Ж. 99 беттің беті



бет1/6
Дата31.01.2018
өлшемі1,86 Mb.
#36339
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-18-34.1.107/

03-2014


№ 2 басылым

11.09.2014 ж.



99 беттің беті






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-34.1.107/03-

2014


ПОӘК

« Орта білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу әрекеттерін басқару» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары


№ 2 басылым

11.09.2014 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Орта білім беру ұйымдарында ғылыми-зерттеу әрекеттерін басқару»
6М011200 – Химия» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013


Мазмұны


1

Глоссарий




2

Дәрістер




3

Практикалық сабақтар




4

Студенттердің өздік жұмыстары







  1. ГЛОССАРИЙ


Адамдардың психологиялық лайықтылығы –адамдардың басқалармен іскерлік,кәсіби т.т.жағынан өзара түсіністікпен тіл табыса алу қабілеттілігі.

Ақпарат-адам өзі бетімен немесе арнайы құралдың көмегімен қабылдайтын жүйе мен қоршаған ортасының жағдайы туралы мәліметтері.

Ақпараттық басқару –басқарылатын жүйенің тиімді қызмет атқаруы үшін қажетті ақпарат.

Ақпараттық қажеттілік-алдыға қойылған міндетін шешу жолында маманның( педагогикалық қызмет иесінің) белгілі бір ақпаратқа деген қатынасының формасы.

Аттестация(санаттау)-педагогтың санатын анықтау.

Әлеуметтік-психологиялық ахуал-топтағы (ұжымдағы) тұлғаның,әріптестік іс-әрекеттердің өнімді де,жан-жақты дамуына ықпал ететін немесе кесірін тигізетін қалыптасқан әлеуметтік-психологиялық ахуалының жиынтығы.

Бағамдау қалыбы/А.М.Моисеевтің анықтамасында-нормы оценивания/-өзара байланыстағы элементтер:талап,кең көлемді жоспар, қызметтік бағдар және мектептің дамуының абстрактілі/дерексіз/үлгісі.

Бақылау-жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілімділікті бағамдау үрдісі.

Бақылау стандарты-талап ету формасындағы объектіге деген(мектептің бір өзіне немесе оның белгілі бір бөліктеріне деген) нормативтік талап,нәтижесі қарастырылатын объектінің осы талапқа сай келуін тексеріп шығуға мүмкіндік береді.

Басқару әдісі-педагогикалық үрдіске қатысушылардың мақсаттарды,принциптерді, басқару қызметінің мазмұнын жүзеге асырудың амалы.

Басқару құрылымын ұйымдастыру /организационная структура управление/-басқырылатын және басқаратын жүйелердің өзара байланыстылығын қамтамасыз ететін жанама бағыныштылықтағы басшылық буындарының қатаң тәртіппен орналасу жиынтығы.

Басқару принциптері-басқару функциясын жүзеге асырудың негізін түзуші идея.

Басқару стратегиясы-дұрыс және алысты болжауға негізделген басқаруды жоспарлау өнері.

Басқару функциясы-арнайы амал-тәсілдер арқылы жүзеге асатын басқару іс-әрекетінің нақты түрі.

Басқарудағы әріптестік-нақты шешімдерді атқарушы түрлі деңгейдегі басшылардың пікірлері негізінде ұжымдық шешімді бірлесе жасап шығу үрдісі.

Басқаруды орталықтандыру-өз кезегінде бір орталықтан басқарылатын жергілікті мекемелердің жоғарыға бағына басқарылуы.

Басқаруды ұйымдастыру формасы-кадрларды іріктеу мен орналастыру және педагоггтар,ата-аналар және оқушылардың іс-әрекетін бір жүйеге келтіру.

Басқарушылық шешім(жоспар, бұйрықтар) қазірде бар басқару ахуалы мен қарастырылатын басқару мақсаты арасындағы байланысты табу үрдісі.

Болжам-мектептің болашағы турасындағы ықтимал нұсқа.

Болжам жасау-ғылыми көріпкелдіктің бір түрі.

Біліктілік (кваликация)-адамның қандайдабір еңбек түрі мен дайындық дәрегейіне жарамдылығының деңгейі.

Бірлесе басқару (коллегиальность в управлении)-нақты шешімді орындаушы түрлі деңгейдегі басшылардың пікірлері негізінде ұжымдық шешім жасап шығу үрдісі.

Білім беру жүйесі-білім беру мекемелері мен білім беруді басқару ұйымдары арқылы жүзеге асатын білім беру бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттардың өзара байланыстылығының жиынтығы.

Даму –қажетті және бағыттық сипаттағы материалдық және идеалды нысандардың заңдылықты сапалық өзгерісі.

Диагностика –арнайы жобаланған ғылыми әдістердің көмегімен педагогикалық үрдіс,құбылыс т.б. сандық бағамдау мен сапалық сараптау жасау.

Диверсификация ( лат.diversus= түрлінше + facere=жасау)-мыс.білім беру мекемелерін д.//бірмезетте түрлі типтегі оқу орындарының қатар дамуы;қазақша айтсақ,білім беру мекемелерінің түрлінше дамуы.

Жаңа ақпараттық технология –коммуникациялауды жүзеге асыратын ақпараттық сараптау мен өңдеудің өзара берік байланыстағы тәсілдері,амалдары және құралдарының тұтасқан жүйесі.

Жаңашылдық //жаңа енгізілім (инновация)-мектепішілік басқару жүйесіне жаңа тұрақты элементтерді,өзгерісті белгілі бір бөліктер бойынша енгізу үрдісі.

Жеке басшылық (единоначалие)-өз құзырына жататын мәселені шешуде нақты бір басқару буынына жататын басшының өз бетімен шешім қабылдауы.

Жоспарлау –алға қойылып отырған мақсатқа жасалған педагогикалық сараптаудың нәтижесіне қатысының негізінде шешім қабылдау.

Жүйе -өзара байланыстағы элементтердің білім беру тұтастығын танытуының жиынтығы.

Жүйелік тәсіл-шынайы өмірді зерделеу мен қайта құрулар үшін,сондай-ақ,күрделі жүйелерді басқару жолындағы әдіснамалық бағдар.

Конфликт- екі не одан көп жақтың күресі мен қарама-қайшылығының шұғыл шелнісуі-әр тараптың бір-біріне байлаулы проблеманың шешімін табуға байланысты қатысушылары.

Мектептегі жаңа енгізілім (инновациялық)үрдісі-әр қайсы өз алдына дербес жекеленген инновациялық үрдістерінің бір арнаға тоғысқан жиынтығы.

Мемлекеттік білім беру стандарты-білім берудегі көзделінген толық қанды мақсатқа жету үшін қажетті ,білімнің,дағды мен машықтардың жиынтығының білім беру үшін тиімді ықшамдалған мазмұны.

Мемлекеттік емес білім беру жүйесі-мемлекттің құзырына қарамайтын оқу орындары.

Менеджмент –адамдармен қарым-қатынас жасау барысындағы билік жасау мен басқару өнерінің әдісі мен тәсілдері.

Мотивация-жеке бастық және ұжымдық мақсаттарға қол жеткізу жолындағы түрткі үрдіс.

Орталықсызданған басқару (децентрализация управление)-жоғарыдан басқарылудан төменнен басқарылуға көшуде жергілікті жерге өзін -өзі басқару функциясын беру.

Педагогикалық жүйе-ересектер мен өскелең ұрпақты оқыту,тәрбиелеу,білім беру мақсатына бағынған құрылымдық,функциялық өзара байланыстардың бөліктері.

Педагогикалық ұжым- адамдардың кәсіби бірлестігі ретінде ұжымның барша сипатына: іс-әрекеттік мақсатының қоғамда алар орнына,басшылықтың болуына,қызмет атқаруының шартты тұрақтылығы мен жалғастығына ие.

Принцип-негіз,жетекші идея.

Ренцензия—қандайдабір ғылыми немесе әдеби туындыға сыни талдау мен бағалау.

Стресс- қалыптасқан жағдайға орай адамның дұрыс мақсатты шешім қабылдауына мүмкіндік бермейтін сезімдік және көңіл ауанындық ахуал.

Стрессор-алабұртушылық жағдайын туғызатын фактор.

Тұлғааралық қатынас- дегеннен ұғынарымыз адамдар арасындағы жеке бастың сезімдік қобалжудың пайда болу сипаты мен өзара әсерінің сыртқа беріліп,әріптестердің бірлесе жұмыс істеуіндегі қарым-қатынастарындағы білінуі.

Ынтымақтастық –адамдармен жұмыс істеуде келісілген орныққан жұмыс жасасуға талпыныс.

Іс-әрекетті ұйымдастыру-алға қойылған мақсатқа қол жеткізу жолындағы адамдар мен амал-тәсілдердің бірігу үрдісі.

Эклектика(гр.eklektikos=іріктеу,екшеу,таңдау) –органикалық емес,іштей сыйыспайтын көзқарастардың,пікірлер мен әдістердің сыртай сыйысымдылығы.

Экспертиза (сараптама)қорытынды шығару мақсатындағы мамандардың (сарапшылардың) мәселені електен өткізуі.


  1. ДӘРІСТЕР

КУРС ДӘРІСТЕРІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

■ 1-Тақырып. Әлеуметтік-педагогикалық жүйелер,ұғымдар және түрлері.

«Жүйе» ұғымы.Жүйенің табиғаты мен мәні, олардың даму заңдылығы мен түрлері.Педагогикалық жүйе-әлеуметтік жүйенің бір түр өзгешелігі. Оның функциялық бөліктері:мақсаттық, мазмұндық, іс-әрекеттік, сараптау-нәтижелік. Педагогикалық үрдістің мақсаты.Педагогикалық үрдіс-қозғалыстағы жүйе.Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері.

■ 2-Тақырып. Басқару ұғымдары мен педагогикалық менеджмент. Басқарушылық қызметінің мәні мен мәнісі.Педагогикалық жүйені басқару-әлеуметті басшылықтың бір түр өзгешелігі. Басқарудың басты мақсаты мен міндеттері.Педагогикалық жүйені басқарудың функциялары:сараптау, мақсатты ұсыным және жоспарлау, іс-шараны ұйымдастыру,бақылау мен реттеу.Басқарудың принциптері мен олардың сипаты.

■ 3-Тақырып. ҚР білім беру жүйесі.

Білім беру жүйесі ұғымы.Қазіргі заманғы білім берудің сипаты мен құрылымы. Білім беру жүйесін басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты ұйымдастыру негізі. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері.Білім беруді басқарудың мемлекеттік ұйымдары және олардың іс-әрекеттерінің мазмұны.Білім беруді басқарудың ұжымдық ұйымдары және олардың құрамы мен іс-әрекеттерінің сипаты.Білім беру жүйесін басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі.

■ 4-Тақырып. Мектеп дегеніміз - педагогикалық жүйе және оның басқару нысаны.

Мектепішілік басқару жүйесі. Мектепті басқаруды демократияландыру. Мектептерді дамытудағы инновациялық үрдістерді басқару мен функцияландырудың (үйлестірудің) проблемалары. Мектепішілік басқарудағы жаңа еңгізілімдер: негізгі тенденциялар. Басқару қызметіндегі негізгі бағыттардың сипаты. Мектепті басқарудағы әріптестік сипат.

■ 5-Тақырып. Мектептегі педагогикалық жүйені басқарудың әдісі мен формасы.

Жоспарлаудың маңызы. Басқару қызметіндегі жоспарлаудың құрамын түсінудегі саналылық. Мектептердегі оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын дамытуды жобалау бағдарламалары. Басқару әдістері: диагностика, зерттеу, бақылау,сұхбаттасу,тест, карта, сұрау салу, анкета жүргізу және т.б. жүйелер. Мектепішілік педагогикалық жүйелерді басқару формалары: қарым-қатынас, шығармашылық, әлеуметтік тәжірибе, мәдени дамытушылық қызметі деңгейлерін есепке алғанда.

■ 6-Тақырып. Басшының басқарушылық мәдениеті.

Мектептің басқарылатын нысан ретіндегі стратегиялық платформасын ұйымдастыру. Жалпымектептік басқарудың дәстүрлік (педкеңес, ата-аналар комитеті, оқушылар кеңесі) және басқа тұрпаттағы (Мектеп кеңесі, алқалық /попечительский/ кеңес, инновацииялық кеңес және т.б.) қызметі.Жетекшінің ұжымдық дамуды барлық деңгейдегі басқаруының функциясы. Ұжымның тиімді және шығармашылық қызметі үшін жағдай.

■ 7-Тақырып. Мектептің білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыздығы.

Дәстүрлі нұсқадағы мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен міндеті: әдістемелік кеңес, мұғалімдер бірлестігі. Жаңару, жаңалықты еңгізу, үзіліссіз өзгеріске бейімделу. Мектеп кафедрасын құру және оның функциясы: зерттеу, жобалау, эксперимент, экспертиза, рецензия, болжау, диагностика. Педагогикалық кеңес. Оны өткізудің мазмұны мен әдісі.Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және өз бетімен білім алуы.

■ 8-Тақырып. Білім беруді басқарудағы жаңа ақпараттық технологиялар.

Ақпарат ұғымы. Оның басқару қызметінде алатын орны. Білім беру саласындағы жетекшілердің ақпараттық қажеттілігі. Ақпараттық қажеттілікті қалыптастыруға ықпал ететін объективті және субъективті факторлар. Ұйымдардың ғылыми-педагогикалық ақпаратты ақпараттық қамтамасыз етуі. Ақпараттың технологиядағы сонылық. Жаңа (соны) ақпараттық технологияларды басқару қызметін ақпараттандыруға қолдану.

■ 9-Тақырып. Мектепішілік бақылау жүйесі. Педагог мамандарды (кадр) санаттау.

Мектепішілік бақылаудың мәні мен маңызы. Мектепішілік бақылаудағы жаңа еңгізілімдер. Мұғалімдерді санаттау. Мұғалім еңбегін бақылаудағы мақсат, ұйымдастырушылық, жалпы талап. Мұғалім еңбегін бағалау үшін дифференциалдық көрсеткіш. Мұғалімдерді санаттау технологиясы.

■ 10-Тақырып. Тұлғааралық қатынас және оның қалыптасуы. Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік психологиялық ахуал. Мектептің педагогикалық ұжымы және оның өміршең қызметінің ерекшелігі. «Тұлғааралық қатынас» ұғымы.Тұлғааралық қатынастың оқытушылар іс-әрекетіне, оқу-тәрбие үрдісі сапасына әсері. Тұлғааралық қатынастың ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастырудың негізі екендігі, әрі оның атқаратын функциялары. Конфликт-жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастырудағы кедергі келтіретін факторлардың бірі. Конфликт түрлері. Педагогикалық ұжымдағы орын алған конфликтілерді шешу.

1-дәріс

Әлеуметтік – педагогикалық жүйелер, ұғымдары мен түрлері


Жоспар:

Жүйенің табиғаты мен мәні.

Педагогикалық жүйенің сипаты.

Педагогикалық үрдіс – тұтасқан қозғалыстағы жүйе.


Ұғымдар:жүйе, педагогикалық жүйе, жүйе түзуші бөліктер, педагогикалық жүйелердің тұтастығы мен динамикасы.

1. Дүниедегінің бәрі бір жүйеге түскен. Бізді қоршаған ортадағы машина, тірі организм, қоғам немесе олардың әлдебір бөліктері жиылып келгенде өзеріне лайықты жүйе түзгендігін ұғынамыз. Осы жүйелер өз кезегінде түрліше формаға ие. Сонымен, жүйе деген не? Ендеше оған жалпы сипаттама беріп көрелік.

Отандық қазақ басқару ғылымында жүйе тұтас өрілген, өз ішіндегі әр элементке қатысты жаңа қасиетке ие өзара әрекеттестіктегі элементтер жиынтығы деп түсіндіріледі. Жүйенің түрлінше байланысуын байыптай зерттеген ресей ғалымы В.П.Симонов оның төмендегідей түрлерін атап көрсетеді:

технологиялық, биологиялық және әлеуметтік;

табиғи (адамдар белгілеген объективтік заң, ереже, принциптерге бағынады);

ашық (әлеуметтік және қоршаған ортаға қатысты ақпарат алмасу) және жабық;

қозғалыссыз (уақытқа қатысты өзгермеушілік ерекшелігі) және қозғалыстағы;

орталықтану және жетекші ұйымсыз басқарылу;

қарапайым (көп құрылымды) және күрделі (әр құрылымды);

жиынтық /суммативті/ (ретке келтірілген элементтерден тұратын жүйелер) және әрекеттестік ( ең құрығанда, екі элемент ретінде өзара әрекеттесетін жүйелер).

Бұдан шығатын, барлық жүйелер ұйымдасқан құрылым мен оның сипатын танытатын қасиетке ие. Құрылымнан бөлініп шығатыны: объекті (субъекті) – бөліктері немесе элементтері, атрибуты (нысандарды құрушы қасиеті), қатынас немесе өзара әрекеттестік (жүйені бір бүтінге тұтастырады) деңгейлік иерархия мен иерархия (кезектестік) деңгейінің болуы деуге келеді.

Сонымен,жүйенің негізгі қасиеттері мынадай:

Тұтастық (өзарашарттастық, яғни, жүйені түзуші элементтердің ішкі бірлігі);

Сыйысымдылық (тіркесім, бірігу) немесе басқа жүйелер мен сыйыспаушылық:

Тұрақтылық (кері байланыстың беріктігі);

Бейімділік (қоршаған ортаға бейімделу және оның әсеріне үн қосу);

Оқу мен өзіндік жетілуге қабілеттілік болып келеді.

Осылайша, табиғаттағы кез-келген жүйенің эволюциялық дамуы белгілі бір заңға бағынады. Енді соларды тізбектей кетелік:

Мақсатқа қол жеткізу заңы. Ол не жүйені басқа күйге түсіруді, не жаңа жүйе тудыруын қамтамасыз етеді.

Төңкерісті терістеу заңы. Оны сақтамайтын болсақ: не жүйенің тұрақты өмір сүруі бұзылады, не мүлде құриды.

Эволюциялық сілкініс заңы.Ол жүйенің тиімді де, жедел дамуын күшейтуші,әрі үдетуші болып табылады.

Үйлесімсіздіктің үстемдік ету заңы. Басқа кеңістік –уақыттық бағытқа өткенге дейінгі аралықтағы орын алған қолайсыз жағдайда тұрақтылықты және сақталынып қалуды қамтамасыз етеді.

Күйзелістік бөлікті басқару ұйымының заңы. Ол тұтастықты және тиімді қызмет ету жүйелерінің барша тетігін ашып көрсетіп, қашан басқару ұйымының бөлігі екі ретке кеміген басқаруға көнетін жүйеге көшкенге дейін созылады.

2.Әлеуметтік жүйенің түр өзгешілігінің бірі – педагогикалық жүйе.

Ол- өскелең ұрпақ пен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеу мақсатына бағынған көптеген өзара байланыстағы құрылымдар мен функциялық бөліктерден тұрады.

Педагогикалық жүйелердің өзгеріске ұшырауы, оның қайта құрылуы мен бейімделуіне бағынышты болып келіп, оның кей элементтері аталған сәтте қоғамға әсер етуге; материалдық базаны бекітуге, білім беру мазмұнын жетілдіруге т.т. бағытталады. Егер қайта құрушы элементтер жүйесіз,қалай болса солай жеке дара әрекет етсе, ондай әрекеттердің бәрі түптеп келгенде сәтсіздікке ұшырайды. Педагогикалық үрдіс – өз алдына ұйысқан жүйе десек, онда оны зерттеу мен басқаруда бізден жүйелілікті талап етеді. Педагогикалық үрдістің мәні – тұтастық пен қауымдастықтың негізінде оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың бірлігін қамтамасыз ету. Сол себепті, педагогикалық үрдістің басты сипаттарына тоқталайық.

Педагогикалық үрдіс дегеніміз- тек жиынтықтала реттелген элементтер тізбегі ғана емес, сонымен қатар, оқушының оқу – танымдық әрекетімен бірлікте алынып, осы жолдағы мақсатты бағытталған оқытушының оқу-тәрбиелік қызметі. Педагогикалық үрдісті басқарудың ережесі мен принциптерін есепке алу мақсатында қоғамның (педагогтық) жетістікке жетуі үшін ұйымдастырылады. Педагогикалық үрдіс ылғи да, жүйе ретінде қоршаған ортамен өзінің өмір сүру барысындағы ақпарат және әлеует(потециал) алмасуды жүзеге асырып отырады. Оның өмір сүруінің өзі, дамуының барысы түптеп келгенде осы жүйенің ашықтық деңгейіне байланысты. Педагогикалық жүйенің элементтерінің бірі – коммуникативтік(бәрінің басын қосушы) бөлік. Ол басты да, үстем рөлге ие. Ондағы сәл-пәл өзгерістің өзі бүкіл жүйе өзегінде көрініс тауып, онда біршама ауыс-түйістік өзгерістерді тудырады.

Осы айтылғандардан туындайтыны, педагогикалық үрдіс дегеніміз – қызметтік, жасанды және ашық жүйе. Сонымен қатар, ол нақты да, қозғалыстағы, әрі белгілі бір дәрежеде орталықтанған жүйе болып табылады.Енді осы педагогикалық жүйенің функциялық бөліктерін [мақсаттық (жобалаушы), мазмұндық, қызметтік (ұйымдастыру - басқармалық), сараптама-нәтижелік] қарастыралық:

Мақсаттық бөлік өз бойына педагогикалық қызметтің барша көп тұрпатты мақсаты мен міндеттерін жиған. Оған: басты мақсаттан, яғни, жан-жақты және үйлесімді тұлғалық дамудан бастап, тұлғаның жекелеген сапасын қалыптастырудың нақты міндетіне дейінгі аралық енеді. Педагогикалық жүйе дегеніміз – қызметтік жүйе, ал кез-келген қызметтік әрекет белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған. Сондықтан, мақсат пен міндет - әманда, ең бірінші жүйе түзуші фактор болып табылады.

Мазмұндық бөлік өз кезегінде жалпы,ортақ мақсатпен қатар, әрбір нақты міндеттерге қатысты мағыналарды да ашып көрсетеді. Ол өз іс-әрекетімен айқындалған негізгі принциптер мен әдістерді жүзеге асырады.

Үшінші жүйе түзуші фактор болып табылатын қызметтіктің аясында біздің түсінетініміз – тәлімгер мен шәкірт арасындағы өзара ұғыныстық, әрі олардың педагогикалық қарым-қатынас барысындағы орын алатын екеуара әріптестіктері, онсыз біз осы салада ешқандай оң нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Бұл – басқарудың бірінші деңгейі балса,ал екінші деңгейге жататыны- оқу орнының басшылығы мен оқытушылар т.т. арасындағы орын алатын өзара ұғыныстық.

Педагогикалық үрдістегі сараптама-нәтижелік бөлік болса, оның өзіндік тиімділігін, қалай өткенінің барысын, алға қойылған мақсатқа орай қол жеткізілген ілгерілеушіліктерді жан-жақты ашып көрсете отыра сипаттайды.

Кез-келген жүйенің құрылымын тек қана оның бөліктері бойынша ғана емес, сонымен бірге олардың арасындағы орын алатын байланыстарымен бірлікте алып сипаттайды. Тек педагогикалық үрдістегі ненің немен және қалайша байланысқанын жете біліп қана, аталған үрдістегі сапа мен басқаруды ұйымдастыруды жетілдірудің мәселесін шеше алуымыз мүмкін. Педагогикалық жүйеде бөліктер арасында, ең құрығанда, белгілі бір жұптың өзара шарттастық байланысы орын алады. Қызметтің көзеген мақсатын таңдауды әуелі-оқытушы-әдіскер мен білім алушылардың өздері таңдаса, ары қарай таңдалған мақсат өз кезегінде субъектілердің қызметін айқындап береді. Үрдістің іс-әрекеті үстінде ныспы(субъекті) мен нысан(объекті) да өзара әсерді бастарынан кешеді. Педагогикалық қызметтің нысаны – тәрбиеленуші белсенді тұлға. Сол себепті де, педагог оған тек өзінің тарапынан әсер етіп қана қоймайды, өзі де соның ығына жығылады,яғни, нысан әрекеттің ныспысына айналады т.т.

Бөліктер немесе оның құрылымдары арасындағы әлдебір жұптық байланыстың бұзылуы түптеп келгенде бүткіл педагогикалық жүйеге кері әсерін тигізеді.

3. Педагогикалық үрдіс - көптеген үрдістердің ішкі байланысқан жиынтығынан тұрады. Онда қалыптасу, даму, тәрбиелеу және оқыту процестері өздерінің жағдайлары, формалары және әдістерінің әрекет етуі бойынша бір жүйеге кірігеді.

Сонымен, педагогикалық үрдіс – біз түстеп көрсеткен үрдістердің механикалық қосылысы емес, қайта жаңа сападағы білім берудің өзіндік ерекше тұрпаттағы заңдылықтарға бағынуы. Педагогикалық үрдістің басты сипаттары: мақсаттық, жалпылық, бірлік жиылып келіп, барлығы бір мүддеге жұмылдырылады. Педагогикалы үрдістің ішкі күрделі диалектикалық қатынасы мыналардан тұрады:

Үрдістердің бірлігі мен дербестігі және оны түзетіндерден;

Тұтастық пен бағыныштылық және оған енетін жүйелердің өзіндік дараланушылығынан;

Жалпылықтың болуы мен ерекшелігін сақтаудан.

Үрдістің өздік ерекшеліктері педагогикалық процестің тұтастығын түзгендігі олардың ішіндегі үстем функциялардың алдыңғы орынға шыққан кезінде сезіледі. Оқу үрдісіндегі үстем функциясы – оқыту-оқыту, тәрбиелеу-тәрбиелеу, дамыту-дамыту. Бірақ аталынған әрбір үрдістер тұтас процесс үстінде өздеріне сай функцияларын атқарады. Тәрбиелеу тек тәрбиелеу арқылы ғана емес, сонымен бірге дамыту мен білім беру функциясы арқылы да жүзеге асады, ал білім беруді тәрбиелеу мен дамытусыз көз алдыңызға елестете алмайсыз. Диалектикалық қойын-қолтықтастық үзіліссіз процестерді жүзеге асыратын мақсатта, шешімде, мазмұнда, формада және әдісте өз таңбасын қалдырып, оларды талдаған кезде үстем сипаттарды жекелей бөліп алуға тура келеді.

Тұтасқан педагогикалық үрдіс жеке мен бүтіннің бірлігінен тұратын оқыту мен тәрбиелеу процесінің тұтасуына ұмтылады. Жеке және бөлінбейтін педагогикалық үрдіс бар, оны педагогтар күшімен үнемі тұрақты түрде ұштасқан оқушы тұлғасы мен арнайы ұйымдастырылған ықпал етуге арналған қызмет процесі арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу арқылы тұтастық деңгейіне жуықтату керек.

Педагогикалық теорияда педагогикалық үрдіс тек қана тұтасқан емес, сондай-ақ қозғалыстағы жүйе деп те қарастырылады. Құрамындағы бөліктерінің айқын да,дербестікпен жеке бөлініп шығуымен бірге, оның осы бөлінушілігі кезінде бөліктер арасындағы жаңадан пайда болатын көптеген байланыстар мен қатынастардың бірін бізге жағдай мен қалауымызға орай еркімізше керек қылғанымызда таңдап алуымызға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз-педагогикалық процесті басқарудың өмір тәжірибесіндегі ең бастысы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет