Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет13/13
Дата20.11.2016
өлшемі2,7 Mb.
#2172
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және семинар материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)


Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз


Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)

1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

6. Пікірлесу. Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.

Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары.
Емтиханға дайындық сұрақтар


    1. апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:

  1. Антикалық әдебиет. Жалпы шолу. Антикалық мифология және фольклор. Грек мифологиясының негіздері.

  2. Гомер эпосы - «Одиссея» және «Илиада», «Маргит». Гомер мәселесі.

  3. Көне грек трагедиясы. Трагедияның бастауы. Эсхил. Софокл. Еврипид. Трагедия теориясы. «Поэтика» - Аристотель.

  4. Көне грек комедиясы. Комедияның пайда болуы және дамуы. Аристофан.

  5. Көне грек әдебиетінің прозалық жанрлары. Платон.

  6. КӨНЕ РИМ ӘДЕБИЕТІ. Комедия жанрының дамуы. Плавт. Теренций.

  7. Көне рим әдебиетінің «Алтын ғасыры». Поэзия. Катулл. Лукреций. Вергилий. Гораций. Овидий. Проза. Юлий Цезарь. Цицерон.

  8. III ғасырлардағы рим әдебиеті ( Луций Анней Сенека Младший (4 до н. э. — 64 н. э.) Марк Валерий Марциал (ок. 40 — между 101 и 104) Децим Юний Ювенал (ок. 60 — ок. 140), Гай Петроний Арбитр (ум. 66), Корнелий Тацит (ок. 55 — ок. 120), Луций Апулей




  1. ОРТАҒАСЫРЛАР ӘДЕБИЕТІ. Ортағасырлық серілік роман. Романдық циклдер. Бретондық лэ. Мария Французская. Тристан мен Изольда туралы романдар. Әулие Грааль туралы романдар.

  2. Фома Аквинский.

  3. Данте «Жаңа өмір». Данте трактаттары. «Құдіретті комедия».

  4. РЕНЕССАНС ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ: Гуманизм. Қайта Өрлеу кезеңін дәуірлеу.

  5. Петрарка

  6. Боккаччо

  7. Мартин Лютер.

  8. Эразм Роттердамский: «Ақымақтыққа мадақ».

  9. Француз Қайта Өрлеуінің дамуы. Бастапқы Қайта Өрлеу. Жоғарғы Қайта Өрлеу. «Шоғыр». Ронсар. Кейінгі Қайта Өрлеу.

  10. Рабле. Өмірі мен шығармашылығы. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романы.

  11. ИСПАНИЯДАҒЫ ҚАЙТА ӨРЛЕУ: XV—XVI ғғ. Испанияның тарихи тағдыры. Испания мәдениеті. ХҮ ғ. әдебиеті. ХҮІ ғ. әдебиеті.

  12. АНГЛИЯДАҒЫ ҚАЙТА ӨРЛЕУ:Ағылшын Қайта Өрлеуінің бастапқы кезеңі. «Университет ойшылдары». XVI ғ. алғашқы жартысындағы ағылшын поэзиясы.

  13. Шекспир.

  14. Сервантес. «Айлакер идальго Дон Кихот Ламанчский».

  15. XVII ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІ. БАРОККО - «Барокко» термині. Барокко өнеріндегі әлем мен адам концепциясы. Барокко жанрлары. Барокко стилі. Барокко – әдеби бағыт. КЛАССИЦИЗМ - «Классицизм» термині. Классицизм – әдеби бағыт. Классицизм эстетикасы. Характер. Басты тартыс. Жанрлар теориясы. Үш бірлік. Классицизм әдеби стиль.

  16. ИСПАНИЯ ӘДЕБИЕТІ. Лопе де Вега мен оның мектебі. Драма эстетикасы. Комедия түрлері. Лопе де Вега мектебі: Аларкон. Тирсо де Молина. Кальдерон.Діни-философиялық драма жанры.

  17. ФРАНЦИЯ ӘДЕБИЕТІ. Прециоздық әдебиет. Классицизм. - Малерб. Корнель. Расин. Мольер.




    1. апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:




  1. XVIII ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІАғартушылық әдебиет.

  2. XVIII ҒАСЫРДАҒЫ АҒЫЛШЫН ӘДЕБИЕТІ - Поуп. Дефо, Свифт, Ричардсон, Филдинг, Смоллетт

    1. Ағылшын сентиментализмі

    2. Сентиментализм. - Поэзия. - Томсон. Юнг. Грей.

          1. Проза. - Стерн.

  3. ХҮІІІ ғ. француз әдебиетінің басты бағыттары. Франциядағы рококо стилі. Ағартушылық. Ағартушылықтың дәуірленуі. Бастапқы Ағартушылық. Ағартушылық классицизм. «Жылауық комедия» жанры. Проза. Монтескье. Прево.

  4. Вольтер.

  5. Дидро.

  6. Руссо.

  7. ХҮІІІ Ғ. НЕМІС ӘДЕБИЕТІ. Лессинг.

  8. НЕМІС ӘДЕБИЕТІ. «Дауыл мен тықсыру» әдебиеті («Буря и натиск»).

    1. Гердер.

    2. Штюрмерлер драмасындағы «руссолану» и «шекспирлену».

    3. «Веймар классицизмі». Шиллер. Гёте.

  9. XIX ҒАСЫРДАҒЫ ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ

    1. РОМАНТИЗМ. «Романтизм» терминінің қалыпсату тарихы. Романтизм эстетикасы. Романтизм – әдеби бағыт. Романтизмнің даму кезеңдері. Романтизм – әдеби қозғалыс. Романтизм - өнер стилі.

  10. НЕМІС РОМАНТИЗМІ

    1. Неміс романтизмінің бастаулары. Неміс романтизмінің дәуірленуі. Йен романтизм мектебі. Гейдельберг романтизм мектебі. Берлин романтизм мектебі. Неміс романтизмінің философиясы мен эстетикасы. Идеал мен шындық өмір. Романтикалық ирония.

    2. Гофман.

    3. Гейне.

  11. АҒЫЛШЫН РОМАНТИЗМІ. Ағылшын романтизмі дамуының бірінші кезеңі. «Озерная школа». Ағылшын романтизмі дамуының екінші кезеңі. Шелли. Вальтер Скотт. Байрон.

  12. ФРАНЦУЗ РОМАНТИЗМІ. – Француз романтизмінің даму баспалдақтары. Руссо мен «руссоизм» ықпалы.

    1. Шатобриан.

    2. Ламартин.

    3. Мюссе.

    4. Гюго.

    5. Жорж Санд.

  13. РЕАЛИЗМТерминнің пайда болуы. Реализм эстетикасы.

  14. ФРАНЦУЗ РЕАЛИЗМІ

    1. Стендаль.

    2. Бальзак.

    3. Мериме.

  15. АҒЫЛШЫН РЕАЛИЗМІ

    1. Диккенс.

    2. Теккерей.

  16. Әлем әдебиетіндегі реалистік сарын.

    1. Бодлер.

    2. Флобер.

  17. XIX-XX ғғ. АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ

    1. Кезеңдері. Ерекшеліктері.

  18. XIXXX ҒҒ. аралығындағы РЕАЛИЗМ.

    1. Әлеуметтік-психологиялық реализм: Мопассан, Мередит, Гарди, Джеймс, Драйзер

    2. Әлеуметтік-философиялық реализм: Франс, Ибсен, Шоу

    3. Сатиралық-юморлық реализм: Г. Манн, Марк Твен, О. Генри

    4. Реализмдегі батырлық сарын: Роллан, Джек Лондон

  19. НАТУРАЛИЗМ. Натурализм қағидалары.

    1. Тэн. Гонкурлар. Золя мектебі. Германиядағы натурализм. Гауптман.

    2. Золя

  20. СИМВОЛИЗМ. Верлен. Рембо. Малларме. Метерлинк

  21. НЕОРОМАНТИЗМ

    1. Германия мен Австриядағы неоромантизм. Бельгиядағы неоромантизм. Англиядағы неоромантизм. Франциядағы неоромантизм. Өзге елдердегі неоромантизм.

  22. ЭСТЕТИЗМ - Пейтер. Уайльд.

  23. XX ҒАСЫРДАҒЫ ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ

    1. «Бұқаралық әдебиет». Детектив жанры. Шпиондық роман. Триллер. Фантастика. Фэнтези. Әйелдер романдары. «Мәдени сұраныс» әдебиеті. «Контрмәдениет». Батыс пен Шығыс мәдениеттерінің синтезі. «Жаңа латын-американ романы».

  24. МОДЕРНИЗМ

    1. Модернизмнің философиялық және психологиялық негіздері. ХХ ғ. көркем мәдениетіндегі миф пен мифтік шығармашылық мәселесі. Шығармашылықтың «ойындық» тұжырымдамасы. Шынайы өмірді моделдеу. Поэтика. 1910 —1920 жж. Аралығындағы авангардистік ағымдар.

    2. Дадаизм

    3. Экспрессионизм

    4. Футуризм

    5. Сюрреализм

    6. Экзистенциализм

    7. Француз экзистенциализмі. Сартр.

    8. «Жаңа роман» - Саррот. Роб-Грийе.

    9. «Абсурд театры» - Ионеско. Беккет.

  25. XX ҒАСЫР РЕАЛИЗМІ

    1. «Жоғалған ұрпақ» әдебиеті

    2. Социалистік реализм

    3. Антифашистік әдебиет

    4. Неореализм

    5. Пруст

    6. Кафка

    7. Камю

    8. Хемингуэй

    9. Брехт


Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.):
1. Грек мифологиясы
2. Ағылшын әдебиеті. Байрон шығармашылығы.
3. Гомердің өмірі мен шығармашылығы.
4. Данте Алигьери. «Құдіретті комедия»
5. Қайта Өрлеу дәуірі – гуманизм дәуірі.
6. Э.Хемингуэй шығармашылығы.
7. Эмиль Золя шығармашылығы.
8. В.Шекспир және шекспиртану,
9. Брехт шығармашылығы.
10. Шатобриан шығармашылығы.

Тест тапсырмаларының нұсқасы



1. «Антикус» сөзінің мағынасы:

а. көне+


ә. дәстүрлі

б. тарихи

в. ежелгі гректік
2. Антикалық әдебиеттің 2-ші кезеңі қалай аталады?

а. аттикалық+

ә. архаикалық

б. әллиндік

в. әгейлік
3. Ежелгі грек қоғамындағы басты идеология –

а. Мифология+

ә. мемлекеттік мүдде

б. дін


в. тотемизм
4. Мына үш трагикті өмір сүру кезеңдеріне сәйкес реттеп жаз?

а. Эсхил, Софокл, Еврипид+

ә. Еврипид, Софокл, Эсхил

б. Софокл,Эсхил, Еврипид

в. Софокл, Еврипид, Эсхил



5. Еврипид шамамен неше трагедия жазған?

а. 90+


ә. 70

б. 80


в. 60
6. Табиғаттың гүлдену – солу процесінің символы қай құдай?

а. Деметра+

ә. Персефона

б. Афина


в. Артемида
7. Аристофанның «Бұлттар» комедиясы Дионисий мерекесінде нешінші жүлдеге ие болды?

а. 3+


ә. 4

б. 2


в. 1
8. «Гомер сұрағы» нендей сұрақ?

а. Гомердің тарихи тұлғасы мен авторлығы туралы+

ә. Гомердің грек халқына жататындығы – жатпайтындығы туралы

б. Гомердің Троя қаласының тұрғыны болғаны – болмағаны туралы

в. Гомердің Троя соғысына қатысқан – қатыспағандығы туралы
9. Одиссей қай құдайдың қаһарына ұшырап өз Отанына көн жыл орала алмайды?

а. Посейдонның+

ә. Зевстің

б. Аполлонның

в. Арестің
10. Ежелгі грек комедиясының атасы –

а. Аристофан+

ә. Менандр

б. Эсхилл

в. Аристотель
11. «Ортағасырлар» дәуірі қандай уақыт шеңберін қамтиды?

а. Ү-ХҮ ғғ.+

ә. І-Х ғғ.

б. ІІІ – ХІІ ғғ.

в. ҮІ – ХҮІІ ғғ.
12. Ортағасырларда ел арасына кең тараған, шамамен 700 ж. жазылған ағылшын – саксондық батырлық эпос –

а. Боевульф+

ә. Нибелунгтар туралы жыр

б. Ваганттар жыры

в. Дитрих Бернский туралы жыр
13. «Іздеуші, табушы» деп аталған ортағасырлық ақындар кімдер?

а. Трубадурлар+

ә. миннезингерлер

б. ваганттар

в. труверлер
14. Сирвента –

а. саяси ән+

ә. махаббат әні

б. табиғат лирикасы

в. айтыс
15. «Куртуаздық» поэзия қандай поэзия?

а. сарай маңындағы+

ә. халық поэзиясы

б. патриоттық поэзия

в. жауынгерлік поэзия
16. Қайта Өрлеу қозғалысы қай елден бастау алды?

а. Италиядан+

ә. Англиядан

б. Америкадан

в. Германиядан
17. Германиядағы Қайта Өрлеу құбылысының бастамасы –

а. Мартин Лютердің Библияны неміс тіліне аударуы+

ә. неміс гуманистерінің қозғалысы

б. Иоганн Рейхлиннің әйгілі «Халық хаттары» шығармасының жарық көруі

в. Себастьян Бранттың «Ақымақтар кемесінің» жариялануы.
18. Авторлары белгісіз «Тиль Эйленшпигель», «Доктор Фауст», «Шильдбюргерлер» және т. б. осындай туындылар қай жинаққа енген?

а. «Халық кітаптары»+

ә. «Белгісіз ақындар жинағы»

б. «Эдда»

в. «Письма темных людей»
19. Петраркаға өзі тірі кезінде әлемдік даңқ әкелген шығармасы:

а. «Африка»+

ә. «Филология»

б. «Белгісіз хаттар» жинағы

в. «Менің Италиям»
20. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» шығармасы неше кітаптан тұрады?

а. 5+


ә. 3

б. 4


в. 2
21. Алькофрибас Назье - қай автордың лақап аты?

а. Рабле+

ә. Петрарка

б. Сервантес

в. Лопе де Вега.
22. Дульсинея Тобосская деген кім?

а. шаруа қызы+

ә. көпес қызы

б. герцогиня

в. ханшайым
23. «Оң қолымның даңқын шығару үшін сол қолымды құрбан еттім», - деген кім?

а. Сервантес+

ә. Боккаччо

б. Петрарка

в. Шекспир
24. Шекспирдің сонеттерінен неше тұлғаның бейнесі көрінеді?

а. 3: автор, оның сүйгені, досы+

ә. 2: автор және оның сүйгені

б. 2: автор және оның досы

в. 1: автордың сүйген қызы
25. «Отелло» трагедиясындағы зұлымдықтың символы қай кейіпкер?

а. Яго+


ә. Родриго

б. Кассио

в. Эмилия
26. Дантенің туған жері –

а. Флоренция+

ә. Фландрия

б. Фракия

в. Франция
27. Данте өзінің «Ұлы ұстазы» деп кімді атады?

а. Вергилий+

ә. Петрарка

б. Овидий

в. Венеций
28. «Құдіретті комедияның» әр бөлімі неше өлеңнен тұрады?

а. 33+


ә. 32

б. 31


в. 35
29. «Декамерон» неше новелладан құралған?

а. 100+


ә. 90

б. 70


в. 150
30. «Моральдік қағидалар мен максималар» шығармасының авторы –

а. Ларошфуко+

ә. Никола Буало - Депрео

б. Лабоюйер

в. Пьер Корнель
31. Француз классикалық поэзиясының кодексі ретінде қабылданған шығарма -

а. Буалоның «Ақындық өнері»+

ә. Лабрюйердің «Классицизм» трактаты

б. Аристотельдің «Поэтикасы»

в. Расиннің «Классицизм қағидалары»
32. «Доктор-педант», «Оқушы Гро-Рене», «Қаптағы Горжибюс» шығармаларының авторы -

а. Жан Батист Мольер+

ә. Жан Расин

б. Пьер Корнель

в. Педро Кальдерон
33. ХҮІІ ғ. испан әдебиеті неше бағытта дамыды?

а. 3+


ә. 2

б. 4


в. 5
34. ХҮІІІ ғ. – дағы батыс еуропалық елдерде басталған идеологиялық қозғалыс –

а. Ағартушылық+

ә. Ренессанс

б. Реформация

в. Романтизм
35. ХІХ ғ. әдебиетіндегі басты әдеби стильдер -

а. романтизм мен реализм+

ә. символизм мен реализм

б. сентиментализм мен романтизм

в. реализм мен сентиментализм
36. «Қоғамдық келісім» трактатын жазған кім?

а. Руссо+

ә. Д,Аламбер

б. Дидро


в. Дефо
37. «Жас Вертердің азабы» романының авторы –

а. Гете+


ә. Гейне

б. Байрон

в. Ричардсон
38. «Фауст» поэмасы неше бөлімнен тұрады?

а. 2+


ә. 3

б. 4


в. 5
39. Пасторела –

а. табиғат лирикасы+

ә. саяси ән

б. махаббат әні

в. үндеу, азан шақыру
40. Натуралистік теорияның ірі өкілі әрі негізін қалаушысы –

а. Э.Золя+

ә. П.Мериме

б. Оноре де Бальзак

в. Стендаль
41. «Декаданс» ағымының пайда болуы қандай оқиғадан бастау алады?

а. «Декаданс» журналының басылуы+

ә. «Декаданс» газетінің басылуы

б. «Декаденттік клубтың» ашылуы

в. «Декаданс» жинағының жарық көруі
42. Декаданстың идеялық негізін құраған философия –

а. А.Шопенгауэр мен Ницше философиясы+

ә. И.Канттің идеалистік философиясы

б. Анри Бергсонның интуитивистік философиясы

в. О.Конт пен Г.Спенсердің позитивистік философиясы
43. Модернизм бағытын тағы қалай атаған?

а. Авангардизм+

ә. авантюризм

б. натуризм

в. футуризм
44. «Таза өнер» теориясын дамытқан қай стиль өкілдері?

а. имажинистер+

ә. декаденттер

б. символистер

в. трансценденталистер
45. Батыстық елдердің шовинистік саясатын насихаттаушы әдеби үрдіс –

а. колониалдық роман+

ә. символизм

б. имажинизм

в. модернизм
46. Трансцендентализм қандай философиядан бастау алады?

а. И.Канттің идеалистік философиясы+

ә. А.Шопенгауэр мен Ницше философиясы

б. Анри Бергсонның интуитивистік философиясы

в. О.Конт пен Г.Спенсердің позитивистік философиясы
47. Антикалық әдебиет неше кезеңге бөлінеді?

а. 3+


ә. 2

б. 4


в. 5
48. Эллиндік кезең қандай ғасырларды қамтиды?

а. Б.э.д. ІҮ – біздің эрамыздың І ғ.+

ә. Б.э.д. Ү-ІҮ ғғ.

б. Көне заманнан б.э.д. 500 – ші жылдар

в. Біздің эрамыздың І – Ү ғғ.
49. Трагедияның пайда болуы туралы неше болжам бар?

а. одан да көп+

ә. 2

б. 3


в. 1
50. «Есі ауысқан Геракл» трагедиясы кімдікі?

а. Еврипидтікі+

ә. Софоклдікі

б. Эсхилдікі

в. Аристофандікі
51. Грек комедиясының пайда болуына неше элемент себепкер болды?

а. 4+


ә. 3

б. 2


в. 5
52. Аристофанның бізге белгілі алғащқы комедиясы –

а. Ахарндықтар+

ә. Бұлттар

б. Аралар

в. Гүлдер

53. Грек мифологиясы бойынша даналықтың әйел құдайы –

а. Афина+

ә. Персефона

б. Гера

в. Эрида
54. «Илиада» поэмасы қалай басталады?

а. Олимп тауындағы үйлену тойымен+

ә. Паристің әйел құдайларға төрелік етуімен

б. Олимптегі тойға Эриданың шақырылмауымен

в. Паристің Еленаны ұрлап әкетуімен


55. Эсхилдің Еврипиадтар мен Данаидтер туралы трагедиясы қалай аталады?

а. Жалбарынушылар+

ә. Парсылар

б. Орестея

в. Гениадтар
56. Ежелгі грек мифологиясы бойынша жерасты патшалығының құдайы –

а. Аид+


ә. Кронос

б. Посейдон

в. Зевс
57. «Ортағасырлар» дәуірінің классикалық кезеңі қай қай ғасырларға жатады?

а. ХІ – ХІҮ ғғ.+

ә. Х – ХІ ғғ.

б. І – Х ғғ.

в. ХІҮ – ХҮ ғғ.
58. Ваганттар деген кімдер?

а. кезбе ақындар+

ә. рыцарлық өмірді жырлаушылар

б. сарай маңындағы ақындар

в. жалынды махаббат жыршылары
59. Кансона –

а. махаббат әні+

ә. саяси ән

б. табиғат лирикасы

в. айтыс
60. Боевульф неше бөлімнен тұратын поэма?

а. 2+


ә. 3

б. 4


в. 5
61. «Ортағасырлар» термині алғаш рет қай елде қолданыла бастады?

а. Италияда+

ә. Англияда

б. Францияда

в. Германияда
62. Қайта Өрлеу гуманистерінің басты назарын аударған құбылыс -

а. Адам+


ә. адам және табиғат

б. табиғат

в. қоғам дамуы

63. Қайта Өрлеу дәуірінде туындаған «Реформация қозғалысының» мәні?

а. Католиктік шіркеуді қайта құру+

ә. Саяси жүйені түпкілікті өзгерту

б. Әдебиетте христиандық рухты қайта жандаңдыру

в. Қоғамда діни билікті қайта күшейту.


64. ХҮІ ғасырда Италияда туындап, кейін ХҮІІ ғасырдағы Францияда өз дамуының шырқау шыңына жеткен әдеби бағыт:

а. Классицизм+

ә. Романтизм

б. Сентиментализм

в. Куртуаздық бағыт.
65. «Фуэнте Овехуна» - кімнің шығармасы?

а. Лопе де Вега+

ә. Петрарка

б. Боккаччо

в. Эразм Роттердамский.
66. «Гаргантюа мен Пантагрюэльдің» үшінші кітабы кім туралы?

а. Панург+

ә. Пантагрюэль

б. Гаргантюэль

в. Грангузье
67. Сервантестің «Дон Кихот» романы қандай шығарма?

а. Рыцарлық романдарға пародия ретінде жазылған.+

ә. Өз өмірін суреттеуге арналған

б. Рыцарлық романдарға еліктеп жазылған

в. Рыцарлық ерліктерді жырлауға арналған.
68. Дульсинея Тобосскаяның шын есімі –

а. Альдонса Лоренсо+

ә. Морена Дульсенто

б. Лорена Альдонсо

в. Дульсена Альдонсо
69. Шекспирдің шығармашылық жолы неше кезеңге бөлінеді?

а. 3+


ә. 2

б. 4


в. 5
70. Шекспирдің сонеттер жинағына неше сонет енген?

а. 154+


ә. 125

б. 100


в. 166
71. «Ромео мен Джульетта» трагедиясындағы жауласқан екі жанұя –

а. Монтекки мен Капулетти+

ә. Кавальканти мен Капулетти

б. Луиджи мен Чекки

в. Монтекки мен Кавальканти
72. Дантенің «Жаңа өмір» шығармасы не туралы?

а. Автордың махаббат сезімінің тарихы+

ә. Саяси - әлеуметтік төңкерістер

б. Утопиялық арман - мақсаттар

в. Автордың өзі өмір сүрген қоғамды сынауы
73. «Құдіретті комедия» неше бөлімнен тұрады?

а. 3+


ә. 2

б. 4


в. 5
74. Боккаччоның тырнақалды шығармасы –

а. Филоколо+

ә. Филострато

б. Декамерон

в. Фьяметта
75. ХҮІІ ғ. француз әдебиетіндегі басты стильдік бағыт –

а. Классицизм+

ә. сентиментализм

б. барокко

в. куртуаздық әдебиет
76. Никола Буало-Депрео, Франсуа де Малерб –

а. Классицицзм бағытының теоретиктері+

ә. Барокко стилінің негізін қалаушылар

б. Сентиментализм теоретиктері

в. Куртуаздық әдебиет өкілдері
77. «Сид», «Гораций», «Цинна», «Полиевкт», «Теодора» драмалық шығармаларының авторы

а. Пьер Корнель+

ә. Жан Расин

б. Жан Батист Мольер

в. Педро Кальдерон
78. ХҮІІ ғ. француз әдебиетіндегі көрнекті мысалшы – ақын –

а. Лафонтен+

ә. Лабрюйер

б. Ларошфуко

в. Ламартин
79. ХҮІІ ғ. испан әдебиетіндегі 2-ші бағыт –

а. классицизм+

ә. барокко

б. сентиментализм

в. ренессанстық реализм
80. Ағартушылардың пікірінше, бұқара надандығымен күресудің басты құралы –

а. әдебиет+

ә. ғылым

б. өнер


в. баспа ісі
81. Романтизмнің басты ерекшелігі –

а. Ерекше жағдайдағы ерекше кейіпкерді суреттеу+

ә. Өмірді шынайы суреттеу

б. адам жан-дүниесіндегі құбылыстарды бейнелеу

в. Шынайы болмыстағы қарапайым адамдарды суреттеу
82. «Жаңа Элоиза» романының негізгі идеясы -

а. Табиғи және қоғамдық заңдардың қарама-қайшылығы+

ә. Юлияның тағдыры

б. Махаббат машақаты

в. Екі адамның арасындағы сезім
83. «Фауст» поэмасындағы Фаустың сүйген қызы -

а. Маргарита+

ә. Шарлотта

б. Мария

в. Маргарет

84. Альба –

а. үндеу, азан шақыру+

ә. саяси ән

б. табиғат лирикасы

в. махаббат әні

85. Натурализмнің идеологиялық негізін құраған философия –

а. О.Конт пен Г.Спенсердің позитивистік философиясы+

ә. А.Шопенгауэр мен Ницше философиясы

б. Анри Бергсонның интуитивистік философиясы

в. И.Канттің идеалистік философиясы

86. «Декаданс» терминінің мағынасы –

а. құлдырау, дағдару+

ә. Алдыңғы қатарлы

б. жаңа заман

в. жетілу, гүлдену

87. «Өнер тек өнер үшін» қағидасын насихаттаған көркем стиль –

а. Декаданс+

ә. романтизм

б. модернизм

в. имажинизм

88. Францияда оның өкілдері – Верлен, Рембо, Малларме, Бельгияда – Метерлинк пен Верхарн, Германияда – Гауптман мен Георге, Австрияда – Рильке. Ол қандай әдеби ағым?

а. символизм+

ә. реализм

б. колониалдық роман

в. модернизм

89. Модернизм бағытының идеологиялық негізі –

а. Анри Бергсонның интуитивистік философиясы+

ә. А.Шопенгауэр мен Ницше философиясы

б. И.Канттің идеалистік философиясы



в. О.Конт пен Г.Спенсердің позитивистік философиясы


  1. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік

қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай). ПОӘК шығыс мәліметтерді және мекенжайы көрсетілу қажет – кітапхана, кафедра т.б.
Бұл тарау жоспарланбаған



  1. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.

Кесте бойынша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет