке ие форма,әдіс және амал-тәсілдерге иелік етіп,педагогикалық шеберлікті шыңдау,алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын қолданып,озық мектептер мен жаңашыл ұстаздардың тәжірибелерін пайдалану.
Білім беруші бағыт:бұл, ең алдымен, педагогика қызметкерлерінің біліктілігін, педагогикалық шеберліктерін, білімділігін, дағды,машығын түрлі формада берудің жолдары арқылы артырып отыру.
Белсендіруші бағыт:әдістемелік қызметтің:ғылыми-әдістемелік кеңес, педкеңестегі проблемалық топтың,пәндік кафедра мен әдістемелік бірлестіктердің,әдістемелік кабинеттегі педагогикалық ұжымның барша буынындағы және әр мұғалімнің өзінің әдістемелік тақырыбы бойынша жүргізіп жатқан жұмысындағы күш-жігерлерін белсенділендіру.
Педагогикалық кеңестің тәлімдік функциясы әр мұғалімнің жеке бастық дербестігін, педагогикалық ұжымдағы саналы тәртіптілік пен қоғамдық пікірді қалыптастыруға бағытталған.
Жеке бастық дербестікті қалыптастыру: әр мұғалімнің тұлғалық ерекшелігінің ашылуына және байығуына көмектесе отырып,оның барлық қырынан ашылып,өзін танытуына жағдай жасау.
Ұжымды тәрбиелеу :педагогикалық кеңестің отырысына дайындық жасау үдірісінде жүзеге асады да,ондағы мәселелерді талқылау мен шешімдерді қабылдауға жәнеде оның жүзеге асырылуына барша ұстаздар қауымы тартылады. Ұжымдық жұмыс мұғалімдердің ішкі тәртіпке деген саналылығына, ұйымдастырушылыққа, жауапкершілікке,кең көлемді іс-әрекет жасай алушылыққа қабілетінің жете алуына тәрбиелейді.
Мотивацияны қалыптастыру дегеніміз: әріптестердің іс-әрекеттеріне бірыңғай талап қоюшылықты жобалауда, дамудағы,оқыту мен тәлім берудегі ортақ көзқарастардың жүйесін жасап шығу.
Әлеуметтік-педагогикалық функциялардың атқарылуы төмендегілерден тұрады:
коммуникациялық,педұжымның ата-аналармен, оқушылармен,басқа мектептердегі педагогикалық ұжымдармен байланысы;
келісімділік және қалыптастырушылық, тәрбиеленуші барша тұлғаларға:мектеп,жанұя, қоғамдық ұйымдардардың тарапынан жұмсалған күш-жігерлері;іс-әрекеттеріндегі жүйелілік, мақсатты байланыстар орната білушілігі;
педагогикалық үрдіске қатысушыларға қатысты (денсаулық сақтауды жұмыс пен оқуда сақтау,тамақтану,әлеуметтік қамтамасыз ету,жұмысқа қабылдау мен шығару т.т. жағдайлардағы) құқықтық нормалардың орындалуы және мұғалімдер ұжымы мен балаларды әлеуметтік жақтан қорғау.
Қазіргі таңда еліміз мектептеріндегі практик-басқарушылар түрлі мінбелерден педагогикалық кеңестің функциялық қызметінің қайта қаралуы мен кеңейтілуін жоғарыдағыларға батыра айтып,батыл күн тәртібіне қойып келеді. Өйткені, олар осы тараптағы жаңа қадамдардың жасалуын қалайды.
Педагогикалық кеңес,мектеп кеңесі және ғылыми-әдістемелік кеңестің функцияларының бөлінуі мен өзара байланысы
Мектеп кеңесі-мектепті басқарудың қоғамдық-мемлекеттік ұйымы.
Педагогикалық кеңес-мектептің педагогикалық қызметкерлерінің өзін-өзі басқаруының әріптестік ұйымы.
Мектептің әдістемелік(ғылыми-әдістемелік) кеңесі-оқу-әдістемелік мәселелерді шешу мен жобалауға қатысты ең кәсіби білікті ұстаздар мен мектеп басшыларынан тұратын әріптестік ұйым.
Бұл кеңестердің әрқайсы-бір-бірімен қоян-қолтық араласа отырып,мәселелерді төтесінен қоятын, әрі оның шешімін табуына құқықты әріптестік жұмыс ұйымы. Осы кеңестердің әрқасысы бірін-бірі алмастырмайды және бір-біріне бағынышты болып келмейтін басқару және өзін-өзі басқару ұйымдары болып табылады. Осылардың ешқайсының ішінде,әсіресе,мектеп кеңесі мектеп басшылығына және басқа да басқару ұйымдарына жатпайды тек қана олармен бірлесіп жұмыс істейді.
Қазіргі таңда қала мектептерінде «Орта білім беретін мектептің кеңесі туралы ереже», «Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық кеңес туралы ережелер» жасалынған онда міндеттер,жұмыс мазмұны,кеңестердің іс жүргізуі мен құрамы айқындалған.
Мектеп кеңесі
Мектеп кеңесі дегеніміз-қоғамдық әріптестік ұйым,оның міндетіне мыналар кіреді:мектептің дамуы мен білім беру үрдісін тиімді жүзеге асыруға көмек беру,қоғам мен мемлекет шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеуде алға қойып орындалуын міндет етіп отырған маңызды талаптарын жүзеге асыруға септесу. Әкімшіліктің,мұғалімдер қауымының,оқушылар және олардың ата-аналарының дәстүрі,жағдайы, ұстанымы бойынша кеңестің жұмысына түрлі өзгерістердің енгізілуі бек мүмкін. Кейбіреулердің айтуына қарағанда,мектеп кеңесі не толық,не жартылай бұрынан келе жатқан кеңестерді, комитеттерді, комиссияларды ауыстыра алады деп ой түйіп,педагогикалық кеңесті, ата-аналар комитетін,оқушылар комитеттерін(оқком-ды) таратуды ұсынады. Бұндай пікірді мақұлдауға да,құптамауға да болмайды. Өйткені,қазіргі таңда мектептер әр қилы,сондықтан түрлінше нұсқалардың ұсынылуы біздер үшін қалыпты жағдайға айналып отыр.
Біздің көзқарасымыз бойынша,ең ұтымдысы тек сол мектеп кеңесі болып табылады,егер онда жалпы басқару жүйесі табиғи үйлесімдікпен ұштасса. Олардың әдеттегі құрылымы 3 тараптан (бөліктен): педагогикалық,ата-аналар және оқушылардан тұрады.
Педагогикалық бөлік. Оның құрамына педагогикалық кеңес сайлаған мүдірдің орынбасарлары, қоғамдық ұйым өкілдері,ұстаздар тобы енеді. Ол кадр мәселесін, педагогикалық тексеруді ұйымдастыруға көмектеседі,конфликтілік жағдайды шешуді т.т. қарастырады.
Ата-аналар бөлігі. Оның құрамына ата-аналар мен қоғамдық өкілдер кіреді. Олар ата-аналар комитетінің функциясын атқарып,түрлі комиссиялардың құрамына еніп,мектеп басшылығына көмектеседі.
Оқушылар бөлігі. Олар жоғары сыныптарда білім алатын оқушылар мен балалардың қоғамдық ұйымдарының өкілдерінен (оқушылар ұжымы сайлаған) құрамынан тұрып,оқкомның функциясын (мектеп кезекшілігі,үйірме ұйымдастыру,еңбек істері,жарыс пен олимпиадалар т.т.) атқарады.
Оқу жылы ішінде осы бөліктер өздерінің ұстанған бағыттары бойынша қызмет атқарады. Мектеп кеңесі толық құрамда мектеп өмірінің елеулі мәселерін шешеді. Ағымдағы жұмыстарды кеңес төрағасы мен оның орынбасарлары басқарады.
Мектеп кеңесі кең құзырлылыққа ие. Атап айтар болсақ:
жаңа оқу жылындағы кадр ауыс-түйісі мен оқу-тәрбие жоспарының ағымдағы және болашақтағы жоспарларын талқылайды;
мүдір мен оның орынбасарларының және басқа да мектеп қызметкерлерінің есебін тыңдайды;
материалдық базаны бекемдеу, мектепті жөндеуден өткізу, жаңадан жүргізілетін құрлыс жұмыстарының жоспарын қарастырады,әрі бекітеді.
Шығыстың жұмсалу кестесін қарастырып,арнайы бөлінген қарыжылардың мақсатты жұмсалуы барысын тексереді;
Сыныптан тыс тәрбие берудің іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесіп, мектептің санитарлық жағдайы мен балалардың денсаулығы және өмірін қорғауды тексеруді жүзеге асырады;
Қиын және аз қамтылған жанұялардан шыққан балалар мен жетім балалар және дімкәс ауруларға өз көмектерін көрсетеді;
Келісімдік негіздегі оқытуды ұйымдастырады;
Шаруашылық-есептегі қызмет түрлерін (кооператив,оқу цехы, еңбек бригадасы сияқты оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмысқа тартатын еңбек түрлерін) ұйымдастырады;
Қалалық,облыстық мәслихатың қарауына білім беру саласына қатысты мектеп дамуы,кадрлық құрамы және қаржы көздері мен демеушілерді тарту туралы мәселелерді ұсынады.
Әр мектеп өзінің «Мектеп кеңесі туралы ережесін» жасап,онда оның мақсаты, міндеті, құрылымы және кеңес мүшелерінің құқығы мен міндеттері айқындайды. Ереже ұстаздардың, оқушылардың және ата-аналардың жалпы жиналысында (конференциясында) бекітіледі.
Мектептің педагогикалық кеңесі
Мектеп кеңесі педагогикалық кеңесті жоққа шығармайды,әрі оның түрлі қызметіне өз кедергісін тигізбейді. Егер мектепте мектеп кеңесі жұмыс істейтін болса,онда педагогикалық кеңес негізінен білім беру үрдісіндегі өзекті ғылыми-педагогикалық проблемаларды,мектептің даму бағдарламасын қарастырып,мектеп басшылығы мен мұғалімдерінің қызметіне баға беріп,ұйымдастыру мәселелері: оқу жоспары мен бағдарламасын бекіту,мұғалімдердің жүктемесі мен санаттау материалдарын бөлу,оқушылардың ауыс-түйісі мен сыныптан-сыныпқа көшу істерін қарастырып шешеді. Қаланың көпшілік мектептері үшін ең басты міндет болып,педагогикалық кеңестің іс-әрекетін дамытып, оны деморкратия мен жариялықтың көмегімен жүзеге асырады. Осы мақсатта педагогикалық кеңеске дайындалу үшін және онда қабылданған шешімдерді жүзеге асыру жолында мұғалімдерді,оқушыларды және ата-ааналарды іске тартады. Мектепішілік үрдістердің:сабақ пен басқа оқыту формаларына қатысу,мұғалімдер,оқушылар,ата-аналар арасына сауалдамалар жүргізу,оқушылардың білім сапасының орташа бағамдалуы мен мұғалімдердің сарапқа салған мәселелерді зерделеуге қатысына шағын зерттеулер жүргізіледі.
Мектептің ғылыми-әдістемелік кеңесі
Бір қатар қала мектептерінде әдістемелік немесе ғылыми-әдістемелік(ғылыми қызметкерлерді тартумен ) кеңестер құрылып, даму бағдарламасын ұжымдық негізде жобалаушы «мектептің тұтқасы» болып табылады. Ғылыми-әдістемелік кеңесінің құрамына: мектеп әкімшілігі, каферлар мен әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері,ЖОО қызметкерлері мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің, мектептің ғылыми жетекшілері енеді.
Мектептің ғылыми кеңесі педагогикалық кеңестерді, жалпы мектептік оқу-тәрбие іс-шараларын, біртұтас әдістемелік тақырып бойынша жұмыс істеуді,алдыңғы қатарлы озық тәжірибені тарату мен зерделеуді,кафедралар мен әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйыстыруды, әдістемелік кабинеттерді басқаруды дайындап,жоспарын жасайды.
Мектеп кеңесінің,педагогикалық кеңестің және ғылыми-әдістемелік кеңестің ұйыстыру мен бөлу функциялары төмендегі 1-кестеде беріліп отыр.
1-кесте
Басқару ұйымы
|
Өзін-өзі басқару
|
Бірлесе басқару
|
Мектеп кеңесі
|
Шаруашылық-экономикалық мәселерді шешу.
Педагогикалық кеңесте оқу жоспарындағы өзгерістер туралы,оқушылардың кәсіби бағдары туралы,жекелеген пәндерді тереңдетіп оқыту туралы ұсыныстарды бекітеді.
Бір жылдық мектеп жұмысының жоспарын бекіту.
|
Педагогикалық кеңеспен бірлесіп
Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік кеңеспен бірлесіп
|
Педагогикалық кеңес
|
Оқу-тәрбие үрдісінің даму жолдарын белгілеу. Мектеп педагогтарының озық тәжірибесін бағалап,алдыңғы қатарлы мұғалімдер мен педагогика ғылымының жетістіктерін өмір тәжірибесіне енгізу.
|
Ғылыми-әдістемелік кеңеспен және оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп
|
Ғылыми-әдістемелік кеңес
|
Кеңес жалпымектептік іс-шараларды жобалап,сынып жетекшілері мен мұғалімдерді жан-жақты диагностикалау қорытындысын қарастыру,педагогикалық апталықтар,сыныптық-қорытынды бақылауларды,білім сайыстары мен байқауларды т.т.өткізуді жоспарлау.
|
Педагогикалық кеңеспен және оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп
|
Педагогикалық кеңестердің мазмұны
Педагогикалық кеңестердің мазмұндық ерекшеліктері олардың тақырыптарында көрініс тауып,қазіргі педагогиканың негізгі делінетін барша ауқымын қамтиды.
Білім беру үрдісінің проблемалары әдетте,қысқаша тезис түрінде жалпы педагогикалық деңгейдегі қиындықтарды танытады. Нақты бір мектептің жағдайында проблема тақырыпқа айналып,оны талқылаудың ара-жігі айқындалады.
Қазіргі білім беру саласындығы проблемалық түсініктердің мазмұндық жиынтығын мектеп кеңесінде қорытындыланған күйде төмендегідей модульдерге бөліктеуге болады:
А модулі.Оқушылардың білім, дағды, машығы.
Білім беру мазмұны:статдарт, бағдарлама,мирасқорлық, пәнаралық байланыстар.
Білімді,дағды мен машықты тексерудің формасы мен әдістері.
Оқуға үлгере алмаушылықтың ескертілуі мен диагностикасы.
Ақыл-ой дамуын аңдау.
В модулі. Білім беру технологиясы.
Білім беру үрдісін дербестендіру мен әр тектілендіру.
Оқу материалын қайта құрудың негізіндегі технология.
Коммуникативтік негіздегі технология.
Басқаруды жетілдіру негізіндегі технология.
Дамытушы және өз бетімен дамыта оқыту.
Ұжымдық негізде оқыту жолдары.
Альтернативті оқыту.
Орнын толтыра оқыту технологиясы.
С модулі. Сабақ.
Қазіргі заман сабағына талап.
Дәстүрлі емес сабақ формалары.
Сабақтағы оқушы әрекетін белсенділендіру.
Дамытта оқыту сабағы.
Альтернативтік формада оқыту.
D модулі. Тәлім.
Қазіргі жағдайдағы тәлім берудің мақсаты мен мазмұны.
Сыныптан тыс жұмыс (қосымша білім беру).
Мектеп жағдайында баланы әлеуметтендіру.
Мектептің тәлімдік жүйесі.
Оқушылардың тәрбие көргендігін бақылап білу.
Е модулі. Сынып жетекшілерінің жұмысы.
Тәлімдік жұмыстардың бағдарламасы.
Ұжымдық шығармашылық іс (ҰШІ).
Мінезі аумалы-төкпелі балалармен жұмыс.
Балалардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру.
Сынып ұжымын қалыптастыру.
F модулі. Мектептің дамуы(басқару).
Мектептің дамуының бағдарламасы.
Педагогикалық экспермент пен даму режіміндегі мектептің жұмысы.
Қазіргі заманғы білім беру технологияларын игеру.
Оқу-тәрбие үрдісін ықшамдау.
Мектеп өмірін демократияландыру.
G модулі. Шәкірт.
Оқушы тұлғасы,түлек үлгісі.
Балаларды әлеуметтік қорғау.
Педагогикалық жүгенсіздіктен оқушыны қорғау.
Шәкірттер денсаулығы.
Шәкірттер тұлғасына психо-педагогикалық диагностика.
Бейімделу педагогикасы.
Н модулі. Ұстаз.
Мұғалім тұлғасы.
Педагогикалық үрдіске қатысушылардың қарым-қатынастарындағы адамгершілік ізет.
Мәжбүрлемей оқыту іліміндегі тұлғалық әдіс.
Ұстаздың шығармашылық шеберханасы.
J модулі. Ата-ана(жанұя,социум).
Бүгінгі жанұялық тәлімгерлік.
Балаларды ақтап шығу мен әлеуметтік қорғау.
Мектептің ата-аналармен жұмысы.
Мектеп,жанұя және қоғамдағы тәлімдік қажыр-қайрат ынтымақтастығы.
Әлеуметтік педагогика мен социумды педагогикаландыру.
F,B,С оқыту үрдісін қамтыса,D мен E-тәрбиені,ал,P-басқаруды,және G,H,J-модульдері осы үрдістердегі субъекті мен объектілердің арасындағы проблемаларды қамтиды.
Күнделікті өмірдегі білім беру үрдісінде осы проблемалардың бәрі өзара әрекеттестікте, қозғалыста болып келіп, өзгеріске түсіп,бірде өзекті болса,енді бірде артқа сырғиды. Осы үрдістерді мектептің әкімшілігі мен әдістемелік қызметі отырыстар, семинарлар, дәрістер, сабаққа қатысулар, мұғалімдермен жеке дара сұхбаттасулардың көмегімен басқарады. Туындаған проблемаларды шешу,басқару мен реттеуінің басты құралы болып, педагогикалық кеңес кіріседі.
Кешенді проблемалардың шешімін табу үшін оның алдын алудың жолы мен құралын айқындап,ұзақ уақыттық рұқсат береді,осылайша білім берудің деңгейі мен нәтижесін басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |