Ж аукенова Гулнара Жаугаштиевна Жаңаөзен қаласы №7 орта мектеп



бет3/5
Дата01.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#148576
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өзін-өзі тану сабағында музыканың алатын орны

А та-анаңның ақылы
Сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы
Сарқылмайтын көлмен тең.
Халық мақалы

-Балалар,Данышпан атамыз «Даналық сөздері бар»сандығын сендерге сыйлыққа тарту етіпті.Бұл жай сандық емес.Данышпан атамыз бізге қандай ақыл кеңестерін білдірген екен,сандықты ашып,жазылған ақыл-кеңестерін оқиық,санамызға тоқиық.





  • Адамдарға ізет білдіріңдер!

  • Түсінбегеніңді сұрап алыңдар!

  • Айтылған сөзге мән беріңдер!

  • Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар!

  • Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!

  • С өйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!

-Балалар,оқулығымыздағы суреттерге назар аударайықшы.Суреттердегі балаларға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер? (балалар өз ойларын айтады)




С ергіту сәті.(қимыл қозғалыспен көрсету)
Мынау-менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау-басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау-менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
-Жарайсыңдар.Қазір біздер «Өз үйімізді құрастырайық» ойынын ойнаймыз.
Ойын «Өз үйімізді құрастырайық»
-Менің столымның үстінде әртүрлі геометриялық фигуралар жатыр.Сол фигуралардың артында ізеттілік өлеңдері жазылған.Осы өлеңдерді оқып,үй құрастырайық.


Атам менің әманда,


Кішіпейіл бол деген.
Атам менің әманда, Ата сөзі санамда,
Әдепті жан бол деген. Мақтанбауды жөн көрем.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.

А лдын орап кісінің, Өзгелерден өзімді,


Кесіп өтпей көлденең. Санамаймын жоғары.
Ізетімен кішінің, Артық айтып сөзімді,
Сәлемдесіп қол берем. Желпінгенім жоқ әлі.

-Балалар,үйімізге қарайықшы.Қандай үй құрастырдық?Үйімізді одан сайын көркейтіп көрейікші.Бұл үйге сендердің ойларыңша қандай заттар жетіспейді деп ойлайсыңдар?(Балалардың жауаптары тыңдалады)Дұрыс айтасыңдар.Осындай әдемі үйде тұру үшін отбасымыз қандай болу керек?(тату,ауызбіршілікте,ынтымақ,береке,бақыт,байлық) Олай болса мен сендерге көмектесейін.Осы құрастырған үйімізді одан әрі көркейту үшін,түрлі-түсті қағаздан қиындылар қиып дайындап алып келдім. Көп уақытымызды отбасымызбен өткізетін болғандықтан,алдырыңыздағы қағаздың артына отбасымызға жүректен шыққан жақсы лебізімізді жазып,осы үйдің қай жеріне орналастырғыңыз келеді,сол жерге орналастырайық.(жазған жылы лебіздерін оқып,орналастырады)Ата-ана,ата-әже,бауырларымыздың айтқан ақыл-кеңестерін тыңдап өсуіміз қажет.Олай болса,бәріміздің де әдемі үйде,әдемі отбасында тұруларыңызға шын жүректен тілектеспін.


-Ойын ұнады ма?Жарайсыңдар.Енді өз ойымызды дәптермен бөлісейік.
Дәптерде берілген бұлбұлдың,күйшінің,ұстаздың,баланың,әженің суреттері тұстарына қалдырылған бос жолдарға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағыларың келетіндігін жазыңдар.

Қорытындылау:


-Бізге үлгі өнеге болатын үлкендердің,даналардың ақыл-өсиеттерін,даналық сөздерін тыңдап,оларды өмірге қолдана білсек,өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.Сол себепті қолдан келгенше үлкендердің кеңесіне құлақ түріп жүрген жөн.


- Балалар,барлығымыз интерактивті тақтаға назар аударайықшы.Қолдарымызды ұстап Абдрахман Асылбековтың «Тыңдай білем» өлеңін бірге оқиық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет