Өмірі мен шығармашылығы. Роман «Гаргантюа мен Пантагрюэль».
Француз гуманизмінің көрнекті өкілдерінің бірі-Франсуа Рабле. Ол Лион аймағында шаруа күйлі және өңдеуші жанұясында дүниеге келген. Жас шағында монастырға оқуға түсіп, құдай жолын дәріптеген еңбектердің орнына ежелгі жазбалар оқиды.
Монастырды тастағаннан соң ол медицинаға бет бұрып, 1532 ж. Лион госпиталінің дәрігері қызметін атқарды. Рабле париж епискот, кейін Жан де белл кординалымен болып 2 рет Римге сапар шекті. Онда Рим көне еңбектерін және шыығыс дәрілік өсімдіктерін зерттеулерді оқыды. Бұдан кейін Рабле 2 жыл Францияда қызмет етті. Оңтүстік Францияны дәрігер есебінде тәжірибе жинақтап медицина докторы дәрежесіне ие болды. 1553ж. Парижде дүние салды. Раблеге әлемдік атақ алып келген туыындысы- « Таргантюа мен Пантагрюэль». Мұнда ол өмірде болмаған әзілге толы оқиғаларды суреттей отырып, ол ортағасырлық қағидалар мен дәстүрлерді алады, оларға жаңа гуманистік мәдениетті қарсы қояяды.
Рабле романының жазылуна 1532 ж. мұнда халықтық кітап «Ұлы және алып дәу адам Таргантю туралы ұлы және баға жетпес хрошинаның» шығуы түрті болды. Ортағасырлық романдар тапқыр экуаланған кітаптың сұранысқа ие болды. Раблеге бұл форманы күрделі мазмұнда беруге жүмсауға итермеледі. 1532 ж. осы кітаптың жалғасы ретінде ол «Длисодтар королі, алып Таргантюаның ұлы данқы Партагрюэлльдің қауіпті де қорқыынышты іс әрекеттері мен ерліктері» аттаы кітапты жарыққа шығарды. Бұл туындыны Альфрибос Назы деген нақты атпен жариялап, өз негізінде бүл шығарма бірнеше мәрте босылып, тіпті көшірмелері де жасалынды.
Өз ойының жетістікке жеткізген соң, 1534 ж. Рабле сол атпен «Пантагрюэльдің әкесі ұлы Таргантюаның өте қорқынышты өмірі туралы хикая» деген атпеноқиғаның басын жариялады. Фантастика ұлғайтылған, әсерленгенреалистік бейнелерге орын беріп, терең мағынаны жеңіл әзіл жасырып тұр.Тангантюаны тәрбиелеу тарихи ескі схоластикалық және жаңа гуманистік әдістер айырмашылықтарды ашып көрсетеді.Ұрланған қоңырауды Тангантюадан өтініп сұрап тұрған могистр Иаютус де Брегмордо сөзі- бес ритоникасын күлкі ету.
«Қайырымды Пантагрюэльдің ерлік істері туралы 3 кітап үзілістен кейін 1546 ж. автордың шын атымен берген Үшінші кітаптығы» қажеттілікке байланысты. 1512 ж. алғаш 2 кітап қайта басылды, ол сорболистерге қарсы айыпты, кальвинизмге деген мүсіншілікте жеңілдетілген, басылым Париждің құдай сөзі факультетінің қарсылығына тап болды.
Ортағасырлыық- халықтық бастауға Рабленің көркемдік техникасының көптеген бейнелеріне тән «Таргантюа және Пантагрюэль», «Түлкі туралы роман », «Раушан туралы роман», «Ұлы мұрасы» атты туыындыларға үндес. Ортағасырлық- халықтық романда толықтырылды. Алайда бұл сәттер Рабледе жаңа мән мен қолданысқа ие. Оның баяндалуының хаотикалық түрі. Бұл тақырыпты ІІІ-V кітаптар- Помургты мәселе бойынша кеңесшілерменжәне белгісіз теңіздермен аралдарға сапар шегу де тән. Мұнда Ренессансуа тән әлемнің шексіздігі және онда жасырынған күштер мен мүмкіндіктер көрінісі.
Ребле тілі- қайталауларға, халықтық мақал мен мәтелдерге толы. Алайда бұл байқаулармен қоса, Рабле стилінде сөйлеу мәдениеті, барлық граматикалық құралдарды қолдану, оған түрлі ғылыми және техникалық терминдерді, латын, грек сөздерін қосу да тән келеді. Рабле халықтық мұраны алтынмен ұштастырып, әдемі де шұрайлы жасай білу еркіндігімен ерекшеленеді.
Рабле романдағы гретестік- комикалық бағыт бірнеше қызметті атқарды. Оқырманды қызықтырып, оны таңдандыруы және роман негізіндегі терең де күрделі мағынаны түсінуді жеңілдету міндетін атқарса, екіншіден ол осы ойда жасырып, олардың берілуін жеңілдете отырып, цеизура шабуылына қалқан болады.
Рабле өз заманын жазған 20 жылда оның көзқарасы және бағасы Францияның саяси және саналы өміріндегі өзгерістерге тәуелді болды. Ммұнан романдағы тұтастығының жоқтығын түсіндіруге болады. Алайда ой эволюциясына қарамастан, Рабле өзінің негізгі роман бойында берік ұстанып қалды. Ол- белсенді, күрескер натура. Оның қаламы оның қаруы. Ол былай дейді:“Істі тек көзін ғана пайдаланып орындайтындарға аз, және олар жалқаулар секілді өз күшін сақтайды, жан – жағымен қарап аһли- ухлейһ„ Өзіне дейіегі ер азаматтардың ішіне оның –Демосфен, Аристофан, Эпиктет.
Рабле романында 3 бейне бөлініп көрсетіледі. Оның біріншісі- мейірімді корольдің 3 нұсқалы көрінісі Тралузы, Таргантюа, Пантагрюәль. Мұнда Рабле өзінің утопиялық мейірімді және ақылды бейлеушінің идиясын көрсетге талпынған. Бұл Грамцузынің ел шетіне Пикрохол әскерімен басып кіргенде, баласына жазған хатынан көрінеді:“Мен өртеуді емес, шабуылдауды емес, қорғануда баяаулап алуды емес, өз халқымды туған жерімді қорғап қалуды мақсат туындаған.” Ол данқ туралы емес өз халқының жағдайы жайында ойланады . Бұл бейне- дәуір шығарған абсолюттік монорхиялық типті танытады. Рабленің корольдері мемлекеттік билікті өздері иемденіп, одан ақсүйек бағыстырды. Алайда олардың ерекшелігі халықты басқармай, олардың өздеріне дамуға, өмір сүруге еркіндік беруінде.
Бүкіл романда табиғаттың иелігіне адамның жақсылығына деген сенім үн қатып тұр. Барлық табиғат қызығушылық заңды, алайда оны зорласа, онда ол тек саналы және моральды әрекеттерге әкелді. Рабле « Адамдар еркін, қайырымды және тәрбиелі, табиғатымен жақсылық жасауға, жамандыққа жаны қас » деп түсіндірді.
Рабле құдай сөзін сөйлеушілергежаны қас. Ол монахторды маймылдармен салыстырады. Олар «бар жерді бүлдіреді, кеселдік келтіруі, күлкі мен тепкі көреді.»
Жан аға- дінсіз монах. Ол рясаны шешіп тастап, баққа енген пакрехол әсерін крео соқты. Жан- алып күш иесі, ішіп жеуді жалпы сүйетін жабайылау, алайда әрқашан мейірімді халық құятының көрінісі.
Рабле халықты әсерлеп көрсетпейді. Жан қарапайым адам. Ол жабайылау .Оның талғамы примитивті Панургтің ойлау деңгейіне жету ол үшін арман алайда Рабле оның бойынан әрі дамудың мүмкіндігін алады. Бақтағы ерлігінен соң ол Пентагрюэльдің айнымас сенімі. Жан-халықтың мемлекеттің сенімі.
Рабле- сөз саптаудың, суреттеудің, тірі диологтын, портреттеудің ұлы шебері. Ол француз тілінің дамуына көп үлес қосқан тұлға. Гуманист ретінде Рабле оған көп көлемде элеметтерді қосты. Француз тілін турелдік тіркестер, халық диологымен, нақыл сөздермен байытты.
№13 Дәріс. Шекспир.
Англиядағы гуманизм дамуы. Жалпы шолу. ХІҮ ғасырдағы Англияның саяси және әлеуметтік өмірі. Джеффри Чосер (1340-1400). “Кентербери әңгімелері”. Томас Линакр, Томас Мор, Френсис Бэкон. Уильям Шекспир шығармашылығы. Шекспир өмір сүрген кезең. Алғашқы шығармалары. “Венера мен Адонис”, “Жазғы түндегі түс”, “Венециандық көпес”, “Жоқтан шыққан дабыра”, “Он екінші түн” және т.б. Англияда гуманистік идеялардың орталығы – Оксфорд университетінде өз заманының алдыңғы қатарлы ғалымдары – Гросин, Линанр, Конет және т.б. жемісті еңбек етті. Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік қағидалардың дамуы «Утопияның» авторы. Томас Мордың есімімен тығыз байланысты. ХҮІ ғ. бірінші жартысында көркем әлебиет саласында драматургия алдыңғы орынға шықты. «Қаңғыбастар» ретінде қатаң жазалану қаупіне қарамастан елде актерлердің «Қыдырма» топтары көбейе түсті. Ағылшын Ренессансының алыбы, ағылшын халқының ұлы драматургы – Вильям Шекспир болды. Оның қаламынан шыққан «Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Юлий Цезарь», «Асауға тұсау», «Генрих ҮІ», «Ричард ІІІ» сияқты трагедиялары мен тарихи пьесалары дүниежүзілік даңқ пен құрметке ие болды. Жалпы алғанда, жаңғыру дәуіріндегі театрдың дамуы Шекспирдің есімімен тығыз байланысты.
№14 Дәріс. Сервантес шығармашылығы
Мигель де Сервантес Сааведра 1547 жылы 9 октябрьде Мадрид қаласына жақын жердегі Алькала-де-Энарес деген бір шағын қалада дүниеге келеді.Оның әкесі дәрігерлікпен күн көрген,әбден кедейленіп біткен бір идальго еді.Мигелдің жас шағынан білім алуына кедейлік кесірін тигізеді.Сөйтсе де оның балалық шағынан әдебиет пен театрға құштарлығы мектепте алған мардымсыз білімін өздігінен дамытуға жетеледі.Ол тіпті кішкене кезінен-ақ ақын,драматург,жазушы болуды армандады.Мигельді Мадрид қаласында оқытқан,адамгершілігі мол ұстазы оның бұл дарының дами түсуіне барынша көмектеседі.Осы кезде жоқшылықтың ащы зардабы Сервантесті еріксіз қызмет іздеуге мәжбүр етті.Әйтсе де ол Испанияда қызметке орналаса алмады.Сондықтан 1569 жылы кардинал Аквавиваның нөкеріндегі жай қызметші болып Италияға,Римге кетеді.Адамгершілігін қорлаған бұл қызметке де көне алмай,папа,Испания королы Филипп 11 және Венеция республикасы түріктерге қарсы жариялаған соғыста соғысып жатқан армияға өз еркімен кіріп,4 жыл соғысқа қатысады.Ол өзінің қахармандығы арқасында полкте жақсы атаққа ие болса,жалынды рухы мен жайдары мінезі үшін достары арасында да зор құрметке бөленеді.Мигель осы соғыста кеудесінен ауыр жараланып,соның салдарынан сол қолы істен шығады.Ол кейінгі кезде «Оң қолымның даңқын асыру үшін сол қолымды құрбан еттім» ,-деп әзіл айтатын.
Соғыс басылған соң,1575 жылы Сервантес туған еліне қайтпақ болады.Испанияда,Римде және Неапольде болады.Итальян гуманистерінің маңдай алды шығармаларымен танысу арқылы көптеген әдеби жоспарлар құрумен,қайткенде де соны іске асыру ниетімен өз еліне,Мадридке қайтады.Жолда Сервантес отырған кемені маврдың теңіз қарақшылары қолына түсіріп,Алжирға алып кетеді.Сөйтіп,Сервантнс 5 жыл тұтқында жүреді.Өлімге басын байлап,қашуға қаншама рет әрекет жасаса да,ештеңе шықпайды.Ең ақырында 1580 жылы көп құн төлеп босанады да,Испанияға жетеді.Отаны оны көңілсіз қарсы алып,ерлігімен даңқы шыққан мүгедек жауынгерді көшеде қалдырады.Ал Мигельдің әке-шешесі де бұл кезде жартылай қайыршылықта өмір сүретін.
Осы кезде Сервантес әдебиетпен қатты шұғылданады.Бірақ шығармалары ескі әдеби үлгімен жазылғандықтан ылғи сәтсіздікке ұшырайды.Оның өзіне тән дарындылығы шарықтап өспейді,өлеңдері де елеусіз қалады.Ал «Галатея» 1585 атты қойшы өмірінен жазған романы да сәтсіздікке ұшырайды.20-дан астам драма жазса да,олар сахнаға бір-ақ рет қойылудан ары бармайды.Сөйтіп,Сервантес қайыршылыққа тап болады.1587 жылы ол Мадридтен кетіп,астық және салық жинаушы болып істей жүріп,Испанияның шалғай түкпірінднгі шаруалар мен байлардың және дворяндардың салт-сана,әдет-ғұрпымен танысады.1597 жылы Сервантес қазынаның көп ақшасынан айрылып,сол үшін 1604 жылға дейін дүркін-дүркін түрмеге түсіп,бұрынғыдан жаман қайыршыланады.Сонда да қажымас қайратты Сервантестің рухы бір төмендейді.Ол осы жылдарда 1605 өзінің «Дон Кихотының» бірінші бөлімін жазып шығады.Бұл шығарма оқушы жұртшылыққа ұнайды.Сонымен бірге бұл еңбек дүние жүзі ұлттарының тіліне аударылып,кітап болып шыға бастайды.Сөйтіп,Сервантес данышпандығы бірден білініп,күллі оқушы жұртшылықты өзіне керемет баурап алады.Ол «Дон Кихоттың» екінші бөлімін жазудан басқа 1615,көптеген құнды новеллалар,»Парнасқа саяхат» 1614 деген сықақ поэма,оннан астам күлдіргі шығармалар жазып,ең соңында фантастикалы жаңа романын жазып жүргенде аяқтай алмай,1616 жылы 23 апрельде Мадрид қаласында қайтыс болады.
1605 жылы Испанияда жұртшылықтың назарын бірден өзіне аударып алған бір кітап шықты.Бұл кітап сол кезде бүкіл ел құмартып оқыған серілер жөніндегі романдарға жазылған өткір әрі қызық сықақ еді.Бұл кітапты жазуда Сервнтес өз алдына «Қисынсыз серілік тарихтарды оқудан жұртшылықты бездіру» ісін міндет етіп қойды. Ол мақсатына автор жетті де «Дон Кихоттан» кейін серілер жөнінде жазылған романдар сәннен шығып қалды да оның орнына сол романдарға жазылған осы сықақ өмір сүріп қала берді.
Сервантес өзінің «Дон Кихотында» өмрір шындығымен санаса алмайтын адамның бейнесін шебер көрсетеді. Қайғылы бейненің серісі – ең жақсы ниетпен рухтанған адам. Ол жәбір – жапа шеккендерді және тепкіде жүргендерді қорғағысы келеді. Дүние жүзіндегі зорлық – зомбылықты, езушілікті жойғысы келеді. Бүкіл дүние жүзіне әділдік пен бостандық орнауын арман етеді.
Дон Кихот осы ұлы идеяны жүзеге асыру жолында асқан жан қиярлық, қаһармандық, ерлік көрсетеді. Ұлы ісі үшін өзін құрбан етуге әзір екендігі жағынан оны еріксіз құрметтейсіз.
Сервантестің «Дон Кихоты» қазақшаға аударылып, 1952 жылы жеке кітап болып шықты.
№15 Дәріс. XVII ҒАСЫРДАҒЫ ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ
Кіріспе. Жалпы шолу. ХҮІІ ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай. Мәдени және әдеби даму процестері. Кальдерон шығармашылығы. өмірі туралы деректер. Комедиялары, пьесалары, аутос және интермедиялар. “Креске табыну”, “Ажалдан соңғы махаббат”. Пьер Корнель. Шығармашылық және өмір жолы. Алғашқы шығармалары: “Мелита”, “Клитандр”, “Жесір”, !Сот галереясы”, т.б. “Сид” трагедиясы – Корнель творчествосының биік шыңы. Трагедияның тағдыры. Соңғы трагедиялары: “Гораций”, “Цинна”, “Полиевкт”, Эдип”, “Пертарит”. Жан Расин. өмірбаяны. Тырнақалды шығармалары: “Сена нимфасы”, “Фиваида”, “Александр” трагедиясы. Расиннің театрдан кетуі. Психологиялық дағдарыс. Расиннің эстетикалық көзқарастары. “Андромаха” трагедиясы. “Ифигения Авлидте”, “Британник”, “Баязет” трагедияларының тақырыптары, олар шешетін әлеуметтік мәселелер. Жан Батист Мольер. өмір жолы. Алғашқы комедиясы “Есуас. Мольердің көркемдік көзқарастары. “Мизантроп”, “Дон Жуан”, “Күлкілі әпенділер”, “Күйеулер мектебі”, “Оқымысты әйелдер”, “Тартюф”, “Сараң” және т.б. Классицистік прозаның жарқын өкілдері: Ларошфуко, Лабрюйер. Шығармалары. “Ойлар, немесе моральдік тұжырымдамалар”, “Біздің ғасырымыздың мәнездері мен кейіптері”,. Графиня де Лафайет. “Клевская ханша”, Лафонтен шығармашылығы. “Мысалдар” . Француз барокколық әдебиеті. Жалпы шолу. Барокко - әдеби ағым. Ерекшеліктері. Мадлен Скюдери және оның романы “Артамон, немесе Ұлы Кир”, “Клелия”. Бароко принциптері. “Әйелдер салондары”. Ренессанстық реализм: Теофиль де Вио, Поль Скаррон, Шарль Слорель, Фюретьер, Сирано де Бержерак. Француз театрында 1667 ж. «Андромаха» пьесасы қойылған. Осыдан кейін көпшілік француз театрының жаңа өзгерісін шын жаңа, тың өзгерістерін жүректерімен тұщынды. Бұл Корнель жазған трагедиялардан бөлек, басқаша дүние болды. Барша француз көрермендері сол кезге дейін театр сахнасынан тәуелсіз күшті, өзсезімдерін өздері бағындыра алатын күшті кейіпкерлерді көрсе, енді олар сезімге беріліп, өз-өздерін баса алмайтын, жеңе алмайтын адамдарды көрді. Осылайша тапқырда шешен Корнельдің орнын басатын жаңа поэтикалық дарын пайда болды.
Бұл – Жан Расин еді. Корнель мен Расиннің негізінен жас аралығында 33 жыл айырмашылық бар. Корнель сол уақытта 61 жаста, ал Расин болса – 28 жастағы талант иегері.
Міне, осы уақыттар аралығында қоғам дамудың жаңа фазасына түсіп, әдебиет пен мәдениет біршама алға жылжып елдегі ен өзгерістер адамдардың мәдениетке, өнерге деген оң көзқарастарын тудырды.
Жан Расин 1631 жылы 21 желтоқсанда Ферте-Милонада, провинциялық сот қызметшісінің жанұясында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, әжесінің қамқорлығында өседі. Әжесі оны Бон қаласындағы колледж сонан соң Порт-Роялдағы Гранж мектебіне оқуға береді. Онда оның ұстаздары янсенистер, яғни діни қауымдастықтың мүшелері болды. Өздерінің діни көзқарастарына берік янсенистер қатал тәрбиесімен Расин санасында терең із қалдырды. Ол мәңгіге арманшыл, діни бағытты ұстанады. Алайда, Расин поэзияға ерте әуестеніп, Софокл мен Еврипидті ол тіпті жатқа білетін. Грек жұртының Теаген мен Хариклея атты атақты романын, ол бірде кездейсоқ оқыды. Осы нәзік те сыршыл махаббат жайлы роман оны романтикалық сезімге бөлеп, таң қалдырады. Ал сол кездегі монахтар қауымы-махаббат туралы жағымсыз кейіпте,ол кітапты жас Расиннен тартып алады. Расин болса, ол кітаптың екінші басылымын да тауып алады. Бірақ оны тағы монахтар тартып алады. Алайда, Расин ол кезде бұл романды жатқа білетін.
1658 жылы қазан айында Расин Гаркур колледжінде оқуын жалғастыру үшін Парижге келеді. Қанша әрекеттенгенмен философия, формальды логика жаттығулары, т.б. ғылыми дәрістер жас ақынды қызықтырмады.
1660 жылы Париж жұртшылығы жас король Людвиг ХIV тойын салтанатты түрде атап өтеді. Осы тойға байланысты Расин «Сена Нимфасы» деген одасын жазады. Барлық жас ақындардай ол да нағыз ақындардың көзқарастарына құлақ түреді. Сол күндері танымал болған, соңынан ұмытылып қалған Шаплен жас ақынның дарынына оң баға беріп, Расин туралы Людовик ХIV-ң министрі Кольберге айтады. Кольбер король атынан ақынға 100 лундер береді. Ал соңынан оған әдебиетші ретінде пенсия тағайындайды. Осылайша Расин француз қауымына ақын болып танылады.
Бір кездегі оны таң қалдырған Теаген мен Хариклая бейнеленеді. Оған тыныштық бермейді. Сөйтіп, ол өзіне ұнаған сюжет бойынша пьеса жазып, оны сол кездері Пам-Рояль театрының директоры Мольерға көрсетеді. Ол қарап шығып, кішкене жарамсыз жерлерін дұрыстауын көрсетеді. Директор Мольер одан нағыз дарынның ұшқынын байқайды. Расин белгілі комедияшының кеңесі бойынша жұмыстанады. 1664 жылы оның «Фивомеда» деген ең бірінші трагедиясы қойылдаы. Бір жылдан кейін Расин «Александр» трагедиясын сахнаға әкеледі. Бұл трагедия бүкіл Парижің зейінін өзіне тартады. Осы сәтте оны француз трагедияның атасы Пьер Корнель де байқайды. Осыдан бастап Расин Академия мүшелері қатарына, сонымен қатар 40 халықтардың бірігуінен құрылған мәдениет қайраткерлерінің құрамына алынады.
Бірде академияның бір отырысында Расиннің сөзін тыңдап, оның соншалықты жай, шашыраңқы сөйлегендіктен, түсіне алмаған минситр Кольбер оған кейбір отырыстарға қатыспауына рұқсат етті. Корнель дүниеден өткен соң, Расин академия отырысында оған бағыттап, жақсы сөздер айтты.
1667 жылы Расин өзінің «Ферда» атты трагедиясын жазады. Бұл драматургтың басына жақсылық әкелмеді. Себебі кардиналдың жақын туысы Мазарини бастаған аристократ тобы Расинді күлкіге қалдыру үшін біршама әрекеттерді істеп бағады. Олар Прадан деген ақынды тауып сол тақырыпқа пьеса жазуға және Расин мен жарысқа түсуге үгіттеп, ақша беріп сатып алады. Тіпті, қойылар пьесаның уақытында да олар біршама орындарды да сатып алып, Прадан пьесасында залға көрермендер толы болады, ал Расинның «Федрасының» сахналануы тұсында ондағы орындар бос қалады. Бұл драматургтың ызасын тудырады. Ол осыған қайғырып, ұзақ уақытқа театрды тастап кетеді. Сөйтіп, өзінің досы Буало сияқты ешқашан пьеса жазбауға өзін көндіріп, тек король тарихшысы қызметімен күн өткізеді.
Бірақ он екі жылдан соң Ментенон ханшайымының сұрауы бойынша Расин Сен-Сир пансионының қыздарына арнап, «Эсфирь» пьесасын 1689 жылы жазады. Пьеса 3 бөлімнен тұрады. Онда бір қызығы, король ханымының сұрауы бойынша, махаббат тақырыбы болмады.
1690 жылы Расин өзінің соңғы «Аталия» пьесасын жазады және осыдан соң театрмен мәңгіге қоштасады. Өмірінің соңғы кезінде де христиан құдайына деген үлкен сеніммен өмірден өтеді.
Енді драматургтың біршама туындыларына көз жүгіртелік: «Андрамаха» трагедиясында драматург өзіне тән жұмсақтықпен сол кездегі әдебиетті, кейіпкерлерді трагедияның кіріспе бөлімінде сынап өтеді. Андрамаха – Гектор мен Андрамаха жайлы миф. Ол көптеген суретшілердің назарын өзіне аудартып, олардың қыл қаламынан әдемі туындылар тудыруға да жетелейді. Осы трагедияда ең болмаса бір батыл, күшті адам бар ма? Пиррді алсақ, ол әйел үшін дүниедегінің бәрін ұмытып, өз ұлтымен де шайқасуға әзір. Ол өзінің осы әрекетін түсінсе де, оған сезімнің қымбаттырақ екені анық байқалады.
Ал Олест болса, өз отанын Гермиона үшін сатып кетеді. Патриоттық сезімнен ада бұл трагедия адамзаттың санасын бұзады: қорғансыз, қарусыз адамдар Орест қолынан ажал құшады. Соңынан өз қылығын түсінсе де, махабаттың сезімі оның жүрегінің әміршісіне айналып, ол одан басқа сезімдерден айырылады. Трагедияға Гермиона да махаббаттан басқа ештеңе білмейді. Ол Пиррге өз сезіміне жауап бермегені үшін оған өлім тілейді. Сол себепті Гермиона өз кегінің ең басты қаруы ретінде Оресті пайдаланады. Ол оның өзіне деген сезімін еш ойламайды. Гермиона осылайша қырсық та қыңыр. Бірақ ол Расиннің қалам тербеуінше: «Бұлқынған сезім теңізіндегі кішкене ғана таяқша».
Ал Андрамаха бәрінен де батыл, ол Отаны үшін құрбан болған күйеуі мен баласына адал. Ол өлімнен де, қорлаудан да қорықпайды. Бірақ трагедия соңында ол баласын құтқару үшін күйеуге шықса да, ол өзіне сезім білдірген Пиррді кешіріп, оның махаббатын бағалап, одан нағыз адамдық қасиеттерді көреді. Ол трагедия сюжеті бойынша Пиррді сүю керек және солай болды да.
Міне «Федра» трагедиясының кіріспесінде Расин театрдың тәрбиелеушілік жағын көрсетті. Трагедия Иппомет пен оның тәрбиешісі Тера арасындағы әңгімеден басталады. Олардың әңгімесінен біз Ферданың өзінің өгей баласын жек көріп, оның басқан әр қадамын, бақылап жүргенін көреміз. Алайда, трагедия құрылымы бойынша Федра Иппометті сүйеді, оған ғашық болады. Өз қылығы үшін ұялады. Бірақ ештеңе істей алмайды. Ол үшін Ипполит қымбат адам. Оның бейнесі көз алдынан кетпейді. Сол себепті Федра құдайлардан көмек сұрап, оларға жалбарынады. Ипполитті ұмыту үшін, ол оның Трезенаға кетуіне қол жеткізеді. Ипполит кеткен соң, оның күндері зырғып, жайлы өтеді. Ол Ипполитті ұмыта бастады. Федра: «Маған өмір қымбат емес, жүрек бұлқынысы қорқынышты. Мен өлімді шақырдым» дейді. Ол Тезей арқылы Трезенаға келеді. Өзімен күресуді қойып, ол Ипполитке бәрін баяндайды. Бірақ осыдан кейін Ипполит пен Федра да бірін-бірі түсіністік деп алданбайды. Федра Ипполит бәрін әжесіне айтады, балалары қорланады деп қорқып күйзелісте жүреді.
Қызметшісі Энона Федраға Ипполитке жала жабуға үгіттейді. Осы үгіт үстінде олардың қасына Ипполит пен Тезей келеді. Ал Федра оларды көрісімен сытылып шығып кетеді. Тезей аң-таң күйде жанындағы Ипполитке қарап, оның тынышсызданғанын байқайды. Ол Федраның құпиясын ашқысы келмейді. Трагедияға осы тұста Ариция бейнесі көрінеді. Ариция Ипполиттің Федраны құтқару үшін қолданар бейнесі. Ол Тезейге Аницияны сүйем дейді. Осы сәтте Федра өзінің бақталасы туралы естіп, қызметшісін Аницияны өлтіруге үгіттейді. Ең соңында Ипполит Нептун жіберген теңіз дәуімен өлтріледі, ал Федра теңізге батып, өз өмірін қияды. Қызметшісі Энона да ажал құшады. Сезімнің сергелдеңіне мойынсұнған трагедия осылай қайғылы аяқталады.
Осы атақты трагедияларынан кейін Расин тағы да көптеген политикалық трагедиялар жазады. Мысалы: «Баязет», «Британник», «Аталия» т.б. Расиннің бұл трагедиялары Пьер Корнель еңбегіне ұқсамайды. Оның политикалық поэзиясы басқа Расин абсалютизмге онша көңіл бөлмейді. Ол деспотизмді қатал сынап айыптайды. Бұл Корнель көзқарасынан әлдеқайда бөлек. Расин француз абсалютизмі жаңа фазаға көшкен тұста өмір сүрді. Корнель кезінде ол Францияның ұлттық бірлігінің күші болса, Расин заманында ұлттық, азаптардың түпнұсқасы болды. Міне осы кездегі билікке қастандық жасап, деспотизм – Жан Расин тақырыптарының политикалық ұстанымы болды.
Мысалы «Британник» трагедиясында Нерон заманы, оның билік етуінің І кезеңі суреттелген. Рим тағына отырған кездегі (54-68 ж) суреттеліп, оның қастандық әрекеттері туралы келтірілген.
«Баязет» трагедиясында да хандық өмір, эгоизм, жамандық әрекеттер ашылған.
Жан Расин өз өмірінде тұлғаны мемлекетке қарсы қойды және өзі тұлға жағына шықты. Ақынға қарсы қастандықтың неше түрлері істеліп, оның дарының тұншықтыру барысында біршама әрекеттер туындағанын жоғарыда атап өттік. Он жыл ішінде (1667-6677 ж) жалынды еңбектерімен классикалық театр мақтанышына айналған ол 8 өте тамаша трагедия жазып, өмірінің орта кезінде ештеңеге зауқы соқпайды. Король ханымы Ментонаның сұрауы бойынша соңғы екі пьесасы барлық құрылысы жағынан оның алғашқы туындыларының қатарына жете алмайды. Бірде епископ Боссюг оның соңғы екі пьесасының қойылымында болып, оларды жақсы бағалайды.
Міне осы тұста өмірден көп нәрсені түйген, қартая бастаған драматургтың қараңғы суретін бізге оның соңғы трагедиясы «Аталия» көрсетеді. Поэтикалық фантазия әлемі де түнек, оның кейіпкерері де түнек. Трагедиямен таныса келе ондағы бейнелерден ақын жанының жақсы күйде болмағандығын көреміз. Трагедияның сюжеті алблиялық мифтан алынған. «Қартайған, құдайдан безінген иерусалимдік ханша Аталия өзінің барлық ұрпақтарын, балаларын, немерелерін өлтіре бастайды. Себебі олар – давид руынан, Аталия болса – Израиль хандары руынан. Олар Иерусалим хандарымен жау деп есептейді. Шіркеу қастандық мекеніне айналған. Аталия қолында өткір жүзді пышақ».
Міне, осы трагедия құрылысы қайғылы, азалы түрде суреттелген,. Ешбір адам Аталиядан құтқарылуы мүмкін емес. Ал осы тұста Иоас атты хан баласы құтқарылып, кекшіл ханшадан тығылып қашады. Ол иерусалим шіркеуінде құпия түрде тәрбиеленеді. «Аталия» трагедиясында екі бағыттағы кейіпкерлер анық танылады. Бірінші топқа – нағыз жауыздар зұлымдықтың бейнесі ретінде Аталия саналады. Сондай жауыз ол өз ұрпағын құртады. Ал екінші жауыз – Маоран. Ол да құдайдан безінген. Себебі ол Иерусалим храмынан өзіне құдай қызметшісінің орнын ала алмайды. Сөйтіп ол алуан түрлі әрекеттерге барады.
Екінші топқа – ешқандай ренжімейтін, дақсыз жүректі мейірімді жандар беріледі. Оған хан баласы Иоас, шіркеу қызметшісі Иудей, оның әйелі Иосовет, балалары Захария мен Сулалифь, жауынгерлер басшысы Абнер жатады. Олардың бәрі де діни, шыншыл, батыл адамдар.
Трагедия соңында Аталия жеңіліске ұшырап, оның орнына хан баласы Иоас Иудей отырады.
Міне, «Аталия» трагедиясындағы қараңғы көріністер ақын өмірінің құсалықпен өткенін көрсетеді. Француз театрында алмас қылыштай жалт етіп, өз әнерімен ойып тұрып өрнек салған Жан Расин туралы орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин: «Расин тамаша шығармалар жазып, Римнің зұлым хандығын суреттеді».
Жан Расин француз театрындағы - өзіндік бейне, өзіндік әлем екені оның туындыларынан көрінеді.
№16 Дәріс. КЛАССИЦИЗМ
Жаңа Еуропалық мәдениет жаңа буржуазиялық қарым-қатынастардың негізінде пайда болды. Батыс Еуропа елдері үшін XVII ғ. — капитализмнің қалыптасу кезеңі, ал жаңа қоғамдық қарым-қатынастар XV—XVI ғ. Үлы географиялық ашуларға, капиталистік елдердің отаршылдық саясатына тікелей байланысты болды. Капитализм мен буржуазиялық мәдениеттің туындап, қалыптасуы — дүниежүзілік жаңа тарихи кезеңнің беташары болды десек қателеспеген болар едік. Осы орайда белгілі ғалым А.Ф. Лосев былай-дегі пайымдайды: «Жаңа Еуропалық мәдениет — өзінің сипаты жағынан — буржуазиялық-капиталистік мәдениет. Мүнда субъект объектіден жоғары тұра-ды, ал адам табиғат патшасы деп жарияланды».
Жаңа мәдениеттің, жаңа идеялар мен ақыл-ойдың қалыптасуына XV—XVI ғ. етек алған халықтық қозғалыстар өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Осы тарихи кезенде жаңа үлттық қарым-қатынастар калыптасып, ұлттық мемлекеттер қүрылып, жаңа мәдениеттің дамуына даңғыл жол ашылды. Әрине, буржуазия-лық қоғамның алғашқы сатысындағы мәдениетгің капитализмнің одан кейінгі кезеңдеріндегі мәдениеттермен салыстырғанда түбегейлі айырмашылықтары болды. Өйткені XVII ғ. қазіргі адам-зат баласының алдында туындап отырған түбегейлі мәселелер (дүниежүзілік соғыс, ғылыми-техникалық прогрестің зардаптары, табиғат байлықтарын ысырапсыз пайдалану және т.б.) ол кезеңде туындамаған болатын. Бірақ, осы жағдайларға қарамас-тан, XVII гасырда да қырғи-қабақ соғыстар мен қақтығыстар, зорлық-зомбылық пен қантөгістер бір сәтке толастамай, аштық пен эпидемия - халықты қайғы-касіреттерге ұшыратты. Осы сияқты ғасыр тудырған қатыгездіктер мен қиындықтарға кара-мастан адамзат баласы тығырықтан шығудың, қоғамды қайта қүрудың, өмірді нәрлендірудің жолдарын қарастырды.
Бұл дәуірде Ренессанс мөдениетінің тамаша дәстүрлері қайтадан жаңғырды, жаңа заман тудырған тарихи-мәдени жағдайларға байланысты жаңа сипатқа, жаңа мазмүнға ие болды. Еылымның дамуына еркіндіктің берілуі қоғамдық сананы жаңа сатыға көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында жетекші орынға ие бола бастаған ғылым — адамдардың нәсіліне, үлтына, табына қарамастан халықтың рухани дүниесін байытуда ай-тарлықтай рөл атқарды. Мемлекет тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың арқасында XVII ғ. ғылыми революция-ның даму қарқыны өте жоғары болды. Еылыми революция ма-тематика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.
XVII ғ. ғылыми революция — адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып-білуге деген қүлшынысының жемісі болды. Еылымның қарышты қадаммен алға басуы жөне оның қоғам-дық өмірдің барлық саласына біртіндеп кіре бастауы рацио-нализмнің қалыптасу процесін аяқтауға мүмкіндік берді. Раци-онализм жаңа заман адамының өмірі мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай отырып, халық санасынан еркін орын алды. Рацио-нализм қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере оты-рып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені қүдайдың жаратқандыгы туралы ілімімен де санасып отырды.
Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғ.) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойган жоқ, қайта олардың қоғам-дық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынгыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік емір салаларына кеңінен ара-ласты. XVII ғ. Еуропа — жаңа емір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени қүндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақта-ған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәде-ни дәстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Кене заман мен жаңа за-манның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақ-тастығы өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді болу үшін, ғы-лым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші. Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646—1710 ж.) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғ.) дүниеге қатысты гылыми көзқарастарының бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақ-ты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік түрғысынан қарастыратын;болсақ; бүл-қүдайтағаланың дана-лығына шексіз сенім болса, ал рухани түрғыдан қарастырсақ, бүл — өнер атаулыны (мысалы, Бахтың музыкасын немесе клас-сицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дү-ниеңмен қабылдау болып табылады.
Жаңа заманда еуропалықтардың күш-жігері табиғатты мең-геруге жүмсалды, сондықтан да болар XVII ғ. ғалымдарының басты назары табиғат құбылыстарын ғылыми тұргыдан зерттеу-ге бағытталды. Сонымен қатар XVI—XVII ғ. қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-қүқықтық тео-риялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары: Гоббс, Локк, Спиноза, Гуго, Гроций және т.б. болды.
№17 Дәріс. ХҮІІ ғасырдағы ИСПАНИЯ ӘДЕБИЕТІ
Испанияда басқа елдерге қарағанда инквизиция стихиялы түрде өршіді. XVI, XVII, XVIII ғасырларда инквизицияның қатерлі алауында отыз мыңнан астам адам өртенсе, үш жүз мыңдай адам қапас түрмеде көз жұмған. Испан католик шіркеуі Рим папасының саясаты үшін де европалық католицизмнің де ең сенімді күзетшісіндей болған еді.
XVІІ ғасырда корольдік биліктің ұйғарымымен кастильдік пен арагондық қалаларды біріктірді. Осыған байланысты ірі феодалдарды өздігінен әскери жорықтарды жүргізуді, теңге шығаруды көздеді. Сонымен қатар өздігінен қамалдар құрып, бөлек мемлекет құруына да кедергі жасады. Осымен ғана Испаниядағы абсолютизмнің рөлі аяқталады.
Англия мен Францияның корольдік биліктерінің меркатилизм (сауда мен өндірістің өркендеуі) саясатын жүргізу арқылы елдің экономикалық өсуіне әсер етті.
Американдық отар елдерінің өзендей ағып жатқан алтыны Испанияға құдайдың берген сыйындай болды. Барлығын да алтынға, шет елден алуға болатын. Шеттен келген өнімдерді шеттен алып, алтындар өзге елге кетті. Ал ішкі өндіріс сол күйінде тоқтауда. Алтын бітіп, құлдырағанда өз ресурстарына көңіл аударғанда елдің шаруашылығы құлап, құлдырағанын көреді.
1588 жылы Англия жағалауында Испан флотының қирауы елдің әскери қуаттылығын төмендетті. Сол кездері испан отар елдерінде дүмпулер өріс алды, сәтсіздікке ұшырады. Елдің картасынан көптеген елді мекендердің аты жойылды. Жаңа Кастилия мен Тонедо провинцияларында 200-ге де жетпейтін, ескі Кастилияда 300-дей елді мекен қалды. XVI-XVII ғасырлар аралығында Испания халқы екі миллионға азайды, өндіріс қысқарды. Севельеда 20 есе, Тонедода 10 тоқу станоктары ғана қалды.
Испания үшін абсолютизм жемісті болмады. Экономикалық жағынан да, саяси жағынан да елдің бірігуіне жағдай туғызған жоқ. Соның салдарынан Испанияда халық көтерілістері мен толқулар жиі болып тұрды. Сондай қозғалыстың бірін испан драматургы Лопе де Вега «Фуэнте Овехуна» деген пьесасында әдемі суреттейді.
XVIІ ғасырда «мористер көтерілісі» кең ауқымды орын алды. Бұл тарихи жағдай «Өлімнен кейінгі махаббат» пьесасында көрініс табады.
XVII ғасырда Батыс Европа елдерінің арасында Испанияның жағдайы төменгі деңгейде болды. Соңғы Габсбургтор, ФилиппІІ (1595-1621), ФилиппІV (1921-1665), КарлІІ (1665-1700) елдегі корольдік биліктің атын ғана ұстай білді. Алайда, шынына келгенде испан корольдері билікті жүргізе алмады.
Елдегі ауыр жағдайға қарамастан Ренессанстың гуманистері Пиреней бұғазына да келіп жетті. Адамзаттың ұлына айналған Испанияның екі азаматы-Мигель де Сервантес пен Лопе де Вега- Қайта өрлеудің соңғы титандары өздерімен бірге гуманизмді, халықтың арманын ала келді.
Испан философы әрі жазушысы Франсиско Санчес (1550-1632) Бэконның замандасы, Ренессанс дәстүрін жалғастырушы, схоластикаға қарсы тұрушы. Ол өзінің замандастарына өмірді танудың ойларын беруден гөрі, бір нәрсені білуге талаптанады. Оның кітабы «О том, что познания нет» (1581) деп аталады. Бұл кітап XVII мыңжылдықта Испания писсимистері мен агностикасының библиясына айналды.
Бальтасар Тишан (1601-1658) өзінің ғасырын келемеждеп суреттейді. Оның философиясында адамның күшіне, оның жердегі бір нәрсені өзгертеді дегеніне көрініс табады. XVII мыңжылдықта Испанияның мистикалық, пессимистикалық философиялық ойы Кальдерон драматургиясында анық көрінеді. Сол дәуірде Испанияның көркем әдебиеті біртіндеп дами бастады. Испанияға Ренессанс кешігіп келді. Италия мен Францияда Қайта өрлеу дәуірінің ең жарқын тұстары өтіп кеткенде, Испанияда керісінше , жаңадан өркендеді.
№18 Дәріс. ХҮІІ ғасырдағы ФРАНЦИЯ ӘДЕБИЕТІ
Францияда классицизм бағыты негізінен драматургияда және прозада эстетикиалық норманың қатаңдығының нәтижесінде кеңнен көрініс тапты. Сонымен бірге бұл бағыт жаңа өзіндік ерекшелігі бар жаңа жанрды дүниеге әкелді. Бұл афоризм жанры. XVII ғасырда Францияда бірнеше жазушы – афористер болды. Біз олардың қызметін қалай түсінеміз. Жазушы – афористер деп біздер не роман, не повесть, не новелла жазбайтын, тек өз идеялары мен өмірлік тәжірибелерінің нәтижесінде түйген ойларын қысқа, мағыналы прозалық миниатюр ретінде жазған жазушыларды айтамыз. Афоризм жанры өз тарихшысы мен әдеби дәріптеушілерін таппаса да, әдебиетке етене еніп, өркендей бастады. Афоризм жанрына классикалық үші үстеуші шебер афорист-жазушылар Ларошфуко. Лабрюйер, Вовенарг, Шамфорлар болды. Бұл жанр туралы алғашқы еңбек, яғни жанр негізі ерте грек жазушысы Теофорасттың «Мінез» («Характер») еңбегінде жатыр. Афоризм жанры үлкен шеберлікті талап етеді. Ондағы әр сөз алтындай құнды. Нақтылық – афоризм жанрының ең басты ерекшелігі.
Афоризм жанрының шебері аристократ Ларошфуко. (1613-1689) болды. Фрондқа қатысушы, жастық шағында жалындап өтіп, әдебиетте өз орны бар Ларошфуко 1665 ж. «Размышления, или Маральные изречений и максимы» деген кітабында әр уақыттағы және әр түрлі халықтардың әмбебап психолгиясын суреттеді. Жазушы «Нағыз адамның» бейнесін жасады. Бірақ ол әділеттілік пен мейірімділікке сенбейді. Тіпті гуманистік қасиеттерге, мейірімділік пен жаны ізгілікке толы деген адамда да мейірімділік, эгоизм, арамдық секілді жаман қасиеттері болатынын, оны адам көрсетпеуге тырысатынын айтады. Мысалдар келтірейік. Жақсы адам өзінің сырлас емес, жай ғана бір адамды аяды делік. Біз «бұл тамаша адамгершілік» деріміз сөзсіз. Ал Ларошфуко «Бұнда мейірімділіктен менмендік басым» деген қанатты сөзін айтады. («Здесь больше гордости, чем добраты») Жастарға өз өмірлік тәжірибесі арқылы көмектескісі келетін қарттарды Ларошфуко ащы сарказммен түйреп, мына афоризмін айтады: «Қарт ақымақтар қайда да жастардан жаман». Біздер тәрбиелі әйелдерді мадақтаймыз. Ал Ларошфуко: «Әдепті әйелдер жасырын қазына олар қауіпсіз жерде, себебі оларды ешкім іздемейді».
Ларошфуко мұң, айырылу, бақытты кездесу, еркін істерге сенбейді. «Мейірімділік, адамгершіліктен сирек еш нәрсе жоқ, ал мейірімділік әдетте істеуге тиіс нәрселердің атқарылуы немесе әлсіздіктен пайда болады».
Ларошфуконы классицизмнің әдеби тәсілдерімен байланыстыратын басты нәрсе әдеби бейнедегі идеяның жалаңдығы. «Характеры» көркем әдебиет шеберінің көзқарасымен қарайтын болсақ шындық классицизм идеясы.
Мольер «Изреченийдің» жарыққа шыққанынан соң бір жылдан кейін «Мизантроп» комедиясын театрда қояды. Бірде комедияда да Ларошфуко кітабында қойылған қоғамдық сұрақтарға талқылау жасайды. Көркемдік кейіпте абстрактылы түсініктің қабылдануы, идеяның шектік өңделуі – бұл Ларошфуконы классицизмнің көркем әдісімен ең негізгі байланыстырушы. Оның «Мінездері», егер әдеби шеберлік тұрғысынан қарайтын болсақ, оның негізі жалпылау шегіне жететін идеяда.
Ларошфуконың «Изречений» туындысы шыққаннан бір жылдан кейін Мольер театрда өзінің «Мизантроп» комедиясын қойды. Онда ол Ларошфуко кітабындағы сұрақтарды қоғамдық талқылауға салды.
де Лафайет ханымның «Принцесса Клевская» туындысы 1678 жылы Буало, Лафонтен, Расин, Ларошфуо және тағы басқа ХҮІІ ғасырдың ұлы жазушыларының баспашысы Клод Барбен белгісіз автордың «Принцесса Клевская» романын басып шығарды. Француздар сол кездің өзінде романның авторын бұған шейін бірнеше шығармаларын шығарып үлгерген де Лафайет деп таныда.
Графиня де Лафайет (1634-1693) – де Рамбуйе ханымның салона тұрақты келіп тұрушылардың бірі. Оны абсолютизмге деген дворяндық оппозиция ардагерлерінің бірі Ларошфукомен терең достық байланыстырып тұрды. Соның көмегімен романның стилі пайда болды.
ХҮІ ғасырдың да (Вутюр, Маргарита, Наваррская және тағы басқалары), ХҮІІ ғасырдың да (кардинал де Ретц және т.б.) өз мемуарлары бар. Бұл жанрдың артықшылығы бейнелеу құралдарынсыз-ақ дәл суреттей алу ерекшелігінде. Мемуарист-жазушылар риторикалық әсемдеуден қашты, бірақ өздері көрген тарихи тұлғаларды суреттеу дәлдігіне үлкен көңіл бөлді. Олар тарихи анекдоттарды үнемі жазып алып жүрді. де Лафайет ханымның романы мемуарлар жанрынан қаталдық пен шындықты алды.
де Лафайет Расинмен достық қатынаста болды. Бұл достық ортақ әдеби көзқарастардан туындады. Расиннің француз трагедиясына қосқан үлесін де Лафайет ханым романның жетістігі етті.
Расиннің трагедиясы және оның психологиялық портреттері жазушылардың психологиялық шеберлік мектебі болды. де Лафайет ханым бірінші болып драматург жетістігін басқа жанрда – романда қолданды. Оның ашқан жолымен артынша келесі француз әдебиеті жүрді. ХІХ ғасырда Стендаль де Лафайеттің көркем әдеби әдісін Вальтер Скотт әдісіне қарсы қойды.
№19 Дәріс. ХҮІІ ғасырдағы АНГЛИЯ ӘДЕБИЕТІ
XҮІІ ғасырда ағылшындар нормандықтармен, француздармен күрес үнемі болып тұрды. XIVғасырдың орта шенінде ағылшын тілі жазбаша түрде де, ауызекі сөйлеуде де кең өріс алды, ұлттық әдеби тақырып болып қалыптасты. Мемлекеттің орталығы Лондон болған соң тілде Лондондық диалектілер өрбу тапқан. 1362жылы ағылшын тілі алғаш боп парламентте қолданылды. Парламент, сот үкімі және т.б. мемлекеттік органдар француз тілін емес, ағылшын тілін қолдану керек деп үкім шығарды. Әдебиет осы ғасырда әлі де болса ортағасырлық кейпінде еді, ақсүйектер ортасында сарайда бұрынғыдай куртуаздық әдебиетті құлшына тыңдаған. Француздың қала әдебиеті ағылшын тіліне аударылып, кең таралған. Сол кезде Джон Гауэр (1328-1408)өз шығармасын монастырь оқуы ретінде аллегоризм, дидактика бойынша үш тілде жазады: француз, латын, ағылшын.
Сауда-саттық қарым-қатыңастың нығаюына байланысты Италия дагуманистік идеялардан Англияға келіп жетеді. Келген бойда фео- далдық идеямен күреске түседі.
ХҮІІғасырдың аяғында шығармашылығы ерекше орын алған ағылшын ақыны-Джофри Чосер (1340-1400). Ақынның шығармашы- лығында ерте ренессанстың ықпалы бірден сезіледі және Чосер- Петрарка мен Бокачоның замандасы болған. Әйтсе де Чосер ағылшынның ұлы, ортағасырлық ақыны болып қала береді. Оның шығармашылығы өзінің нақты дамуын Шекспир дәуірінде тапты: Реализм жан-жақты өмірді танып білу, дүниетаным адамға деген қарым-қатынас т.б. Чосер ағылшын сөзінің мәнісін жоғары дәрежеге көтеріп, әдеби тілді байыта түсті, қара сөздің қас шебері болды. Оның шеберлігі тұңғиық іспеттес болған. Сондықтан да болар Чосерге еліктеп жазған қаламгерлердің ішінде бірде-біреуі оның шеберлігін игере алмаған. Чосер ата-тегі нормандық Лондондық көпестің жанұясында дүниеге келген. Оның әкесі де, аталары да Италияндық вино сатушылар. Көптеген мәліметтерге қарағанда король сарайында да олардың винолары қолданылған. 1357жылы Эдуард ІІІкороль сарайында Чосер паж қызметін атқарады, ол екі жылдан кейін қару көтеруші ретінде Эдуардпен бірге Француздармен соғысқа қатысады.Тұтқынға түсіп Реймса қаласында қала береді. Кейіннен Чосер Француз корольдігінде қызмет жасап, аристократтық өмірдің мән-жайын толық түсінеді. Француз үлгілері, сән,талғам, мәнер деген жаңа цевелизацияны ұғынады. Срайда жүріп, дипломанттық қызмет- пен италияға сапар шегеді. 1386жылы Англияның парламентіне сайланып, өзінің ашық ойлары үшін Ричард ІІІ-ші оны қызметтен босатады, ақырында Чосер кедейлікте, белшеден батқан қарызбен дүние салады. Чосер шығармашылығы алғашында ағылшын ақсүйектік ортаның аясында болғанмен, кейіннен күрт өзгереді. Басында ағылшын ақсүйектері Чосерге тапсырыс бойынша шығарма жаздыратын, тіпті осы шығарманың өзінде де Чосер жеке өзіне тән үлкен поэтика танытады. Көп жылдар бойы Чосер поэзиясы француз француз стиліндегі куртуоздық әдебиеттің үлгілерімен өрбіді. Олардың басты ерекшелігі жақсы формада, сөз әсемдігіндежәне аса ерекше мәнерінде. Поэзия формас-балладалар, ронделидер,арнаулар.
Чосер поэзиясына әсер еткен,өзінің бозбала шағында ағылшын тіліне аударған "Роза туралы роман". Чосер ортағасырдың латын және француз әдебиетін жақсы меңгеру арқылы Италиян әдебиетімен танысуға мүмкіндік алды. Өзінің шынайы шығармасын, әсіресе көлемді, эпикалық, сатиралық поэмасын аяқсыз қалдырған.Көптеген өңдеуге ұшыраған.Алайда, фрагмент ретінде бұл шығармалар аса құнды деп саналады.Бұлар:"Герцогония кітабы" ("Книга герцогони"1369ж.), "Даңқ үйі" ("Дом славы"1381ж.), "Құс кеңесі" ("Птичий совет" 1382 ж.), "Троиль және Кризейда" 1385ж. "Мейрімді әйелдер жөнінде кітап"("Книга о добрих женщинах"1387 ж.) және өмірінің ақырғы он жылы бойғы еңбектенген шығармасы "Кентерберейлік әңгімелер"("Кентерберейские рассказы"). Алғашқы үш шығармасы толықтай жанр жағынан да, образ жағынан да "Роза туралы романға"жақын. І-ші "Герцогония кітабында" ГерцогонияБланыштың ерте өлген жұбайын ардақтау туралы. Бұнда (әңгіме) автор ойдан шығарған жұбайдың Чосермен әңгімелесуі. Ричард ІІ-нің Богем принцессасы Аннамен некелесуі жайында. Чосер екі дүркін Италияға сапар шегеді. Ол Тенуада Флоренцияда болып, Петрарка мен Бокачоның гуманистік идеаларымен толық танысады. Кентербердің әңгімесінде пролог ретінде Оксфорд студентінің сөзі арқылы Ф.Петрарка мен Бокачоның идеяларын танытқан. Петрарка мен Бокачоның ықпалы 80-90ж. жазылған "Троиль және Кризейда" шығармасынан анық байқалады. Бұл поэма 8000 өлеңнен тұрады. Салыстырып қарағанда "Филастрато"(Бокачо) шығармасымен үндес. Чосер драматург ақын ретінде танылған, статиканың түрінде кейіпкердің портрет голереясын құрған. Осы негізінде Кентерберлік әңгімелер Бокачоның ....... жинақтардан өзге. Сюжеттік ұқсастықтарға қарамастан (көпестің,теңізшінің әңгімесі, помещик пен студенттің образдары "Диколирон шығармасымен" ұқсастық тапса да жанр жағынан және кейіпкерлердің портреті жағынан өзге. Бұнан біз ортағасырлық сарынды көбірек байқаймыз.
№20 Дәріс. XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ.
Достарыңызбен бөлісу: |